Дұрыс жауап сағат және минут бойынша. (Алтыдан он бес минут кетті, сегізге бес минут қалды және т.б.)
Күшік, қозы.
Мысыққа,өйткені оларда 4 аяқ, жүні, құйрығы,тырнағы бар. (ең кемінде бір ұқсастықты атаса жеткілікті).
Автомобильдің жылдамдығын төмендетін көрсететінкезкелген жауап дұрыс болып табылады.
Бұл құралдар.
Бұлар ағаштарға шыға алатын, құйрығы, жүні,тырнағы жәнет.б. бар жануарлар.
Шеге - жұмыр, ал винт - иір ойықты; шегені балғамен қағады ал винтті бұрайды.
Спорт түрі (спорт).
Ең кемінде бала 3 транспорт түрін атауы қажет (автобус, трамвай, метро, самолет және т. б.).
Ең кемінде үш мағыналы белгісі болуы қажет: кәрі адам жай жүреді, таяқ ұстайды, оның бетінде әжімі көп болады, ол жиі ауырады және т.б. .
Сау, мықты, әдемі және т.б. болу үшін.
Тамақ және киім сатып алу үшін, пәтерге төлеу және т.б. үшін ақша болмайды.
Хатты жөнелту үшін осылай төлейді.
Балалардың берген жауаптарын талдау барысында,келтірілген үлгіге сәйкес жауаптар ғана емес, жеткілікті түрде парасатты, қойылған сұрақтың мағынасына сай жауаптар да дұрыс болып есептелінетінін ескеру қажет.Қандай да бір жауаптың дұрыстығын тексермес бұрын, баланың сұрақты дұрыс түсінгендігіне көз жеткізіңіз.
Егер бала 15-16 сұраққа дұрыс жауап берген болса, сөздік-логикалық ойлауының даму деңгейі жоғары деп есептелінеді.
Естің әртүрлі қасиеттерін зерттеуге арналған әдістемелер
Қысқамерзімді және ұзақмерзімді көру есін бағалау Әқайсысында таныс зат бейнеленген 10 сурет іріктеп алыңыз да, балаға көрсетіңіз. Әр суретті кһрсету уақыты 1-2 секунд. Барлық 10 суретпен бала танысып болған соң, оның есінде сақтап қалған заттарды атап шығуын сұраңыз. Ретпен айту міндетті емес.
Баланың жалпы заттар санынан қаншасын атағаны ескеріледі.Қайталаулар және де суреттерде болмаған заттардың атаулары ескерілмейді. Балаға ұмытып қалған суреттерін көрсетіңіз.10минуттан соң қайтадан бәрін еске түсіруін сұраңыз.
Нәтижесін қайтадан белгілеңіз. Одан кейін 1 сағат өткен соң суреттерді тағы да еске түсіруді ұсыныңыз.
Әдетте 6-7 жасар балалар сіздердің көмектеріңізбен 10 заттан 7-8 затты естеріне түсіре ді.
2. "Сөйлемдерді еске сақта" әдістемесі
Мағыналық есті бағалау Балаға сөйлемдер оқыңыз, мысалы:
Күзде жаңбыр жауады.
Баланың есінде қалған сөйлемін қайталауын сұраңыз. Бұл жерде ең бастысы-әр сөйлемнің мағынасын беру, сөзбе-сөз қайталау міндетті емес. Егер бірінші ретте бала барлық сөйлемдерді қайталай алмаса, оларды қайтадан оқыңыз.
3. "Суреттерді еске сақта" әдістемесі
Қысқамерзімді көру есінің көлемін бағалау Балаға әртүрлі фигуралар-пішіндер бейнеленген суретті көрсетеді (13-сурет), одан бұл суреттерді мұқият қарауын және фигураларды еске сақтауын сұрайды (олар небәрі 9).
Бірінші суретті көрсету уақыты 30 секунд.Одан соң бұл суретті баланың көз алдынан алады да, оның орнына бірінші суреттегі 9 пішін және тағы басқа 6 пішін бейнеленген екінші суретті (14- сурет) көрсетеді. Баладан бірінші суреттегі 9 пішінді көрсетуін сұрайды.
Эксперимент бала барлық пішіндерді танығанша жалғасады, бірақ 1,5 минуттан ұзақ болмауы керек
Орта есеппен 6-7 жасар балалар 1 минутта 6-8 пішінге дейін таниды
13-сурет 14-сурет
4.Жаттанды ес және мағыналы еске сақтау қабілетін бағалау әдістемесі
Балаға сөздер жұбын оқиды. Олар оны еске сақтауға тылысу керек.