Психологиялық- педагогикалық практикум


Іс-әрекет (шығарамашылықтың) өнімінің талдауы



бет5/32
Дата26.09.2023
өлшемі381.59 Kb.
#478617
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
семинарға қосымша материалдар

Іс-әрекет (шығарамашылықтың) өнімінің талдауы – адамды оның іс-әрекетінің материалдық және идеалдық (мәтіндер, музыка, бейнелеу және т.б.) өнімдерін интерпретациялау, талдау, заттансыздыру арқылы эмпирикалық зерттеу әдісі. Бұл әдіс (көбінесе ішікі түйсікпен) педагогикалық тәжірибеде оқушылардың мазмұндамаларын, шығармаларын, түсініктемелерін, жасаған баяндамаларын, суреттерін және т.б. талдау түрінде кеңінен пайдаланылады. Алайда, ғылыми зерттеу барысында іс-әрекет өнімінің талдау әдісі әрбір ерекше өнімнің (мысалы, мәтіннің, суреттің, музыкалық шығарманың) мақсатын, болжамын және талдау тәсілдерін ұйғарады.
Социометриялық әдіс - бұл әлеуметтік өлшемі әдісі деп те атайды. Бұл тарихи жағдайдағы эксперименттың бір түрі. Мұнда адамның жеке бас ерекшеліктері мен колектив мүшелерінің арқасындағы қарым-қатынасты зерттейді. Қолданылатын негізгі тәсіл-өзара таңдаудың әр түрлі формалары қолданылады. Зерттеудің барысында зерттелетін адам өз пікірін жасырмай айтуы керек. (Не коллектив мүшелері мүшелері қалағанын) Ол үшін әдісті табиғи жағдайда жүргізеді. Ол үшін жас ерекшеліктері ескерілуі керек. Әр сұрақ қатан зерттеу жұмысын жүргізгенде социаграммалақ таблица, карта жасалады. Осы картаға түскен таңдау санының қорытындысына қарай топ ішінде кімнің беделі жоғары немесе кімнің төмен себебін анықтап, топтағы баламен әр түрлі жұмыстар жүргізуге болады.
Биографиялық әдіс - биографиялық әдістің мәні жеке адамның психологиялық ерекшелітерін бейнелеп көрсетуге болатын өмірбаянның өзгешеліктерімен талдау жасап жинап қорытынды жасаумен күнделік жазбалары, хаттарының өмірбаянын анықтайтын мәліметтер, оны танитын адамның есінде қалған мәліметтер негізінде жүсеге асады. Биографиялық әдістің ерекшелігі бақылауды сырттай білу үшін іс қағазға, өмірбаянына сын көзбен қарап, тереңірек ұқыппен қарауды талап етеді. Жеке адамның психологиялық ерекшелігін зерттеп білу үшін сол адамның өз өмірбаяны туралы, жазған мәліметтерін пайдалануға болады. Сонымен, қатар бақылау және эксперимент әдісі арқылы алынған мәліметке де сүйенуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет