Білім берудің икемділік принципі – оқу орындарының, білңм беру түрінің, оқу жоспары мен бағдарламалардың әртүрлі болуын, білім берудің қажеттігінің бәрін өтеуге мүмкіндік болуын талап етеді.
Білім берудің тез өзгеру принципі – халықтың әр тобының талабы мен қызығуына қарай оқудың түрін мерзімін тез өзгерту.
Үздіксіз принципі – білім беру жүйесінің бірлігі, білім беру басқыштарының өзара байланысы, әр сатыда оқуға еркіндік болуы.
Білім беруді гуманизациялау принципі – оқудың мазмұны, түрімен әдістері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, рухани баюына бағытталуы қажет.
Ғылыми принцип – білім берудің ғылыми сипаты, оның ғылым, техника, мәдениеттің жаңа табыстарына сай үнемі жетілуі.
14тақырып. Білім беру жүйесін талдау және реформалау
1. Білім беру жүйесін талдау таксономиялары
2. Білім беру жүйесін реформалау
3.Білім беру саясатының заңдылықтары мен қайшылықтары
Дүниежүзі, аймақ, әртүрлі елдердің білім беру саясатына салыстырмалы педагогикалық талдау жасағанда, оның көрсеткіштерінің дұрыс анықтау өте қажет. Сондықтан біз дүниежүзі тәжірбиесінде орын алған салыстырмалы педагогикалық зерттеулерде білім беру жүйесін талдаудың мынадай негізгі таксономияларын ұсынамын.
Достарыңызбен бөлісу: |