Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Кәрілік алды және кәрiлiк жас кезеңіндегі психоздар



Pdf көрінісі
бет213/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Кәрілік алды және кәрiлiк жас кезеңіндегі психоздар 
этиологиясы мен патогенезi 
Пресенильдi психоздар жеке нозологиялық бірлiк ретiнде ӛткен 
ғасырдың соңында, жасқа байланысты белгiлері бойынша бӛлiндi. 
Пресинильдi психоздардың жеке формаларының психопатологиялық 
айырмашылықтары, басқа психикалық аурулармен ҧқсастығы олардың 
нозологиялық 
жекелiгiн 
терiске 
шығаруға 
себеп 
болды. 
Олар 
шизофренияның, маниакальды – депрессивтi психоздың, атресклероздың 
немесе т.б. жасқа байланысты психикалық ерекшелiктердің арнайы 
кӛрiнiстерімен жҥретін аурулардың кӛрінісі ретiнде қарастырыла бастады. 
Пресенильді психоздардың нозологиялық табиғатына деген тҧрақсыз 
кӛзқарас осы кезге дейiн сақталып келді. Бiрақ кӛптеген психиатрлар 
пресинильдi психоздың нозологиялық жекелiгiн мойындайды, және бҧл 
психикалық аурулардың қолданыстағы жiктеуiнде белгiленген. 
Пресенильдi психоздардың пайда болуы тек жасқа байланысты емес, 
басқа да факторларға тәуелді: соматикалық және инфекциялық аурулар
тҧрмыстық қолайсыздықтар, ӛмiрлiк стереотиптiң ӛзгеруi (жаңа пәтерге 
кӛшу, жҧмыстан шығу және т.б.). Пресенильдi психоздар дамуына 
бейiмдеушi характерологиялық ерекшелiктер де бар: кҥмәншiлдiк, 
ҥрейшілдік, сенімсіздік, жоғары жауакершілік сезімі. Бiрақ экзогендi 
зияндылықтар және науқастардың преморбидтiк ерекшелiктерінің рӛлi 
жӛніндегі пікірлер арнайы зерттеулерге емес эмперикалық мәлiметтерге 
сҥйенген. 
Пресенильдi психоздар жиі әйелдерде климакс алды және климакс 
кезеңiнде пайда болады. Осыған байланысты кейбiр авторлар ағзадағы 
инволюциялық ауытқуларды эндокринологиялық ӛзгерiстерге сайып, осы 
арқылы психикалық аурудың сипатын тҥсiндiрмек болды. Пресенильдi 
психоздармен науқастарды арнайы зерттеу, және эндокриндi препараттармен 
емдеудiң нәтижесiздiгi бҧл теорияның сенiмсiздiгiн дәлелдедi. Сонымен 
қатар эндокриндi ауытқулар эмоциональды бҧзылыстар дамуында аса 
маңызды деп санауға негiз бар. 
Инволюциялық, және кәрілік психоздарының этиологиясы мен 
патогенезi мәселесі аз зерттелген. Оның шешуi биологиялық және 
әлеуметтiк-психологиялық 
аспектiлердi, 
зат 
алмасу 
бҧзылыстарын, 
интоксикацияларды қоса алғанда қартаюдың жалпы проблемаларын 
зерттеумен тығыз байланысты. Кәрілік алды және кәрілік кезеңдегі 
психикалық бҧзылыстар дамуында жалпы жасқа байланысты ӛзгерістермен 
қатар психогендi жарақаттар мен соматикалық зияндылықтардың рӛлi де 
кӛрсетiлген. 
Соңғы жылдарда психоз дамуының себебiн тҥсiнуде қартаю 
аспектiлерiнiң генетикалық мәлiметтерi қолданылуда. 


~ 324 ~ 
Ми атрофиясы, соның iшiнде кәрiлiк ақылкемдігімен науқастарда 
психикалық бҧзылыстардың болмысын анықтау ҥшiн олардың миындағы 
морфологиялық ӛзгерiстер жӛніндегі мәлiметтер маңызды. Кәрiлiк 
ақылкемдігі, атрофиялар кезінде ОЖЖ-де белгiлi бір макро - және 
микроскопиялық ӛзгерiстер анықталады. Макроскопиялық зерттеу кезiнде 
мидың әртҥрлi бӛлiгінде атрофиялық ӛзгерістер, ми қабықтарының 
жабысулары және бҧлыңғырлығы байқалады. Бҧл атрофиялық ӛзгерiстер 
компьютерлiк томография және пневмоэнцефалографияда анықталады. 
Микроскопиялық зерттеуде ганглиозды жасушалардың дегенерациясы, 
майлы қайта тҥзілуі анықталады. Қарттық психозбен науқастар миынан 
сенильдi табақшалардың табылуы типті болып саналды, бiрақ мҧндай пікір 
толық негізделмеген. 
Пик және Альцгеймер аурулары кезіндегі бас миындағы ӛзгерiстер 
қарттық ақылкемдігіне ҧқсас келедi. Бiрақ олар локальдылығымен, мидың 
белгiлi бiр бӛлiктеріндегі атрофиялық ҥрдістермен ерекшеленедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет