Вебер Эрнст Генрих (1795-1878) неміс физиологы, анотомия, физиологя ғылымдарының профессоры. 1869 ж. Петербург ғылым Академиясында шетелдік кореспондент мүшесі. Вебер арнайы құрал циркульді ойлап тапты. Оның көмегімен жауапты реакциялармен сыртқы тітіргендіргіштер арасындағы байланысты, терінің әр турлі бөліктеріндегі терінің сезімдік денгейін бағалауға болады. Вебер циркульі тері сезімталдығының кеңістіктік табалдырықтарын зерттеуге мүмкіндік берді. Вебер бірінші болып тәжрибие жүзінде температуралық адаптацияның эффектісін зерттеді. Өзінің тәжрибиелік зерттеулеріне сүйене отырып Эрнст Вебер түйсікті келесідей 3 бөлуді ұсынды:
қысым көрсету түйсіктері
температуралық
локализация түйсіктері
Дарвин Чарьз Роберт (1802-1882) ағылшындық табиғи-зерттеуші. Эволюциялық теорияның негізін салушы. 1831 ж. Кембридж университетінде өнер бакалавры денгейін бітірді. «Бигл» кемесінде дүниежүзілік саяхатында Дарвинмен көптеген бақылаулар жүргізілді. Кейіннен 1839 жылы сол бақылаулар «Дневник изисканий» атты кітапта жарық көрді. 1859 ж. Дарвин өзінің фундаменталды еңбегі «Происхождение видов путем естественного отбора» жарық көрді. Мұнда эволюцияның негізгі процестері таңдау жасау, мұрагерлік, өзгерушілік негізгі факторлар болды.
Дарвин теориясы ғылыми қоғамда өтн ұзақ талдауды тудырды. Себебі әлемде жаратудағы дәстүрлі діни концепцияға кері болды. Соған қарамастан адамдар санасында төңкеріс жасаған бұл теорияның тарауына реакциялық ғылым өкілдері кедергі бола алмады.
Гельмгольц Герман (1821-189) неміс физиологы дәрігер, жаратылысты зертуші. Берлинде әскери институтты тәмамдады. Кенисберг, Бонна, Гейдельбург университетінің физиология профессоры. 1888 жылдан Берлиндегі физика-техникалық институтының директоры.
1850 ж. Гельмгольц жүйке талшықтарындағы физиологиялық процесінің жүру жылдамдығын өлшейтін құрал – кинографаны ойлап тапты. Ол эксперименттық зерттеудің нәтижесін математикалық тұрғыдан қарастыруды негізді. Кедергілер негізінде көзбен қабылдауды зерттей отыра ол көзбен қабылдау адамның өмірлік тәжрибиесі емес, заттық болып келедң деген қорытындыға келді.
Бұл зерттеулерді 1867 ж. жарық көрген «Физиологическая оптика» монографиясында көрсетті. Жүргізген эксперименттерінің негізі мынада: зерттелінушілерге оптикалық линза ретінде қабылдауда кедергіле жасалды. Нәтижесінде зерттелінушіге қол және көз қозғалыстары арқылы заттың формасы мен өлшемін бақылауға мүмкіндік беру, сол объектіні «дұрыс» қабылдануына жағдай жасайды. Осының негізінде көзбен қабылдау туа берілген идеяларды жүзеге асыру көрсеткіші болмайтыны анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |