Психология кафедрасы



бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі1.67 Mb.
#131808
1   2   3   4   5

Қожахметов Арман


Бала мінезіне тән көрсеткіштер.

Атаққұмар, қажымайтын, байыпты. Көңіл-күйі кейде жабырқаулы мазасыз келеді. Көп ренжи бермегенімен, кейде күманданғыш. Салыстырмалы түрде негізді сұрақтардың шешімін табу мақсатында дербестілік танытқанымен, эмоционалды өмірінде жақын адамдарына тәуелді.



Түзету жолдары: Өзін-өзі бағалау сапасын арттыруға баса назар аударып, өз-өзіне деген сенімсіздікті болдырмаудың жолдарын іздестіру.

Барлыбаева Раушан

Бала мінезіне тән көрсеткіштер.

Үнемі еш нәрсеге көңілі толмайды. Ұсақ-түйнектерге тез арада ренжіп қалуы мүмкін. Жиі қабағы түсіңкі, ызалы. Қызғаншақтың да белгілері байқалады. Іске келгенде сенімсіз. Қарым-қатынаста бағынушы. Қиыншылықтардың алдында әлсіз. Топтан тысқары жүреді. Жағымсыз жағдайларды көпке дейін ұмыта алмай, ішіне сақтап жүреді.



Түзету жолдары: өзара сенімге сүйенген әңгіме кезінде жағдайы мен жетістіктерін сұрап тұрған жөн. Құрдастарымен қатынастарын қалпына келтіру үшін, бүкіл ұжымның алдында жетістіктерін айтып отыру керек. Бұл балаға дербес өзара әрекеттестікте ерекше көңіл бөліп отыру жөн.
2.2 Баланың топтағы қарым - қатынастарын бағалаудың талдамасы.
Топтағы тұлғалардың бірін-бірі өзара қабылдауы көптеген факторларға байланысты. Тұлғалардың өзара бірін-бірі қабылдауға оның негізгі факторы ретінде тұлғалар арасындағы қатынастар ғана емес, индивидтің топтағы қатынасы да әсер ете алады. Индивидтің топты қабылдауы, тұлғалардың өзара қабылдауы жүзеге асатын фон тәріздес. Осылайша, индивидтің топты қабылдау мәселесі, тұлғалардың бірін-бірі қабылдауда екі түрлі әлеуметтік – перцептивті процесті байланыстыратын негізгі мезет.

Ұсынылып отырған әдістеме индивидтің топты қабылдауының үш мүмкін “типін” анықтауға жағдай жасайды . Қабылдаушының дербес іс-әрекетіндегі топтың рөлі, қабылдау типінің көрсеткіші ретінде анықталады.



1 - тип. Индивид топты өз іс-әрекетінің кедергісі ретінде қабылдайды немесе оған бейтарап қатынаста болуы мүмкін.

Топтың индивид үшін дербес құндылығы жоқ. Мұның барлығы іс-әрекеттің біріккен формаларынан бас тарту, дербес жұмыс атқаруға ынталану, басқалармен қатынасына шек қою сияқты әрекеттерінде көрінеді. Бұл “дербес ”топ.



2 – тип Индивид топты қандайда бір мақсаттарға жетуге ықпал ететін құрал ретінде қабылдайды. Сонымен бірге, топты индивид “пайдасы” жағынан бағалайды. Көмек көрсете алатын, қиын мәселелерді шеше алатын немесе қажет ақпараттың көзі ретінде топтың беделділерімен араласуға тырысады. Бұл “прагматикалық”, яғни “пайдакүнем” тип.

3 -тип Индивид топты дербес құндылық ретінде қабылдайды. Бүтіндей топқа ортақ және оның жеке мүшелерінің мәселелері бірінші жоспарда. Топтың әрбір мүшесінің жетістігіне қызығушылық таныту және топтың біріккен іс-әрекетіне өз үлесін қосу әрекеттері көзге түседі. Жұмыстың ұжымдасқан түрлеріне қажеттілігі басым. Бұл “ұжымдық ” топ.

Жоғарыда анықталған үш типтің негізінде зерттелінуші индивидтің топты қабылдауының басым типін анықтауына жағдай жасайтын арнайы анкета құрастырылған (Қосымша Ә).

Топты зерттеу нәтижесінде алынған жауаптардың негізінде индивидтің топты қабылдаудың әрбір үш типі бойынша ұпайлары есептелінді.

Зерттеудің нәтижелері 3 - кестеде берілген.

3 - кесте Индивидтің топты қабылдау типі.




Сыналушының аты жөні

Дербес

Прагматикалық

( пайдакүнем)



ұжымдық

Тип

1.

Байназарова Алина

9

1

4

Д

2.

Бакирова Жансая

5

2

7

Ұ

3.

Шарипов Шалхар

7

4

3

Д

4.

Жетпісбаев Рауан

11

1

12

Д

5.

Қайдарова Айнур

3

3

8

Ұ

6.

Есімжанова Жадыра

5

5

4

Д+П

7.

Баймурзаев Аслан

8

4

2

Д

8.

Баймурзаева Әйрегім

6

3

5

Д

9.

Зайсанбек Жамбыл

5

2

7

Ұ

10.

Шаменова Айжан

2

8

4

П

11.

Ермекбай Мөлдір

6

6

2

Д+П

12.

Талғатова Әйгерім

4

2

7

Ұ

13.

Дүйсенбаев Махамбет

10

2

2

Д

14.

Тоқтамысова Айнур

7

3

4

Д

15.

Қожахметов Арман

2

5

7

Ұ

16.

Жорабекова Сара

5

2

7

Ұ

17.

Ықыласов Жоламан

0

4

10

Ұ

18.

Барлыбаева Раушан

1

8

5

П

19.

Шатпықова Зере

2

7

5

П

20.

Керімқұлов Дидар

2

5

7

Ұ

Индивидтің топты қабылдауының ұжымдық типі 8 адамда байқалды (40 %), Дербес тип 7 адамда (35 %), прагматикалық (пайдакүнем) 3 адамда (15 %) байқалады. Сонымен қатар аралас типтер де кездесті: дербес прагматикалық(пайдакүнем). 2 ( 10 %) адамды қамтыды.

Топта өз құрылымы мен даму динамикасы бар іскер және жеке сияқты қатынастардың маңызды жүйелері бар. Жеке өзара қатынастар бала тұлғасының қалыптасуы мен ұжымның өміріне айтарлықтай әсер етеді. Топтың ішкі құрлымы жайлы және ондағы әрбір баланың орны туралы нақты ақпараттың болмауынан ұжым мен жеке тұлғаның дамуын басшылыққа ала алмас едік.

Топтың дамуын басшылыққа алу мақсатында ұжымның даралығы мен өзіндік ерекшеліктерін зерттеу хақында, тұлғалар арасындағы қатынас пен қарым-қатынасты зерттеудің тиімді әдістерін әлеуметтік психология ұсынады.

Қатынас - тікелей бақылауға болмайтын ішкі күй болса, ал қарым-қатынас - адамдардың бір-біріне деген нақты әсерлері түрінде жүзеге асатын, сырттай бақылауға болатын сыртқы процесс, сондықтан да бір жағынан қатынас, екінші жағынан карым-қатынас түрлі зерттеу әдістерін талап етеді. Қатынастар жайында ақпараттармен қамтамасыз ететін және тікелей қарым-қатынасты зерттеуге жағдай жасайтын әдістерді нақты талдай білген жөн.

Біріншісіне сұрақнамалардың барлық түрлері жатса, екіншісіне өздігінен пайда болатын және зерттеуші тарапынан туындайтын өзара шынайы әрекеттестіктің негізіне сүйенген эксперименталды әдістер жатады.

Педагогикалық психологиялық мазмұндағы зерттеу жұмыстарында нақтылығы мен сенімділігі арнайы құрастырылған бағдарламалардың арқасында ұлғая түсетін объективті бақылау қолданылады.

Кіші топтардағы өзарақатынастарды зерттеу үшін социометриялық әдіс кеңінен қолданылды.

Социометрия, яғни “әлеуметтік өлшеу ” - әдіс ретінде кіші топтардағы тұлғалар арасындағы өзара қатынастарды анықтауға арналған.

Социометрияны алғаш құрастырған американдық әлеуметтік психолог және психиатр Дж. Морено. Кеңес психологтары Е.С. Кузьмина, Я.Л. Коломинский, В.Н. Ядов, И.П. Волков өз уақытында социометриялық зерттеу жұмыстарымен айналысқан. Социометрия адамдардың өзарақатынастарының психологиялық аспектілерін анықтауға жағдай жасайды (ұнату, ұнатпау, бей-жайлық, шеттету т.с.с.) Социометриялық сұрақнаманы жүргізу барысында балалардан басқа балалармен қарым-қатынасын қандай деңгейде екендігін сұрағаннан гөрі, белгілі бір нақты іс-әрекетті қай баламен орындауға деген тілекті сұраған әлдеқайда тиімді.

Адамның басқа бір адаммен нақты іс-әрекетті бірігіп орындау ниеттері, таңдау критерийлері деп аталады. Жиі өзарақатынастарды зерттеу жетістігі критерийлердің дұрыс таңдалуына байланысты. Таңдаудың күшті (жалпы) және әлсіз (арнайы) критерийлері болады. Күшті критерийлер адамдардың неғұрлым терең әрі тұрақты қатынастарын анықтайды. Екіжақты және біржақты таңдаулардың критерийлерін айыра білген жөн.Екі жақты критерий өзара таңдауды анықтауға жағдай жасайды. Біржақты критерий мұндай мүмкіншілікті бермейді. Жағымды критерийлермен қатар, жағымсыз критерийлер де пайдаланылады. Тәжірибені жүргізбес бұрын критерийлердің сапасымен қатар, әрбір бала таңдауларының саны жайлы мәселелердің басын ашып алған жөн. Эксперименттің топтық және даралық формаларын қолдануға болады.

Социометриялық әдістемелер түрлі жас шамаларын қамтыған тұлғалар арасындағы ішкі қатынастардың динамикасын зерттеу үшін, тұйық топшаларды, топтың ішкі ауызбірлігінің дәрежесін, топтық мотивациялық құрлымы мен оның дау - дамайлар шегін анықтау үшін қолданылады.

Әдістемені қолдану ережелері өте қарапайым. Социограмма-нысанада топтағы өзара қатынастар көрнекі түрде белгіленеді.

Нәтижелерді өңдеген соң диагностикалық көрсеткіш -- қатынастардың өзара жайлы, жағымды деңгейін алуға болады.

Социометрияда өзара таңдаулардың көрсеткіші ретінде топтық ауызбірлік индексі КВ=R1 /Rx100% кездеседі. Мұндағы: R- жалпы таңдаулар саны, R1-өзара таңдаулар саны

және “референтті топ индексі” -- өзара жағымды таңдаулар санының топтағы жағымды таңдаулардың жалпы санына қатынасы есептелінеді.

Оның формуласы КР=R1/Rx 100% топтың КВ мен КР көрсеткіштері неғұрлым жоғары болса, оның мүшелері үшін топ дамуының соғұрлым жағымды психологиялық ситуациясы қалыптасады.

Социограмма-нысана топтағы таңдаулардың ең көп санына тең шоғырланған айналымдардың жүйесі болып табылады.Топтың барлық мүшелері нысананың шеңберлеріне, алған таңдауларының санына сәйкес орналастырылады. Социометриялық эксперименттің нәтижесінде тұлғалар арасындағы өзара қатынастар жүйесіндегі топтың әрбір мүшесінің әлеуметтік ортадағы жеке, өзіндік орны жайлы мәліметтерді алуға болады.

Социометриялық зерттеудің негізінде балалар бірқатар сұрақтарға жауап берді:


  1. Кіммен бірге бір бөлмеде тұрғың келеді ?

2. Санаторийдің келесі маусымында кіммен қайтадан кездескің келеді ?

3. Кіммен бірге киноға барғың келеді ?

Социометриялық сұрақнамалардың негізінде төмендегідей социометриялық категориялар алынды:




    1. – Шеңбер 13(8), 10(6),1(5), 6(5), 3(5);

    2. – Шеңбер 9(4), 16(4), 5(4), 8(4), 11(3),12(3);

    3. – Шеңбер 4(2), 17(2), 7(1), 18(1), 14(1), 19(1);

Таңдауға түспегендер 2(0), 15(0), 20(0);

5-кесте Социометрия кестесі

6 – кесте Социограмма – нысана 1

Балалардың құрбыларымен өзарақатынастарын зерттеу мақсатында Л.А.Кондратенко құрастырған “орман мектебі” атты әдістемені зерттеуіміздің эксперименталды базасы санаторий болғандықтан құрылымына болмашы өзгерістер енгіздік. Әдістеменің шарты бойынша балалар бір сәт орманның жануарлары кейпіне енеді. Кейін әр бала топта өзі бейнелеген жануардың суретін салуы қажет.

Суреттерді өңдеген соң “өзарақатынастардың бірдей бейнесі” алынды. Барлық суреттерде бір-біріне ұқсамайтын көп жануарлар салынған.

Суреттер балалардың жүзеге аспаған жағымды қатынастарын айғақтайды. Балалар өзара әрекеттестікке ұмтылғанымен, араласа алмағандықтан немесе қарым-қатынастың болмауынан олар байланыстарын реттей алмайды.

4 Әдістеменің негізінде бірқатар қиыншылықтардың қатары анықталды.


  1. Мазасыздану 55 %

  2. Агрессивтіліктің белгілері 5 %

  3. Қарым-қатынастағы шиеленусішілік 20 %

  4. Адамдармен араласа алмаушылық – 15 %

  5. Зерттелінген топтың эмоционалды тұрақсыздығы – 14 %

2.3 Уақытша ұжымда жағымды психологиялық ахуалды қалыптастырудың жолдары.
Зерттеу жұмысымыз әр жас шамасындағы балалармен жүргізілгендіктен,оларды ұйымдастыратындай, бәріне бірдей ортақ қызықтыратындай, құлшыныспен кірісетіндей іс-шараларды жүргізуді мақсат тұттық.

Осы орайда, балалар шипажайға алғаш келгенде әрқайсысының бойындағы тұйықтықты, ұялшақтықты, тартыншақтықты, кейбіреулеріндегі мазасыздық пен агрессивтілікті төмендету үшін әуелінде мынадай ойын тренингтерді ұйымдастыруды жөн көрдік: Мәселен, “Айдаһардың құйрығы” атты тренинг жаттығуында балалардың өз-өзіне деген сенімділікті оятуға, сарыуайымды жеңуге, ішкі үйлесімге жетуге талпындырады.

Ал балаларды мазасыздықты, қорқынышты жеңуге және ортаға бейімделуге икемдеу мақсатында “Көбелекті ұстау” тренингі жүргізілді. Бұл ойындар демалыс маусымы ішінде бірнеше рет қайталанып жүргізілді. Балалар бір-біріне жақын таныс болып, өзара бір-бірін жақсы біле бастаған сәттерінде “Күн жүйесі” ойынын ойнау ұсынылды.

Топтағы жарасымды психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында жүргізілген ойындар мен тренинг-жаттығулармен қоса, балалардың құлшынысын тудырып, қабілеттерін танытатын, белгілі бір ортақ істі түсіністікпен ұйымдастыра алуларына жағдай туғызу мақсатында “Қыз сыны” байқауы, “Алтын сақа”, “Ою-өрнек ой айтады”, “Тіл – халық қазынасы” атты интеллектуалды ойындар, “Дуалы ауыздан - аталы сөз” эстафеталық сұхбат кеш, ұлттар достастығына арналған “Тіл – татулық белгісі” атты байқау ұйымдастырылды. Бұл шаралардың кейбіреулері қосымшаларда берілген (Қосымша Б, В, Г, Ғ).

Осы іс-шараларды өткізгеннен кейін “Шипажай саған несімен ұнады?” деген тақырыпта өз ойларын жазбаша түрде беру ұсынылды. ( Қосымша Е )

Зерттеу жұмысымыздың жорамалының дәлдігін нақтылау мақсатында, балалардың шипажайға келген кездерінің алғашқы аптасында жүргізілген әдістемелердің бірқатарын маусымның соңына таман қайтара өткізу ұйғарылды.

Мәселен, социометриялық сұрақнаманы, “Адам бейнесі” атты әдістемесі, “Индивидтің топты қабылдауы” әдістемесін жүргіздік.

Әдістемелердің алғашқы жүргізілгендегі нәтижемен, соңғы жүргізілген нәтижені салыстырғанда төмендегідей жетістіктерді байқауға болады:

1 шеңбер – 13(9), 1(7), 3(7), 10(6);

2 шеңбер – 4(3), 6 (3), 16 (3), 19(3), 20(3), 7(2), 8(2), 12(2), 15(2),

18(2);


  1. шеңбер – 2(1), 9(1), 11(1), 14(1), 17(1);

Таңдауға түспегендер – 5(0);


7 – кесте Социометрия кестесі 2

8 – кесте Социограмма – нысана 2

Қайтадан жүргізілген социометриялық сұрақнама бойынша топтың ауызбірлік индексі 8,8 %-ке (бұрынғысы 20%), “референтті топ индексі”9,7%-ке (бұрынғысы23,5%), артты.

8 кесте Индивидтің топты қабылдауы




Балалардың аты-жөні



Дербес

Прагматикалық

(пайдакүнем)



Ұжымдық

Типі




дейін

кейін

дейін

кейін

дейін

кейін

дейін

кейін

1.

Байназарова Алина

9

5

1

2

4

7

Д

Ұ

2.

Бакирова Жансая

5

4

2

2

7

8

Ұ

Ұ




3.

Шарипов Шалхар

7

6

4

4

3

4

Д

Д




4.

Жетпісбаев Рауан

11

4

1

5

2

5

Д

П+Ұ




5.

Қайдарова Айнур

3

3

3

4

8

5

Ұ

Ұ




6.

Есімжанова Жадыра

5

4

5

5

4

7

Д+П

П+Ұ




7.

Баймурзаев Аслан

8

6

4

2

2

5

Д

Д




8.

Баймурзаева Әйрегім

6

3

3

3

5

8

Д

Ұ




9.

Зайсанбек Жамбыл

5

4

2

3

7

7

Ұ

Ұ




10.

Шаменова Айжан

2

2

8

6

4

6

П

Ұ




11.

Ермекбай Мөлдір

6

5

6

6

2

3

Д+П

П




12.

Талғатова Әйгерім

4

3

2

3

7

8

Ұ

Ұ




13.

Дүйсенбаев Махамбет

10

7

2

0

2

7

Д

Д+Ұ




14.

Тоқтамысова Айнур

7

6

3

4

4

4

Д

Д




15.

Қожахметов Арман

2

3

5

4

7

7

Ұ

Д




16.

Жорабекова Сара

5

5

2

1

7

8

Ұ

Ұ




17.

Ықыласов Жоламан

0

0

4

4

10

10

Ұ

Ұ




18.

Барлыбаева Раушан

1

2

8

5

5

7

П

Ұ




19.

Шатпықова Зере

2

2

7

5

5

7

П

Ұ




20.

Керімқұлов Дидар

2

3

5

6

7

5

Ұ

П




Индивидтің топты қабылдауының ұжымдық типі 11 адамда байқалады (55%). Дербес тип 4 адамда (20%), прагматикалық (пайдакүнем) тип 2(10%) адамда байқалады. Аралас типтер: Прагматикалық (пайдакүнем) ұжымдық тип-2 (10%) адамда, дербес-ұжымдық 1(5%) адамда байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет