Программалау тілінің орны «Visual Basic»



бет27/34
Дата02.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#452980
түріПрограмма
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
VB

Лекцияның мәтіні:

САЙМАНДАР ТЕРЕЗЕСІ

Visual Basic 6 жинақталған жасақтау ортасы терезесінің сол жағында басқарушы элементтердің пиктограммаларын (таңбаша­ларын) қамтитын Саймандар терезесі орналасқан.

Басқарушы эдементтердің стандартты жиыны 21 объектілер класын қамтиды: CommandButton (командалық батырма), TextBox (мәтіндік өріс), Labell (жазу), т.с.с.

Саймандар терезесін басқарушы элементтердің жаңа класта-рымен, атап айтқанда, RichTextBox (жетілдірілген мәтіндік өріс), Image-List (бейнелер тізімі) және т.б. толықтыру мүмкіндігі бар.

Саймандар терезесі (Окно инструментов - Toolbox) қосымша-ның пішінін көріп отырып жасақтауда негізгі жумыс саймандарын беретін терезе. Бұл терезе кейбір әдебиеттерде Қурауыштар (Бас-қарушы элементтер) панелі деп те аталады.

Саймандар терезесінің қүрамыңда, жоғарыда айтқандай, пішін жоспарын көріп отырып тез жобалауға арналған жазу, мәтіндік өріс, батырмамр, тізімдер т.б. жасауға арналған саймандар, яғни басқару құралдары бар.

Саймандар терезесі жобаның Басты панелінде болуы да, болмауы да мүмкін. Бұл терезені екі тәсілмен ашуға болады:



  • Түрі (Вид - View) мәзірінің Саймандар (Инструменты —
    Toolbox) командасының көмегімен;

  • Саймандар панеліңцегі Саймандар (Инструменты — Tool­
    box) батырмасын шерту арқылы.

Саймандар терезесінде таңбашалардың саны әр түрлі бола алады.

Сіз Саймандар терсзесінің пішінін көңіліңізге ұнайтындай етіп ала аласыз.

Терезенің пішінін өзгерту тышқанның көмегімен іске асырылады. Ол үшін Сіз терезенің шетін тышқанмен Устап алып қай бағытты қаласаңыз сол бағытта тасымалдайсыз. Нәтижеде сайман-дардың таңбашалары терезедегі өздерінің орнын автоматты түрде өзгертетін болады.

Басты панельдегі терезелердің орналасуын Сіз тышқанның көмсгімен де өзгерте аласыз.

Ол үшін Сіз тышқанның көрсеткішін терезенің шетіне емес, терезенің өзіне орналастырасыз. Бұдан соң Сіз терезені қайда қа-ласаңыз сонда суйретіп апаруыңызға болады.

Саймандар терезесіндегі қажетті элементгі тышқанмен таңдап шерту арқылы оны жобаланып жатқан қосымшаға орналастырамыз. Пішінге баскарушы элементгерді орналастыру процесі графикалық редакторды пайдаланып графикалық кескіндерді салу процесіне өте үқсас.

Іс жүзінде біздер пішінге объектілер класының белгілі данала­рын орналастырамыз. Мысалы, CommandButton класын тандай отырып, біздер пішінге осы кластың шексіз санын, атап айтқанда, Commandl, Command2, Command3 тағы - әрі қарай орналастыра аламыз.

Саймандар терезесіндегі саймаңцардың таңбашаларын, аттарын және атқаратын қызметін қарастырайық.

Жобалау ортасына басқа жолмен терезедегі VB Enterprise Edi-tion Controls таңбашасын пайдаланып енуге болады. Бұл жағдайда Саймандар терезесінде 21 емес, 56 сайман болады.

Бұл Сіздің Windows-қосымшаны жобалау мүмкіндігіңізді айтар-лықтай кеңейтеді. Олардың ішінде әр түрлі қызмет атқара алатын объектілерді жасауға арналган саймандар, мысалы, терезелердің саймандар панелін, статус панелін, белгілеу жолагын және Сіздің жобаңызға анимацияны (мулътипликацияны), дыбысты және көпте-ген басқа элементтерді қосуға мүмкіндік беретін деректер қорын жасау элементгері, сондай-ақ клип және мултимедия сияқты объ-ектілерді жасауға арналған саймандар бар.Саймандар жиынына ставдартты емес саймандарды қосудың аталған төсілінен басқа, одан да икемді тәсіл бар. Бұл тәсіл жиын-дағы барлық саймандарды бірдсн емес, тек Сізге қажетгісін ғана біртіндеп қосуға мүмкіндік береді. Оны пайдалану үшін басты па-нельдегі Жоба (Проект-Project) мәзірінің Қурауыштар (Компоненты-Components) командасын орындау қажет.

Бұл команда Сіздің жобаңызға жаңа қурауыштарды қосу үшін арнайы панельді ашады.Осы панельден өзіңізге қажетгі сайманды, мысалы, Rich Text-BoxControl 6.0 жетілдірілген мәтіндер өрісін таңдап, ОК батырмасын басыңыз, сонда қажетгі сайман саймаңдар терезесінде пайда болады. Терезедегі саймандардың, басқаша айтқанда, қурауыштардың көмегімен Сіздің жобаңыздың пішінінде Басқару обьектілері, басқаша айтқанда Басқару элвменттері жасалады.

Саймандар терезесіндегі барлық батырмалар басқару объекті-лерінің өзі емес, тек олардың үлгілері (шаблондары). Қажетті үлгіні таңдай отырып, Сіз пішінде оның көшірмесін жасай аласыз. Осы көшірмені Басқару объектілері класының данасы деп атайды.

Мысалы, Жазу (Метка-Label) сайманының көмегімен Жазу (Метка-Label) класының өте көп әр түрлі объектілерін жасауға болады.

Оның үстіне олардың әрқайсысының осы кластағылардың касиеттері (типі, қаріптің тусі және өлшемі, фонның түсі т.с.с.) үшін жалпы болып табылатын өзіндік меншікті мәні бар.

Саймандар терезесіндегі саймандардың көмегімен басқару объектілерін екі тәсілмен жасауға болады:

> Саймандар терезесіндегі сайманның батырмасын екі рет шерту берілген кластағы басқару объекгісін пішіннің ортасына орнатады. Осыдан кейін Сіз осы объект үшін не тышқанның көмегімен, не қасиеттер терезесінің көмегімен пішінде объектінің өзіңізге қажетгі өлшемдерін және оның орнын орната аласыз.

> Саймандар терезесіндегі сайманның батырмасын бір per шерту осы терезеде оны ерекшелейді. Бүдан соң Сіз объектінің жоғарғы сол жақ бүрышьш пішіннің қай жеріне орналастырғыңыз келеді, сол орынға тышқанның көрсеткішін орналастырамыз. Енді сол жақ батырмасы басылған тышқанның көмегімен Сіз объектінің өлшемдерін өзіңізге үнайтындай етіп "соза"аласыз.

ОБЪЕКТ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ТЕРЕЗЕСІ

Жобаның Басты панелінің оң жағына Объект қасиеті (Porperties) терезесі орналасқан.

Мына төменде Project 1 жаңа жобасындага Ғоrm1 объектісінің Қасиеттep терезесі көрсетілген.

Visual Basic 6 ортасының объектілерінің қасиеттерін көрсетуге арналған осы терезені Қасиеттер терезесі деп атайды. Жобадағы кез келген объектіні ерекшелеген кезде оның қасиеттері қасиеттер терезесінде көрінеді. Бұл терезеден ерекшеленген объектінің әр түрлі қасиеттерін таңдап орнатуға, яғни меншікгеуге болады.

Қасиеттер (Свойства - Properties) терезесі пішін қасиеттерін, сондай-ақ оларға орналасқан объектілерді бейнелеу және баптау үшін қызмет атқарады.

Visual Bade 6 ортасымен танысқанда Сіздер объект, қасиеттер, оқигалар және әдістер деген үғымдарды пайдаланып жұмыс ісіеулері­ңізге тура келеді.

Пішінді және оған орнатылатын қурауыштарды, яғни басқару элементтерін, мысалы батырманы, мәтіндік өрісті, жазуды т.б. басқару элементгерін объектілер деп атаймыз.

Visual Basic 6 ортасында жүзден аса қүрамдас объект бар. Бұ-лардан басқа пайдаланушы өзінің жеке объекгісін жасай алады. Объектілерді және объектілі-бағдарланған программалауды пайдала-ну күрдеагі есептерді шсшетін программаларды оңай қүруға кең мүмкіндік береді.

Мұнда объектінің өзі емес, онымен қандай іс-әрекеттер жасауға болатындыга және объектінің қандай қасиеттерге ие екендігі әлдеқайда маңызды.

Қасиеттер терезесін мынадай тесілдсрмен ашуға болады:


  • басты панельдің Түрі (Bud-View) мәзіріндегі Параметрлер
    терезесі (Окно параметров - Properties Window) командасы-
    ның көмегімен;

  • басты панельдегі саймандар панелінің Параметрлер тере-
    зесі (Окнр параметров - Properties Window) батырмасын шерту арқылы; J

  • тандалған объектінің мәнмәтіндік мәзіріндегі Параметрлер
    (Параметры- Properties) командасының көмегімен.

Visual Basic 6 оргасымен алғаш бастап танысушыларға Қаси-еттер терезесі осы ортаның терезелерінің ішіндегі ең кәдімгідей емесі болып көрінеді.

Қасиеттер терезесінің құрылысын және атқаратын қызметін қарастарайық.

Бұл тсрезеден Сіз екі тізімді көресіз.

Ояардың біреуівде, япш жоғарғысында тек бір қатар ашық, бірақ батырмасының көмегімен Сіз өзіңізге қажетті қатарды таңдай отырып осы тізімді қарап шыға аласыз.

Қасиетгер терезесі екі бағанға бөлінген. Сол жақтағысында қасиеттердің аттары, ал оң жақтағысында - олардың мәндері түрады. Үнсіз келісім бойынша орнатылған мәндер өзгертіле алады. Объекгілердің сандық немесе сапалық қасиеттері объектінің қасиеттері (пішемдері, тусі, қаріп және т.б.) болып табылады.

Кейбір қасиеттер үшін мәндерді ашылатын тізімнен, мысалы, пішін фонының түсінің мәнін (BackColor қасиеті) таңдау мүмкіндігі қарастырылған.

Пішіннің және басқару элементтерінің өздері де объект болып табылатындықтан, бұл терезедегі қасиетгер жиыны таңдалынған объектіге тәуелді өзгереді. Алфавиттік (Алфавитный - Alphabetic) және Категориясы (Категорий - Categorized) бетбелгішінің көмегімен объектінің қасиетін алфавиттік ретпен немесе сәйкес категориясы бойынша қарап шығуға болады.

Терезенің төменгі бөлігінен Сіз әр уақытта таңдалынған объект төл белгісінің (атрибутының) атқаратын қызметін түсіндіретін мәтінді таба аласыз. Бұдан да толық информацияны F1 пернесін басып, Visual Basic 6 ортасының анықтамалық жүйесінен табасыз. Мұнда өзіңізді қызыктыратын қасиетті алдын ала ерекшеуіңіз қажет.

Қасиеттер сұхбат терезесін пайдаланып, үнсіз келісім бойынша орнатылған объектілердің қасиеттерін өзгертуге болады. қасиет­терінің кейбір бөлігін, мысалы, объектілердің өлшемдерін және орналасуын пішін терезесінде тышқанның көмегіимен объектіні орын ауыстыру және оның өлшемдерін өзгерту арқылы беруге болады.

Қасиеттер терезесінде орнатылған қасиетті Код редакторының кмегімен жасалган процедурада қосымшаны орындау кезінде сәйкес кодтарды жазьш өзгертуге рүқсат етіледі.

Көпшілік жағдайда қасиеттердің мәндері қосымшаны жасау кезінде Қасиеттер терезесінде орнатылады.

Жасақтаудың жинақталған ортасыңда (IDE) өтіп жатқан, ағымда­ғы жұмыс құрастыру режімі (design time) деп аталады, өйткені жасақ­таудың жинақталған ортасының ағымдағы жұмысы кезінде Сіз про­грамманы құрастырасыз.

Кейде программаны орыңдау кезінде қасиеттердің мәндерін өзгертуге, айтайық, қандай да бір батырманы оқшаулауға тура келеді. Мүндай жағдайда қасиетті өзгертуге керекті программалық кодты жазу қажет. Ол үшін программаны орындау режиміне (run time) өту керек.

Мынандай жағдай естеріңізде болсын, объектінің кейбір қасиет-тері Қасиеттер терезесінде көрінбеуі де мүмкін, өйткені олардың мәндері тек программаны орындау режимі кезінде ғана өзгереді.

Объектілердің қасиеттерінің ішіндегі ең көп қолданылатында-рына тоқталайық. Олар мыналар:

1. Жолдық қасиеттep. Объектінің кейбір қасиетгерінің мәндері мәтіндер болады. Оларды программалаушылар өздерінің тілінде жолдар деп атайды.

Ең көп қолданылатын (Name) және Caption қасиеттері жолдық қасиеттерге жатады. Егер осы қасисттердің мәндерін пернетақтадан ендіру қажет болса, онда екінші бағанды шертудін, орнына, қасиеттің атын екі рет шерткен жөн. Сонда қасиеттің агымдағы мәні (егер ол бар болса) екінші бағанда ерекшеленеді.

Delete және Backspace пернелерін пайдаланып алдын ала ескі мәтіңді жойып жібермей-ақ, кәдімгідей жаңа мәтінді теруге болады. Enter пернесін басып ендірілген мәнді кездейсоқ басылған пернелср әсерінен пайда болған керексіз өзгерістерден қорғауға болады.



  1. Файлдық қасиеттер. Объектінің кейбір қасиеттері файлға сілтеме жасау үшін қызмет етеді. Мысалы, пішіннің Icon қасиетінің орындалуы кезінде үлкейген программа терезесінде бейнеленетін таңбашаны белгілейді. Үнсіз келісім бойынша ол қасиеттің мәні None болады. Қажетгі файлды таңдау үшін қасиеттің мәнін екі рет шерті­ңіз. Сонда файлды таңдау үшін сұхбат терезесі ашылады.

  2. Мәндердің бекітілген жиыны бар қасиеттер. Егер қасиеттің санап шыгу деп аталатын мүмкін болатын мәндері қандай да бір тізіммен шектелетін болса, оңда қасиетгін атына тышқанмен екі per шерту, барлық мүмкін болатын мәндерді сүрыптауға альш келеді. Егер олардың саны өте көп болса, оңда екінші бағандағы ашылатын
    тізімнен көмекші мәнді таңдау тезірек іске асады.

  3. Логикалық қасиеттер. Объектінің логикалық қасиеттері тек True немесе False мәндерін ғана қабылдайды, яғни бұл мәндер логикалық мәндер болып табылады.

Логикалық қасиеттердің мәнін қасиеттер терезесінің бірінші бағанындағы оның атына тышқанмен екі рет шерту арқылы өзгертуге болады.

5. Оналтылық қасиеттер. Объектінің кейбір қасиеттерінің мәндері оналтылық санақ жүйесінің сандарымен беріледі, мысалы, BackColor қасиетінің мәні.

Бірінші бағандағы қасиеттің атын тышқанмен екі рет шерту екі бетбелгісі бар сұхбат терезесін ашады. Оған объектті қасиетінің оналтылық мәнін енгізбей-ақ, Жиынтық (Набор — Palette) бетбелгісіндегі түстер палитрасынан қажетгі түсті таңдап алуға болады.

Жуйелік (Системный - System) бетбелгісі Windows операциялық жүйесінің Control Panel деп аталатын панелінде берілген түстер схемасын пайдаланып тустерді таңдауға мүмкіндік береді.

Пішінде өте көп объектілер болады. Егер бірден бірнеше объектіні таңдасақ, онда қасиеттер терезесінде осы қасиеттерге ортақ жалпы Қасиеттер бейнеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет