Лекция 7.
Сұрақтамалардың дәлдігі (достоверность)
Сұрақтамалар стандартталған өзіндік есеп беру әдістеріне жатады. Сондықтан да осындай сұрақтамалар арқылы алынған мәліметтерге қаншалықты сенуімізге болады деген сұрақ пайда болады. Өзіндік есеп беруге негізделген әдістердің нәтижелеріне бір неше факторлар әсер етеді, соларды ескеру керек. Сұрақтамалардың арқылы алынған мәліметтерге сонымен келесі факторлар әсер етеді: 1. білім факторы, 2. жауап берудің өзіндік тактикасын таңдау. 3. әлеумет жағынан жағымды жауап беруге ұмтылу. Білім факторы деген зерттелінуші тест арқылы қандай психикалық қасиет анықталатынын алдын ала білуі, немесе тест жауаптарын алдын ала білуі. Мұндай жағдайда басқа тест қолдануымыз жөн. Жауап берудің өзіндік тактикасын таңдау. Кейде зерттелінуші шынайы жауап берудің орнына жауап берудің кездейсоқ тактикасын таңдайды: барлық сұрақтарға «ия» немесе «жоқ » деп жауап береді, немесе кездейсоқ, ойланбай жауап береді. Мұндай жағдайда тестке әдейі бір сұрақ бір неше рет қайталанып, кішкене өзгертілген түрде қойылады. Немесе бір сұрақ екі жақты қарама-қарсы түрде қойылады. Әлеумет жағынан жағымды жауап беруге ұмтылу. Көп жағдайда адам өзін жақсы жағынан көрсеткісі келеді, сондықтанда ол қоғамда қабылданған жағымды қасиеттерін көрсеткісі келеді. Мысалы, егер сұрақтамада «Сіз жануарларды жақсы көресіз бе?» деген сұраққа адам жақсы көрмеседе «ия» деуі мүмкін, ойткені қоғамда жануарларды жақсы көру жағымды қасиет ретінде қабылданады. Осы фактормен күресу жолдары: 1. жауапты таңдауға мәжбүрлеу. Сұраққа 2 альтернативті жауап келтіреміз: біреуі-әлеумет жағынан жағымды, екіншісі - өзіңізге қажетті қасиетті анықтайтын жауап.2. арнайы қосымша шкалаларды еңгізу. Мысалы, «өтірік айту шкаласы», бұл шкалаға кіретін сұрақтардың әлеуметтік жағымдылығы жоғары. Егер адам өзін жақсы жағынан көрсеткісі келсе ол осындай сұрақтарға келісім береді. Осылайша, бұл шкала бойынша зерттелінуші жоғары бал жинаса, онда оның өзін әлеумет жағынан жағымды көрсеткісі келгендігі анықталады. Өтірік айту шкаласы арқы сонымен қоса, сұрақтамаға енген әр бір сұрақтың қаншалықты жағымыд жауап тудыратынын анықтауға болады. Ол үшін 2 әдіс қолданылады: 1. әр бір пункт бойынша алынған суммарлық бал мен өтірік айту шкаласы арсында корреляция есептеледі. Корреляция жоғары болса, онда пункт жағымды жауап тудырады деген қорытынды жасалады. 2. нәтижелерді әдейі бұрмалауға әкелетін нусқау беріледі. Яғни, тест жүргізілетін таңдау тобына біріншіден дұрыс нусқау беріледі, содан соң кері, бұрмалаушы нусқау беріледі. «ал енді тестке өзін жақсы жағынан көрсеткісі келетін адам тарапынан жауап беріңіз» дейміз. Содан кейін әр бір сұрақ бойынша жауаптардың өзгеруін талдаймыз, ол үшін өзгерістердің тұрақтылығын статистикалық әдістер арқылы анықтаймыз. Нақтырақ айтқанда өзгерістердің маңыздылғын Х квадрат арқылы Макнимар формуласы бойынша есептейміз. Есептелген Хквадрат эмпирикалық Х квадрат теоретикалық мәнмен салыстырамыз, егер Х квадрат эмпириклық мән Х квадрат теоретикалық мәннен төмен болса, онда өзгерістер мәнді емес. Яғни, тексерілген тест сұрағының жағымдылық мөлшері жоғары емес деген қорытынды жасалады. Сөйтіп, әр пунктің жағымдылық мөлшерін есептеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |