~ 277 ~
шаршағыштықпен және пассивтілікпен астения жағдайынан апатико-
абулиялық синдромға дейін) тән.
Инстинкттер мен (жыныстық, тағамдық және т.б.) әуестіктердің
кҥшеюі немесе тӛмендеуi, тҧрақсыз кӛңiл-кҥй байқалады.
Аурудың әрi қарай дамуы және ауырлық дәрежесінің ҥдеуінде психопатия
тәрiздi
синдром психоорганикалыққа ауысады, бҧл кезде тҥсіну мен
критиканың дӛрекі бҧзылыстарымен, эмоциональды сылбырлықпен және
топастықпен жҥретін мнестико-интеллектуальды бҧзылыстар бақыланады.
Бҥкiл эндокриндi ауруларға басқа синдромның алмасуы мен дамуына
негіз болып табылатын
астениялық синдром тән. Осы фонда ауру дамуының
кез-келген кезеңiнде жедел психоздар дамуы мҥмкiн, олар әдетте науқас
жағдайы ауырлағанда және эндокринді бездер функциясының ҥдемелі
декомпенсациясы кезінде дамиды. Кейде олар
ешқандай себепсiз пайда
болады. Бҧл психоздар сана кҥңгірттенуі синдромдарымен кӛрiнедi (аменция,
делирий).
Депрессивтi, депрессивтi-параноидты синдромдар, және де
шизофрения тәрiздi симптоматикалар басымдылығымен психоздар байқалуы
мҥмкiн. Аталған психоздардың ағымы созылыңқы болуы мҥмкiн. Уақыт ӛте
психотикалық жағдайлар қайталануы мҥмкiн.
Эндокриндi аурулар кезіндегі психоздар бҥкiл психопатологиялық
синдромдармен кӛрiніс беруі мҥмкiн.
Жиі эндокриндi аурулар кезіндегі психоздар органикалық ҥрдіс
кӛрінісін алады, бiрақ дамуының кейбір сатыларында шизофренияға ҧқсас
болып келеді (клиникасы мен созылыңқы ағымы бойынша да «шизофрения
тәрізді» болып келеді).
Бҧл
жағдайларда
эндокриндi
аурулармен
науқастардағы
эмоциональдылықтың сақталуы ажырату белгісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: