Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет190/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Қабылдау бұзылуы жиі есту галлюцинацияларымен және әртҥрлi сезім 
мҥшелерінің әрқилы жалған галлюцинацияларымен кӛрінеді: кӛру, есту, иiс 
сезу т.б. Сандырақтық кҥйзелістер ішінен сандырақтың әртүрлi 
формаларын бақылауға болады: паранойяльдi, параноидты, парафрендi, ерте 
сатыларында - жиі паранойяльды. Шизофренияға авторларының есімімен 
Кандинский-Клерамбо синдромы деп аталатын псевдогаллюцинациялармен 
бірге жҥретін физикалық әсер ету сандырағы айтарлықтай тән болып келеді. 
Қозғалыстық – ерiктік бұзылыстар ӛздерiнiң кӛрініс берулері жағынан 
кӛпқилы. Олар ерікті әрекеттер бҧзылысы тҥрiнде де және кҥрделi еріктік 
актiлер патологиясы формасында да кӛрінеді. Ерікті әрекет бҧзылысының 
кӛрнекі тҥрi кататониялық синдром болып табылады. Кататониялық 
синдром қҧрамына кататониялық ступор және қозу кiредi. Кататониялық 
ступордың жеке ӛзiнiң екi тҥрi болуы мҥмкiн: люцидтi және онейроидты. 
Люцидтi ступор кезiнде науқастарда қоршаған ортада қарапайым бағдарлау 
және ондағы қҧбылыстарды бағалау сақталады, ал онейроидты жағдайда 
науқас санасы ӛзгерген. Люцидтi ступор жағдайынан шыққан науқастар сол 
кезеңде болған оқиғаларды есiне сақтайды және әңгімелеп бередi. 
Онейроидты жағдайдағы науқастар ступорозды кҥйде ӛздерін жаулап алған 
фантастикалық кҥйзелістер мен елестер жӛнінде әңгімелейді. Ступорлық 
жағдай кататониялық қозу жағдайы сияқты кҥрделi психопатологиялық 
қҧрылым, оның қҧрамына әртҥрлі симптомдар кiредi. Бҧл синдромдар 
жӛнінде нақтырақ 9-тарауда жазылған. 
Кҥрделi ерiктiк актiлер, ерiктiк ҥрдістер дерт әсерiнен бірқатар 
бҧзылыстарға ҧшырайды. Апатия және сылбырлықпен аяқталатын еріктік 
белсенділіктің тӛмендеуі аса тән болып келеді, еріктік бҧзылыстардың 
айқындылық дәрежесі дерттің ҥдемелілік дәрежесіне байланысты болып 
келеді. Кейбiр науқастарда қандай-да бір дертті идеяларға және сенімдерге 
байланысты белсендiлiк артуы мҥмкiн. Мысалы, сандырақ идеяларымен 
науқастар аса ауыр қиындықтарды жеңе алады, инициатива мен табандылық 
танытып, ҥлкен жҧмыстар атқарады. Науқастардың сандырақтық 
идеяларының мазмҧны әртҥрлі болады. Сонымен қатар ол заман рухын және 
әлеуметтік маңызды қҧбылыстарды бейнелейдi. Егер ежелгі заманда 
науқастар сиқырлы кҥштер, дiни мотивтер басым орын алған болса, ал қазiр 
ғылым мен техниканың жетiстiктерi жиі кӛрініс береді. 
Шизофренияның тҧрғындар арасында таралу дәрежесі ғылыми және 
тәжірибелік тҧрғыдан маңызды мәселе болып отыр. Оған жауап табудың 
қиындығы тҧрғындар арасында мҧндай науқастарды толық анықтау 
мҥмкінсіздігінде болып отыр. Бҧл шизофрения болмысын тҥсіндіретін 


~ 289 ~ 
сенімді мәліметтердің және оны анықтайтын диагностикалық критерийлердiң 
жоқ 
болуымен 
байланысты. 
Қолымызда 
бар 
эпидемиологиялық 
зерттеулердің нәтижелерi мен статистикалық деректер оның таралуы барлық 
елдерде бірдейлігін және жалпы тҧрғындарға шаққанда 1-2 % қҧрайтынын 
кӛрсетті. Шизофрения дамушы елдерде сирек кездеседі деген бастапқы 
мәлімдеме дәлелденген жоқ. Дамушы елдерде арнайы жҥргiзiлген зерттеулер 
нәтижесiнде шизофрениямен науқастардың саны 1000 тҧрғынға шаққанда 
Европа елдерiндегi шизофрениямен науқастар санына сәйкес келдi. Тек бҧл 
дерттің клиникалық кӛріністерінің қандай-да бір тҥрлерінің кездесуінде 
айырмашылықтар болды. Дамушы елдерде тҧратын науқастар арасында сана 
шатасуымен жедел жағдайлар, кататониялық кӛріністер жиi кездеседi. 
Шизофрения кез-келген жас кезеңінде басталуы мҥмкін. Дегенмен 
шизофрения дамуына аса тән жас кезеңі 20-25 жас. Шизофренияның 
бастапқы клиникалық кӛріністерінің кейбірінің ӛзiндiк оптимальды мезгiлі 
бар. Параноидты кӛріністермен шизофрения нефроз тәрізді симптоматикамен 
жиі 30 жастан кейiн, ойлау бҧзылысы кӛрінісімен – жасӛспірімдік шақта 
басталады. Ер адамдарда әйелдерге қарағанда ауру ерте басталады. 
Клиникалық кӛрінісінде де науқас жынысына қарай ерекшеліктер болады. 
Әйелдерде ауру жедел ӛтедi, әртҥрлі аффективтi патология жиі және 
айқынырақ болады. 
Ауру кӛпжылдық созылмалы, ҥзiлiссiз немесе ҧстамалы ағыммен 
ерекшеленеді. Үзiлiссiз ағымында ауру қатерлi дамиды және 3-5 жыл ішінде 
ауыр, тҧлғаның соңғы ӛзгерісі жағдайына алып келуі мҥмкін. Соңғы кҥйдің 
типті формасы апатиялық ақыл кемдігі болып табылады: науқастар әрекетсiз, 
ешнәрсеге қатыссыз, сӛздерi монотонды. Оларды қарапайым жҧмыстарға 
баулу қиын. Соңғы жағдай кӛрінісi ортақ тән белгiлермен кӛрініс бере тҧра 
әртҥрлі болып келеді. Тҧлғаның ӛзіне тән ауыр ӛзгерістерімен: апатия, 
аутизм, ойлау бҧзылыстарымен қатар – басқа да психикалық бҧзылыстар 
болуы мҥмкін, олар бірігіп соңғы жағдайлардың кең спектрін қҧрады. 
Қосымша психикалық бҧзылыстарға фантастикалық жҥйеленбеген 
сандырақтық идеялар, галлюцинациялар, ойлаудың шизофазиямен кӛрінетін 
ерекше бҧзылыстарын және т.б. жатқызуға болады. Мҧндай қолайсыз нәтиже 
шизофренияның қатерсіз ағымында да байқалуы мҥмкiн, бiрақ аурудың ҧзақ 
ағымынан кейiн дамиды. Шизофренияның ҥзiлiссiз ағымының ӛзінде де 
салыстырмалы тҥрде қолайлы нәтиже болуы мҥмкiн. Ауру дамуының жеке 
сатыларында, және де кейінгі кезеңдерінде де дертті ҥрдіс психиканың терең 
емес зақымдану симптомдарымен (тҧлғаның айқын ӛзгерістерінсіз невроз 
және психопатия тәрізді, редуцирленген галлюцинациялар және сандырақтық 
идеялармен) кӛрінуі мҥмкін. Осындай жағдайларға және аурудың белгiлерiн 
толық жоюға ем нәтижесінде қол жеткізуге болады.
Ұстама тәрiздi ағымда ауру ҧстамаларының ашық аралықтармен 
кезектесуі бақыланады. Ауру ҧстамасы жедел психопатологиялық 
жағдайлармен сипатталады. Галлюцинаторлы, сандырақтық немесе басқа 
психопатологиялық кӛріністер эмоциональды кернеулiс кҥйімен - қорқыныш, 


~ 290 ~ 
депрессия, кӛңiл-кҥйдiң кӛтерiлуiмен, кейде сана бҧзылысымен бiрге жҥреді. 
Аурудың ҧстама тәрiздi ағымында науқас тҧлғасының ӛзгерістерi айқын 
болмайды. Тҧлғаның бҧл ӛзгерістері жӛнінде ҧстама аралық кезеңдерде ғана 
дӛп басып айтуға болады, ӛйткені ҧстама кезінде олар аурудың 
психопатологиялық кӛріністерімен бҥркемеленеді. Ҧстамалар санының 
кӛбею дәрежесіне байланысты науқастардың тҧлғалық ӛзгерістері кҥшейе 
тҥседi. Сонымен бiрге ҧстама аралық кезеңде байқалатын қалдық 
симптомдар да кҥшейедi. Науқастарда ҧстама саны оның ӛмір кезеңінде 
әртҥрлі, жиі 2-3 рет болады. Ауру ағымының кӛрсетілген нҧсқалары бір 
науқаста қатаң сақталмайды. Ҥзiлiссiз ағымнан ҧстама тәрiздi ағымға ӛтіп, 
немесе керiсiнше болуы мҥмкiн. Дегенмен ауру ағымындағы ортақ тенденция 
анық кӛрініп тҧр, науқас жағдайы мен дертті кҥйдің келесі динамикасы 
арасында тәуелділік бар, бҧл байланыс дерттің жақын арадағы, және де алыс 
кезеңдегі салдарын болжауға мҥмкіндік береді. 
Шизофренияны жеке ауру ретінде қабылдағаннан бері клиникалық 
кӛріністерiнің әрқилылығына және дерттің әртҥрлі аяқталуына байланысты 
жҥйесін қҧруға кӛптеген әрекеттер жасалды. Шизофренияның клиникалық 
кӛріністерін ары қарай зерттеулер мәліметтері оның кӛпқырлылығын 4 
формаға сыйғызу қиындығын кӛрсетті. Басқа да формалары ажыратылды: 
ипохондриялық, тон тәрiздi, кезеңдік және т.б. Шизофренияның неврозбен 
және психопатиямен науқастардағы кӛріністерге ҧқсас клиникалық белгiлерi 
суреттелді. Бҧл тек сыртқы ҧқсасатық болып табылады. Оларды тексергенде 
тҧлғалық ӛзгерістердiң кҥшейгендiгi байқалады. Ҧзақ катамнездік бақылау 
арқылы арнайы клиникалық тексерулер шизофренияны жҥйелендірудің 
маңызды критерийлерiн анықтауға мҥмкіндік берді. Бҧл критерий ауру 
ағымының принципi – шизофрениялық ҥрдістің ҥдемелілік ерекшелiгi болып 
табылды. А.А.Снежневскиймен мҧнымен қатар аурудың психопатологиялық 
кӛріністерi мен оның дамуының динамикасы арасындағы тығыз байланыс 
кӛрсетілді. Осының негiзiнде шизофренияның ҥш негiзгi варианты 
кӛрсетiлдi: ҥзiлiссiз, кезеңдік (рекурренттi), ҧстама тәрiздi – прогредиенттi 
(тонтәрiздi). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет