Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Корсаков С.С (1846-1900) Крепелин Э (1856-1926)



Pdf көрінісі
бет10/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Корсаков С.С (1846-1900) Крепелин Э (1856-1926) 
аурудың нәтижесін анықтады. Психикалық ауруларды жҥйелендіруде 
С.С.Корсаков аурудың бастапқы белгілеріне және дамуының сатылығына 
ҥлкен мән берді. Нозологиялық принциптің психиатрияға енгізілуі, 
психиатрияның медициналық мамандық екенін дәлелдеді. Психикалық 
бҧзылыстардың нозологиялық жіктеуі барлық елде мойындалмады. АҚШ-та 
Л.Мейер 
психиатриядағы 
нозологиялық 
классификацияға 
белсенді 
қарсылығын білдірді, ӛйткені ол психикалық бҧзылыстар адамның қандай да 
бір факторларға реакциясы деп тҥсіндірді. Бҧл реакциялар индивидуальды,
адамның психобиологиялық ерекшеліктерімен, зиянды факторлардың 
сипатымен (психикалық, соматикалық, инфекциялық-токсикалық т.б.) 
анықталады. Бҧл бағыт психобиологиялық бағыт деп аталды. Уақыт ӛте келе 
психобиологиялық бағыттар, фрейдизммен ортақ психодинамикалық 
психиатрияға 
кӛшті. 
Кейбір 
елдерде 
Крепелиннің 
нозологиялық 


~ 16 ~ 
систематикасы жекелеп қабылданды. Мысалы, Францияда-созылмалы 
сандырақтық психоздар, галлюциноздар және т.б., Скандинавия елдерінде-
реактивті, конституционалдық психоздар. 
Кейінірек, клиникалық психиатрия жаңа мәліметтер мен зерттеулерге 
толығып ӛсе тҥсті. Ерекше кӛңіл психикалық аурулардың симптомдары мен 
синдромдарын суреттеуге және олардың ерекшеліктеріне бӛлінді, 
психикалық бҧзылыстардың динамикасындағы ортақ заңдылықтар (жалпы 
психопатологиялық) анықталды бӛлген. Клиникалық психиатрияның 
дамуына кеңес ғалымдары кӛп еңбек сіңірді. Жалпы психопатологияның 
және психикалық аурулардың клиникасын анықтауда П.Б.Осиповтың еңбегі 
зор болды. П.Б.Ганнушкин психопатияның әртҥрлі варианттарын нақты 
зерттеп, динамикасының ерекшеліктерін сипаттады.
Ганнушкин П.Б (1875-1933) Гиляровский В.А (1875-1959)
Шекаралы психиатрияның мәселелері О.В.Кербиковтың және оның 
шәкірттерінің еңбектерінде ары қарай ӛрбіді. О.В.Кербиков және тҧлғаның 
психопатиялық тҥзілуіндегі сыртқы факторлардың (баланы, жасӛспірімді 
тәрбиелеу ерекшеліктері) рӛлін кӛрсетіп берді. Жҥргізілген тәжірибелер мен 
талдаулар 
негізінде 
әртҥрлі 
экзогенді 
психоздардың 
клиникалық 
суреттемелері берілді (В.А.Горовой-Шалтан, В.Л.Осипов, С.Н.Давиденков, 
Н.Н.Тимофеев т.б.). Экзогенді және эндогенді психоздарға тән 
психопатологиялық кӛріністер арасындағы шекараның жоқтығы кӛрсетілді. 
Маниакальді-депрессивті психоз және шизофренияға тән аффективті және 
сандырақтық психопатологиялық кӛріністердің созылмалы соматикалық, 
жҧқпалы ауруларда пайда болуы бақыланды. Соматикалық аурулардың 
психикалық жағдайларын арнайы зерттеу психиатриялық бағытта 
соматопсихиатрияның дамуына әкелді (В.А.Гиляровский). Балалық шақта 
кездесетін 
психикалық 
аурулардың 
болжамы 
мен 
клиникасының 


~ 17 ~ 
ерекшеліктері анықталды, осылайша жалпы психиатрияның жаңа бӛлімі-
балалар психиатриясы туындады (Г.Е.Сухарев, Т.Г.Симсон, Н.Н.Озерецкий).
Ескерте кететін жағдай, клиникалық психиатрияның теориялық және 
тәжірибелік мәселелерін қарастыруда кеңес психиатрлары тек клиникалық 
әдістермен шектелмеді. Сонымен бірге психикалық патологияны зерттеуде, 
клиникалық зерттеулер ӛзге әдістемелік тәсілдермен бірге қолданылды, бҧл 
жаңа 
жетістіктерге 
қол 
жеткізді. 
Соның 
ішінде 
науқастардағы 
психопатологиялық кӛріністерге нейротропты заттардың әсерін бағалау 
мақсатындағы Е.А.Поповтың зерттеулері маңызды орын алды. Бҧл зерттеу 
нәтижелері психотропты дәрілердің психикалық аурулардың клиникасында 
қолданылуына жол ашып берді. О.В.Кербиков психикалық аурулардың әр 
тҥрлі қҧрылымын (синдромдар деңгейінде) математикалық моделдеуге 
әрекет жасады. Кеңес психиатрлары клиникалық психиатрияның мәселелерін 
нозологиялық принципке негізделіп қарастырды, олар психиатрияда жеке, 
бӛлек аурулардың болатынын сенімді айтты. Сонымен қатар, заманауи 
психиатрияда отандық психиатрияның негізін салушы С.С.Корсаковпен 
ҧсынылған аурудың динамикасы жӛніндегі идея жалғасын тапты. 
Психикалық ауруларды зерттеудегі динамикалық кӛзқарас психикалық 
аурулардың даму ҥрдісінде анықталған синдромдардың кең спектрін 
суреттеуге мҥмкіндік берді. Осының негізінде симптоматикасының айқын 
бейнеленуімен синдромдардың глоссарийі қҧрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет