Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері


Коммуникациядағы имидж және өзіндік ұсыну



бет44/46
Дата26.12.2023
өлшемі101.18 Kb.
#488015
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
психология

59.Коммуникациядағы имидж және өзіндік ұсыну.
Имидждің күрделі, көпдеңгейлі, көпқырлы құрылым екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Бейнеге қатысты сипаттамалардың толық спекторын блоктарға біріктіріп отырып қарастырған тиімді. Имидждің айқын құрылымын «Никкола-М» саяси кеңестер орталығы мамандары ұсынып отыр. Жеке сипаттарға саясаткердің физикалық, психикалық ерекшеліктері, оның мінезі, тұлға типі, шешім қабылдаудың жеке стилі, харизманың болуы жатады. Бұл тізімге саяси қайраткерлердің мәнері, өз-өзіне сенімді, сендіре алатын адам ретінде көріне алуы. Кандидаттың сырт келбеті, темперамент, өмірбаяны сияқты сипаттары маңызды рөл атқарады. Бұл сипаттардың көбісін өзгеруі мүмкін емес. Бірақ артықшылықтарды айқын көрсетіп, кемшіліктерді артықшылықтар ретінде көрсету арқылы оларға деген белгілі бір қатынасты қалыптастыруға болады. Кандидаттың әлеуметтік сипаттарына жататындарының ең маңызды қасиеттері – біріктіруші және жұмылдырушы қасиеттерін басшылыққа алу және жариялау қабілеті. Лидер және аудитория арасындағы коммуникациялық лидер қорғайтын және қазіргі уақытта халық қолдайтын саяси идеяларды сәйкестігі арқасында жүзеге асады. Әлеуметтік сипаттар – саяси шынайылықпен тығыз байланысты кандидат имиджінің ең «қозғалмалы» бөлігі. Саяси жағдай өзгерген әр кезде ол қайта жасалып отырады. Символикалық сипаттар – саяси имидж компонентінің коммуникативтік өрісіндегі ең тұрақтысы. Бұл блок лидерді белгілі бір идеология ұстаушы ретінде көрсетеді, болашағына іс-әрекеттерінің белгілі бір курсына кепілдік береді. Символикалық сипаттар қатарына саясаткер дүниетанымы, оның бағдарламалары, электоратпен үнемі талап етілетін «лидерлік» сипаттардың белгілі бір жиынтығы, сондай-ақ сайлаушылар санасында лидерлік позиция және рөлдермен байланысты тұрақты мәдени архетиптер жиынтығы жатады. Саяси имиджді құру әдістері Жарнамалық саяси имиджді қалыптастыру мынадай тізбекпен жүзеге асады: а) аудитория талаптарын анықтау; ә) кандидаттың шынайы қасиеттерін аудитория қалауымен сәйкестендіру.


60. Имидж қалыптастырудың технологиялары.
Сырт — бейнелік (габитарлық) имидж туралы түсінік
Габитарлық (латын тілінен аударғанда habitus – сыртқы пішін, көрініс) имидж. Оның құрылу принциптері: адамның сыртқы ерекшеліктерін есепке алу, дене пішімі, сыртқы түрі, киімі, шашы, жүріс – тұрысы. Егер конституциямен басқару қиын болса, сыртқы пішіннің өзге жақтарын басқару жеңіл. Атап айтатын болсақ, дұрыс таңдап алынған макияж образдың мақсатты – тиімділігін арттырады, қоғамдағы әлеуметтік топтың ассоционациясы арқылы габитарлық имиджді ынталандырады. Имидждің осы аталған түрі қазіргі кезеңде теледидарда қалыптасуда. Имидж сыртқы киімді таза, тартымды киінумен айшықталады. Іскер әйелдің киім кию стилі – консервативті, қызмет бабында қолданылатын киімде түсті ғана қолданылуы тиісті.
Габориттік имидж адамның мәдениеттілігін сипаттайды. Оның киім киісі мен сыртқы формасы мен көрінісі тартымды, мақсатты болса, этикеттік ережелерге жауап бере алады
2. Киім кию мәдениеті мен макияж стратегиясы.
Тартымды, қарапайым стильде таңдап алынған киім оны сенімділікке, жинақылыққа белсенділікке жетелейді. Киімнің әсемдігімен әдемілігі оның сыпайылығы мен тағайындалуына байланысты: қызмет, спорт ойындары, үй шаруасы, мейрамдар үшін.
Әйел кісілердің киімдері түрлі аксессуарлы сипата жасалынады: шляпа, аяқ-киім, сөмкелері, шарфтары. Этикеттік ережелер әйел кісілерден элегантты киім киюлерін талап етеді.
Ер кісілердің қазіргі заманның талаптарына сәйкес костюм, көйлектер, галстуктармен сәнделе киіністері элегантты көрсетеді. Элегантты киіне отырып мінез-құлықтарға ие болу, габаритті сыртқы көріністі имидж тұлғаны қоршаған ортаға тиімді және тартымды көрсетеді. Жекелей тұлғалар мен кездесу, қабылдау кезеңдерінде, қолды алға созып емес, соңғы кезеңде амандасуға созу қажет. Қолды қатты қыса отырып амандасу шарт емес. Әйел кісілермен амандасуда бас киімді шешуді ұмытпау қажет. Егер әйел кісі бөлмеге кірген сәтте, ер кісі орнынан тұрып амандасуы қажет. Әйел кісілерге пальтосын, сыртқы киімдерін әперу, ұсыну сыпайлықтың белгісі. Ер кісі бас киімін бірінші шешіп, соңынан киеді. Бөлмеге кірген адам оның дәрежесінен тыс бірінші болып амандасуы тиісті. Танысыңызды кездестірген сәтте бөлменің, коридордың ортасында тұрып алмай, шеттей тұрып әңгімелесіңіз. Сөйлесу, сұхбаттасуда әңгімелеушінің сөзін бөлуге, өзге обьектілерге саусақты ұштап көрсетуге болмайды. «Сіз деп сөйлесу сыпайылыққа жатады. Өз-өзіңізге басқылау жасап өзге сұхбатнамаларға араласпау, әріптесіңіздің оқып отырған кітабына қарамау қажет. Мәжіліс, жұмыс барысы басталып кеткен жағдайда, кешігіп келіп қалсаңыз үстел басындағы тұлғаларға өзіңізді таныстыру, қолдарын алып амандасу қажет емес. Жалпылай басыңызды изеп отырып амандасып, тиісті орныңызға отырыңыз. Қолды қалтаға салып жүру әдептілікке жатпайды. Метро, троллейбусқа, автобусқа мінуде немесе түсуде әйел кісілерді, ересек адамдар мен балаларды алдымен жол беріңіз. Жеңіл автокөлікке отыруда ер адам соңынан мініп, ең бірінші болып түседі. Қоғамдық транспортарда ер адам әйел кісілерге, ересек адамдар мен балаларға орын беруі тиісті. Егердің сіздің тарапыңыздан орындалатын іс-қимылдар мен әрекеттер тұлғаға ұнамаса оны жайына қалдырыңыз. Өте қатты сөйлеуге, сұхбаттасуға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет