~ 285 ~
кҥңгірттенуімен жҥреді, кейде галлюцинаторлы-параноидты синдром
дамиды. Жиі ағымы ҥдемелі амнестикалық
және эпилептиформды
синдромдар да бақыланады.
Ми iсiктерi кезіндегi психопатологиялық бҧзылыстар патологиялық
ҥрдіске (ісіктік) жауап ретіндегі жалпы милық реакция болып табылады
және мидағы ісіктік ҥрдіске арнайы
болып табылмайтын сана
бҧзылуларымен және басқа да синдромдармен кӛрінеді.
Ісiктерді ерте даму сатысында
диагностикалау қиын және операцияға
кӛрсеткіші жоғары. Психикалық бҧзылыс ерте дамыған ми iсiгiмен сырқат
науқастардың тең жартысы дерлік психиатриялық ауруханаларға тҥседі.
Жиі ми iсiктерiнiң
орнына ми қантамыр аурулары, сирек – мидың
атрофиялық ҥрдістері диагнозы қойылады. Әсiресе кәрiлiк кезеңде диагноз
қою қиын, себебі бҧл жаста жалпымилық бҧзылыстар және бас сҥйек
ішілік қысым жоғарылауы синдромдары айқын кӛрінбейді. Осындай
жағдайларда симптоматиканың ӛсу қарқыны, соның ішінде неврологиялық
бҧзылыстармен бірге жҥретін психотикалық симптомдардың ӛсу қарқыны
ерекше маңызға ие болады, кӛз тҥбін зерттеу (іркіліс, кӛру алаңы ӛзгерген)
және лабораториялық мәліметтері (жҧлын сҧйықтығын зерттеу,
электроэнцефалография, бас сҥйегiнiң ренгенографиясы,
ангиография,
пневмоэнцефалография, компьютерлiк томография) маңызды орын алады.
Ми iсiктерiнiң
емi хирургиялық жолмен жҥргізіледі. Симптоматикалық
терапиясына дегидратациялық ем жатады. Бас миының басқа органикалық
аурулары кезіндегі психоздардың емі тәрізді психикалық бҧзылыстар
транквилизаторлар және нейролептиктердің тӛмен дозасымен басылады.
Ми ісiктері кезіндегі психикалық бҧзылыстардың
болжамы iсiк
ҥрдісінің болжамына толықтай тәуелді. Ми iсiгi алынуға келмейтін
жағдайда болжам нашар.
Еңбектік сараптама жҥргізгенде психикалық бҧзылыстары
айқын
кӛрінетін науқастар еңбекке қабілеттілігі толық жойылған деп танылады.
Осы жағдайларда ми iсiгiмен науқастар қабiлетсiз болып табылады. Сот-
психиатриялық сараптама шешімі психикалық және неврологиялық
бҧзылыстардың айқындылық дәрежесіне байланысты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: