«Психология тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының тезистері


П.Д. Юркевич. Жан мен ішкі тәжірибе жайлы



бет31/31
Дата02.10.2022
өлшемі271.5 Kb.
#461807
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
5 тезис тарих

П.Д. Юркевич. Жан мен ішкі тәжірибе жайлы.
Н.Г. Чернышевскийдің бірінші опоненті болып философ-идеолист П.Д. Юркевич болды. Ағзалар бірлігі ойына қарсы басты аргументі "екі тәжерибе"атты еңбек болды.
П.Д. Юркевич тәжірибелік психологияны алға тартты, онда психологиялық құбылыстар барлық түсініктерден айырылған, физикалық денеге тән, субъект ретінде қаралатын әлемге тиесілі деп есептеген.
"Тәжірибе" сөзі психология ішкі тәжірибені қолдана отырып білімнің эмпирикалық ортасы және осы арқылы басқа қатал тәжірибелік, басқа литофизикалық ғылымдардың мақтауларына ие болады.
Н.Г. Чернышевскийдің "Антропология ұстанымы" осы эмпиризмді қолдамады, субъективті тәсілді объективті тәсілге алмастыру үшін философиялық тамырын ойлап тапты.
Бұл ұстаным адам табиғатының бірлігін барлық жағынан психикалық жағынан да негіз етіп, Декарттың рефлекстер концепциясын қолдамады, мұнда ерік пен сана арқылы басқарылатын автоматтық денелік қозғалыс пен іс-әрекет деп екіге бөлінді.
Н.Г. Чернышевскийдің қарсыластары мінез-құлықтың қосқабат моделінде бір ғана балама бар деп есептеді, бұл мінез-құлық рефлектор ретінде болды. Осының арқасында адам жүйке-мишықтың препарат бейнесіне ие болады. Сондықтан П.Д. Юркевич "Декарт көрсеткен жолда қалуды " талап еткен.
Н.Г. Чернышевский мен П.Д. Юркевич арасындағы сөзталастарға қарасақ, біз орыс психологиялық ойларының алдыңғы дамуындағы бастауына келеміз.
"Антопологиялық ұстанымдар" ойы мінез-құлық туралы жаңа ғылымға әкелді. Ол объективті тәсілмен құралды.
Ол рефлекс туралы физиология ашқан детерменистік түсінікті жаңа негізде психологиялық процесстерді түсіндіруді өзгерту үшін қолданды.

10-тақырып. Қазақстандық психологиялық ғылым.
Қоғамның бүгiнгi дамуы елiмiздiң тарихи қалыптасуы мен дамуындағы ұлттық құндылықтарымызды зерделеп, озық тұстарын тәжiрибеде пайдалануды қажет етедi. Себебi, ата-бабаларымыздың психологиялық көзқарастары бойынша айтқан өсиеттерi мен нақыл сөздерiнiң педагогикалық мәнi бүгiн де өз құндылығын жойған жоқ. Керiсiнше, нағыз сұранысын тауып отыр. Қазақ психологиялық ой-пiкiрлердiң дамуы көне замандардан бастау алып, қалыптасқан. Олар туралы пiкiрлер түркi халықтарының ортақ ғұдамалары әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.Яссауи, М.Иугнеки және т.б. еңбектерiнде басталып, қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаев еңбектерiнде жалғасын тапқан. XX ғасырдың бiрiншi ширегiндегi психологиялық ой- пiкiрлердiң дамуы Ш.Құдайбердiұлы, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов, М.Ж.Копеев және т.б. еңбектерiмен айрықша ерекшеленсе, ХХ ғасырдың екiншi жартысы Қазақстанда психология ғылымының дамуына үлес қосқан академик Т.Т.Тәжiбаев пен профессор М.М.Мұқанов, доцент Ә.Сыдықов, С.Балаубаев және т.б. қазақ ғалымдарының еңбектерiн қамтиды. Қазақ топырағында ХХ ғасырдың басында тәлiмдiк ой- пiкiрлерi мен ұлттық нақышқа толы психологиялық көзқарастарымен барша жұртты тәнтi еткен қазақ жантану iлiмiнiң көшбасшысы ретiнде танылған Ж.Аймаутовпен қатар оқу - тәрбие iсiне тiкелей қатысты педагогикалық психологияға ерекше ден қойған М.Жұмабаевтың таңдаулы еңбектерi деп атауға болады.
ЖАймаутовтың психология саласындығы еңбектерiнiң басты бiр ерекшелiгi төл тiлiмiздегi тұңғыш психологиялық туындылар болуымен қатар, бұрыңғы Кеңес елiн мекендеген түркi тiлдес халықтар тiлдерiне алғаш жарық көрген бiрден - бiр ғылыми басылымдар екендiгiнде. М. Жұмабаев сынды жыр дүлдiлiнiң тәлiм - тәрбие ғылымының (педагогика, психология және т. б.) теориялық мәселелерiне бой ұруы таңғаларлық жайт. Өйткенi бұл салада ғылыми еңбек жазған әлемдiк ақын - жазушылар некен-саяқ. Осы тұрғыдан алғанда Мағжанның "Педагогика" (1922 - 1923 ж.ж.) атты кiтап жазуы өмiрде өте сирек кездесетiн, тек аса талантты, данышпан адамдарға ғана тән қасиет.
Кеңестiк кезеңде Қазақстанда психология ғылымының дамуына өзiндiк үлес қосып, осы салада артына мол мұра қалдырған академик Т.Тәжiбаевтың ұлт психологиясына орай айтылған жеке пiкiрлерiмен қатар, Абайдың психологиялық көзқарастары туралы еңбегi; Қазақстандағы ғылыми психологияның дамуына ерекше үлес қосқан, өзiнiң 20 жылға созылған этнопсихологиялық еңбектерiнде қазақ халқының сонау ерте замандардың өзiнде - ақ ой - өрiсi өте жоғары болғанын эксперимент арқылы дәлелдеп берген ғалым. М.М. Мұқановтың 1979 жылы жарық көрген "Дәстүрлi мәдениет өкiлдерiндегi когнитивтi эмпатия мен рефлексияның зерттелуi" атты ғылыми мақаласы мен 1980 жылы жарық көрген "Ақыл ой - өрiсi" кiтабынан жекелеген тараулары да осы көзқарастың растығын дәлелдейдi.
ХХ ғасырдың екiншi жартысында, яғни 1930 - 1990 жылдар арасында қазақ елiнде, жоғарыда аты аталған ғалымдардан басқа, ұлттық психология ғылымына азды - көптi үлес қосқан басқа адамдар да аз емес. Олар психология ғылымдарының докторлары - профессорлар Жарықбаев Қ., Жақыпов С., Намазбаева Ж., Шериязданова Х., Хамзин Б., Бердiбаева С., Кәрiмова Р. және т.б. Бұлардың барлығының қазақ психологиясының бүгiнгi дамуында өзiндiк орны ерекше. Ғалым Қ.Жарықбаевтың "Қазақтың психологиялық ой - пiкiрлерi" атты соңғы оныншы том, негiзiнен, елiмiздiң егемендiк алып, тәуелсiздiк алған кезеңiнде дейiнгi қазақ халқының он төрт ғасырлық психологиялық ой - пiкiрлерiн баяндайды. Яғни, бұл сонау VI-VIII ғасырлардан басталып, ХХ ғасырдың соңғы жылдарымен аяқталатын аса дүбiрлi үлкен кезең. Ал үстiмiздегi ХХI ғасырдағы қазақ психологиясының тарихын жазу бiзден кейiнгi ұрпақтың еншiсi болмақ деймiз.
Осындай ауқымды психологтар пiкiрлерiнiң жинақтары болса да олардың көзқарастарын толыққанды зерделеп, тәжiрибеде пайдалану өз деңгейiнде емес. Сондықтан бiз диплом жұмысымыздың тақырыбын "XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрлердiң дамуы" деп алдық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет