Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Соматикалық аурулар кезіндегі психикалық бҧзылыстар



Pdf көрінісі
бет181/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

 
Соматикалық аурулар кезіндегі психикалық бҧзылыстар 
 
Психикалық бҧзылыстар жиі кездесетін соматикалық ауруларға жҥрек, 
бауыр, бҥйрек аурулары, ӛкпе қабынуы, ойық жара аурулары, сирек – 
пернициозды анемия, алиментарлы дистрофия, авитаминоздар, операциядан 
кейінгі психоздар жатады. 
Созылмалы соматикалық аурулар кезінде тҧлға патологиясы белгілері 
кӛрінеді, ал жедел және жеделдеу кезеңдерінде психикалық ӛзгерістер 
ӛзіндік ерекшеліктерімен тҧлғалық реакциялармен шектеледі. 
Әртҥрлі 
соматикалық 
аурулардағы 
басты 
психопатологиялық 
симптомокомлекс астениялық синдром болып табылады. Бҧл синдром 
әлсіздікпен, тез шаршаумен, тітіркенгіштікпен және айқын вегетативті 
бҧзылыстармен сипатталады. Кейбiр жағдайларда астениялық синдромға 
фобиялық, ипохондриялық, апатиялық, истериялық және басқа да 
бҧзылыстар қосылады. Кейде алдыңғы қатарға фобиялық синдром шығады. 
Мҧндай науқастарға тән қорқыныш тҧрақты, зардапты болып келедi, ӛз 
денсаулығы, болашағы ҥшін, әсіресе хирургиялық операциялар, кҥрделi 
қҧралдық зерттеулер алдында ҥрей туады. Жиі науқастарда кардио- немесе 
канцерофобиялық синдром дамиды. Жҥрек-ӛкпе патологиясы бар 
науқастарда гипоксия жағдайында наркоздан кейiн эйфория байқалады. 
Эйфория адекватсыз жоғары кӛңiл-кҥймен, критиканың тӛмендеуiмен, 
психикалық қызметтің продуктивтiлiгiнiң жоғалуымен байқалады. 
Соматогендi психоздар кезіндегі басты синдром сана күңгiрттенуi 
(кӛбiне делириозды, аментивтi, сирек қарауытқан кҥңгірттену жағдайы) 
болып табылады. Бҧл психоздар ешқандай айқын психикалық бҧзылыссыз 
жедел, аяқ астынан дамиды немесе астениялық невроз тәрiздi, аффективтi 
бҧзылыстар фонында (делирий, аменция) дамиды. Жедел психоздар 2-3 кҥнге 
созылады, соматикалық аурулардың жайлы ағымында астениялық жағдайға 
ауысады. Олар сонымен қатар депрессивтi, галлюцинаторлы–параноидты 
синдромдардың, 
апатиялық 
ступордың 
клиникалық 
кӛрiнiстерiмен 
созылмалы психозға ауысуы мҥмкін. 


~ 275 ~ 
Депрессивтi, депрессивтi-параноидты синдромдар ӛкпенің ауыр 
ауруларында, созылмалы ағымындағы және қажуға алып келетін iшкі 
мҥшелердiң қатерлi ісіктері мен басқа да ауруларында кейде 
галлюцинаторлы синдроммен бірге (жиі тектильдi галлюцинациялар) 
кездеседi.
Соматогенді психоздардан кейiн психоорганикалық синдром дамуы 
мҥмкiн. Бҧл симптомокомплекс кӛріністері уақыт ӛте басылады. 
Психоорганикалық 
синдромның 
клиникалық 
кӛрiнiсi 
интеллекттің 
қарқындылық дәрежесі әртҥрлі бҧзылыстарымен, ӛз жағдайына критикалық 
кӛзқарастың тӛмендеуiмен, аффективтi лабильдiлікпен кӛрiнедi. Бҧл 
жағдайдың айқын дәрежесінде аспонтандылық, ӛзіне және ӛзiн қоршаған 
ортаға немқҧрайдылық, едәуір мнестико-интеллектуальды бҧзылыстар 
байқалады.
Жҥрек патологиясымен науқастар арасында психоздар жиі миокард 
инфарктымен науқастарда кездеседi. Бҧл психоздардың хабаршы белгілеріне 
ҥрей, ӛлімнен қорқу сезімімен жҥретін аффективтi бҧзылыстар, қозғалыстық 
қозу элементтерi, вегетативтi және цереброваскулярлы бҧзылыстар жатады. 
Психоз хабаршыларының ішінде эйфория, ҧйқы бҧзылысы, гипногогиялық 
галлюцинацияларға суреттеме берілген. Бҧндай науқастардың жҥріс-тҧрысы 
мен режимiнiң бҧзылысы олардың соматикалық жағдайларын нашарлатады 
және летальды нәтижеге әкеп соқтырады. Жиі психоздар миокард 
инфарктының бiрiншi аптасында пайда болады.
Миокард инфаркты кезiнде пайда болатын психоздардың негiзгi 
патогенетикалық 
факторлары 
инфаркттың 
ыдырау 
ӛнімдерімен 
интоксикация, гемодинамика бҧзылысы, соның ішінде церебральды 
гемодинамика бҧзылысы, жҥрек қызметiнiң бҧзылысы нәтижесіндегі 
гипоксия болып табылады. 
Миокард инфаркты кезiндегi психоз синдромдарының жиі кездесетіні 
сана бұзылысы, жиі делириозды тип бойынша бҧзылуы болып табылады: 
науқастар қорқыныш ҥрей, сезінедi, орын және уақыт бойынша бағдарлары 
бҧзылған, галлюцинациялар (кӛру және есту) пайда болады. Науқастар 
қозған жағдайда, бiр жаққа талпынып тҧрады, критикасы жоқ. Бҧл психоздың 
ҧзақтығы бiрнеше кҥннен аспайды. 
Әдетте ҥрей сезімімен депрессия жағдайы бақыланады, науқастар 
жабырқаулы, ӛзiнiң емделiп шығуына сенбейдi, интеллектуальды және 
қозғалыстық тежелу, ипохондриялық кҥйзелістерге бейімділік, тҥнгі 
уақыттағы қорқыныштар, ерте оянулар және ҥрей байқалады. 
Миокард инфаркты кезіндегі ҥрдіспен тығыз байланысты жедел 
кезеңнiң психикалық бҧзылыстары жоғалғаннан кейiн кардиофобия типi 
бойынша невротикалық реакциялар, тҧрақты астениялық жағдайлар пайда 
болады, ослырға байланысты миокард инфарктымен науқастардың еңбекке 
қабілетсіздігі анықталады. 
Соматогендi психоз диагностикасында оны шизофрениядан және басқа 
эндоформды психоздардан (маниакальды-депрессивтi, инвалюционды) 


~ 276 ~ 
ажырату қажет болады. Диагностиканың негiзгi критериялары: соматикалық 
аурулар мен соматогендi психоздар арасындағы тығыз байланыс, ауру 
дамуының ӛзіне тән стереотипi (синдромдардың астениялықтан сана 
бҧзылуына ауысуы), айқын астениялық фон және соматогендi патология 
кезiндегi психоздан тҧлға ҥшін жайлы шығу болып табылады. Бҧл жеке 
алынған критериялар дефференциальды диагностикада айтарлықтай нақты 
мәлімет бермейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет