«Психология және коммуникация дағдыларының негіздері» пәні бойынша емтихан сұрақтары Мамандығы: 0912100 «Мейіргер Ісі» билет №1


Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу



бет5/14
Дата06.04.2024
өлшемі2.72 Mb.
#497829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Экзамен психология жауап

Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент
Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл сондай-ақ, адам сана-сезімінің, психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі. Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, «Мүғалім келді» деген сөйлем-де мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мүғалім келді ме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді.
Екі түрге бөлінеді: ішкі және сыртқы.
Ішкі сөйлеу тағы да ауызша және жазбаша болып бөлінеді, ал ауызша монологтік және диалогтік болып бөлінеді. Іштей сөйлеу ауызша және жазбаша болып бөлінеді. Жазбаша сөйлеуде қарым-қатынастың шарты мәнімен байланысты. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуге қарағанда мазмұны жағынан ерекше жинақталған болады. Жазбаша сөйлеуде жазба белгілерді қолдану арқылы іске асады. Қазіргі тілдердің көбінесе (идеографикалық жазу қолданатындарынан басқалары) сөйлеу дыбыстары әріптермен белгіленеді.
Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуден кейін пайда болды және оның негізінде қалыптасады. Белгілі бір адамның тарапынан айтылатын, естілетін сөйлеуді ауызша сөйлеу деп атаймыз. Ауызша сөйлеу - кәдімгі дыбыстың ауызекі сөйлеу тілі, ол біз басқа адамдармен тікелей қарым-қатынаста пайдаланатын тіл. Ауызша сөйлеу қарым-қатынасы кеңістік пен уақыттың жағдайларымен шектеулі болып келеді.
БИЛЕТ № 22
1. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері: қабылдаудың тұтастығы, маңыздылығы, таңдамалылығы. Апперцепция ұғымы.
Қабылдау дегенiмiз –сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдау-түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализатордың бірлесіп қызмет етуінің нәтижесі. Мәселен, киноны көру екі анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс істеуінен болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет