Прокариоттар гендерінің экспрессиясының


Посттранскрипциялық бақылау



бет5/7
Дата29.04.2024
өлшемі129.29 Kb.
#500060
1   2   3   4   5   6   7
регуляция про, эукариот, каз. ақпараттық (2)

Посттранскрипциялық бақылау


Транскрипцияның соңы мен трансляция басталудың арасындағы кезең посттрансляциялық кезең деп аталады. Онда мына үдерістер жүреді:

  1. А-РНҚ-ға «қалпақтың» («кэп») және «құйрықтың» жалғануы. Бұл үдерістердің анық мәні толық шешілмеген, бірақ а-РНҚ-ны тануға және оның ядродан цитоплазмаға шығуына жағдай туғызады деп жорамалдайды.

  2. Ядролық РНҚ-ның процессингі кезінде интрондардың қырқылып түсіп, қалған экзондардың сплайсингі (жалғануы) жүреді. Процессингке арнайы ядролық бөлшектер немесе кіші ядролық рибонуклео-протеиндер (мя РНП) қатынасады. Олардың құрамында У1, У2, У3, У4, У5 және У6 кіші ядролық РНП-лар болады.

Дифференциалды немесе альтернативтік сплайсинг дифференциацияланып жатқан лимфоциттерге қажет әртүрлі белоктардың түзілуін қамтамасыз етеді. Осы альтернативтік сплайсинг механизмі бойынша екі жетілген а-РНҚ-ға сәйкес екі түрлі белок молекулалары (иммуноглобиндер) түзіледі. Бір а-РНҚ-ның құрамында болатын ақпарат жазылған нуклеотидтер жүйесі (экзондар) альтернативтік сплайсинг нәтижесінде екінші а-РНҚ-да ақпараты жоқ интрондар түрінде болады.

  1. Ядрода синтезделетін барлық а-РНҚ-ның 5%-ға жуығы цитоплазмаға шықпай ядрода қалады. Мұның себебі интрондары алынып тасталғаннан кейінгі а-РНҚ молекуласы

бөліктерінің ядрода бұзылуы т.б. болуы ықтимал. Сонымен қатар кейбір интрондар а- РНҚ-ны танып, оның цитоплазмаға шығуына көмектеседі деген жорамал айтылады (Maсlean, Hall, 1987).

  1. Түзілген а-РНҚ-ның біраз бөлігі цитоплазмада ыдырап кетеді. Эукариоттық а-РНҚ-ның ыдырау жылдамдығы түрліше. А-РНҚ-ның ыдырау жылдамдығының түрліше болуы гендер активтілігіне әсер етуі мүмкін.

Мысалы, жасушалық циклдың барысында гистонды белоктардың қарқынды синтезделуі S кезеңінің бастапқы кезінде өте қажет, өйткені осы кезеңде жаңадан түзілген ДНҚ тізбектері нуклеосомалармен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазіргі кезде гистондар синтезінің жылдамдығы транскрипциялық деңгейде ғана емес, сонымен қатар гистондық а-РНҚ ыдырау жылдамдығындағы ерекшеліктермен де реттелетіні жайлы пікірлер айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет