Психодиагностика ғылым саласы және тәжірибе ретінде Тексеру сұрақтары



бет11/17
Дата18.10.2023
өлшемі193.5 Kb.
#480985
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Лекциялар

Кэттеллдың 16 факторлық тесті. Бірінші рет 1950ж. Р. Кеттелл ұсынған, 1970ж. тест жаңадан өңделіп шығарылды. Бұл сұрақтама тұлғаның 16 қасиетін өлшеуге бағытталған. Анықталған 16 қасиет факторлық талдау арқылы шығарылды, және Кеттелдың тұлға бітімдерінің құрылымдық теориясына негізделген. Тест бойынша алынған балдар стандартты стэн шкаласына ауысытырлады. Тұлға профилі график түрінде салынады, оны интерпретациялауда әр факторлың көріну дәрежесі және нормативті көрсеткіштер ескеріледі. Сұрақтаманың 2 эквивалентті формасы бар, сонымен қатар жас өспірімдерге және балаларға арналған нуқаулар бар. Сұрақтаманың факторларын Кеттелл әр түрлі психодиагностикалық мәліметтердің негізінде жинаған.Олар: L, Q, T.
L-мәліметтер – адамның өмірлік жағдайларда көрсететін ерекшеліктер
Q-мәліметтер – адамның өзіндік есеп беруі, өзін-өзі бағалуы арқылы жинақталған мәліметтер
Т-мәліметтер – басқа объективті тесттер арқылы жинақталған мәліметтер
Лекция 10.
Проективті әдістер
Проективті әдістер –проекция феноменіне негізделген дістер. Проекция терминін 1894ж. Фрейд еңгізген. Проективті әдістер адамның терең жатқан индивидуалды ерекшеліктерін анықтауға мүмкңншілік береді. Солардың ішінен мотивациялық құрылымдарды анықтайды. Бұл әдістер клиника жағдайларында пайда болған, кейін эксперименталды психологияда кеңінен қолдана бастады. Проективті әдістердің белгілері: зерттелінушінің еркін түрде жауап беруі, дұрыс немесе дұрыс емес жауаптардың болмауы, жауаптар сапасы жағынан талданады, тұлғаны тұтастай, жалпыланған түрде бағалау.
Проективті әдістердің классификациясы:

  1. конститутивті проективті әдістер- берілген стимулдық материалды құрылымға келтіруге, қалыптастыруға, мағына іздеуге бағытталған әдістер (Роршах тесті)

  2. конструктивті проективті әдістер – бір неше бөлшектерден мәні бар тұтастылықты қалыптастыруға бағытталған әдістер (МАР тесті)

  3. интепретативті проективті әдістер – белгілі бір оқиғаны, құбылысты түсіндіруге бағытталған әдістер (ТАТ, Розенцвейг)

  4. аддитивті проективті әдістер (немесе толықтыру әдістер) –- сөйлемді, әңгімені аяқтауға бағытталған әдістер (аяқталмаған сөйлемдер әдісі, Юнгтің ассоциативті тесті)

  5. экспрессивті проективті әдістер – адамның экспрессивті көріністерін зерттеуге бағытталған әдістер (адамның жазуын талдау, сөйлеу ерекшеліктерін талдау, суреттік техникалар)

  6. катарсиялық проективті әдістер – арнайы ұйымдастырылған жағдайда адамның ойын әректін зерттеуге бағытталған әдістер. (психодрама, проективті ойын, символдрама)

  7. импрессивті проективті әдістер ұсынылған стимулдардың ішінен ұнағанын таңдауын талдауға бағытталған әдістер

Отандық психологияда проективті әдістердің теоретикалық негіздерін талдауға көп көңіл аударылған. Проективті әдістердің негізінде жатқан механизмдерді түсіндіру үшін Н.Узнадзе ұсынған нусқау (установка) түсінігі қолданылады. Нусқау деген – белгілі стимулдарға қатысты нақты тұрақты түрде жауап беруге дайындық. Іс-әрекет теориясы бағытындағы психологтар «тұлғалық мағына» түсінігіне негізделеді. Бұл жағдайда проективті әдістер ішкі субъективті-конфликтік қатынастарды айқындайды деп қарастырылады. С.Л. Рубинштейн теориясына сәйкес проекция принципі адамның перцептивті әрекетінің ерекшеліктеріне негізделген. Нақтырақ айтқанда қабылдаудың таңдамалдылығына. Бурлачук Л.Ф. және Морозова С.М бойынша проективті әдістердің теоретикалық негіздерін түсіндіру екі бағытта жүру керк: «тұлғалық» және «перцептивті».
Проективті әдістерді қолдану үшін өте жоғары кәсіби дайындық жне үлкен тәжірибе мен интуиция өте қажет. Прективті әдістердің субъективтілігі жоғары екендігін ескеру жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет