Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет72/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Ритуалдар – орындағанда қысқа уақытқа науқас жағдайының 
жақсаруымен кӛрінетін жабысқақ қимыл-әрекеттер; ритуалдық әрекеттер 
дҧға тәрізді, қорғанысты білдіреді. Жабысқақтықтар нервоз жағдайына тән; 
нервотикалық деңгейде ӛтіп жатқан барлық психикалық ауруларда кӛрінуі 
мҥмкін мҥмкін. Жабысқақтықтар сау адамда да болуы мҥмкін. Мҧндай 
жағдайда олар тҧрақсыз болады, сананы жайламайды, эпизодты тҥрде пайда 
болады және адамның әлеуметтік ортада бейімделуіне әсерін тигізбейді. 
Сандырақ пен жабысқақтықтың патофизиологиялық мәні И. П. Павлов 
еңбектерінде ашылған. Параноик сандырағын талдай келе, ол осы науқастарда орталық 
жҥйке жҥйесінің мықты ҥрдісіне кӛңіл бӛлген. Мида фазалық кҥйлердің дамуына 
байланысты сандырақ тҥзуші тҧрақталған қозу ошағы ӛз айналасында кҥшті тежелу 
зонасын тҥзеді (теріс индукция заңы бойынша). Критикаға сәйкес келетін ешқандай қозу, 
осы тежелу жиынтығынан ӛтіп, доминантты ошақты басуға қабілетсіз. Осы жағдай 
сандырақпен науқастарда критиканың болмайтынын тҥсіндіреді. Жабысқақ жағдайлар 
неврозы кезінде, керісінше, жоғары жҥйке қызметінің әлсіздігі бақыланады. Бас миының 
әлсіз қыртысы кҥшті доминанты қозу ошағын тҥзуге қабілетсіз, ал доминантты ошақ 
кҥшті тежелу қабатымен ӛзін қорғай алмайды. Жабысқақтықтар ерекшелігі осылайша 
тҥсіндіріледі: жеке жабысқақтық болады (тҧрақталған қозу ошағы), және оған деген 
критикалы кӛзқарас болады (қосымша қозу ошақтары), бірақ бҧл критикаға сәйкес қозу 
негізгі ошақты басуға қабілетсіз. Тҧрақты қозу ошағы қалыпты кҥш қатынасына бағынуы 
мҥмкін немесе сергектік және ҧйқы арасындағы жағдайда болуы мҥмкін.
Инвертті сандырақ деген тҥсінік бар, бҧл кезде науқас сӛздері шынайылыққа 
тікелей қарама-қайшы болып келеді: адал қызмет етіп келген кассир әйел ӛзін ақша 
ҧрлады деп айыптап отырғанын, кейіннен бҥкіл ӛмірінде ҧрлықпен айналысқанын және 


~ 125 ~ 
адамдарды алдағанын айта бастайды. Бҧл жағдайды И.П. Павлов тҧрақты қозу ошағының 
ультрапарадоксалды фазасы деп тҥсіндірді (тежелуі қажет нәрсе реакция туғызады немесе 
керсінше). Ультропарадоксальды фаза заңы бойынша реакция жабысқақтықта да (мысалы, 
контрастты жабысқақтықтар) болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет