Психологияның пәні, міндеттері және әдістері. Психологияның пәні, объектісі. Субъективтік және объективтің шындықтың өзара қатынасы. Қазіргі психологиялық қалыптасуы. Психология және басқа ғылымдар



бет2/4
Дата30.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#167644
1   2   3   4


1

2

3

Базалық пәндер– 44 кредит

1-ші бiлiм беретiн траектория "Қолданбалы геодезия"

1

KG1 0201

Қолданбалы геодезия 1

Кредит көлемі – 4 (2+1+1), ECTS – 6 кредит.



Пререквизит – 65 кредит.

Постреквизит – жоқ.

Оқытудың мақсаты: инженерлік ізденістердің әдістерін, құрылыстағы инженерлік- геодезиялық тірек торлары, бөлу жұмыстарының әдістері, геодезиялық бөлу жұмыстарының жалпы жағдайын оқытады.

Қысқаша мазмұны:

Пландық және биiктік инженерлiк - геодезиялық торлар. Топографо - геодезиялық iздеулер. Геодезиялық бөлу жұмыстары. Жинақтау жұмыстарының геодезиялық қамтамасыз етілуi. Көлiк құрылысында, өнеркәсiптiк алаңдарда жүргізілетін геодезиялық жұмыстар. Геодезиядағы ғарыштық және компьютер технологиялары. Атқарушы түсiріс. Жолдардың геодезиялық жобалануы. Түсiріс кезіндегі инженерлiк - геодезиялық жұмыстар. Геодезиялық бөлу жұмыстары туралы жалпы ережелер. Бөлу сызбаларының әзiрленуi. Нүктелердiң пландық координаталарын бөлу элементтерi, және болмысқа шығарылуы. Инженерлiк iздестіру әдiстері, бөлу жұмыстарының әдiстерi.



Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Геодезиялық құрылыстарда қолданылатын бағдарламалар мен схемаларды жетік біледі.

Икемділік: Бөлу сызбалары мен жобаларды дайындай алуға қалыптасады.

Дағды: Геодезиялық құрылыстардың схемалары мен бағдарламаларын ғылыми-техникалық негіздеу жұмыстарын жасай алу

Құзіреттілігі: Темір жол және автокөлік жолдарында, және құрылыс алаңындағы инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жобалау және жүргізу

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Тлебалдина А.Х.

2

KG2 0202

Қолданбалы геодезия 2

Кредит көлемі – 4 (2+1+1), ECTS – 6 кредит.



Пререквизит – 65 кредит, КG1 0201.

Постреквизит – жоқ.

Оқытудың мақсаты: құрылыста, көлiк, гидротехникалық, жер астындағы, прецезиондық және тағы басқа объектілердегі геодезиялық жұмыстарды орындау технологиясын қарастырады

Қысқаша мазмұны: инженерлік құрылыстардың негізі туралы түсінік, жобалау, құрылыс салу, эксплуатация кезіндегі инженерлік-геодезиялық ізденістер жөнінде түсінік беру. Пландау және қалаларды, өндіріс орындарын және гидротехникалық құрылыстардағы геодезиялық жұмыстар. Тоннель, метрополитен және прецизионды құрылыстарды салудағы геодезиялық жұмыстар.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Азаматтық кешендер мен өндірістік кәсіпорындар объектілерін болмысқа шығару және жобалау әдістерін білу

Икемділік: Дәл инженерлік-геодезиялық жұмыстар үшін биіктік реперлері мен пландық белгілердің типтерін ажырата алу.

Дағды: Атқарушы бас жобалардың құрастырылу әдістерін меңгеру

Құзіреттілігі: Көлік, гидротехникалық, жер асты, прецезинды және басқа объектілерді салудың негізін меңгеру

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Тлебалдина А.Х.

3

KGLSK 0203

Қолданбалы геодезияда лазерлі сканерлерді қолдану

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит.



Пререквизит – жоқ .

Постреквизит – жоқ.

Оқытудың мақсаты: Лазерлі сканерлерді қолдану ерекшеліктерін оқыту

Қысқаша мазмұны: Жер бетiндегi лазерлі сканерлердiң қызметі. Қашықтық өлшегiш аспаптың қызметі. Лазерлі локация және топографиялық түсiрімнiң әдiстерi. Лазерлі - локация құралдарының қолдануының экономикалық тұрғылары. Лазерлі сканерлердiң құралдары. Лазерлі - локация арқылы бейнелерді алу әдiстерi. Лазерлі сканерлердiң физикалық негiздерi. Лазер локациясының навигациялық қамтамасыз етуi. Лазер - локация мәлiметтерi және олардың ақпараттық мiнездемелерi. Лазер - локация мәлiметтерiнiң түрлерi. Әуеден лазерлі - локация түсiруi. Жер бетiндегi лазерлі сканерлерiмен шолу және классификациясы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Жердегі лазерлі сканерлердің бұрыштық шамаларды өлшеу тәсілдерін білу

Икемділік: Конструкцияларды және құралдарды тексеру кезінде лахер аспаптарын қолдануға икемi болу

Дағды: Лазерлі-локациялық түсірісті жүргізу технологиясы мен әдістерін білу

Құзіреттілігі: Лазерлі сканерлерді технологиялық қолдану саласында

Бағдарлама жетекшісі: профессор Ипалаков Т.Т.

4

GK 0204

Геодезиялық құралтану

Кредит көлемі – 3 (1+1+1), ECTS – 5 кредит.



Пререквизит –65 кредит.

Постреквизит – жоқ.

Оқытудың мақсаты: Геодезиялық аспаптардың жобалануы мен құрылымын оқытады

Қысқаша мазмұны: Пәнді оқытудың мақсаты өлшейтін геодезиялық құралдар, лазерлік құралдар, спутниктік жүйелермен және олардың бөлшектерімен таныстырып, жұмыс жасау әдістерін оқыту. Геодезиялық құралтану және геодезиялық аспаптардың даму тарихы. Геодезиялық аспаптарға қойылатын талаптар. Аспаптарды стандарттау және классификациялау. Өлшемдерді метрологиялық қамтамасыз ету. Геодезиялық аспаптарды жобалау. Жоғары дәлдікті нивелирлер. Дәл техникалық нивелирлер.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Геодезиялық аспаптарға қойылатын талаптарды білу

Икемділік: Геодезиялық аспаптарды қолдана алады

Дағды: Геодезиялық аспаптарды эксплуатациялау, тексеру және зерттеу әдістерін білу.

Құзіреттілігі: Геодезиялық аспаптарды эксплуатациялау, тексеру және зерттеу саласындағы қолдану негізін білу

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Ахметов Б.Ж.

5

GOAZh 0205

Геодезиялық өлшемдерді автоматтандыру жүйелері

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит.



Пререквизит – 101 кредит.

Постреквизит – жоқ.

Оқытудың мақсаты: Инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жүргізу кезіндегі заманауи әдістер мен құралдарды игеру

Қысқаша мазмұны:

Пәннің мәні геодезиялық өлшемдердің әдістерін оқыту. Шағылыстырудың автоматизациялық әдісі, створлы өлшеудің автоматизациясы, автоматтандырылған жоғары дәлдікті бұрыштық құралдар мен өлшеу. Гидродинамикалық нивелирлеу. Геодезиялық өлшеу әдістері. Ақпараттарды тіркеу әдістерін автоматтандыру.



Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Геодезия және картография саласындағы автоматтандырылған жүйелерді құрастыру принциптері мен ақпараттық технологиялардың принциптерін үйрену.

Икемділік: Жоғары дәлдікті автоматтандырылған аспаптарды қолдана білу.

Дағды: Автоматтандырылған геодезиялық өлшеу әдістерін меңгеру

Құзіреттілігі: Заманауи автоматтандырылған геодезиялық өлшемдерде қолданылатын жүйелерді игеру саласындағы негізгі білімді игеру

Бағдарлама жетекшісі: профессор Ипалаков Т.Т




2- ші бiлiм беретiн траектория "Картография"

6

SMZhK 0206

Сандық модельдер және жергілікті жердің картасы

Кредит көлемі –4 (2+1+1), ECTS – 6 кредит.



Пререквизит – 65 кредит.

Постреквизит – жоқ.

Оқытудың мақсаты: Кең спектрлі картографиялық өнімді құрастыру теориясын оқыту

Қысқаша мазмұны:

Пәнді оқытудың негізі жергілікті жердің сандық картасын теория және практика түрінде оқыту. Сандық техникалық әдісті және картографиялық ақпараттарды қолдану. Сандық әдістерді алу және қолдану, жаңарту және өзгерту сақтау. Картографиялық ақпаратты өңдеу және сандық түрге келтіру құралдары. Карталарды құрастыру және ғылыми-техникалық жобалау перспективалары. Жердің сандық моделі.



Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Жердің сандық моделін құрастыру кезіндегі қолданылатын кеңістіктегі объектілердің класстары туралы білу

Икемділік: Компьютерлік технологияларда карталарды қолдана білу.

Дағды: Жердің сандық моделі объектілеріне және олардың сандық анықтамаларына, жалпы мәліметтерге қойылатын талаптарды білу.

Құзіреттілігі: Картографиялық анализдің кейбір түрлерін автоматтандыру саласындағы білімдерді меңгеру.

Бағдарлама жетекшісі: магистр Куттыкадамов М.Е.

7

KOZhT 0207

Картографиялық өндірістің жаңа технологиясы

Кредит көлемі –3 (1+2+0) , ECTS – 5 кредит.



Пререквизит – 65 кредит.

Постреквизит – жоқ.

Оқытудың мақсаты: Картографиялық өндірістің жаңа технологияларын оқыту.

Қысқаша мазмұны: Пәнді оқытудың негізі картаны шығарудың технологиясы және олардың өңделуі, атластар және басқа картографиялық өлшемдерді шығару. Карталарды құрастыру және өңдеудің жаңа әдістері. Картографиялық жүмыстарды автоматтандыру. Картадағы құбылыстарды зерттеудің негізгі әдістері. Геодезиялық карталардың жаңа түрлеріне қойылатын талаптар. Жаңа геодезиялық карталарды жобалау және құрастуры.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Жаңа картографиялық технологияларды білу.

Икемділік: Автоматтандырылған компьютерлік әдістерді қолданып карта құрастыру.

Дағды: Картаны редактілеудің жаңа әдістерін қолдана алу.

Құзіреттілігі: Картографиялық өндіріс саласындағы негізгі білімдерді үйрену.

Бағдарлама жетекшісі: магистр Куттыкадамов М.Е.

8

TK 0208

Топографиялық картографиялау

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит.



Пререквизит – 31 кредит.

Постреквизит – жоқ.

Оқытудың мақсаты: Топографиялық картографиялаулың негізі туралы білімдерді оқыту

Қысқаша мазмұны: Картографиялық проекцияның жалпы теориясы. Рельеф пен ситуацияның бейнелену тәсілдері. Шартты белгілер. Сызбаларды орындау және безендірудің негізгі нормалары мен тәртіптері. Сызба аспаптарын, құралдарын, және басқа да карта оригиналын құрастыру кезінде қолданылатын материалдар. Конструкторлық және инженерлік-құрылыстық құжаттарды құрастыру.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Сызбаларды орындау және безендіру кезіндегі негізгі нормалар мен тәртіптер.

Икемділік: Сызба құралдарын, аспаптарын, және басқа да қажет материалдарды қолдана білу.

Дағды: конструкторлық және инженерлік-құрылыстық құжаттарды құрастыра алады.

Құзіреттілігі: Топографиялық карталарды құрастыру саласындағы базалық білімдерді көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: Кудеринова Н.А. к.т.н, доцент

9

TK 0209

Тақырыптық карталар

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит.



Пререквизит – жоқ.

Постреквизит – жоқ.

Оқытудың мақсаты: Кеңістіктік және нүктелік нысандарды картографиялық әдістермен көрсете білу

Қысқаша мазмұны: Тақырыптық карталарды анықтау, олардың топтастырылуы және қолданылуы. Тақырыптық картаны жобалау және өңдеу жолдары; Тақырыптық карталарды құру негіздері, авторлық түпнұсқалар; тақырыптық карталардағы заттардың бейнелену тәсілдері. Гипсометрикалық, саяси, саяси-әкімшілік, әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, туристтік, оқулық карталар, тақырыптық және кешенді атластарды құру технологиялары. Картографияның дамуының тарихи негізгі мәліметтері. Жалпы географиялық және тақырыптық карталар құрудағы космостық түсіріс материалдарын қолдану.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Тақырыптық және кешенді атластарды құру технологиясын білу.

Икемділік: Жалпы географиялық және тақырыптық карталар құрудағы космостық түсіріс материалдарын қолдана білу.

Дағды: Тақырыптық карта құруда автоматтандырылған картографиялық әдістерді білу.

Құзіреттілігі: Топографиялық және тақырыптық карталарды орындауда базалық білімдерін көрсету.

Бағдарлама жетекшісі: магистр Куттыкадамов М.Е.

10

KSGAZh 0210

Картография саласындағы ГАЖ

Кредит көлемі –4 (2+1+1), ECTS – 6 кредит.



Пререквизит – "Информатика", "Геодезия", "Жоғары геодезия".

Постреквизит – жоқ.

Оқытудың мақсаты: Өндірістік технологиялар, жобалық іздестіру, ұйымдық-басқарушылық және ғылыми зерттеулер шегінде орындалатын тәжірибелік есептерді геоинформатикада шешу.

Қысқаша мазмұны: Фотограмметриялық түсіріс арқылы жер асты және космостық түсірістерді дешифрлеу нәтижесінде топографиялық және тақырыптық карталарды құру және жаңарту. Қалалық шаруашылықта, жерге орналастыру және жылжымайтын мүлік нысандарының кадастрын инженерлік-геодезиялық жұмыстарын жүргізу; Жердің, құрылыстық және инженерлік үймереттердің үш өлшемді моделін жасау.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Мәліметтер жиынының технологиялық негіздері және оларды өңдеу

Икемділік: Сандық модельді құру және оларды геоинформатикада қолдану.

Дағды: Жиын, анализ және топографо-геодезиялық, картографиялық мәліметтерді және ГАЖ технологияларын орындай білу.

Құзіреттілігі: Бағдарламалық-технологиялық және аспаптық құралдарда ГАЖ-ды қолдана білу.

Бағдарлама жетекшісі: магистр Куттыкадамов М.Е.



1,2- траекториялар бойынша ортақ білім беру базалық пәндері


11

IG1(TS) 0211

Инженерлік графика 1 (Топографиялық сызу)

Кредит көлемі – 2 (0+2+0), ECTS – 3 кредит.



Пререквизит – жоқ.

Постреквизит – "Картография", "Компьютерлік графика".

Оқытудың мақсаты: картографиялық және жерге орналастыру өндірісінің құжаттарының штрихты, шрифты және түрлі-түсті бояулармен графикалық безендіру әдістері мен жолдарын зерттеу.

Қысқаша мазмұны: Топографиялық шартты белгілерді сызу. Шрифттер және оларды топографиялық карталар мен пландарда қолдану. Пластикада және сызба қағаздарында сызу жұмыстарын жүргізу. Топографиялық және жерге орналастыру графиктерінің элементтері, сызу материалдары мен құрал-жабдықтары,графикалық құжаттарды безендіру және сызу ерекшеліктері. Шартты топографиялық белгілерді сызу. Топографиялық карталар мен пландарды құру кезіндегі шрифтер және оларды қолдану. Пластикте және сызу қағазында орындалатын сызба жұмыстары.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Графикалық құжаттарды сызу және безендіру ерекшеліктерін біледі.

Икемділік: Графикалық құжаттарды безендіре біледі.

Дағды: Жерге орналастыру, жергілікті және қалалық құрылыстық кадастрдың графикалық құжаттарын штрихтық және басқа да безендіру амал-тәсілдерін білу қабілеттілігі.

Құзіреттілігі: Топографиялық және картографиялық графика саласындағы базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: Кудеринова Н.А, к.т.н., доцент

12

IG2(KG) 0212

Инженерлік графика 2 (компьютерлік графика)


Кредит көлемі – 3 (1+1+1), ECTS – 5 кредит.

Пререквизит – 65 кредит.

Постреквизит – "Картография", "Геоинформатика".

Оқытудың мақсаты: студенттерге компьютерлік графикадағы біліктіліктерін дамыту және жүзеге асыруға қажетті негізгі практикалық тапсырмаларды беру.

Қысқаша мазмұны: AutoCAD, КОМПАС жүйесіндегі жұмыстың негізгі түсінігі мен принциптері. Мәліметтердің көрінуі мен құрылымы. Файлдар. Жүйенің бастапқы құрылысы. Мәтінмен жұмыс. Блоктар, қабаттар. Бетті тұрғызу және үшөлшемді моделдеу. Сызбаны тұрғызу. Сызбаға өлшемдерді еңгізу. Қатты денені үшөлшемді моделдеу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Компьютерлік графиканың техникалық құралдарын біледі.

Икемділік: Графикалық жүйелерді қолдана біледі.

Дағды: Графикалық бағдарламалармен жұмыс жасау біледі және әр түрлі мақсаттағы сызбаларды оқи алады.

Құзіреттілігі: Компьютерлік графика саласындағы базалық білімдерді игерген

Бағдарлама жетекшісі: Кудеринова Н.А, к.т.н., доцент

13

KOT 0213

Құрылыс өндірісінің технологиясы

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит.



Пререквизит – 65 кредит.

Постреквизит – жоқ.

Оқытудың мақсаты: Құрылыс материалдары мен конструкцияларына, қазіргі заманғы техникалық құралдарына, жұмысшылар еңбегінің рационалды ұйымдастырылуына, бағаланған жекеменшік өндірістік құрылыстық процесстердің орындалу әдістері мен тәсілдерінің теориялық негізін оқытады.

Қысқаша мазмұны: Инженерлік құрылыстардың негізгі түрлерін, азаматтық, өндірістік және ауылшаруашылық ғимараттарын тұрғызудың әдістерін, құрылыс өндірісінің технологиясы туралы түсінік алуды, құрылыс материалдары және конструкциялары, фундамент түрлері, жер жұмыстары, тұрмыстық қысым, жер жұмыстарының көлемін есептеу, монтаждық көкжиек берік және биіктік ғимараттардың қажетті дәлдігі туралы оқытады.Архитектуралық-құрылыстық жобалау негіздері, Құрылыс технологиясының негіздері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Құрылыс өндірісінің технологиясын, құрылыс материалдарын біледі.

Икемділік: Құрылыстық монтаждық жұмыстардың сапасын бағалауды жүргізе алады.

Дағды: Азаматтық, өндірістік, ауылшаруашылық ғимараттар мен үймереттерді тұрғызу тәсілдерін меңгерген.

Құзіреттілігі: Базалық білімін құрылыс өндірісі саласында құрылыстық монтаждық жұмыстарды бағалау үшін қолданады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Абишев Б.Ш.

14

GG 0214

Геология және геоморфология

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS – 5 кредит.



Пререквизит – 31 кредит.

Постреквизит – жоқ.

Оқытудың мақсаты: Жер бетінің бедері және оны құру үрдістерін зерттеу әдістерін оқыту.

Қысқаша мазмұны: Пәнді оқыту мақсаты жердің геологиялық құрылымы мен танысу, жер қабаттарының қозғалуы, тектоникалық қозғалыстар. Таулы аймақтарды классификациялап үйрену, олардың қасиеттері; әртүрлі физика географиялық процесстер және құбылыстар туралы мәлімет алу; инженерлік геологиялық ізденістерді жүргізуді үйрену.

Жердің геологиялық құрылымы; Жердің ішкі құрылымы. Жер қабаты. Мантия. Ядро. Геохронологиялық шкала. Мұздықтар геоморфологиясы. Минералдар мен тау жыныстарының жіктелуі.



Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Жер беті рельефінің пайда болуын және дамуын сипаттай білу және рельефтің құрылу үрдістерінің механизмдерін білу.

Икемділік: Жер беті пішіндерін және олардың пайда болу себептерін тани білу.

Дағды: Далалық геологиялық-геоморфологиялық зерттеулерді жүргізу.

Құзіреттілігі: Геологияның фундаментальды бөлімдері саласында базалық білімдерін қолдану, олардың жалпы және физикалық география саласында қолдану білімдерін жетілдіру.

Бағдарлама жетекшісі: магистр Куттыкадамов М.Е.

15

GA 0215

Геодезиялық астрономия

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS –5 кредит.



Пререквизит – 65 кредит.

Постреквизит – жоқ.

Оқытудың мақсаты: Құрылыста және прецезионды үймереттерді эксплуатациялау кезіндегі мемлекеттік және арнайы геодезиялық торлардың құрылуы туралы терең білім беру.

Қысқаша мазмұны: Пәнді оқытудың мақсаты геодезиялық және картографиялық жұмыстарда, астрономиялық бақылауларда жергілікті жұлдыздық уақыт пен азимуттық бағыт және бойлық пен ендік орнын аңықтауда оқытатын теория мен әдістер. Географиялық координаталар мен азимутты анықтаудың жалпы принциптері. Астрономиялық құралдар. Астрономиялық бақылаудың зениттік тәсілі. Бірдей биіктікте жұлдыздарды бақылаудан ендік пен бойлықты табудың тәсілдері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Сфералық және геодезиялық астрономияның, фундаментальды астрометрияның, геодезия және геодинамика есептерін шешу үшін космостық геодезия тәсілдерін қолдану негіздерін білу.

Икемділік: Географиялық координаталар мен азимуттарды анықтай біледі.

Дағды: Жұлдыздар координатасын анықтаудың абсолютті және салыстырмалы тәсілдерін меңгерген.

Құзіреттілігі: Астрометрия, әуе механикасы және геодинамика саласында базалық білімдерін қолданады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Ахметов Б.Ж.

16

Gra 0216

Гравиметрия

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS – 5 кредит.



Пререквизит – 65 кредит.

Постреквизит – жоқ.

Оқытудың мақсаты: Маятниктің және гравиметрияның ауырлық күшін өлшеу әдісімен, гравиметриялық тордың принциптерін, гравиметриялық түсірістегі өлшеу әдісімен танысу және мағлұматтар алу. Қазіргі заманғы фигураларды анықтау тапсырмаларын және жердегі далалық жұмыстардың ішкі гравитациясын қарастыру.

Қысқаша мазмұны: Жердің гравитациялық аймағы туралы, тартылыс күші, вертикаль градиент және потенциалдар айырмасы туралы оқыту. Жердің пішіні мен ішкі гравитациялық аймағы туралы түсінік беру. Жердің ішкі құрылысы, жердегі топырақ; Мантия; Ядро; Магнетизм. Жердегі далалық жұмыстар гравитациясы. Ауырлық күші. Тік градиент және потенциалдардың әр түрлілігі. Ішкі далалық гравитацияны анықтау, жердің фигурасын анықтау. Тіктеуіш сызықтың иілуі және оларды өлшеу әдістері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Жердің фигурасын оқытудың қазіргі заманғы әдістерін білу

Икемділік: Гравиметриялық бағдарлау және есептеулер жүргізуді білу

Дағды: Далалық негізде жаңа геодезиялық астрономиялық және гравиметриялық аспаптардың жүргізу әдісіне иелік ету.

Құзіреттілігі: Сфералық және теориялық геодезияның саласындағы базалық білімге ие болу.

Бағдарлама жетекшісі: доцент Хасенов К.Б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет