12.Ерікті актінің құрылымы. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі.
Шешім қабылдау — бұл мәселені түсінуді, адекватты мақсаттарды бекіту және осы мақсатты іске асыру үшін құралдарды таңдауды болжайтын күрделі ой процессі. Өкінішке орай, айтылған бұл процесс сыртқы орта жағдайлары мен жоғарғы басшылардың қысымының салдарынан жиі жағдайда стихиалы түрде жүреді. Сондықтан до оның іске асырылуы күрделі жүреді. Профессор Л.Зайверт, уақытты рационалды қолдану неміс институтының жетекшісі көптеген менеджерлер келесілерді дұрыс көреді дейді:
*Дұрыс жұмыстар жасағанның орнына дұрыс жұмыс жасау;
*Шығармашылық альтернатива жасағанның орнына мәселелерді шешу;
*Қолданған құралдарды оптимизациялаудың орнына құралдарды жнақтау;
*Нәтижелерге қол жеткізгеннің орнына міндеттерді атқару;
*Пайданы арттырудың орнына шығындарды азайту.
Бұлардың барлығы — дұрыс шешім қабылдамаудың нәтижесі. Дұрыс шешім қабылдамау неге мүмкін болады? Және – осы сынды басқарудағы есептен жаңылыс ықтималдылығын қалай төмендетуга болады? Бұны түсіну үшін, адамдардың психологиялық ерешеліктеріне көңіл аудару керек, яғни осы әрекет қандай психологиялық ерекшеліктің арқасында жүзеге асты.
Шешім қабылдауда адамның білімі, қызығушылығы, дүниетанымы көрініс табады және бір адамның ғана емес. Бұл процесстің маңызды ерекшелігін адамдар мен жағдайларға қарсы тұра алатын, күрделі, өзгермелі жағдайларда белгіленген мақсатты іске асыруды қолдап отыратын адамның еріктік мінезі құрайды. Бұл процесс қысқа уақыт аралығында басшыға көптеген әртүрлі бағыттағы шешімдерді қабылдауға тура келетінімен күрделенеді.
Шешім қабылдауды әр түрлі негіздер бойынша классификациялау қабылданған:
*Қамту аймағы бойынша (ортақ және жеке);
*Әрекет уақыты бойынша және болашақ шешімге әсер ету дәрежесі бойынша (жылдам, тактикалық және стратегиялық);
*Функционалды белгілері бойынша (шешім, жоспарлауды, ұйымдастыруды, мотивацияны, бақылауды шыңдауға арналған);
*Мазмұны бойынша (политикалық, техникалық, технологиялық);
*Жаңалық дәреже бойынша (екішілдікке негізделген, стандартты, шығармашылық, бірегей);
*Шешім қабылдау шешетін мәселенің анықтылық дәрежесіне байланысты (шешім, анықтылық шарттарында, тәуекел шарттарында қабылданған);
*Тұлғаның интелектуалы немесе эмоционалды-еріктік сферасына бағытталуы бойынша (интеллектуалды, еріктік, эмоционалды).
*Интуитівті шешеім «жактаушы» мен «қарсы» анализінсіз шешімнің дұрыстығын сезу негізінде қабылданады. Интуитівті шешімнің үлесі жұмысқа жаңа қызметкерді қабылдауда жоғары: бұл жерде үміткердің дайындығы ғана емес, тәжрибесі және талаптарға сай келу де маңызды,
*Прагматикалық бағдарланған шешім, бұл білімге, жинақталған тәжрибеге негізделген таңдау. Ең алдымен, мұндай тәсіл технологиялық шешімге сипатты.
Достарыңызбен бөлісу: |