Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері


Ерік және тұлға. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент)



бет10/46
Дата26.12.2023
өлшемі101.18 Kb.
#488015
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
психология

13.Ерік және тұлға. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент).
Ерік – іс – әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. Іс – әрекетті орындау тұлғаның іс – әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару. Еріктік іс – әрекет тұлға қасиеттерімен (өмірлік тілекпен, ұмтылыстармен, сенімдермен және т.б.), іс – әрекеттің мазмұнымен, өмірлік жағдайлармен детерминантталған.
Түрткілер мен мақсаттарды таңдау;

Түрткілер мен мақсаттарды таңдау;

Мотивацияның жетіспеушілігінен немесе көптігі кезінде әрекетке итермелеуді реттеу;

Адам орындайтын адекватты әрекеттер жүйесіне психикалық процестерді ұйымдастыру;

Қойылған мақсатқа жетуде кедергілерді жеңуге бағытталған психикалық және физикалық мүмкіндіктерді мобилизациялау.

Еріктік әрекеттер түрлері :

- ырықты ;

- ырықсыз ;

- қарапайым;

- күрделі.


Еріктік іс- әрекеттердің құрылымы:
Еріктік іс- әрекеттердің құрылымы:
Саналы мақсаттардың қойылуы (құмарлық, тілек, талпыныс);
Шешім қабылдау (мотивтер күресі, басқа талпыныстардың пайда болуы);
Жоспарлау және ұйымдастыру (тәсілдер мен құралдарды таңдау, орындаудың бірізділігін орнату, ішкі және сыртқы кедергілерді есепке алу), орындау.
Мотивтердің ішкі күресі еріктік акттің пайда болуы мен іске асу шарты ретінде көрінеді.
Ерік сапалары:
Мақсатқа ұмтылыс;
Принциптілік;
Дербестік;
Инициативалық;
Шешім қабылдағыштық;
Табандылық;
Ұйымдасқандық;
Батылдық;
Тәртіптілік.

Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.


Тұлғалық қасиеттер үш дәрежеде болады:


1. Әрбір адам ең алдымен адамзат қауымының мүшесі ретінде шыққан нәсілінен, ұлтынан, туысынан, туған жерінен тәуелсіз есті адамның барлық өкілдеріне ортақ жалпы қасиеттерді иелену. Олардың қатарына: қуану, қайыру, болжамдық, елді сүю, арамдық –зұлымдарға, әділетсіздіктерге, әділеттікке және т.б. көптеген рухани-психологиялық қасиеттер жатды.
2. Әр адамның физикалық ерекшеліктерінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінен туындайтын және тек өз басына тән психологиялық өзгешеліктер. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім көрінісінде, темперментінде, қимыл мен жүріс тұрысында, сөйлеу ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, басқа адамдармен қарым-қатынсында т.б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық ерекшеліктерінде жатқанмен оған әрине өмір сүру ортасының да қатысы бар.
3. Адам белгілі бір елде, рухани дәстүрде белгілі дәрежеде жеткен материалдық және рухани мәдениет жемістерін сусындап өседі. Сол дәуірдің тарихи ортаның жемісі осының бәрі адамның жан-дүниесінде өзінің ізін қалдырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет