Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Кәрiлiк алды және кәрiлiк жас кезеңіндегі психоздардың емі және



Pdf көрінісі
бет214/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Кәрiлiк алды және кәрiлiк жас кезеңіндегі психоздардың емі және 
профилактикасы 
 
Айқын 
депрессиямен 
науқастарды 
емдеуде 
электротырысулық 
терапияның тиімділігі жоғары. Бiрақ электротырысулық терапия жҥргізгенде 
буын таюлар, сынықтар, жҥрек жҧмысының бҧзылуы (әсiресе егде жастағы 
науқастарда) және мнестикалық ӛзгерiстер сияқты, асқынулар болуы мҥмкiн. 
Галлюцинаторлы-параноидты формасымен науқастарға инсулинді-шокты 
терапия қолдану оң нәтиже береді. Соңғы жылдарда пресенильдi және 
сенильдi психоздардың емінде психотропты дәрiлiк заттар кеңiнен 
қолданылады. 
Психотропты заттарды таңдау бҧзылыстардың психопатологиялық 
қҧрылымының ерекшеліктерімен және де науқастардың соматикалық 
жағдайымен анықталады. Психотропты дәрiлiк заттарды қолданудың 
терапиялық тактикасының жалпы принциптері басқа психикалық ауруларды 
емдеудегі принциппен ҧқсас. Егде жастағы науқастарға психотропты дәрiлiк 
заттар аз мӛлшерде тағайындалады. Егде жастағы науқастарда осы тәріздес 
психопатологиялық бҧзылыстар орын алғанда емді ең тӛменгі мӛлшерден 
бастау қажет. Мӛлшерін ҧлғайту науқастардың соматикалық кҥйін - әсiресе 
жҥрек – қантамыр жҥйесiнің қызметін қатаң бақылау арқылы жҥргізіледі. 
Психомоторлы қозу жағдайында нейролептиктер қолдану оң нәтиже береді. 
Седативтi нейролептиктермен қатар тимолептиктер де кеңінен қолданылады: 
левомепромозин, тиоридазин. Егде жастағы науқастар нейролептик 
қатарындағы дәрiлiк заттарды нашар кӛтереді. Сондықтан оларды тӛмен 
мӛлшерден бастап тағайындайды. 
Нейролептикалық препараттар (аминазин, трифтазин, галоперидол) 
параноидты және галлюцинаторлы-параноидты синдроммен науқастарға 
қолдануға кӛрсетілген. Сандырақтық немесе галлюцинаторлы симптоматика 


~ 325 ~ 
депрессиялық қҧбылыстармен бірге жҥрген жағдайда нейролептиктер мен 
антидепрессанттарды кешенді қолдану терапиялық тиімді нәтиже береді. 
Науқастардағы психикалық ауытқулар шекаралық бҧзылыстармен кӛрінсе 
транквилизаторлар қолданылады (сибазон, мезапам, лоразепам, феназепам, 
нитрозепам және т.б.). Тҧрақты терапиялық тиімді нәтижені сақтау ҥшiн 
кӛптеген айлар, кейде жылдарды қҧрайтын ҧзақ психотропты терапия қажет. 
Әртҥрлi жанама әсерлердiң алдын алу мақсатымен нейролептиктермен 
терапияны олардың корректорларымен /артан, циклодол/ бiрiктiрiп 
тағайындау керек. 
Пресенильдi кезеңде жиі кездесетін депрессияның созылмалы тҥрiн 
емдеу ҥлкен қиындықтар туғызады. Бҧл жағдайдағы науқастарға кӛптеген 
психотропты заттармен терапия қолдануға тура келеді. Оларда жиі 
нейролептикалық интоксикация қҧбылысы және әртҥрлі асқынулар 
кездеседi. Бҧл жағдайда басты синдромды ескере отырып индивидуальды 
тәсілді қолданған дҧрыс. Психотропты терапияға резистенттілік тҥзілген 
депрессиямен науқастарға электротырысулық терапия қолдануға болады. 
Депрессивті кҥйлердің алдын алу ҥшiн литий тҧздары кеңiнен 
қолданылады. Дегенмен бҧл ем тҥрі ҥлкен сақтықпен жҥргiзілуі тиіс, ӛйткенi 
оның қарсы кӛрсеткіштерінің тізімінде егде жас кезеңі мен жҥрек – қан 
тамыр жҥйесiнiң аурулары бар. Литий тҧздарымен емдеуде науқас 
қанындағы литий қҧрамын жҥйелi тҥрде бақылап отыру қажет. 
Егде жастағы адамдардағы дементті формалардың терапиясы ең 
алдымен науқастардың қанағаттанарлық физикалық жағдайын сҥйемелдеп 
тҧруға және психотропты заттар кӛмегімен психопатологиялық продуктивтi 
симптоматиканы басуға бағытталған. 
Егде 
жастағы 
науқастардың 
психикалық 
бҧзылыстарының 
профилактикасында соматикалық және инфекциялық аурулардың алдын алу, 
психожарақаттаушы жағдайларды болдырмаудың маңызы зор. Соматикалық 
аурулардың пайда болуын егде тартқан адамдар жалпы толымсыздық және 
жасқа байланысты ӛзгерістер ретінде қабылдайды, ал психикалық ауытқулар 
ӛздігімен оларда теріс реакция тудырмайды. Егде адамдар жиі психикалық 
және соматикалық жағдайының ӛзгеруіне байланысты ӛзiнiң ӛмiрдегi орны, 
мәні 
жӛнінде 
кӛп 
ойланып-толғанады. 
Бҧл 
мәселені 
шешуде 
психотерапиялық әсердің және әлеуметтік реабилитацияның ҥлкен кӛмегі 
бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет