Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет216/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Пароксизмальды бҧзылыстар. Пароксизмальды бҧзылыстар iшiнде аса 
тән болып келетіні үлкен тырысулық ұстама болып табылады, дегенмен 
эпилепсияның (сирек кездесетін) ҥлкен тырысулық ҧстамаларсыз формалары 
да бізге белгiлi. 
Ҥлкен тырысулық ҧстама алдында науқастардың тең жартысында дерлік 
бiрнеше кҥн немесе тәулiк бҧрын хабаршы белгiлер бақылануы мҥмкін: 
жалпы жағдайы, кӛңiл-кҥйi ӛзгередi. 
Кҥрделі, генерализацияланған ҥлкен тырысулық ҧстама кейбір 
науқастарда аурадан басталады (грек сӛзiнен aura – леп, самал). 


~ 327 ~ 
Аураның формалары әртҥрлi болады, бiр науқаста ол әдетте бір тҥрімен 
шектелген немесе бiрнеше типте болады. Жиi кездесетiн тҥрлерi – сенсорлы, 
психикалық, вегетативтi – висцеральды. 
Эпилепсия кезіндегі пароксизмальды бҧзылыстардың басқа тҥрiне кiшi 
ұстамалар (petit mal), абсанстар, амбулаторлы автоматизм жағдайы және 
дисфория жатады. 
Эпилепсиялық психоздар. Эпилепсиялық психоздар пароксизмальды 
тырысулық синдромдардың жалғасы, трансформациясы ретiнде, олардың 
эквиваленті тҥрінде немесе олардан тәуелсiз пайда болуы мҥмкiн. 
Эпилепсиялық психоз клиникалық кӛрінісінде жиі параноидты, 
паранойяльды (әдетте қарапайым сипаттағы қатынас, соңына тҥсу 
сандырақтарымен, 
ипохондриялық 
сандырақпен) 
галлюцинаторлы-
параноидты, делириозды, депрессивтi және кататониялық синдромдар 
байқалады. Бҧл синдромдар ҥрей, қорқыныш аффектiмен жҥреді, әдетте олар 
эмоциональды қанық болып келеді. 
Эпилепсиялық психоздар ағымына қарай жедел, жеделдеу және 
созылмалы болып бӛлiнедi.
Тҧлғаның эпилепсиялық ӛзгерiстерi. Эпилепсияға психикалық 
ҥрдістердің оталғыштығымен қатар жҥретін торпидтiлігі (инерттілігі) тән, ол 
байымды, кейде тҧтқыр оймен (сӛзіндегі, жазуындағы), аса ҧқыптылық және 
педанттылықпен ерекшеленеді. Науқастың қызығушылықтар шеңбері тек 
ӛзінің дертіне, жеке тҧлғасына қатысты. Қоршаған ортамен қатынасы 
деспотты, ҧсақ-тҥйектер бойынша жоғары талап қояды. Эпилепсиямен 
науқастарға бос iзденiс, «әдiлетке» ҧмтылыс, жоғары «адамгершiлiк» пен 
«ӛнеге» ҥшін қатаң кҥрес жҥрізу тән. 
Эпилепсиямен науқастар аса ашушаң, жылдам тітіркенеді, аффекттері 
торпидті, ыза, қаталдықпен бірге жҥреді және айқын агрессиямен кӛрінуі 
мҥмкін. Науқастар ренішін ҧзақ уақыт есiне сақтап, кек алуға тырысады. Осы 
кезде басқа адамдарға немесе ӛзін ренжіткен адамдарға қатысты аса 
мейiрiмдiлік, жағымпаздық танытуы мҥмкін.
Науқас М., 53 жаста II-шi топ мҥгедегi. С.С. Корсаков атындағы психиатриялық 
клиникада стационарлық ем қабылдаған. Тырысулық ҧстамаларының жиiлегеніне, 
әлсiздiкке, бас ауыруына шағымданады.
Тҧқымында психикалық аурулар бақыланбаған. Науқастың анасы 72 жаста, денi сау, 
мiнез-қҧлқы кiшiпейiл, мейiрiмдi. Әкесi соғыста қайтыс болған. Кiшi қарындасы 48 жаста, 
денi сау.
Науқас I-шi жҥктiлiктен, мерзiмiнде туылған. Босану уақытты созылмалы, акушерлiк 
қысқыштар қатысуымен болған. Балалық шағы ешқандай ерекшелiксiз. Ӛз қатарынан 
қалмаған, бiрақ біршама әлсіз, пассивті болған, жиi қҧсу байқалған. Мектепке дейiнгi 
мекемелерге барған. Барлық пәндер бойынша біркелкі оқыған. Достарымен жақсы 
араласқан, тату болған. Балалық шақ ауруларынан инфекциялық аурулармен ауырған, 13 
жасқа дейiн тҥнгi энурезбен зардап шеккен, тҥнде ҧйқысы тынышсыз, жиi оянатын 
болған. Кейiн бҧл қҧбылыстар жойылған. 8-сынып бітіргеннен кейiн ҧста болып жҧмыс 
iстеген. Жҧмысты адал, ҧқыпты атқарған, ешқандай ескертулер болмаған Әскери 
борыштан босатылған. Зауыт маңындағы кешкi техникумды бiтiрген. 21 жасынан бастап 
мастер болып жҧмыс iстеген. Әрқашан ынталы және адал қызмет еткен. Алкогольдік 


~ 328 ~ 
ішімдіктерді қолданбайды. 50 жасында психикалық ауруына байланысты 2-шi топ 
мҥгедектігi тағайындалған. Жҧмыс iстемейдi.
18 жасында алғаш тырысулық ҧстама болған, әрiптестерiнің айтуы бойынша, 
жҧмыстан келе жатқанда кенеттен қҧлаған, денесi қалшылдай бастаған, сонымен бiрге 
кіші дәретін жiберiп қойған және еріксіз дефекация қатар жҥрген. Осыдан кейін ҧстамалар 
жарты жылда 1-2 рет қайталанып отырған.
22 жасында ҧстама жиiлеген және ай сайын қайталанған. Амбулаторлы ем 
қабылдаған. Пароксизмдер сиреген (жылына 1-2 рет), бiрақ туыстары кезеңмен пайда 
болатын сана бҧзылыстарын жиi байқайтын болған, бҧл жағдайда науқас бірнеше 
секундқа бастаған ісін тоқтатқан, қолымен мақсатсыз қозғалыстар жасаған, артынан 
оянған тәрізді болып бастағанын жалғастырған. Бҧл қҧбылыстар аптасына 2-3 рет 
бақыланған.
38 жасында науқаста бас ауырулары пайда болған. Жайбасарлық танытқан. Кадрлар 
бӛліміне қызметiн ауыстырған. Ӛте ҧқыпты, қызметкерлерге талапшыл болған. Бас 
ауырулары жиiлеген. Жҧбайымен және қызымен жиі керісетін болған. Жҧмысында жай 
қимылдап, ӛзiне жасаған ескертпелердi ауыр қабылдаған, әрiптестерiмен сӛзге келiп 
қалып отырған. 50 жасында профессиональды деңгейiнiң тӛмендеуiне байланысты 2-шi 
топ мҥгедектігі тағайындалған. Әртҥрлі психиатриялық ауруханаларда және МОЛГМИ 
С.С. Корсаков атындағы психиатриялық клиникада кӛп рет емделген. Қазiргi кезде жҧмыс 
iстемейдi, шамамен аптасына 1 рет амбулаторлы автоматизм тҥрiнде пароксизмдер болып 
тҧрады.
Соматикалық жағдайы: дене бiтiмi дҧрыс, тамақтануы қанағаттанарлық. Терi 
жамылғысы тҥсі қалыпты, таза, шынтағы мен маңдайында ескі тыртықтар бар. Жҥрек – 
қантамыр жҥйесi, тыныс алу жҥйесі және асқорыту органдары патологиясыз.
Неврологиялық жағдайы: оң жақ қабағының жеңiл птозы байқалады, басқа ошақтық 
неврологиялық симптоматика бақыланбайды.
Психикалық жағдайы: науқас орын және ӛзіндік тҧлғасы бойынша дҧрыс 
бағдарланған, бiрақ нақты кҥнді айтуда қиналады, ай мен жылды дҧрыс атады. Қарым-
қатынасқа тҥседі. Қойылған сҧрақтарға кҥрделі, байымды жауап бередi, жауаптары 
әрқашан қойылған сҧрақ тӛңірегінде емес, ӛз жағдайындағы бҧзылыстар жӛнінде 
әңгімелеуге кӛшіп кетеді. Науқас сӛйлеуi баяулаған, монотонды, сӛзшең, бiрақ сӛз қоры 
шектелген.
Науқас сана жоғалту кезеңдеріне және осы кездегі артынан толық амнезияланатын 
еріксіз қимылдарға, бас ауыруларына, әлсіздікке шағымданады. Галлюцинаторлы және 
сандырақтық бҧзылыстары жоқ. Науқастың бар зейіні ӛз дертіне бағытталған. 
Айтарлықтай дәрежеде жады ӛзгерісі байқалады. Кӛңiл-кҥйi тербелмелi. Кеңпейiлдiлік 
және қайырымдылық фонында тітіркену ҧстамалары пайда болады. Науқастармен және 
медицина қызметкерлерiмен тәртіп сақтау мәселесіне байланысты керісіп қалады. Кекшіл. 
Ӛз жағдайына сын кӛзқарас жоқ. Ӛмiрінің негiзгi мақсаты ӛз денсаулығын қорғау деп 
санайды.
Қан мен зәрдің клиникалық анализдерінде патологиялық ӛзгерістер жоқ. 
Электроэнцефалографиялық 
зерттеуде 
ошақты 
билотеральды 
пароксизмальды 
белсенділік, ареактивтiлік және десинхронизация қҧбылыстары анықталды. 
Бас сҥйегiнiң рентгенографиясында ӛзгерiс жоқ.
Диагнозы: айқын тҧлғалық ӛзгерістермен эпилепсия.
Эпилепсия ҥдемелі дамығанда осы ауруға тән ақылкемдігінің де 
кӛріністері ҥдей тҥседі. Эпилепсиялық ақылкемдігінің патофизиологиялық 
мәні жҥйкелік (психикалық) ҥрдістердің инерттiлiгi болып табылады. 
Клиникалық тарапынан бҧл ақылкемдігі ойлау патологиясымен кӛрiнедi, ол 
қиын ауыспалы, баяу, персеверативті (бір ойды қайталай беру, маңыздысын 


~ 329 ~ 
ажырата алмау) сипатта болады. Науқастар ҧсақ-тҥйекте шатасып, ойы 
детализацияланған сипат алады, әңгіменің тҥйінін жоғалтады.
Науқастар кӛп сӛзді, қажетсіз нақтылықтарға толы. Ауру бiр фазаны, сӛз 
айналымдарын («тҧрақты айналымдар»), сӛздерді жиi қолданады. Бiртiндеп 
оларда жады тӛмендейді, әсіресе қысқа уақытты оперативтi жады зардап 
шегедi, әңгімелесу кезiнде ой жинақылығы тӛмендейдi. Бiлiм қоры 
тапшылау. Ҧмтылыс, ынта, талпыныстары және ойлары жеке ӛзiнiң «Мені» 
айналасымен шектеледi.
Эпилепсиямен науқастағы ақылкемдігіне баға беруде ауырғанға дейiнгi 
интеллект деңгейін, және де эпилепсияның міндетті тҥрде ақыл кемдігіне 
әкелмейтіндігін ескеру керек.
Эпилепсиямен зардап шеккен адамдардың жоғары интеллектуальды 
қабiлетiн сақтап қалғаны жӛніндегі жайттар белгілі.
Эпилепсия ағымы созылмалы, ҥдемелі, дерт жиі балалық немесе 
жасӛспiрiм кезде пайда болады, бiртiндеп пароксизмдер жиілейді және 
тҧлғалық ӛзгерістер тереңдей тҥседі. Дегенмен дертті ҥрдістің кідіріп, 
тоқтайтын жағдайлары да (5-10%) бақыланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет