Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет196/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Этиологиясы және патогенезі 
 
Шизофренияның этиологиясы мен патогенезі ауру бӛлек нозологиялық 
бірлік болып бӛлінгеннен бастап арнайы зерттеу пәні болды. Э. Крепелин 
шизофрения токсикоздың, соның ішінде жыныс бездерінің қызметі 
бҧзылысы нәтижесінде пайда болады деді. Шизофренияның токсикалық 
табиғаты жӛніндегі идея басқа да келесі зерттеулерде ӛзінің дамуын тапты. 
Осылайша, шизофрения дамуы белок алмасуының бҧзылуымен және 
науқастар ағзасында ыдыраудың азотты ӛнімдерінің жиналуымен 
байланыстырылды. Салыстырмалы тҥрде жақын уақыт аралығында 
шизофренияның токсикалық табиғаты жӛніндегі идеяны науқастар қанының 
сары суынан арнайы - тораксеин затын табу арқылы дәлелдеуге талпыныстар 
жасалды. Бірақ шизофрениямен науқастардан қандай-да бір арнайы зат табу 
әрі қарай тҧжырымын тапқан жоқ.
Шизофрениямен науқастар қанының сары суында токсикалық ӛнімдер 
болады, бірақ олар арнайылығымен ерекшеленбейді, тек шизофрения 
ауруына тән болып табылмайды. Олар басқа психикалық ауруларда, кей 
жағдайда сау адамдарда да кездеседі. Сонымен қатар олардың айқындылық 
дәрежесі шизофрениялық ҥрдістің қатерлілік дәрежесіне тәуелді. Бҧл 
токсикалық заттардың бірқатар қасиеттері бар. Олар жасушалардың 
мембраналарын зақымдайтын мембранотропты әсерге ие. Экспериментте 
шизофрениямен науқастар қанының сарысуы эмбрионның жҥйке тінінің 
даму ҥрдісін тежейтін әсері бақыланды. ОЖЖ дамуының бҧзылысы 
шизофрениямен зардап шеккен жҥкті әйелдердің жҥктілігін қолдан 
тоқтатқанда да байқалды. Шизофрения кезінде белсенді фактордың жҥйке 
жҥйесін зақымдау әсері милық аутогендер мен аутоантиденелердің пайда 
болуына әкеледі. Олардың мӛлшері де дерт ҥрдісінің қатерлілігімен 
байланысты. Бҧл мәліметтер шизофрениямен науқастар ағзасының қызметі 
нәтижесінде пайда болатын белгілі бір биологиялық бҧзылыстарды 
кӛрсетеді. Бірақ бҧл бҧзылыстарды тҥзетін механизмдер мен олардың пайда 
болуына ықпал ететін жағдайларды тҥсіндіретін жеткілікті айқындылық жоқ. 
Соңғы жылдары шизофренияны биохимиялық зерттеулерде белгілі бір 
табыстарға қол жеткізілді, ол оның дамуының биохимиялық болжамын 
қҧруға мҥмкіндік берді.
Әсіресе катехоламиндік және индолды гипотезалар салмақты болды. 
Шизофрениямен науқастардың миындағы нейробиологиялық ҥрдістер 
бҧзылысының 
механизмдерінде 
дофамин 
мен 
норадреналин 
дисфункциясының рӛліне сҥйеніп катехоламиндік гипотеза негізделді. 
Индолдық гипотезаны жақтаушылар серотонин және оның метаболизмі, 


~ 300 ~ 
және басқа да индол туындылары психикалық қызмет механизмінде маңызды 
роль атқаратындықтан, олардың дисфункциясы және алмасу компоненттері 
шизофренияның пайда болуына әкеп соғады деп санады. Биогенді аминдер 
алмасуына қатысатын ферменттер бҧзылысымен шизофрениялық ҥрдістің 
байланысы жӛніндегі идея мәні осы аталған концепцияларға жақын. 
Шизофренияның пайда болуында тҧқымқуалаушылық патологияның 
рӛлі 
анықталған. 
Шизофрениямен 
науқастарда 
осы 
аурумен 
тҧқымқуалаушылық ауырлығы қарапайым тҧрғындармен салыстырғанда 
бірнеше есе жоғары және тҧқымқуалау ауырлығы сипатында белгілі бір 
заңдылық бар. Ата – анасында шизофрения болған жағдайда пробандтың 
ауруға шалдығу мҥмкіндігі, бҧл ауру алыс туыстарында болған 
жағдайдағыдан әлдеқайда жоғары болады; шизофрения дамуының 
биологиялық ата-анамен байланыстылығы дәлелденген. Пробанд пен оның 
туыстарындағы шизофрения кӛріністерінің типі арасындағы байланыс 
анықталды. Сонымен қатар, соңғы зерттеулермен шизофрениямен 
науқастардың, олардың туыстары, әсіресе ата – анасында зат алмасу 
ҥрдістері мен интеллектуальды ерекшеліктерінде кейбір ортақ сипаттар 
анықталды.
Бірақ шизофрения кезінде типті психопатологиялық кӛріністермен 
бірге биологиялық бҧзылыстардың пайда болуы мен тҥзілуін анықтайтын 
нақты сипаттаманың болмауы, шизофрения табиғаты жӛнінде әртҥрлі 
концепциялар қҧруға мҥмкіндік береді. Прагматикалық немесе идеалистік 
философиялық кӛзқарастарға сҥйенген кӛптеген шетелдік психиатрлар 
арасында шизофрения мәнін тҥсіндіруде фрейдистік методологиялық ереже 
қолданылады. Олар шизофренияны тҧлғаның ӛмірге сәтсіз қалыптасуының 
бір тҥрі деп қарайды. Толық қалыптасу мҥмкінсіздігі жағдайын олар 
тҧлғалық ақаумен тҥсіндіреді, ол ақау ерте балалық шақтағы жанҧя ішіндегі 
интерперсональды бҧрыс қатынастар нәтижесінде қҧрылады деді. 
Шизофренияның табиғаты жӛніндегі мҧндай пікірлер қолдау таппады. Ерте 
бала кезінен басқа жанҧяда бейімделіп, ӛскен балаларда шизофренияның 
пайда 
болу 
қаупі 
жанҧяішілік 
қатынастар 
еркшелігімен 
емес, 
тҧқымқуалаушылықпен байланысты болатыны кӛрсетілді. 
Қазіргі мәліметтер шизофрения табиғатын сыртқы орта факторларымен 
әсерлесу жағдайында кӛрінетін ағза қызметінің ерекше формада бҧзылуына 
бейімділігімен полигенді ауру ретінде қарастыратын теорияны жеткілікті 
негізде қҧруға мҥмкіндік берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет