Психикалыќ процестерді зерттеу їшін ўсынылєан тестілер жиынтыєыныѕ їлгісі



бет8/31
Дата21.11.2022
өлшемі0.91 Mb.
#465368
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
0,1,2,3,4 тест

А сериясы
ТӘРЕЛКЕ - СОРПА
ПОШТА - ХАТ
ҚЫС - ҚАР
БӨЛКЕ - ҰН
КАРЫНДАШ - ҚАҒАЗ
МАШИНА - ЖОЛ
МУЛЬТФИЛЬМ - ТЕЛЕДИДАР
ӘРІПТЕР - КІТАП
ЕТІК - АЯҚ
БАЛЫҚ - СУ
Одан соң тек бірінші сөздерді оқиды, ал бала оларға жұп сөздерді атауы керек. Дұрыс айтылған сөздер жұбы есептелінеді. Бұл мағыналық естің көрсеткіші.
Б сериясы
Басқа сөздердің жұбы оқылады:
КІТАП - ТЕРЕЗЕ
ҚОЛ - БҰЛТ
ШАНЫШҚЫ - ЖҰМЫС
ҚАРАҒАЙ - ҚАСЫҚ
АРҚА - ШАМ
СИЫР - ҮСТЕЛ
ЖӘШІК - САУСАҚ
САН - ШАТЫР
ПЫШАҚ - ЖАЗ
СЕБЕТ - АРБА
Бала қайтадан есіне сақтаған сөз-жұптарын қайталайды (оған жұптардағы тек бірінші сөздерді ғана оқиды). Дұрыс айтылған сөздер есептелінеді. Бұл жаттанды естің көрсеткіші
Бұдан әрі А сериясының нәтижесі мен Б сериясының нәтижесін салыстырыңыз, сонда сіз баланың жаттанды есі мен мағыналы есінің қатынасын білесіз.

Ерікті мінез-құлқын, сферасын зерттеу әдістемелері

1. "Графикалық диктант" әдістемесі

Торкөзді дәптердің парағын дайындаңыз. Онда шетінен 4 торкөз қалдырып, бір-бірінен арақашықтығы 7 торкөз болатын, бірінің астынан бірі орналасқан (вертикаль бойынша) 3 нүкте белгілеңіз.
Балаға қарындаш беріңіз де айтыңыз: "Қай жаққа және қанша торкөзге сызықты жүргізу керек екндігін мен айтып тұрамын. Тек қана мен айтқан сызықтарды жүргізіп отыр.Бір сызықты жүргізген соң, келесі сызықты қайда бағыттау керектігін айтқанша,күт. Әрбір жаңа сызықты оның алдындағы сызық біткен жерден, қарындашты қағаздан алмай,баста".(Бала оң қолының қайда екендігін біледі ме,тексеріңіз).
Бірінші тапсырма- жаттықтырушы. "Қарындашты ең жоғары нүктеге қой.Тыңда! Сызықты сал: бір тор көз төмен. Қарындашыңды қағаздан алма. Енді бір торкөз оңға. Бір торкөз жоғары. Бір торкөз оңға.Бір токөз төмен.Бір торкөз оңға. Бір торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төмен.Осындай өрнек салуды өзің жалғастыр".
Бала түсінбесе, айтып жіберіңіз, жіберілген қателерді түзетіңіз.Келесі өрнектерді салуда мұндай бақылау жасалмайды.Тапсырманы оқығанда, бала алдыңғы сызықты аяқтап үлгеретіндей,жеткілікті пауза ұстау керек.
Өрнекті өз бетінше салуға 1,5-2 минут беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет