Психология кафедрасы



бет5/5
Дата13.06.2016
өлшемі1.67 Mb.
#131808
1   2   3   4   5

Қосымша Ә

Анкета

“Индивидтің топты қабылдауы”




  1. Топтағы ең жақсы серігім:

А – менен көп білетін


Ә - барлық мәселелерді бірігіп шешетін

Б – мұғалімнің көңілін бөлмейтін




  1. Ең жақсы ұстаздар:

А – әр балаға жеке басының ерекшеліктеріне қарай қатынас

жасайтындар


Ә - басқалардың тарапынан жәрдем алуға жағдай жасайтындар

Б - ұжымда өз ойын іркілмей ашық айтатын ахуалды


қолдайтындар


  1. Мен риза болар едім, егер достарым:

А – менен көп біліп, маған көмектесе алса


Ә - ешкімге кедергі келтірмей, өздігінен жетістікке жете алса

Б – жағдайға байланысты басқаларға көмек көрсете алса





  1. Менің көңілімді толтыратын топтағы қасиет:

А - ешкім көмекті қажетсінбесе

Ә - тапсырмаларды орындауға кедергі келтірмесе

Б – басқалардың даярлығы маған қарағанда нашар болса

5. Мен көп нәрселерге қол жеткізер алар едім, егер:

А – Басқалар жәрдемдесіп, қолдау көрсетсе

Ә - менің талабым тиісті бағасын алса

Б – барлығына пайдалы құлшынысты тудырар мүмкіншілігім болса
6. Маған ұнайтын ұжымның өздіндік ерекшелігі:

А - ұжымның әр мүшесі басқаларының да жоғары нәтижеге қол

жеткізуге ынталы болса

Ә - басқаларға кедергі келтірмей, әркім өзіне тиісті іспен

шұғылданса

Б - әркім өзінің міндетін шешуде бақаларды пайдалана алса




  1. Оқушылардың көзімен бағалағандағы ең нашар ұстаздар:

А – оқушылар арасында бақталастық ахуалын тудыратындар

Ә - оқушыларға тиісті көңіл бөлмейтіндер

Б – топтың өзіне көмектесуіне жағдай жасай алмайтындар


  1. Өмірде ризашылдық сезімін тудыратын әрекет:

А – ешкім кедергі келтірмейтін жұмысты орындау мүмкіншілігі

Ә - басқа адамдардың тарапынан жаңа ақпаратты алу

мүмкіншілігі

Б – басқа адамдарға пайдалы іспен шұғылдану мүмкіншілігі




  1. Адамның өмірінде ұстанған негізгі бағыт-бағдары.

А – басқалардың алдында борыш сезімі бар адамдарды тәрбиелеу

Ә - өз бетінше дербес өмір сүруге беімделген адамдарды

тәрбиелеу

Б – басқа адамдармен қарым-қатынасынан жәрдем ала алатын

адамдарды қалыптастыру.


  1. Егер де топтың алдында қандай да бір қиыншылық пайда болса:

А – оны басқалардың шешкенін қалар едім

Ә - басқаларға қарайламай ақ дербес шешуді ұстанған болар едім

Б – топты, мәселені ортақ шешуде, өз үлесімді қосуға тырысар

едім.



  1. Мен әлдеқайда жақсы оқыған болар едім, егер мұғалім:

А – маған жеке дара қарым-қатынас жасаса

Ә - басқалардың тарапынан маған көмегі тиердей жағдай жасаса

Б – Ортақ табысқа жетуде балалардың құлшынысын мадақтаса


  1. Мен үшін ең сәтсіз жайт:

А - өз бетінше табысқа жете алмауым

Ә - топта өзімнің керексіз екендігімді сезіну

Б – Егер айналадағылардың ешқайсысы жәрдемдеспесе.


  1. Мен үшін ең құнды:

А – достарымның айтарлықтай үлесі бар, жеке басымның табысы

Ә - менің өз үлесім бар ортақ жетістік

Б - өз күшімен қол жеткізген жетісген табысым


  1. Менің қалауым:

А - Ынтымақты атқарылған істің негізгі әдіс-тәсілдері

пайдаланылатын ұжымда еңбек ету

Ә - мұғаліммен жеке жұмыс істеу

Б - осы саладағы жетекші мамандармен қызметтес болу.


Қосымша Б

Алтын сақа” сайыс сабағы.



Сабақтың мақсаты:

а) тәрбиелік мәні: Балаларға қазақтың ұлттық ойындарының бірі-асық ату ойыны арқылы ептілікке, мергендікке шыдамдылыққа тәрбиелеу; Ұмыт болып бара жатқан ұлттық ойынды насихаттау.
Б) дамытушылық: Ойын-сайыс түріндегі сабақ арқылы қарапайым болсада, логикалық ойлауды қажет ететін түрлі мазмұнды есеп, жұмбақтарды шешуде оқушылардың танымдық қасиеттерін дамыту, тапқырлыққа баулу.
С) білімдік: Мектеп бағдарламасындағы тақырыптарға байланыстыра отырып қызықты да қалжың есептердің шешімін дәл таба білу.

Сабақтың көркемділігі:

  1. “Атын сақа ” ойын алаңы,

  2. Есептер мен жұмбақтар жазылған карточка, материалдар, асықтар.

  3. “Қой асығы демей-ақ, қолың толса сақа тұт, жасы кіші демей-ақ, ақыл асса аға тұт” (қабырға газеті).

Қанатты сөздер: “Өнерлі бала сүйкімді”, “Әр нәрсеге асық болғанша, бір нәрсеге машық бол”, “Ата мұраң - асыл қазынаң”, “ Кісі болар бала –кісесінен белгілі”.

  1. Шақыру билеті

  2. Мақтау қағазы

  3. Таратпа материалдар (конверт) жасау.




  1. “Алтын сақа” эмблемасы, суретші: Амреева А.Е. “Алтын сақа” ойынын бастауға рұқсат етіңіздер !

Сабақтың барысы:


  1. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  2. Ойынға қатысытын оқушыларды ортаға шақырып, таныстыру.

  3. Ойын шартын түсіндіру.

  4. ұпай санын есептейтін сарапшылар алқасымен таныстыру.



І-бөлім


Құрметті “Алтын сақа ” ойын-сайысына қатысушылар мен көрермендер !

Өздеріңіз тамашағалы отырған “Алтын сақа” ойынның басты шарты- мергендік, ептілік, дәлдік болып табылады.

Асық ату ойыны – көшпенділікпен өмір кешкен ата-бабаларымыздың өмір салтымен тығыз байланысты. Түрлі ұлттық ойындар, әндер мен салт-дәстүрлер тәрбиелеудің сипаты халықтық шаруашылық тәртібін анықтап қана қоймай, балалық шақтан еңбекке қатысудың практикалық, іскерліктері мен дағдыларына үйретті. Қазақ халқы-дене тәрбиесіне ертеден көп көңіл бөлген. Дәстүрлі ат және жаяу жүргізілетін ұлттық ойындар күшті, шыдамдылықты, ептілікті, қозғалыстың дәлдігін дамытты, дене-бітімінің жетіліп, ерік жігерді қалыптастырады, ойын барысында адалдыққа, өзара көмекке тәрбиелейді.

ІІ-бөлім


Алдарыңда “Алтын сақа” ойын алаңы 3 бөлікке бөлінеді:

  1. – бөлік Көмбе алаңы.

  2. – бөлік Олжа алаңы.

  3. – бөлік 2 алаңы.

  4. – бөлік тақыр алаңы.

Ойынға 8 оқушы қатысады. Ойын басталмас бұрын әр бала асық иіріп ұпай жинау үшін асықтардың түрлерін анықтап алады. Көмбеде тігілген 7 асықта әр ойыншы құлататын болса 3 рет алуға құқысы бар.

Ойында “Сиқырлы қоржынның” ішінде жатқан 8 асықтың бірі “алтын сақаны” алған бала бастайды. Әріқарай ойыншы көмбедегі асықты құлатса, 3 рет асықты атуға құқысы бар. Асық түріне қойылған ұпай бойынша 3 рет атқан кездегі ұпай саны жиналады.

Ойын 3 рет айналады. Арасында білімдерін анықтау үшін сұрақтар қойылады. Дұрыс шешілген сұраққа 5 ұпай беріледі.

Сабақ соңында әр ойыншының жинаған ұпайы бойынша орындар тағайындалады:

І-орын: “Мерген”

ІІ-орын: “Алғыр”

ІІІ-орын: “Епті”

Сабаққа ата-аналар, дәргерлер қатысып отырады. Сабақ қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.


III- Бөлімде


Көрермендермен ойын: қызықты сұрақтар, ребус, сөз жұмбақтар.

IV-Бөлімде

1. Жинаған ұпайлары бойынша ойыншылардың атағы мен орнын белгілеп, жариялау:

1-орын 17 ұпай, Қизатаев Айбек 3 сынып “Мерген”.

2-орын 16 ұпай, Мәтенов Фархат 5 сынып “Алғыр”.

3-орын 15 ұпай, Қожанұлов Асқар 4сынып “Епті”.
2. Ойынға қатысқан оқушыларды құттықтау қағазымен марапаттау.
3. Ойыншыларға музыкалық сәлем жолдау.

Өзбек биі: орындайтын Мәтенова Шахноза

Қосымша В
Қыз сыны байқауы

Қыздар сұлу көрінер - қылығымен”

“Алатау ” балалар шипажайында өткізілетін “Қыз сыны ” сайысының

Жоспары.

“Қыз сыны” сайысының мақсаты. Қыз балаларды әдептілікке, еңбек сүйгіштікке, әдемілікке, кішіпейілділікке баулу.

“Қыз сыны” сайысының барысы:


  1. Жүргізуші: “Аруларға арнау”

Бірінен-бірі асқан

“Алатаудың” арулары

Айналаға нұрын шашып


Күн көзіне шағылады.

Бақыт осы ойнап күлген

Сұлулардың арасында

Қызғалдақтай жайнап жүрген


Арулардың бәрі осында.

“Гүл өссе жердің көркі

Қыз өссе елдің көркі” дегендей, Көктемнің алғашқы шуағымен “Қыз сыны” сайысын бастауға рұхсат етіңіздер !


Сайыс 6 бөлімнен тұрады.

І-Сайыс “Таныстыру”


Сайысқа қатысушы аруларды өлеңмен таныстырып ортаға шақыру.

1. Ақылына көркі сай сұлу Дана

Талпынар өнерімен асуларға

Өлең оқып ортасын таңдандырып,

Құрметке бөленіп жүр ару Дана.


  1. Ән салып баурайында “Алатаудың”

Сұлу, сұлу өнерпаз Лауражанның

Ортамызда үлгілі өнерімен

Қыз ару бізді бүгін қуантады.



  1. Жарқырап ортамызда бірге жүрген

Шуақ шашып нұрлымен сезім берген

Таң Шолпандай жарқырап

Шолпан шықты алдымызға күлімдеген.


  1. Бақыт осы ойнап күлген

Балдырғандар арасында

Қызғалтақтай мың құбылған

Карина тұр алдымызда.


  1. Алатаудың ақ қарындай

Әппақ сұлу аруым

Би дегенде жанын берген

Алла шықты нұр алып.
2-Сайыста қыздар “Сән үлгісін” көрсетеді.

Жүргізушу: Көйлек киіп әдемі

Тамсамдырам елімді


Түрлі-түсті сән көйлек

Көз тартады некерек!




3-Сайыс: “Ән - өмірдің ажары”

Жүгізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәті күй

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

деп, Абай атамыз айтқандай қыздар өз өнерлерін ортаға салады.

4-Сайыс: Арулар алдарына әр түрлі гүлдер беріледі, сол гүлдерден қыздар өз қиялынан не тақия, не гүл шоғын өз фантазиясында көрсету керек.



Жүргізуші: Қандай әсем көп гүлдер

Қызыл, жасыл, көпсіңдер

Келші жинап алайын

Тақияма салайын.

5-Сайыс: Ал арулар, сайысқа қалайсыңдар

Сендер өтер әлі де талай сын бар

Асығыңды ал қоржыннан қымсынбай кеп,

Жауап қатсаң сұраққа, жарайсыңдар.

“Алтын қоржыннан” сұрақ алып жауап береді.

6-Сайыс: “Ас адамның арқауы” атты тақырыпта, қыздардың сүйіп жейтін тағамының жасалу жолын айтып бер.




  1. Көрсетті өнер әр салада сайысып

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Қыздарымыз келешек аспазшы ғой

Сүйеді екен қай асты білейікші.


  1. Осы салтанатқа кештің қонағы - Арай Өмірзақова аруларға арнап бір өлең айтып береді.

Жүргізуші:

  1. Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші,

Аруы деп Алатаудың жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті.

Ал аруларға сәттілікті тілейікші.


  1. Сарапшылар сайыс қортындысын шығарып, жүлделі орындар берілді.

  2. Құтықтаулар мен музыкалық сәлем мен кеш көңілді аяқталды.

Қосымша Г


“Ырыс алды- ынтымақ” (ертегілер елінде)
Құрметті ата-аналар, шипажай қызметкерлері, балалар!
“ Ертегі туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді, өйткені бұл халық шығармасы” – деген болатын тамаша педагог В.А. Сухомлинский. Ертегілерде жанның батылдық, адалдық, отанға берілгендік сияқты қасиеттері үнемі қатысып отырады және өз бойында осы қасиеттерді сіңірген кейіпкерлер балалар үшін олардың еліктейтін үлгілері болып табылады. Сонымен қатар ертегі баланың қиялын дамытып, өзіндік пікірін туғызады. Адам бойындағы қасиеттердің ара-жігін ажыратып, жағымды жақтарын өзіне рухани азық етуге тырысады.

Өкінішке орай, қазіргі кезде үлкендердің балалармен осындай жанды қарым-қатынас жасауы айтарлықтай дәрежеде қысқарды. Оның орнын жастардың санасына әсер ететін адамгершілік құндылықтары мардымсыз толып жатқан хабарлары бар теледидар басты.

Балаларға арналған телехабарлар балаға дүние туралы бөлімнің бәрін береді дейтін пікір де жоқ емес. Қалай болғанда да, бұл хабарлар жанды түрдегі танымды алмастыра алмайды. Әрбір ата-ана (тәрбиеші) жақсы көретін үлкен адамның қасында болу арқылы баланың табиғатпен жанды қарым-қатынас жасағанына ештеңенің де тең келмейтінін түсіну керек! Анасы баласының қолынан ұстап тұрып, оған құсты көрсетумен былай дейді: “Бұл-құс. Оның оның екі қанаты бар. Ол биікке қалықтап ұшады, шырылдап ән салады”. Оның өзі ғана бойына құнды мәлімет беретін шағын әңгіме болып табылады. Ал бүлдіршіннің көзіндегі таңтанушылық қандай десеңші! Ол баланың танымдық қабілетінің дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Балада танып білуге деген құштарлық оянады.

Балалардың рухани-жан дүниесін оятып, дүниетанымын қалыптастыратын әңгімелер.

Осы ертегілерді естіп көріп және оны сахнада ойнау өте үлкен тәрбиелік мәні жоғары. Балалардың мінез-құлқын қалыптастырып, олардың білімін дамытуда сахналық шығармалардың эмоциялық әсері мол болады.

Күнделікті өмір жағдайындағы қиыншылықтардың күтпеген жағдайлардан өз еркімен шығуына сахына өмірі үлкен әсер береді. Әр түрлі жағдайда басқалармен өзара әрекет жасай білуге, өзінің әрекеттерін басқалармен өзара ақылдаса шешуге үйретеді.

Сонымен көремендер ертегіні естіп санаға құйу да және оны сахнада ойнауда өте маңызды екен. Олай болса қазір балалар ойнайтын ертегіге куә болыңыздар. Мұнда балалардың қиял ғажайып ойыннан құрастырылған “Ырыс алды-ынтымақ ” қойылымы.
“Ырыс - алды ынтымақ”

Бұрынғы өткен заманда. Асқар тау бұйрат белінде, көгалды көркем жерінде, орман аңдары өте тату-тәтті өмір сүріпті. Аңдардың төресі айбарлы Арыстан болыпты. Орман төресі Арыстан аңдардан әр кезде де татулық, бірлік, ынтымақтастықты талап етіпті.

Күндердің күнінде Арыстан аңдарды жиналысқа шақырыпты.

Түлкі:(Ортаға жүгіріп шығып) Жиналысқа келіңдер. Орман төрағалары арыстан жиналысқа шақырады.

(жан-жақтан келеді).

(Орман аңдарының бәрі жиналады.)


Түлкі: Әй тасбақа тарбандамай болсаншы.

Тасбақа: “Асықпаған арбамен қоянға жетер” деп келе жатырмыз.

Арыстан: Иә, достар, Армысыңдар! Менің сендерді жинаған себебім. Қылышын сүйретіп қыс келеді. Қазір жасыл шөп жайқалып тұрғанда азық-түлік қысқа жинауымыз керек.

“Қыс азығын-жаз жина” дегендей кәзірден қамдансаң деген ой болып тұр.

(Аңдардың бәрі келісіп, мақұлдайды).

Тасбақа: “Қар-қара жердің көрпесі” дегендей, қар түскен соң азық жинау қиын болады. Мұнауың дұрыс ақыл Арыстан жолдас.

Қасқыр: “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” демекші, азық жинайық.
Арыстан: ал онда іске сәт, достар!
Аңдар өз азықтарын жинауға жан-жаққа кетеді. Бір күні тасбақа мен кірпі келе жатса, бір жылыған дауыс шығады. Жақын келіп қараса, қамыстың арасында қоян жылап отыр екен.

Тасбақа: Иә достым қоян, саған не болды?

Кірпі: Қоянжан сен неге жылап отырсың,

Қоян (солқ-солқ жылып) Иә достарым-ай, бұл, дүниеде менен өткен сорлы жан барма?

Менен ит те, құс та күшті, ал мен қорқақпын. “Қорқақтықта табан жоқ” деген рас екен. Менің қыстық азығымды көкжал қасқыр тартып алды. Енді мен не істеймін, - деп, солқылдап жылайды.

Тасбақа: Өте қиын болған екен қоян достым.

Кірпі: “Жақсы дос үшін жан пида” қазір көкжал қасқыр келсін, мен оған инемді қайрап сұғып-сұғып алам.

Тасбақа: Иә біз бәріміз доспыз, бірақ қасқыр бізден күшті ғой. “Ақыл дос, ашу - дұшпан” дегендей сен кірпі, ашуға берілме. Төбелестен ештеңе шықпайды. Одан да басқа амал ойлайық.


(Бәрі үнсіз ойланады)

Кірпі: О, алақай! мен таптым, таптым.

Тасбақа: Е, тағы не таптың достым.

Кірпі: Біз бәріміз бірігіп арыстан жолдасқа арыз жазамыз, Арыстан біздің адал ғой. “Адалдық-өмірден қымбат” достар.

Тасбақа: Е, мынауың дұрыс ақыл екен “Жолдасы көптің – қолдасы көп” демекші, бір шешім айтса, сол Арыстан жолдас айтар. Кеттік достар!

Кірпі: ал онда арыз жазуға кірісейік. (Қол ұстасып кетеді. Тағы ортаға Түлкі шығады).

Түлкі: Орман төресі айбарлы, Арыстан жиналысқа шақырады.

Жиналысқа келіңдер, жиналысқа келіңдер.

( аңдар жинала бастайды).

Арыстан: Қасқыр қайда, шықсын ортаға. (Қасқыр ортаға шығады).

Арыстан: Иә, қасеке, сіздің үстіңізден арыз түсті. Ол арызда сен қоян ханымды жәбірлеп азығын алыпсыз, бұныңыз дұрыс емес. Біз сізді жазалауымыз керек. Жазаңды мына достар айтар.

(Аңдардың бәрі жан-жақтан шулап, әр түрлі жазалар айтады)

Кірпі: Жардан итеру керек.

Тасбақа: Суға батыру керек.

Қасқыр: Кешір мені қоян, кешіріңдер достар, менен бір қателік кетті.

Түлкі: “Ойламай іс қылсаң, қор боласың”. Ойлану керек еді қасқыр.

(жыламсырап, жалынып)

Қасқыр: “алдына келсе атаңның құнын кеш” дегендей, кешір қоян, кешіріңдер.

Қоян: Қасеке, сенің айтқан сөздерің жүрегімді ауыртты, мен сені кешірдім.

Арыстан: Ал достар, қоян ханшайым кешірсе, бізде кешіреміз бе ?

(Аңдардың бәрі қормен “кештік” деп айғайлады).

Аңдардың бәрі қасқырға жақындап ақыл айтады.

Кірпі: “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарың тіленбей”

еңбек ету керек қасқыр.

Тасбақа: “еңбексіз өмір- сөңген көмір”.

Түлкі: “Татулық табылмас байлық”, тату болайық достар.

Қасқыр: кешіріңдер мені, достар, мен енді бәрін түсіндім. “Сөз сүйектен өтеді” демекші, айтқан сөздерің сүйегімнен өтті.

Арыстан: (орнынан көтеріліп ортаға тұрады).

“Ырыс алды-ынтымақ ” ырысымыз мол болсын десеңдер достар, ынтымақ, бірлік, адалдық, шынайы достық болсын жолдастар.
Ертегіге қатысқандар:


  1. Арыстан-Еркебұлан

  2. Кірпі- Айдос

  3. Тасбақа-Ернар

  4. Қоян-Арай

  5. Түлкі-Айнұр.

Қосымша Ғ
“Мың бір мақал” интеллектуалды – сайыс ойыны
Сайыс жоспары

(2 сынып оқушылары қатысады)


Сайыстың мақсаты:

  1. оқушыларға қазақ халқының бай, шұрайлы тіл қатынасын әсерін меңгеру.

  2. сауатты, ізденімпаз, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

  3. ой-өрісін дамыту.

Сайыстың көркемділігі: плакаттар, мақал-мәтелдер
Сайыстың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, өз бетімен жұмыс істеу, шығармашылыққа баулу, т.б.

Өтетін орны:

Барысы: І кіріспе бөлім. Сайыскерлермен танысу

ІІ Өре сайысы

Іріктеу бөлімі 3 турдан тұрады.

Әр турға 3 оқушы қатысады. Оларға тұрақты сөз тіркесі айтылады. Сол тіркестің мағынасын қағазға жазады. (10 секунд) Әр турда 3 сөз тіркесі беріледі. Содан соң ойыншылардың жауаптарын сарапшылар қарайды. Жүргізуші дұрыс жауаптарды оқиды.

І тур тапсырмасы (бірінші үштік).


  1. қол байлау болу-бөгет болу

  2. көзі тас төбесіне шығу – қатты қорқу

  3. аузына қақпақ болу- сөйлетпеу

ІІ үштікке

  1. көзді ашып, жұмғанша- жылдам, тез

  2. төбесі көкке екі елі ғана жетпеу- шаттану, қуану

  3. иек астында (-ға жер) -жақын жерде

ІІІ үштікке

  1. тасы өрге домалау-жолы болу, ісі алға басу

  2. жүрек жалғау- тамақтану

  3. екі езуі құлағына жету-қуану, мәз болу.

Әр үштіктен бір оқушы келесі бөлімге өтеді. Кімнің үш жауабы дұрыс, сол өтеді. (тең болған жағдайда, қосымша тағы сөз тіркесі беріледі)

2 “Мақал- сөздің мәйегі” бөлімі.

1-тапсырма. (үшеуіне де ортақ) (сөз өнері туралы үш мақалдың бірінші бөлімі айтылады. 2 бөлім өзі орнында жазады, жауаптарын өткізеді. Ойланып, жазуға 15 сек)



  1. Қылыш жарасы бітер... (тіл жарасы бітпес)

  2. Тіл тас жарады ... (тас жармаса бас жарады)

  3. Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде ... таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.

2-тапсырма. Жағдаят айтылады, сол жағдаяттың негізінде жатқан түйін мақалды дәл тауып жазу.

Жағдаят:

Болат пен Қанат деген адамдар көрші тұрушы еді. Болат отбасымен ала жаздай тыным таппай, жеміс-жидегін өсіріп, оны қысқа дайындап, артығын сатып, балаларын да еңбектендіріп, алдындағы біраз малына шөп шауып, қыстық азық дайындады, жылы орын қамдады.

Ал, Қанаттың жанұясы жазды ешқандай қамсыз, қолындағы азығына малды сатып алып, жеп құрдан құр өткізді.

Қыс келді. Болаттың отбасы ала жаздай еткен еңбегінің нәтижесін көріп, жемісін жеп, алаңсыз, мұртын балта шаппады. Қанаттың жанұясынада болса, тамақ тауып жеу қиынға түсті, тіпті, қолдағы қалған бір-екі түяғын да сақтай алмай тауысты. Ақыр соңында, Болат көршісіне барып қарыз сұрап, бармағын тістеп қойды.



  1. Еңбек етсең, ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

  1. Кім еңбек етсе, сол тоқ.

  2. Еңбек етпеген-ішіп жемейді.

(Осы турдан соң үшеудің ең ұпайы азы шығып қалады.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет