Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Алкоголизммен науқастар емінің схемасы



Pdf көрінісі
бет150/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Алкоголизммен науқастар емінің схемасы 
І. Психотерапиялық әдістер және микросоциальды ортаны ӛзгертуге 
бағытталған әдістер. 
ІІ. Медикаментозды терапия: 
1. Дезинтоксикациялық терапия.
2. Седативті терапия. 
3. Ішкі ағзалардың қызыметін қалыпқа келтіретін терапия. 
4. Сенсибилизациялаушы терапия. 
5. Шарттырефлекторлы терапия. 
Алкоголизммен науқас емі науқастың ӛз дертін саналы тҥсінуіне, оның 
бҧрынғы қоршаған ортасына қарым-қатынасын қайта қҧруға, ал кейде 
алкоголь қолдануды толықтай болдырмайтын тҧлға ӛмірінің бҥкіл мәнін 
ӛзгертуге бағытталуы керек. Бҧл психотерапияның әртҥрлі әдістерімен және 
микросоциальды ортаны ӛзгертумен іске асырылады. 
Дәрілік терапия алкогольге әуестікті демеп тҧратын патогенетикалық 
механизмдерді қайта қҧруға бағытталған. Оған кальций тҧздарын, әсіресе 
кальций хлоридін, глицерофосфатты, магний сульфатын қолдану арқылы қол 
жеткізуге болады. Бҧлар тек тҧз алмасуын қалпына келтіріп қана қоймай, 
сонымен қатар эмоциональды кернелісті басып, седативті эффект кӛрсетеді. 
Инсулинің аз мӛлшерін тағайындау алкогольдың толық жанбау ӛнімдерінің 
тотығуын 
жылдамдатуға 
ықпал 
етеді. 
Глутамин 
қышқылының 
препараттарының қолдану ГАМҚ метоболизмін белсендендіреді және 
аминқышқылдардың бҧзылған алмасуын қалпына келтіреді. 
Сонымен бірге психикалық ҥрдістерді реттеу қажет, ол ҥшін 
психотерапиямен қатар жеңіл транвилизаторларды тағайындау керек: 
кернеліс кҥйін, жабырқауды, ҥрейді жоятын седуксен, тазепам, грандаксин. 
Ішкі мҥшелердің бҧзылған қызметін қалыпқа келтіруге және ағзадағы 
витаминдік қҧрамды, әсіресе В тобының витаминдерін қалпына келтіруге 
ықпал ететін ем тағайындалады. 


~ 238 ~ 
Нақ алкогольге қарсы дәрілік терапия, оған жиіркеніш сезімін 
тудыруға, ағзаның оған сеңсибилизациялануына бағытталған. Алкогольге 
жиіркеніш сезімін шартты рефлекс туындату тәсілімен шақырады. Жиі 
апоморфинотерапия әдісімен алкогольге деген жҥрек айну - қҧсу реакциясын 
туғызады. Науқастың тері астына қҧсу шақырғанға дейін 0,2 ден 1,5 мл-ге 
дейін 1 %-дық апоморфин ерітіндісін енгізеді (мӛлшерін кҥн сайын 0,1 мл-ге 
кӛбейтіп отырады). Қҧсуға жақындағанда науқасқа 50 мл алкогольді ішімдік 
береді. Ем алкогольге шарттырефлекторлы қҧсу реакциясы берік 
қалыптасқанға дейін созылады. 
Алкогольге ағзаның сенсибилизациялануына антабус (антэтил, тетурам 
және т.б.), кальций карбамиді цитраты, метронидазол, фуразолидон және 
басқа препараттарды қолдану арқылы қол жеткізіледі. Тетурам - алкогольге 
сенсибилизациялайтын аса кең тараған препарат. Оның әсері тетурамның 
(антабус) адам ағзасында алкоголь метаболизмінің қалыпты (тотығуын) 
ҥрдісін ацетальдегид сатысында ҥзуіне негізделген. Организмде жиналған 
ацетальдегидтің токсикалық әсері тетурамалкогольдік реакция пайда 
болуына алып келеді: тері жабындысының қызаруы, тыныс пен жҥрек 
соғысының жиілеуі, артериалдық қан қысымының тӛмендеуі, ҥрей және 
қорқыныш сезімдерінің пайда болуы және т.б. 
Антабуспен емдеуге тӛмендегідей қарсы кӛрсеткіштер бар: 
полиневриттер, ІІ-ІІІ сатыдағы гипертониялық ауру, ауыр қантамыр 
аурулары, бауыр циррозы, жаңа пайда болған және тіндердің ыдырауы 
сатысындағы туберкулез, процессуальды психикалық аурулар. 
Эфект ҧзаққа созылуы ҥшін антабуспен курсты ем жҥргізіледі, ем 
кҥніне 0,25-0,5 г дозадан басталып, емнің 3-5 кҥндерінде антабусты-
алкогольдік сынамалар (30-50мл арақ беріледі) жасалады. Емнің бір курсы 3-
5 ретке дейін сынамадан тҧрады. Кейін науқасты кҥніне 0,5-0,25 г антабус 
мӛлгерімен сҥйемелдеуші терапияға ауыстырады. 
Алкогольге қарсы емнен кейінгі ремиссия ҧзақтығы туралы 
авторлардың арасында ортақ пікір жоқ. Ол әртҥрлі факторларға тәуелді. 
Дҧрыс ҧйымдастырылған ем және медико-әлеуметтік бақылау алкоголизм 
кезіндегі терапиялық ремиссиялардың мерзімін едәуір ҧзартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет