~ 293 ~
Параноидты этапта - Кандинский-Клерамбо
синдромының дамуы
алдында қысқа уақыттық жедел пайда болатын ҥрейлі-сескенгіш кҥй
бақыланады: науқастар қозу жағдайында, қорқыныш сезінеді, ӛздерiмен не
болып жатқанын тҥсiне алмайды. Содан соң қозу жағдайы басылып,
Кандинский-Клерамбо синдромы дамиды. Бірқатар жағдайларда параноидты
сандырақ фабуласы паранойяльдi сандырақ фабуласының жалғасы болып
табылады. Параноидты сандырақ сатысы қҧрамындағы
Кандинский-
Клерамбо синдромы ӛзгермелі. Кезеңмен синдромның тереңдеуiмен ӛршу
жағдайлары байқалады. Экзоцербация (ӛршу) ҥрейлi-сескенгіштікпен қозу
жағдайларымен сипатталады. Кейде ӛз динамикасында Кандинский-
Клерамбо синдромы «оң әсер» сипатын алады: науқастардың айтуынша ол
әсер жағымды, оларға қанағат, ләззат сезімін шақыру ҥшін жасалып жатыр
дейді. Ҥрейлi-сескенгіштікпен
қозу эпизоды жоғалады, кӛңiл-кҥйi жиi
кӛтеріңкі болады. Уақыт ӛте инвертирленген психотикалық автоматизм деп
аталатын жаңа жағдай пайда болуы мҥмкін. Науқастар кенеттен ӛздерінің
ӛзгелерге әсер ете алатын кҥштерінің бар екендігіне «кӛздері жетеді».
Инвертирленген психикалық автоматизмнiң пайда болуы
парафрендi
жағдайға ауысу сатысының дамығанын кӛрсетеді. Парафрендi сатыда
науқастарда экспансивтi, псевдогаллюцианаторлы
және конфабуляторлы
парафрения дамуы мҥмкін, және парафренияның бір формасының екіншісіне
ауысуы мҥмкін.
Соңғы жағдай сӛз ҥзілісімен, неологизмдермен сипатталады,
аурулардың сӛздерiнде бҧрынғы парафрендi сандырақтан ҥзiндiлер жиi
байқалады, кататониялық қҧбылыстар да байқалуы мҥмкін.
Науқас 44 жаста. Психикалық аурулармен тҧқым қуалау ауырлығы жоқ. Мерзімінде
туылған. Ерте дамуы қалыпты. Кӛп салқын тиген. Қызылша, баспа, нейродермитпен
ауырған. Мектепке 8 жастан барған, жақсы оқыған. Осы ауруына дейiн ҥрейленгiш,
ӛкпелегiш, кҥмәншіл болған. Достары аз. Мектептен соң техникумға тҥскен, оны жақсы
бiтiрiп,
техник-конструктор болып, сосын инженер болып қызмет еткен. 25 жасында
ҥйленген. Ҧлы бар. Семьяда қарым-қатынасы жақсы. 30 жастан ауырады. Ешқандай
себепсiз тiтiркенгіштік пайда болған, ҧйқысы нашарлаған, кӛңiл-кҥйi ҥрейлi.
Науқастың
айтуынша жҧмысындағы басшысы ӛзiне әдейі тҥртпектеп, оның ӛз жҧмысын атқара
алмайтындығын кӛрсеткісі келетіндей болған. Қызметтестерiнiң сӛздерiнен, iс-
әрекеттерiнен ӛзiне зиян келтіру ҥшін бағытталған мін, мағына табуға тырысқан. Одан да
жақсы жҧмыс атқаруға тырысты. Кейiнiрек бастығының қызметтестерімен бірігіп, бәсеке
тудырмас ҥшін ӛзін ығыстыратындығын «тҥсiнген». Науқас бҧрыннан ғылыми
пробремалармен шҧғылданатын, және осы сәтте оған ӛзінен «дарынды тҧлға» ретінде
олардың қҧтылғысы келетіндігі жӛнінде ой келді. Кейiнiрек науқасқа ғылыми идеялары
мен жоспарларын айналадағылар бiлiп жҥр деген ой келді. Арнайы қҧрылғы кӛмегiмен
ӛзiнiң ойын оқып отыр және шатастырып жатыр деп айтқан.
Кезеңдермен қозу
жағдайында болды, сӛзшең, «ғылыми жобаларымен» әртҥрлі мекемелерге баруға
тырысқан.
Жағдайының нашарлауына байланысты психиатриялық ауруханаларға кӛп рет
жатқызылды. 35 жасына ІІ топ мҥгедегі, кейін І топ мҥгедектiгіне ӛтті. Белсенді емдеу
жҥргізгенде кезеңдермен продуктивті психикалық бҧзылыстардың әлсiрегенi байқалған.
Соңғы жылдары дертті кӛріністер айқындылығы азайған. Науқас ҥшiн сандырақтық
кҥйзелістер ӛз актуальдылығын жоғалтты.
~ 294 ~
Қарау кезіндегі психикалық жағдайы: уақыт және орын бойынша дҧрыс
бағдарланған; ӛз жағдайына сын кӛзқарас жоқ, ӛзiн кӛкіректеніп ҧстайды. Сӛзi монолог
тәрізді, сӛзiнде мағына жоқ. Науқастың айтуы бойынша ол кӛп жаңалықтар ашқан, жаңа
академия қҧрып, оның басшылығымен ҧзақ ӛмiр сҥру
және космос пробремалары
шешіледі. Бӛлiмшеде ештеңемен айналыспайды. Кӛп уақытын тӛсекте ӛткiзедi, немесе
дәлiзде әрi-берi жҥредi. Басқа аурулармен қатынаспайды.
Параноидты шизофренияның сандырақтық вариантымен салыстырғанда
галлюцинаторлы вариантында паранойяльды сандырақтың жоғары дәрежелі
жҥйесi жоқ. Парафрендi жағдайға ӛту аздап ӛзгеше болады. Жалған
галлюцинациялар сипаты параноидты сандырақ сатысында-ақ ӛзгередi және
оның нәтижесi ретiнде жалған галлюцинаторлы парафрения дамиды.
Экспонсивтi парафрения да тән емес. Жалған галлюцианаторлы парафрения
кӛрінісінде бертін келе шизофазия қҧбылысы пайда болады және қорытынды
ретінде
соңғы
жағдай
дамиды.
Параноидты
шизофренияның
галлюцианаторлы вариантының болжамы нашар және дәрiлiк терапияның
тиімділігі тӛмен.
Достарыңызбен бөлісу: