Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Корсаков С.С. атындағы Мәскеулік психиатриялық клиника



Pdf көрінісі
бет15/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Корсаков С.С. атындағы Мәскеулік психиатриялық клиника 
С.С.Корсаков психикалық ауруларға деген гуманисттік кӛзқарастың 
белсенді кҥрескері еді. Ол басқарған психиатриялық клиника емдеу 
практикасының ҥлгісі болды. Ӛзінің сӛздерінде және мақалаларында ол 
мемлекеттік психиатриялық кӛмек системасын қҧрудың науқастарға 
қажеттілігін дәлелдеді. 
С.С.Корсаков басқарған клиника қабырғасында кӛптеген шәкірттері 
жҧмыс жасады. Психиатрияның әртҥрлі бағыттары солардың есімдеріне 
байланысты. С.С.Корсаковтың қазасынан кейін кафедраны және клиниканы 
ең жақын шәкірттерінің бірі- В.П.Сербский басқарды.
Ол сот психиатриясының міндеттерін, психикалық науқастарды сот -
психиатриялық бағалау критерияларын, қоғамға қауіпті әрекет жасаған 
психикалық ауруларға жҥргізілетін медициналық шараларды анықтады.
С.С.Корсаков психиатрияға психологиялық зерттеулерді енгізудің 
негізін салды. С.С.Корсаковтың жақын қызметкері А.А.Токарскийдің 
еңбегімен 
кафедрада 
экспериментальды-психологиялық 
лаборатория 
ашылды. Кейін бҧл лабораторияны А.Н. Бернштейн басқарды. Оның 
1907/1908 және 1908/1909 жылдары оқыған дәрістерінде шизофрениямен 
ауырған науқастарға психологиялық мінездеме беруге аса мән берілді, және 
олардың эмоциональдық және интеллектуалдық қасиеттері туралы баса 


~ 30 ~ 
айтылды. А.Н.Бернштейн анықтаған аурудың ерекшеліктерін, Э.Блейлер 
аурудың негізгі белгілері деп және сол белгілердің арқасында ауру 
«шизофрения» деген атау алды.
С.С.Корсаковтың психиатриялық клиникасында жасалған ғылыми 
еңбектерде 
әртҥрлі 
психикалық 
ауруларға 
жҥргізілген 
клинико-
психопатологиялық, патоморфологиялық зерттеулер және тағы басқа 
зерттеулердің нәтижелері кӛрініс тапты. Осындай зерттеулердің бірін С.С. 
Корсаковтың басшылығымен С.А. Суханов орындады. 
С.С. Корсаков тамаша лектор және шебер педагог болатын. Ол 
тыңдаушыларына психикалық ауруларды клиникалық зерттеулердің 
ерекшеліктерін, аурудың психопатологиялық суреттемесінің кҥрделілігін 
ашып кӛрсете білді. Ол сонымен қатар психиатрияны оқытудың 
программасын кеңейтуге, оны жалпы медицина мақсаттарына жақындатуға 
кӛп еңбек сіңірді. С.С. Корсаков пен оның шәкірттері земство психиатрлары 
еңбектерінің арқасында тиімді психиатриялық кӛмектің ғылыми-
методикалық ережелері жасалды. Бірақ, осы барлық алдыңғы қатарлы 
идеялардың патшалық Ресейде іске асырылуы мҥмкін болмады. Ҧлы Қазан 
тӛңкерісіне дейін Ресейде 1000 адамға 0,3 психиатриялық койка және 320 
адамға 1 психиатрдан келді. Қазан тӛңкерісінен кейін психиатриялық кӛмек 
кӛрсету қызметінде тҥбірлі ӛзгерістер болды.
Психиатриялық кӛмек территориялық қызмет кӛрсету принципі 
бойынша қҧрыла бастады. Белгілі бір ауданға психиатр бӛлінді. Ол 
психикалық ауруларға емдеу, ауруханаға жолдау, әлеуметтік жәрдем кӛрсету 
секілді кӛмек тҥрлерін қамтамасыз етті. 
1918 жылы бала психологиясы бӛлімі ашылды. Ол балаларға 
психиатриялық кӛмек кӛрсетуді дамытудың бастамасы болды. 1923 жылы 
арнайы шешім бойынша психоневрологиялық диспансерлер қҧрылды. Бҧл 
тҧрғын халыққа тікелей психиатриялық кӛмек беруге мҥмкіндік берді. 
Одақтас республикаларда психиатриялық кӛмек кӛрсету жаңадан қҧрылды. 
Медициналық жоғарғы оқу орындарының желісі жасалды. Жергілікті 
мамандардың 
жоқтығынан 
кафедра 
меңгерушілігіне 
Мәскеу 
мен 
Ленинградтан профессор-психиатрлар жіберілді. Орыс психиатриясының 
алдыңғы қатарлы дәстҥрлерін дамыта отырып, олар ҧлт кадрларын даярлауға 
ҥлкен ҥлес қосты. Жедел психиатриялық кӛмек кӛрсету қызметі қҧрылды, 
сонымен қатар, ауруханадан тыс психиатриялық кӛмек системасына тҥнгі 
кезекшілік енгізілді. Мәскеуде Н.В. Склифосовский атындағы институтта 
жедел 
психиатриялық 
кӛмек 
бӛлімшесі 
қҧрылды. 
Кейін 
жедел 
психиатриялық кӛмек арнайы аурухана арқылы қамтамасыз етілді.
Гиляровский В.А. ҧсынысы бойынша 1930-1933 ж. психикалық 
ауруларға кӛмектің жаңа тҥрі – кҥндізгі стационарлар қҧрылды. Кҥндізгі 
стационарлар кҥндізгі психоневрологиялық диспансерлер мен психикалық 
ауруханаларда болды. Онда аурулар кҥндіз болып, тҥнде ҥйлеріне қайтады. 
Кҥндізгі стационарлар кӛптеген психикалық ауруларды ауруханаларға 
жолдамастан емдеуге мҥкіндік туғызды. 


~ 31 ~ 
Ҧлы Отан соғысы кезінде психикалық қызметке кӛптеген зиян келді. 
Фашистер басып алған жерлерінде кӛптеген ауруханалардағы психикалық 
ауруларды жойып жіберді. Психикалық кӛмекті ҧйымдастыру ҥшін және 
кҥрделі жӛндеу тәжірибелерін қалпына келтірді.
Медициналық институттар санының ӛсуі психиатрларды дайындауға 
мҥмкіндік берді. Арнаулы психиатриялық кӛмек, аурухана ішілік және 
ауруханадан тыс кӛмек кӛрсетуден тҧрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет