Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Кезеңдiк (рекуррентті) шизофрения



Pdf көрінісі
бет194/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Кезеңдiк (рекуррентті) шизофрения 
 
Шизофренияның рекурренттi формасы әртҥрлі ҧзақтықтағы ҧстамалар 
тҥрiнде ӛтедi (бiрнеше аптадан бiрнеше жылға дейiн). Науқастардағы бҥкіл 
ӛміріндегі ҧстамалар саны әртҥрлі – 1-2 ҧсатамадан 10 ҧсатамаға дейiн және 
одан да жиі болуы мҥмкін. Кейбiр науқастарда әрбiр ҧстама экзогендi 
фактордың әсерінен дамиды. Рекуррентті шизофренияға тән ҧстамалардың 3 
тҥрi бар. Олар онейроидты-кататониялық, депрессивтi – параноидты, 
аффективтi ҧстамалар. Науқастарда ӛмір ағымында психопатологиялық 
қҧрылымы бойынша әрқилы ҧстамалар бақылануына байланысты 
рекурренттi шизофренияның қандай-да бір вариантын ҧстама сипатына қарай 
ажырату қиын. Ҧстамалар айқын аффективтілікпен сиптталады, сезімдік 
сандырақтың қандай болмасын тҥрі, кататониялық бҧзылыстар жеңіл пайда 
болады. Ремиссиялары аса сапалы болып келеді. Алғашқы ҧстамалардан 
кейін тҧлғалық ӛзгерістердің болмауы интермиссия жӛнінде айтуға 
мҥмкіндік береді. Дегенмен біртіндеп, қайталамалы ҧстамалардан кейін
тҧлғалық ӛзгерiстер пайда болады, ол мына кӛріністермен сипатталады: 
астениялық, гиперстениялық, шығармашылық тиімділіктің тӛмендеуi және 
эмоциональды кӛріністер кедейленуімен еңбекке қабiлеттiң кҥшеюi. Мҧндай 
ӛзгерістер ҥшінші-тӛртінші ҧстамалардан кейiн кӛрiнедi. Артынан ҥрдіс 
белсенділігі тӛмендейдi: ҧстамалар сирейді, тҧлға ӛзгерісi бiр деңгейде 
қалады. Мҧндай науқастардың ерекшелiгi оларда әрқашан басынан ӛткен 
психотикалық кҥйге сын кӛзқарас бақыланады, және олар дертті жағдай мен 
саулық кҥйін нақты ажырата алады. 
Мҧндай науқастардың еңбекке қабiлетi әдетте тӛмендемейді 
(астениялық тҧлғалық ӛзгерістермен науқастардан басқасында). Рекурренттi 
шизофрения кезiндегi болжам жайлы, бірақ бҧл науқастарда айқын депрессия 
фонында суицидальды ойлар және әрекеттер болу мҥмкіндігін ескеру қажет. 
Мҥндай науқастар арнайы бақылауды қажет етеді. Суицидальды тенденция 
анықталған жағдайда шҧғыл, мiндеттi тҥрде ауруханаға орналастыру қажет.
Науқас Х-ва В.Н., 21 жаста. Анамнезі: анасының жҥктiлiгi мен босануы асқынусыз 
ӛткен. Ерте дамуы ерекшелiксiз. Сӛйлеуi және жҥруi уақытында басталған. Балалар 
инфекциялық ауруларынан қызамықпен ауырған, жиi суық тию байқалған. Мiнезi ашық, 
белсендi. Қыдырғанды жақсы кӛрген, басқа балалармен жақсы ойнаған. Мектепке 7 
жастан барған. Оқу ҧнаған, кластастарымен тез араласып кеттi. Ашық, белсендi қалпында 
қалған. 8-шi класты бiтiрген соң, 15 жасында пед. училищеге тҥстi. Сабақтарға ынтамен 
дайындалды. Жаңа коллективке еркiн ҥйренісіп кеткен. Бос уақытында достарымен бiрге 
киноға, театрға барып ӛткізген. Билегендi, кӛңiл кӛтеруді ҧнататын. Екiншi курсты 
бiтiрген соң курстастарымен бiрге колхозға жҧмысқа барды. Сонда жҥрiп кҥтпеген 
жерден кҥш тасқынын сезінген, айналадағының бәрi қуаныш сыйлап, «бақыттан ән 


~ 297 ~ 
шырқағысы келдi». Осы жоғары кӛңiл-кҥйде ҥйiне келдi, ӛте белсендi болды, «қолынан 
барлығы келіп тҧрды». Тәулiгiне 3-4 сағат ҧйықтаса да ӛзiн тамаша демалғандай сезiндi. 
Бҧрын назар аудармаған курстасына ғашық болып, жиi телефон соғып, кездесiп жҥрдi. 
Осындай кездесулердiң бiрiне бара жатқанда кенеттен басының ішінен ер кiсiнiң нық 
«Барма» деген дауысын естiдi, іштей бiр қозу кҥйін сезiндi, қолын жан-жаққа сермеп
кӛшеде жҥгiрiп жҥрдi. Осы жағдайында психиатр қарап, психиатриялық ауруханаға 
жатқызылды. Госпитализация фактын және ондағы алғашқы кҥндерiн бҧлыңғыр есіне 
тҥсіреді. Кезеңдермен ӛзін басқа планетада жҥргендей сезiнген, бҧл планетаны тек 
әйелдер мекендейді, ал ер адамдардың барлығы «планета аралық» соғысқа кеткен деп 
санайды. Кей кездерi мелшиiп тҧрып қалады, осы кезде аяқ-қолының, мойын-шҥйде және 
шайнау бҧлшық еттерiнiң қарысып қалуы байқалады. Аминазин тағайындалған соң 
жағдайы тез жақсарды. Ауруханада болған 4-шi кҥнде уақыт пен орын бойынша бағдары 
дҧрысталды. Кейiнгi кҥндерi кӛңiл-кҥйi бiртiндеп қалыптасты, дертті жағдайдағы ӛз 
тәртiбiн ҧяла еске алады, ӛткен жағдайының дертті табиғатын тҥсiнедi, ауруының 
«кӛтерiңкi кӛңiл-кҥйден» басталғанын сенiмдi тҥрде айтады. Екi айдан кейiн ауруханадан 
шықты, шыққан соң ӛзін ауруханаға дейінгі жағдайындай сезiндi. Белсендi, ашық болып 
қалды, ынтамен оқуын жалғастырды, қҧрбыларымен еркiн араласып, киноға, театрға 
барып тҧрды. Училищенi бiтiрген соң мамандығы бойынша жҧмыс iстедi, бiрақ жҧмысы 
бiрден ҧнамады, балалар тыңдамады, ҥнемі бҧзықтық жасады. Әлi де ҥйренiп кетемiн деп 
ойлады, бiрақ екi айдан соң балалармен жҧмыс iстей алмайтындығын толық тҥсiндi. 
Ешқандай ӛкiнiшсiз жҧмысынан шығып кеттi, бiр аптадан соң ғылыми-зерттеу 
институтына архивариус болып жҧмысқа орналасты. Жаңа жҧмыс ҧнап, колликтивке тез 
ҥйренісіп кетті. Мiнезi бҧрынғыша кӛңiлдi, ашық болып қалды. Келесі екi жылда ӛзiн 
жақсы сезiндi, жҧмысын атқарды, кӛңiл-кҥйi бірқалыпты болды, мiнез-қҧлқы ӛзгермеді. 
1982 жылдың кҥзінде (21 жасында) тағы да кҥш ағынын, «ішкі толқуды» сезінді, кӛп 
сӛйлеп, белсенділігі артты. Ӛзін «ерекше мҥмкіндігі» бар адам деп тҥсінді, басқалардың 
ойына әсер ете аламын деп санады, және ол жайында басқаларға ынтамен әңгімеледі. 
Анасы аудандық психиатрға кӛрсетіп, психиатриялық ауруханаға жатқызды. Алғашқы 
уақытта кӛп сӛйлеп, қимылдық қозу байқалды, палатада тҧрмады, айналадағының 
барлығы ҥш топқа бӛлінеді, оның бірі ӛзінің жақтастары, ал екеуі қарсы деген ой айтты. 
Ӛзін ауруханада емес басқа планетадамын деп санады, кейде мелшиіп тҧрып қалады 
немесе бір айтқанын қайталай береді. Осындай жағдай бір жетіге дейін сақталды, осы 
кезең бойында науқас аминазиннің ҥлкен дозасын қабылдады. Екінші аптадан бастап 
жағдайы жақсара бастады: уақыт пен орын бойынша бағдары дҧрысталды, ӛзінің 
кҥйзелістері жӛнінде толық айтып берді, «барлығы ӛткен жолғыдай» болғанына сенімді. 
Дәрігермен әңгімелескенде ашық, эмоциональды сақталған, болашаққа нақты жоспарлар 
қҧрады, ата – анасын сағынғандығын айтады. Бӛлімшеде белсенді, қызметкерлерге 
кӛмектеседі, еңбек терапиясына ынтамен қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет