~ 18 ~
Ӛзекті психология З.Фрейдтің коцепциясынан жалғасын тапты. З.Фрейд
концепциясында адамның жҥріс-тҧрысында иррационалдық кҥштерге басты рӛл берілді.
Адамның психикалық сферасы нақты ғылыми дәлелдемелерге сҥйенбей-ақ мынандай
деңгейлерге бӛлінді: санадан тыс «Мен» және «менен жоғары» (
сверх - Я) немесе «ол»
(«оно») «эго», «супер-эго». Санадан тыс жағдай адамды
басқаратын иррационалдық
кҥштердің қоры болып табылады. Бастапқыда З. Фрейд бҧл кҥштерді ең алдымен
сексуалды ынтамен байланыстырды. Қоғамдағы моральды-этикалық принциптерге
қарама-қайшы тҧлғаның тілектері мен оның орындалмауы арасындағы тҧлғаішілік
шиеленіс - «комплекс» тҥсінігін енгізді. Бҧның мысалы эдип комплексі бола алады
(мифологияға сҥйенсек патша Эдип ӛзінің әкесін ӛлтіріп, ӛз анасына ҥйленеді)-
балалардың қарама-қарсы жыныстағы ата-анаға ҥйірлігі және басқа ата-анадан ӛзінің
қарсыласын кӛруі.
Санаға бағынбайтын тілектер бет перделі тҥрде ерекше тҥс кӛрулер және
ассоциациялар ретінде санаға енуі мҥмкін. Кейінірек бҧл санаға бағынбайтын тілектер
мен әуестіктерге З.Фрейд агрессия және ӛлімге талпынысты қосты. Барлық психикалық
және кӛптеген соматикалық ауруларды З.Фрейд және
оның ізбасарлары адамда
комплекстің болуымен, «эго» әлсіздігімен байланыстырады. Бҧл бҧзылыстарды емдеуде
психоанализ ҧсынылды - яғни, комплекстерді анықтап, психоаналитик кӛмегімен
науқастың оларға қарсы тҧруы. Арнайы зерттеулердің қорытындысы бойынша,
психоаналитикалық терапия басқа психотерапиялық емдеу тәсілдерімен салыстырғанда
ешқандай артықшылығын кӛрсете алмады. Фрейд концепциясы
бойынша қоғамның
социальды, мәдени және діни салалары тҥсіндірілді, оның ізбасарлары адекватты
психологиялық және патопсихологиялық белгілердің айырмашылықтарын кӛрмеді,
олардың тҥсінігінше екі жағдайдың да негізінде сол бір механизмдер жатыр, олар:
конфликттер (шиеленістер), тҧлғаның ӛзге қҧрылымдарымен әсерлесетін санаға
бағынбайтын кҥштер. Грек философ –идеалисті Платонның жан туралы ойы З.Фрейдтің
адамның психикалық сферасы жӛніндегі схемасымен сәйкес келеді. Платон ілімі бойынша
адам жаны ҥш бӛлікке бӛлінеді. Бҧл бӛліктер ИД (сана астылық), «эго» және «суперэго»
тәрізді психикалық сфералармен (Фрейд бойынша) ӛте ҧқсас болып келеді. Дегенмен,
Платонның
Фрейдтан
ерекшелігі
адамда
рационалдықтың
иррационалдықтан
басымдылығын айқын кӛрсетіп бергендігінде. Бҧл тағы да З.Фрейдтің концепциясының
идеалистік бағытқа бағытталғанын кӛрсетеді.
З.Фрейдтің концепциясы ӛз отанында кең тҥрде танымал болған жоқ. Мҧнда
Э.Крепелиннің нозологиялық принциптегі клиникалық
психиатриясы жоғарғы орынға
кӛтерілді. Ал, З.Фрейдтің концепциясы АҚШ-та дәріс оқуына байланысты, кең тҥрде
танымал болды. Американдықтарға бҧл концепция олардың мҥддесін қорғайтын
болғандықтан, америка қоғамының идеясына сәйкес келгендіктен тез кӛтерілуіне себеп
болды. Сонымен қатар З.Фрейд концепциясы және психоанализ жеке жҧмыс жасайтын
дәрігерлерге табыс кӛзі болды, себебі психоанализбен емдеу ҧзақ бірнеше айлар мен
жылдарға созылатын еді.
З.Фрейд концепциясы ӛзінің бҧлдырлы қҧрлысымен және претензиялығымен ӛзінің
бағыттастарының
арасында да сынға тап болды, әсіресе сынға қатты ҧшырағаны - эдип
комплексі болды. З.Фрейд концепциясына ғылыми теория қалпын беру ҥшін оған әр тҥрлі
толықтырулар енгізілді. АҚШ-та З.Фрейд концепциясы іс жҥзінде психиатрияның
психодинамикалық теориясына тасымалданды. Олар фрейдизм ӛкілдері сияқты, сананың
және «Меннің» әртҥрлі саласын кӛрсетті: саналы және санадан тыс «Мен», және «менен
жоғары». Ерекше мағынаны олар баланың превербальды кезеңіндегі эмоционалды ӛміріне
берді, олардың ойынша санадан тыс сфераның қҧрылуында бҧл ҥлкен рӛл алады.
Авторлар, ӛздерінің концепциясын психодинамикалық деп атай отырып,
психикалық дамудың динамикалық принципін, сонымен қатар, эмоциональды принципті
де теріске шығарды. Олар неліктен балалық шақта қалыптасқан эмоционалды реакцияның
немесе кҥйзелістердің қандай-да бір тҥрі уақыт ӛте тҥзелмейтіндігіне қандай-да болмасын
~ 19 ~
тҥсініктеме бермеді. Авторлар эмоциональды кӛріністерді тҧлғаның психикалық
қасиеттерінің жалпы жиынтығынан тыс қарастырды. Қорқыныш, ҥрей,
мазасыздық,
сенімсіздік сияқты эмоциональды кҥйзелістердің патогенді рӛліне акцент жасау арқылы,
психодинамикалық концепцияның, инстинктивті ӛмір сҥру саналы ӛмір сҥруден басым
деп нақты айтқан фрейдизммен методологиялық бірлігін дәлелдеді. Психикалық аурулар,
жҥріс-тҧрыс ауытқулары тҧлғаның ӛмірлік ситуациялармен кҥресу мҥмкінсіздігі деп
тҥсіндірілді, ал тҧлға әлсіздіктерінің тамыры эмоционалдық тәжірибеде жатыр делінді.
Психодинамикалық психиатрия фрейдизмнен метеодологиялық ортақ болып табылады,
тек комплекстердің қҧрылу сипаты және шарты бойынша ғана ажыратылады. Ол кӛптеген
шетел, әсіресе батыста кең қолданыс тапты.
Материалистік психология және патопсихология дамуында
маңызды саты болып психикалық және соматикалық ӛзара қатынастың
механизмін ашу болды. И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың қҧрған
рефлекс концепциясы психикалық
және соматикалық арақатынасты,
сонымен қатар ми қызметінің бейнелеу қызметін тҥсіндіруде және
оқуда жаңа ғылыми-методологиялық тәсіл ашты. С.Л.Рубинштейн
бойынша (1957) психикалық қызметті рефлекторлы сипатта тҥсіну –
психикалық қызметті ми қызметімен байланыстырушы міндетті звено
болып табылады. Ми қызметін рефлекторлық сипатта қарастыру екі
фундаменталды (психика және ми қызметі) жағдай тҧтасталады.
Психиатрияда клиникалық және патопсихологиялық профильдегі
қарқынды зерттеулермен қатар психикалық бҧзылыстарға тән мидағы,
науқас ағзасындағы нақты материалдық ӛзгерістерді анықтауда ҥнемі
әртҥрлі әдістер қолданылып отырды. Бҧл бағыт биологиялық
психиатрия деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: