Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет188/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

 
23 тарау
МИ IСIКТЕРI КЕЗІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ БҦЗЫЛЫСТАР 
 
Жоғарыда сипатталған мидың органикалық зақымдануларынан 
кейінгі кезекте кең таралғаны ми iсіктері кезіндегі психикалық 
бҧзылыстар, Гентингтон хореясы және Паркинсон ауруы болып табылады. 
Ми iсiктерi кезіндегі психикалық бҧзылыстар кӛптеген факторларға 
тәуелді: iсiк сипаты, оның ӛсу жылдамдығына және орналасуына, жастық 
және конституциональды – генетикалық бейімділікке. 
Ми iсiктерi кезіндегі психопатологиялық синдромдардың сырттай 
айқындылығы, олардың ӛткірлігі кейде ми ісігімен науқастардың 
психиатриялық ауруханаларға әртҥрлi психоздар диагнозымен тҥсулеріне 
әкелiп соқтырады.
Ми ісiктері кезіндегi психикалық бҧзылыстар жиі сана өзгерісімен 
сипатталады, ол обнибуляциядан есеңгіреу мен сопор жағдайына дейін 
болады. Осыған байланысты зейін белсенділігі, зейінді жинақтау және есте 
сақтау қабілеті тӛмендейді, ойлау қарқыны баяулайды. Науқастар 
инициативасыз, болбыр әлсiз, астенизацияланған, апатиялы, болып жатқан 
жағдайларға немқҧрайлы. Кҥшті бас ауырулары болуы мҥмкін. Осы 
психикалық бҧзылыстар бірқатар неврологиялық синдромдармен бірге 
жҥреді: агнозиялық, апраксиялық, эпилептиформды және т.б. 
Ми iсiктерi кезінде клиникалық психопатологиялық кӛрiнiстер жиі 
кездеседі, және олардың кейбiрi ісік ауруларына аса тән және 
диагностикалық маңызы бар, себебі олар ісіктік ҥрдіс диагнозын қою және 
топикасын анықтау ҥшін қосымша симптомдар болып табылады. Иіс, дәм 
сезу, кӛру және есту галлюцинациялары iсiктiң самай бӛлiгiнде 
орналасуында байқалады; амнестикалық бҧзылыстармен апатико-
абулиялық синдром маңдай бӛлiгiне тараған iсiктерге тән және т.с.с. 
Ми iсiктерi кезінде психоздар сирек кездеседi, жиі олар эпизодты, 
қысқа уақытты және делириозды, аментивті немесе қарауытқан тҥрде сана 


~ 285 ~ 
кҥңгірттенуімен жҥреді, кейде галлюцинаторлы-параноидты синдром 
дамиды. Жиі ағымы ҥдемелі амнестикалық және эпилептиформды 
синдромдар да бақыланады. 
Ми iсiктерi кезіндегi психопатологиялық бҧзылыстар патологиялық 
ҥрдіске (ісіктік) жауап ретіндегі жалпы милық реакция болып табылады 
және мидағы ісіктік ҥрдіске арнайы болып табылмайтын сана 
бҧзылуларымен және басқа да синдромдармен кӛрінеді. 
Ісiктерді ерте даму сатысында диагностикалау қиын және операцияға 
кӛрсеткіші жоғары. Психикалық бҧзылыс ерте дамыған ми iсiгiмен сырқат 
науқастардың тең жартысы дерлік психиатриялық ауруханаларға тҥседі. 
Жиі ми iсiктерiнiң орнына ми қантамыр аурулары, сирек – мидың 
атрофиялық ҥрдістері диагнозы қойылады. Әсiресе кәрiлiк кезеңде диагноз 
қою қиын, себебі бҧл жаста жалпымилық бҧзылыстар және бас сҥйек 
ішілік қысым жоғарылауы синдромдары айқын кӛрінбейді. Осындай 
жағдайларда симптоматиканың ӛсу қарқыны, соның ішінде неврологиялық 
бҧзылыстармен бірге жҥретін психотикалық симптомдардың ӛсу қарқыны 
ерекше маңызға ие болады, кӛз тҥбін зерттеу (іркіліс, кӛру алаңы ӛзгерген) 
және лабораториялық мәліметтері (жҧлын сҧйықтығын зерттеу, 
электроэнцефалография, бас сҥйегiнiң ренгенографиясы, ангиография
пневмоэнцефалография, компьютерлiк томография) маңызды орын алады. 
Ми iсiктерiнiң емi хирургиялық жолмен жҥргізіледі. Симптоматикалық 
терапиясына дегидратациялық ем жатады. Бас миының басқа органикалық 
аурулары кезіндегі психоздардың емі тәрізді психикалық бҧзылыстар 
транквилизаторлар және нейролептиктердің тӛмен дозасымен басылады. 
Ми ісiктері кезіндегі психикалық бҧзылыстардың болжамы iсiк 
ҥрдісінің болжамына толықтай тәуелді. Ми iсiгi алынуға келмейтін 
жағдайда болжам нашар. 
Еңбектік сараптама жҥргізгенде психикалық бҧзылыстары айқын 
кӛрінетін науқастар еңбекке қабілеттілігі толық жойылған деп танылады. 
Осы жағдайларда ми iсiгiмен науқастар қабiлетсiз болып табылады. Сот-
психиатриялық сараптама шешімі психикалық және неврологиялық 
бҧзылыстардың айқындылық дәрежесіне байланысты болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет