Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет221/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Идиотия (грек тiлiнен idioteia - кӛргенсiздiк) - олигофренияның аса ауыр 
формасы, оларға қоршаған ортаға жеткіліксіз реакция тән (реакция 
болмайды, немесе адекватсыз, дифференцацияланбаған). Сӛйлеу әдетте 
дамымайды, айналасындағылардың сӛзі ҥлкен қиындықпен қабылданады, 
олардың мәнiн тҥсiнбейді, тек интонация қабылданады. Идиотиямен 
науқастар сырттан ҥнемі кҥтімді қажет етеді және олардың кӛмегiнсiз ӛмiр 
сҥруге қабілетсіз. Олар қоршаған ортадағы жайттарға мҥлдем қатыспайды, 
пассивтi және ашығу, тоңу тәрізді сезімдерге тҥсініксіз дыбыстармен 
элементарлы реакциялар танытуы мҥмкін. Эмоциялары ӛте кедей және 
ӛздерін 
қалай 
сезінгендігіне, 
элементарлы 
қажеттіліктерінің 
қанағаттандырылуына байланысты болып келеді. Жиi ашу-ыза аффектi 
айқын болады, ол қоршаған адамдарға және ӛзiне деген агрессияға 
бейімділікпен қимылдық қозу жағдайымен кӛрініс береді. Олигофрендердiң 
әрекеттері /идиотия сатысында/ - инстинктивтi автоматты акттар немесе 
сыртқы тiтiркендiргiштерге элементарлы қимылдық реакциялар тҥрінде 
болады. 
Бҧл психикалық ерекшелiктер дӛрекі физикалық дефектiлермен (айқын 
диспластика, бас сҥйек және қаңқа деформациясы) бірге жҥреді, 


~ 335 ~ 
неврологиялық 
симптомдар 
(салданулар, 
парездер, 
тырысулық 
пароксизмдер) бақыланады. 
Идиотияның сипатталған кӛріністері ӛте тҧрақты және терапиялық әсер 
тиімділігі тӛмен. 
Имбецильдiк (латын тiлiнен imbecillus – әлсiз) - олигофренияның 
орташа дәрежесi. Идиотиямен зардап шегетін науқастармен салыстырғанда 
имбецильдiкпен науқастарда психикалық даму едәуір жоғары және қоршаған 
ортаға реакциясы әртҥрлi және жанды болып келеді. Имбецилдер сӛйлеу 
функциясын игереді, бiрақ олардың сӛздiк қоры оншақты сӛзбен шектеледi, 
кейде олар қысқа фазалар айтады, сӛздері зат есiмдерден және етiстiктерден 
тҧрады, аграмматикалы, тілдері мҥкіс. Ойлау аса нақты, бірақ элементарлы 
бiрiктiру қабiлетi болады. Механикалық есте сақтауға шектелген қабiлеттілік 
болады, бiрнеше бiрлiктерден тҧратын арифметикалық әрекеттер жасай 
алады (қосу және алу). Ҧғымдары ӛте кедей, жекелігі жоқ – 
айналадағылардың iс-әрекетiн қайталайды, еліктейді. Имбецильдiкпен 
науқастар ӛзiн-ӛзi кҥтудің элементарлы дағдыларын игерген. Кейде оларды 
қарапайым еңбек процесстерiне икемдендiруге болады және олар жеке 
операцияларды игереді. Ӛз бетiмен ӛмiр сҥруге қабілетсіз және ҥнемі 
қорғаныс пен кҥтiмді қажет етедi. 
Имбецилдер эмоциясы тӛмен дифференцацияланған, бiрақ идиотиямен 
салыстырғанда қанық болып келеді. Аффективті қызмет аздап әрқилы. 
Элементарлы жағдайларда олар жиi абдырып, ҧялады. Олар ренжiгiш, кек 
сақтағыш келедi, олардың кейбiрi ызқорлықпен және агрессивтiлікпен 
ерекшеленеді.
Имбецилдердiң психикалық ақаулары физикалық және неврологиялық 
бҧзылыстармен бiрге жҥреді.
23 жастағы науқаста психикалық аурулармен тҧқым қуалау ауырлығы жоқ. Ата-
анасының дені сау. Анасының жҥктiлiгi асқынусыз ӛткен. Асфиксия жағдайында 
босанған. Ӛмiрiнiң алғашқы кҥндерінен-ақ дамуы жағынан артта қалған, 2 жасында 
жҥрген, 7 жасында сӛйлеген. Балалар инфекциясынан қызылша, қызамықпен ауырған. 8 
жасқа дейiн тҥнгi энурез байқалған. Науқасты жазуға және оқуға ҥйреткен, бiрақ 
нәтижесiз болған. Сҥйемелдеуші мектеп бағдарламасы бойынша да оқи алмаған. Ҥйiнде 
ӛзiн-ӛзi кҥтудің элементарлы тәсілдерін орындайды, ата-анасының бақылауымен 
қарапайым еңбек процестерiн орындаған. 16 жасынан 1-топ мҥгедегi. Осы уақытқа дейiн 
сабырлы, болбыр, аз қозғалатын болып ӛскен. Пубертатты кезең басынан бастап айқын 
психомоторлы қозу жағдайлары бақыланған, ызалы, агрессивтi кҥйлерге тҥсетін болған, 
анасына қатысты оғаш эротикалық қозу кҥйлері болған. Психиатриялық ауруханаға 
бiрнеше рет орналастырылып, аминазин, неулептил қабылдаған. Дегенмен шыққаннан 
кейін ҥйінде ҧзақ тҧрақталмаған. 
Соматикалық жағдайы: орта бойлы, артық салмақты. Терiсi таза, тҥсі қалыпты. Ішкi 
мҥшелерi ӛзгерiссiз.
Неврологиялық жағдайы: кӛз қарашықтары бiр деңгейде, жарыққа реакциясы 
сақталған, сiңiрлiк және периостальды рефлекстерi екi жақты кҥшейген, бiртекті емес. 
Науқасты Ромберг позасына тҧрғызу мҥмкін емес.
Психикалық жағдайы: iшiн алға қампайтып айрықша позада тҧр; қолдары бҥгiлген, 
қолдарымен және саусақтарымен іртекті қимылдар жасайды. Тек қарапайым 
инструкциялырды қиындықпен орындайды. Госпитализациялануын еш ауырсынбайды. 


~ 336 ~ 
Сабырлы, аздап бейғам. Элементарлы сҧрақтарға бiртектi жауап қайырады, Ӛзi жайлы 
ештеңе айта алмайды. Ешқандай сҧраныс, шағымдар айтпайды, сӛзі олигофазалы, ойлауы 
нақты. Науқас элементарлы ҧғымдардың ӛзін біріктіре алмайды. Оқып, жаза алмайды, 
онға дейін санай алады, оның ӛзінде қателеседі. Ағымдағы кҥнді білмейді, уақытты 
бағдарлай алмайды. Кҥндер мен айларды есiне сақтай алмайды. Қызығушылықтары аса 
шектелген. Бӛлiмшедегi тәртiбi бiрқалыпты, режимге пассивтi бағынады; қорғансыз, 
қасықты дҧрыс ҧстай алмағандықтан медицина қызметкерлерi тамақтандырады. Басқа 
науқастармен қатынаспайды, ҧқыпсыз, лас, бӛлектеніп жҥреді. Палатада ӛзiнiң кереуетiн 
таниды. Ӛзiнiң аты-жӛнiн дҧрыс айтады, жасын бiлмейдi. Туыстарының келгендерiне 
немқҧрайлы, тек әкелген тағамдарға қуанады. Бӛлiмше жағдайын ауырсынбайды.
Диагноз: имбецильділік дәрежесiндегi олигофрения. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет