Психологиялық- педагогикалық практикум


Социометриялық сұраудың негізіне



бет8/32
Дата26.09.2023
өлшемі381.59 Kb.
#478617
түріПрактикум
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
семинарға қосымша материалдар

Социометриялық сұраудың негізіне: Сен кіммен бір партада отырғың келеді? Кіммен бірге демалғың келеді?; Кіммен ірге жұмыс жасағың келеді? деген сұрақтарды алуға болады. Таңдаудың – біріккен іс-әрекет бөліміндегі және көңіл-көтеру бөліміндегі екі бағыты ұсынылады. Таңдау қалаулылығының дәрежесін нақтылауға жәнетаңдауға ұснылған адамдардың санын шектеуге болады. Таңдаулар енгізілген матрицадан өзара ұнату мен ұнатпаулардың күрделі шиелінісін, социометриялық «жұлдыздарды» (көпшлікпен таңдалғандар), шеттетілгендерді (ешкіммен таңдалынбағандар) және сол полюстердің арасындағы аралық үзбелілердің тұтастай иерархиясын көруге болады.
Сұрауда көбінде дихотомиялық өлшем қолданылады. Ол кіші топтағы өзара қатынастарды неғұрлым нақтырақ анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, адамға жауапты істі кіммен бірге орындағысы келетіні ұсынылып қана қоймай, ол істі кіммен қосылып жасағысы келмейтінін де анықтау мүмкіндігі ұсынылады. Кейде респондент фамилияларды тізбектеумен шектелмей оларды нақты ретпен орналастырса рангілеу әдісі қолданылады. Мәселен, «Туған күніңізге кімді (бірінші, екінші және төртінші кезекте) шақырғыңыз келеді?».
Социометриялық сұрақнамада әрбір сұралушыға социометриялық анкета (немесе социометриялық үлестірме) және топ мүшелерінің тізімі беріледі. Жұмыстың қолайлы болуы үшін, кейінгі өңдеудің қарапайымдылығы үшін топ мүшелерінің фамилиялары шифрленеді немесе топ тізіміндегі нөмірмен белгіленеді. Кез келген социологиялық анкета ретінде социометриялық үлестірме сұраудың мақсаты, оның мәні мен сұрауға қатысу ұсынысы жазылады. Ары қарай үлестірмені қалай толтыруға болатыны жайлы, таңдауға шектеудің бар-жоқтығы, бар болса қандай себеппен екендігі жайлы ақпарат баяндалады.
Социометриялық сұрайдың талдамасы ресми және биресми өлшемдер бойынша бөлек жүргізіледі. Сұраудың нәтижелері топтың әрбір мүшесінің жауаптары бар кесте түрінде берілген социоматрицаларға енгізіледі. Социометрия әдісі - 1934 жылы Морено Джекоб деген кісі топтық әлеуметтік құрылымды түсіндіруге социодрамманың бір бөлігі ретінде түсіндіреді.
Социометрия әдісі-топ ішіндегі адамдардан алынған араласуда білінетін артық қылықтар немесе құқықтық, кімнің кіммен жақын араласатынын білуге болады. Социометрия әдісінде-адамның алға қойған максатын жүйеге келтіру үшін әдіс қажет.

  • Топты жалпы социометрия-әдісімен зерттеимыз

  • Микро топты зерттегенде

  • Топта-балалардың мінез-құлқын зерттеуде

  • Топтағы-көшбасшыны анықтауда

  • Топтың,сыныптың деңгейін анықтауға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет