Психологияның теориялық-методологиялық негіздері



бет9/10
Дата23.02.2016
өлшемі0.81 Mb.
#3055
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ескерту

Осы оқу құралының авторлары алдыңғы жылдары үнемі осы әдісті қолданды, оның квалификациялы мамандар дайындау барысындағы жоғары нәтижесінде күмәндары жоқ.



Әдебиеттер
1 Немов Р.С. Психология : учеб. для студентов высш. пед. учеб. заведений. В 3 кн. Общие основы психологии. – М. : Владос, 1988. – Кн.1. – 688 с.

2 Общая психология: курс лекций для первой ступени пед. образования / сост. Е.И. Рогов. – М. : ВЛАДОС, 2002. – 448 с.

3 Дубровина И.В. и др. Психология : учебник для студ. сред. пед. учеб. заведений. – М. : Издательский центр «Академия», 2001. – 464 с.

4 Столяренко Л.Д. Основы психологии. – Ростов н/Д. : Феникс, 2001. – 672 с.

5 Столяренко Л.Д. Психология : учебник для вузов. – СПб. : Питер, 2005. – С. 20–27.

6 Общая психология: Учеб. для студентов пед. институтов./ Под ред. А.В. Петровского. – М. : Просвещение, 1986. – С. 43–57.

7 Мухина В.С. Возрастная психология: феноменология развития, детство, отрочество : учебник для студ. Вузов – М. : издательский центр «Академия», 2003. – 456 с.

8 Возрастная психология: Детство, отрочество, юность: Хрестоматия : учеб. пособие для студ. пед. вузов / сост. и науч. ред. В.С. Мухина и А.А. Хвостов. – М. : Издательский центр «Академия», 1999. – 624 с.

9 Немов Р.С. Психология : учеб. для студентов высш. пед. учеб. заведений. В 3 кн. Кн.2. Психология образования. – М. : ВЛАДОС, 2001 . – 608 с.

10 Зимняя И.А. Педагогическая психология : учебник для вузов. – М. : Логос, 2002. – 384 с.

11 Макаренко А.С. Сочинения в семи томах. Том пятый. – М. : АПН РСФСР, 1958. – 557 с.

12 Законодательство об образовании в Республике Казахстан. – Алматы: Юрист, 2005. – 212 с.

13 Рабочая книга практического психолога. Пособие для специалистов, работающих с персоналом / под ред. А.А. Бодалева и др. – М.: Из-во Института психотерапии, 2003. – 640 с.

14 Шевандрин Н.И. Психодиагностика, коррекция и развитие личности. – М. : ВЛАДОС, 2001. – 512 с.

15 Педагогический поиск / сост. И.Н. Баженова. – М. : Педагогика, 1987. – С. 271–300.

16 Ильин Е.П. Психология воли. – СПб. : издательство «Питер», 2000. – С. 230–266.

17 Андреев В.И. Педагогика : учебный курс для творческого саморазвития. – Казань : Центр инновационных технологий, 2000. – С. 538 – 565.

18 Словарь практического психолога / сост. С.Ю. Головин. – Минск: Харвест, 1998. – 800 с.

19 Юрчук В.В. Современный словарь по психологии. – Минскн: Элайда, 2000. – 704 с.

20 Кордуэлл М. Психология. А – Я : Словарь – справочник / пер. с анг. К.С. Ткаченко. – М. : ФАИР – ПРЕСС, 1999. – С. 215–216

21 Орлов А.Б. Психология личности и сущности человека: парадигмы, проекции, практики. – М., 1995.

22 Немов Р.С. Психология : учеб. для студентов высш. пед. учеб. заведений. В 3 кн. Кн.3. Психодиагностика. – М. : Владос, 2003. – 640 с.

23 Болотова А.К., Макарова И.В. Прикладная психология : учебник для вузов. – М. : Аспект Пресс, 2001. – 381 с.

24 Столяренко Л.Д. Основы психологии. Практикум. – Ростов н/Д. : Феникс, 2000. – 576 с.

25 Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. В 2 кн. – М. : ВЛАДОС, 2004. – Кн.1. Система работы психолога с детьми разного возраста. – 384 с.

26 Психологические тесты / под ред. А.А. Карелина : В 2 т. – М. : ВЛАДОС, 2003. – Т. 1. – 312 с.

27 Овчарова Р.В. Справочная книга социального педагога. – М. : ТЦ Сфера, 2004. – 480 с.

28 Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования. – М. : ТЦ Сфера, 2001. – 448 с.

29 Практическая психология в тестах. – М. : АСТ – ПРЕСС, 1998. – 376 с.

30 Егидес А.П., Сугробова Н.Ш. Как научиться разбираться в людях. – Алма-Ата : Казахстан: АО «Караван», 1999. – 72 с.

31 Шикун А.Ф., Филинова И.М. Управленческая психология : учебное пособие. – М. : Аспект Пресс, 2005. – 336 с.

32 Жук А.И. и др. Основы педагогики : учебное пособие. – Мн. : Аверсэв, 2003. – 349 с.

33 Немов Р.С. Психологическое консультирование : учебник для студентов вузов. – М. : ВЛАДОС, 2001. – 528 с.

34 Майерс Д. Социальная психология, Интенсивный курс. – СПб. : прайм – ЕВРОЗНАК, 2000. – 512 с. (секреты психологии)

35 Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога : учебное пособие. В 2 кн. – М. : ВЛАДОС – ПРЕСС, 2003. Кн. 2: Работа психолога со взрослыми. Коррекционные приемы и упражнения. – 480 с.

36 Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб. : Питер, 2002. – 720 с.

37 Общая психология : учебник для студентов педагогических институтов / под ред. А.В. Петровского. – М. : Просвещение, 1986. – 464 с.

38 Столяренко Л.Д., Самыгин С.И. Психология и педагогика в вопросах и ответах. – Ростов н/Д. : Феникс, 1999. – 576 с.



Қосымша А

(міндетті)
Педагогикалық жоғарғы оқу орындары түлегінің (студент, магистрант) методологиялық мәдениетін анықтауға арналған тест – сұрақтар
Тест – сұрақтарға түсініктеме жазба (записка)

1. Оқытушының методологиялық мәдениетін анықтау идеясын берген тамаша ғалым-ағартушы В.И. Андреев [17, c. 32–39; 538–539]. Дегенмен ғалымның ойынша, педагогтың методологиялық мәдениетін бағаламай, оны өзіне бағалату керек. Ол ұсыныстың мәнін түсіне отырып, біз келесі тұжырымға келдік: өзінің методологиялық мәдениеттін бағалау мүмкін емес. Мысалы, сұрақнама жүргізілген педагогикалық институттың 35 түлегінің 30-нда В.И. Андреевтің «Педагогика» оқулығы немесе оның қосымшасы болғаны анықталды, бірақ өзінің методологиялық мәдениетін өзі бағалаған бір ғана түлек болды. Неге олай? деген сұраққа жас оқытушылар бас тарта жауап берді: «Көңіл аудармадым», «Шұғыл жұмыстар көбейіп кетті», «Тіпті бос уақыт жоқ», «Келесі жылға қалдырдым» және т.б. Тек қана ЖОО-ның жоғары маманды оқытушылары, өздерінің шығармашылық потенциалымен, интеллектерімен, студент жастарды шабыттандыра алуларымен жоғары әдістемелік деңгейде студенттердің методологяилық мәдени жағдайын анықтап қана қоймай, олардың әлеуметтік және жеке тұлғалық сұраныстарын қанағаттандырудың тиімді факторы ретінде оны әрі қарай жетілдіру және дамыту қажеттігін қалыптастыра алады, себебі педагогтың жоғары әлеуметтік статусы бар тәуелсіз жеке тұлға болып орнығуына басқа альтернативті жол жоқ, ал одан айналасы жас ұрпақты жоғары креативтік деңгейімен және тұрақты интеллектуалды потенциалымен өмірге дайындаудың өнімді әрекеттерін күтеді.

2. Тест соңғы оқу жылының басында ЖОО түлектері өздерінің шешілмеген методологиялық сипаттағы өзекті мәселерін анықтау мақсатымен және ол проблемаларды жыл барысында шешуге көмектесетін өз бетімен білімін жетілдіру және шығармашылықпен дамудың арнайы жоспарын дайындау үшін қолданылады.

3. Осындай тәсілдер ЖОО түлектеріне өздерінің жеке тұлғалық методологиялық мәдениетін жоғарылату мәселелерін шешуді ұйымдастыруға көмегі дайын, тұрақты консультант-оқытушы табуына көмектеседі.

Тест – сұрақнама естумен қабылданады, оның инструкциясы былай болуы мүмкін:

Құрметті түлектер! Өздеріңізді негізгі міндеттеріңізді білім беру ұйымдарында, өнеркәсіп орындарында, магистратурада (студент-түлектерге) немесе аспирантурада (магистраттарға) оқуды жалғастыруда сапалы атқаруға дайындау барысында, ұсынылған сұрақтарға адал жауап беруіңізді сұраймын. Қандай мақсатпен оны жүргізіп отырғанымызды кейіннен айтамын. Ештеңе жазудың қажеті жоқ. Таза қағазға өзіңіздің аты-жөніңізді жазыңыз, сұрақтардың қарсысына өзіңіз дұрыс деп тапқан жауаптың номерін қойыңыз, егер сұраққа жауап таппасаңыз, оны бос қалдырыңыз, оған жеке әңгімелесу кезінде ораламыз.

Егер маған сұрақтарыңыз болмаса, онда алдыңыздағы варианттың бірінші сұрағынан бастаймыз.

1. Мектепте оқып жүрген кезіңізде өзіңізді түсінбейтін, сіздің жеке басыңыздың проблемаларын жете ұғынбайтын, сіздің ата-аналарыңызбен, жанұяның ересек мүшелерімен қарым-қатынастарыңызды есептемейтін педагогтарға көңіліңіз толмайтын кездер болды ма?

А) Я, болды.

Б) Есімде жоқ.

В) Ешқашан болған жоқ.

Г) Болды, менің ол педагог жұмыс жасамайтын басқа мектепке немесе паралелльді сыныпқа ауысып кеткім келді.

2. Сіз өзіңізге зерттеу экспериментін жүргізген мектеп мұғалімін атай аласыз ба? Оның нәтижесі қандай болды?

А) Мен мектепте оқып жүрген кезде ешқандай эксперимент жүргізілген жоқ, педагогтар традициондық әдістемелермен жұмыс жасады, стандартты, стереотипты әдістерді қолданды, ол мені жабырқатып жіберді, себебі менің жаңа әрекеттерге, бағыттарға талпынысымды қанағаттандырмады .

Б) Есімде жоқ. Менің өз ынтам, құштарлықтарым болды.

В) Ондай педагогтар болды. Мен оларға менің ой өрісімді кеңіткені, интеллектуалдық-шығармашылық қабілетімді дамытқаны үшін өте ризамын.

Г) Есімде, ондай мұғалім болды, бірақ тез арада жұмыстан кетіп қалды, және жоғары сынып оқушыларының арасынан ешкім сынып жетекшісінің алдына сол қызықты экспериментті жалғастыру туралы мәселені қоймады. Сол бітпей қалған эксперименттің мағынасын түсіне келе, мектеп бітірердегі жұмысымды дайындаған кезде өз интерпретациямда оны қайтадан жалғастырсам деген ойым бар.

3. Сіз мектепте оқып жүрген кезіңізде мұғалім мамандығын таңдау, ойлампаз пән-мұғалімі, мұғалім-зерттеуші болу, жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларын жаңаша әдістермен оқыту және тәрбиелеу ойыңызда болды ма?

А) Ия, ондай ықыласым орта сыныптарда болған, бірақ, жоғары сыныптарда оқыған кезде кейбір мұғалімдердің, мектеп басшыларының әсерлерімен психолог, педагог-психолог мамандығына ықыласым аударылып кетті. Менің арманым орындалды.

Б) Мамандық таңдауым жолдастарымның, ата-аналарымның әсерлерімен тосыннан болды, соңғы шешімім ЖОО-ның психолого-педагогикалық факультетінің бірінші курсында қабылданды.

В) Зерттеушілік әрекеттер туралы әлі ойлаған жоқпын, ал мұғалім мамандығы маған ұнайды.

Г) Менің арманым ...... болу еді, бірақ ол мамандыққа ЖОО-ларда конкурс үлкен, сондықтан мен педагогикалық институтты таңдадым.

4. Мектепте оқып жүрген кезіңізде мектептегі білім беру жүйесінде өзгертулер енгізу идеялары, оқыту процессіне қатысушылардың қарым-қатынасына, өзара қарым-қатынастарға, әрекеттестіктерге жаңалықтар енгізу идеялары болды ма?

А) Оған ұқсаста ойлар менде ешқашан болған жоқ.

Б) Ия, ондай ойлар болды және оны құрдастарым мен педагогтар сенімділік әңгімелер кезінде дұрыс қабылдайтын.

В) Ия. Жоғарғы сыныптардың соңғы екі жылында мұғалімнің ассистенті болдым, төменгі (орташа) сынып оқушыларының когнитивтік процесстерін зерттеуге көмектестім, ол менің ойлау белсенділігімді арттырды.

Г) Есімде жоқ.

5. Сіз мынадай: педагог- зерттеуші, педагог-жаратушы әлеуметтік-педагогтік қараусыз, бағусыз қалған балалардан жоғары, тұрақты адамгершілік - еріктік, ақыл-ой - шығармашылық қасиеттері бар оқушыны қалыптастыра алады және ондай инновациялы конкуренттікке қабілеті бар жеке тұлғаны өмірге дайындай алады деген оймен келісе аласыз ба?

А) Ондай мысалдар есімде жоқ. Мен бітірген мектептегі мұғалімдердің бағусыз қалған балаларға көрсететін ең үлкен қамқорлығы оларға орта мектепті бітіруге және жұмысшы мамандығын алуға көмектесу.

Б) Толығымен келісемін. Жоғары квалификациялы мамандар адамдарда жоғары адамгершілік потенцияларды қалыптастыра білу керек және оған міндетті де, сонымен қатар, жеке тұлғаға тағдырына сай ол кім болуы керек, сондай тұлға болуына көмектесу тиісті.

В) Күмәнданамын. Жоғары дәрежелі нерв іс-әрекетінің табиғи қасиеттеріне, оқушының тұқым қуалаушылық және т.б. қасиеттеріне, сонымен қатар оның жасына байланысты. Эксперименталды зерттеулерсіз бұл сұраққа жауап бере алмаймын.

Г) Ондай оймен келісе алмаймын.

6. Өзіңіздің зерттеушілік потенциалыңыз туралы ойландыңыз ба және жоғары әлеуметтік статусқа ие болу жөніндегі жоспарыңыздан не күтесіз?

А) Жауап беруге қиналамын. Ол туралы көп ойламаймын, себебі емтиханға, сынақтарға және т.б. дайындалуға көп уақыт кетеді.

Б) Үнемі ойланамын. Өзімнің зерттеушілік жұмыстарға ЖОО-ны бітіргеннен кейін онша дайын емес екенімді білемін, сондықтан методологиялық проблемаларды тереңдеу оқып, білу үшін уақытымды үнемдеуге тырысамын.

В) Зерттеу проблемалары туралы оқулықтар, оқу құралдары көп. ЖОО-ны бітіргеннен кейін жеке тұлғаны, ұжымдарды, топтарды зерттеп тану және ең тиімді әдістерді таңдап алып, қолдану үшін уақыт жеткілікті болады.

Г) Ол туралы әлі ойланған жоқпын. Оқу бітірердегі жұмысты дайындау процессінде өзімнің интеллектуалды-шығармашылық әрекеттерімде ол қателігімді жоюға тырысамын.

7. Сіз қай кезден бастап зерттеулермен шұғылдана және методологиялық мәдениетіңізді қалыптастыра бастадыңыз?

А) Ерте бастадым. Мектепте жүргенде оқушылардың ғылыми қауымдастықтарының бір секциясында. Осы кезден бастап менің методологиялық мәдениетім қалыптаса бастады, сосын ЖОО-ның бірінші және келесі курстарында ол бірталай кеңіді және сапалы сипаттағы жаңа білімдермен толтырылды.

Б) Бірінші курстан бастап, шығармашылық тапсырмаларды орындау процессінде: дара адамды психологиялық тексеру, мінездемені ғылыми негізде дайындау және жеке тұлғаның психикалық тіршілігін жетілдіруге нұсқау беру кезінде. Өз жұмысымды ынтамен, ықыласпен орындадым, кейінгі методологиялық мәдениетімнің өсуіне де сол себеп болды.

В) Тек қана ЖОО-нің үшінші курсында.

Г) Осы оқу жылынан бастаймын деген ойым бар және ЖОО-ны бітіргеннен кейін жалғастырамын.

8. Сіз кез келген дені дұрыс адам өзінің тілегі бойынша танымал зерттеуші болуы, өзіңде креативтілікті қалыптастыруы мүмкін деген пікірге сенесіз бе?

А) Сенбеймін. Ол тек табиғи талапты ақылы бар, жоғары дәрежелі нерв әрекетінің күшті типін иеленген адамда ғана мүмкін.

Б) Бұл сұраққа жауап бере алмаймын.

В) Сенемін, егер индивид өзінің аналитикалық ойлауын интенсивті дамытып отырса, және ғалымдардың пікір таласын салыстыру әдістерін қолданса, өзінің қорытындыларын жасап және оларды практикалық жұмыстарда тексеріп отырса мүмкін деп ойлаймын.

Г) Менің ойымша, жақсы авторитетті зерттеуші болып қалыптасу үшін, балалық шақтан бастап жетекшің (наставник) болу керек.

9. Сіз қысқа мерзім ішінде (2 – 3 күн) зерттеу тақырыбын тұжырымдай, оның өзектігін, проблемаларын, мақсаттарын, объектісін, және зерттеу тақырыбын анықтай, жұмыс болжамын көрсете және зерттеу міндеттерін анықтай алуға қабілетіңіз бар ма?

А) Ия, бар. Ондай жұмыстан тәжірибем бар.

Б) Әдебиет көздеріне сүйенбей, ғылыми жетекшінің көмегінсіз оны орындау маған қиын.

В) Орындай аламын, «Психологияның теоретико – методологиялық негіздері» оқу құралындағы материалдарды игеріп үлгердім ғой.

Г) Орындай аламын, бірақ осындай қысқа мерзімде оны істеу қиынға соғады.

10. Сіз алдыңғы жылдары білім беру ұжымдарында практика өткен кезде зерттеу жұмыстарын жүргіздіңіз бе?

А) Практика өту процессінде жұмыс сынып жетекшісінің жоспары бойынша жүргізілді және әртүрлі тәрбие – оқыту шараларын дайындау және өткізумен ғана шектелді.

Б) Зерттеу жұмысы оқушылардың когнитивтік қабілеттілік деңгейін анықтау мақсатымен жүргізілді, ол оқушылардың өз бетімен білім алумен шұғылдануларының нәтижесін әлдеқайда жақсартуға көмектесті.

В) Негізінен бақылау сияқты әдістер жүргізілді, олардың қорытындылары оқушылармен жеке әңгімелесу кезінде кеңінен қолданылды.

Г) Көбінесе сынып жетекшісінің тапсырған жұмыстары орындалды.

11. Алдыңғы жылдары Р.С. Немовтың «Введение в научные психологическое исследование с элементами математической статистики» атты үшінші кітабының екінші бөлімінің мазмұнын игердіңіз бе және қандай дәрежеде [23 c 234 – 250]?

А) Р.С. Немовтың фундаменталды еңбегінің көрсетілген бөлімімен таныспын, бірақ бұл бөлімін толық игерген жоқпын.

Б) Алдыңғы жылдары ғалымның нұсқауларын курстық жұмысты дайындау және қорғау кезінде қолдандым.

В) Ия, бірақ оның кейбір пікірлерін сынмен қабылдадым, олар қосымшалар мен коррективті талап етеді.

Г) Ондай мүмкіншілік болған жоқ.

12. Қазіргі кезде өзіңіздің теориялық негіздеуге қабілетіңіз жететін және зерттеу-эксперименталды әрекеттермен тексере алатын педагогикалық идеяларыңыз бар ма?

А) Ия, ондай идея бар. Мен оның теориялық тұжырымдар жоспарын және эксперименталдық зерттеу жоспарларын дайындап қойғанмын.

Б) Бірнеше идеялар бар. Әзірге талдап үлгерген жоқпын.

В) Белгілі мамандықтар дайындайтын кафедралардың дипломдық жұмыстарының және магистрлік диссертацияларының тақырыптарымен танысу керек, содан кейін психолого-педагогикалық идеялардың біреуіне тоқталу қажет.

Г) Ол туралы әлі ойлағаным жоқ.

13. Психолого-педагогикалық моделдеу сияқты зерттеу әдістерімен таныссыз ба және қандай дәрежеде?

А) Модель жасау теориясын игергенмін және білім беру ұйымдарында практикалық тексерулерде оны қолдану дайындығы қалыптасқан.

Б) Аталған әдісті ғылыми жетекшінің консультативті көмегінсіз өз бетіммен түсіну маған қиын.

В) Көптеген психолого-педагогикалық зерттеу әдістерінің арасында моделдеу әдісі әрі қиын, әрі шиеленіскен әдіс, сондықтан оны түсініп керегі жоқ деп есептеймін.

Г) Жоқ, игерген жоқпын.

14. Кейбір психолого-педагогикалық проблемаға қатысты мұғалімдерге, оқушыларға, олардың ата-аналарына арналған авторлық (оригиналын) анкета дайындай аласыз ба?

А) Ол туралы ойланған жоқпын. Анкета дайындап көрген емеспін.

Б) Ия, дайындай аламын. Алдыңғы жылдары мен авторлық анкета дайындағанмын, анкеталаудың нәтижесі ғылыми жұмыстарды дайындағанда, ғылыми студенттік баяндамалар дайындағанда қолданылды.

В) Мен оқулықтарда, оқу құралдарында, ғылыми статьяларда басылған анкеталарды қолданамын.

Г) Анкеталау әдісін қолданбаймын, басқа зерттеу әдістері маған көбірек ұнайды.

15. Кейбір психологиялық проблемаларды зерттеу мақсатымен өз бетіңізбен авторлық тест дайындай аласыз ба?

А) Ия, мен тест дайындай аламын, бірақ сұрақтарды ғалымдар дайындаған әзір тестерден, нақты тақырып бойынша таңдап аламын. Менің ойымша, ол психолого-педагогтық экспериментті ұйымдастыру және оны өткізудегі өнімді жолдың бірі.

Б) Мен тестерді өзім құрастырамын, себебі, психолого-педагогикалық әдебиеттерде мені толық қанағаттандыратын тестер жоқ.

В) Ол неге керек? Кезкелген психолого-педагогтық тақырыптан әртүрлі тестер көп, менің міндетім олардың ішінен ең валидті және сенімдісін таңдап алу.

Г) Әрекет жасап көрдім, бірақ олар нәтижесіз болды.

16. Психолого-педагогтік эксперименттердің қорытындысын тұжырымдау үшін Сіз математикалық статистика әдістерін қолдана аласыз ба (дайындығыңыз бар ма)?

А) Ия, ол кезде тестілеу қорытындысын тұжырымдау үшін формуласы бар тестерді, тест-сұрақтарды таңдап аламын.

Б) Дайындығым жеткіліксіз, ғылыми жетекшінің көмегі керек.

В) Менің ойымша, математикалық статистика әдістері психология-педагогикадан гөрі, басқа ғылымдарда көбірек қолданылуы керек сияқты.

Г) Ол туралы ойлаймын және психолого-педагогтік эксперименттердің қорытындыларын математикалық статистика әдістеріне сүйене отырып тұжырымдау жүйесін қарастыратын арнайы әдебиеттерді іздестіремін.

17. Сіздің методологиялық принциптерді игеру дәрежеңіз және оларды практикалық жұмыстарыңызда қолдануға дайындығыңыз қандай?

А) Негізгі методологиялық принциптерді игердім, өз ойымша, жеткілікті терең және толық. Мен оларды білім беру ұйымдарында өзімнің практикалық жұмыстарымда қолдануға әзірмін.

Б) Әрбір білім беру ұйымында өздерінің дәстүрлері, қалыптасқан басқару принциптері, жүйедегі өзара әрекеттестіктер бар: басқарушы – педагогтар; педагогтар – оқушылар; педагогтар – ата-аналар. Мен практикалық әдістерді игеруге және өз іс-әрекеттерімде жетілдіруге тырысамын.

В) Методологиялық принциптер туралы түсінігім анық емес, оларды міндетті түрде қараймын және негізгілерінің мазмұнын қысқартып жазып аламын.

Г) Емтихан мен сынақтарға дайындалғанда принциптар туралы оқығанмын, бірақ қазір ештеңе есімде жоқ.

18. Білім беру ұйымдарындағы күрделі проблемалардың бірі педагогтар мен оқушылардың ата-аналарының өзара әрекеттестіктері. Сіз оны өзіңіздің практикалық қызметіңізде қалай шешпек ойыңыз бар?

А) Әуелі белгіленген проблеманы жан-жақты тексеріп аламын, сосын мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара әрекеттестіктер жайлы толық деректер жинағасын, жанұя мен мектеп арасындағы әрекеттестіктерді жақсартудың жоспарын дайындаймын.

Б) Мен үнемі өткізіліп тұратын жалпымектептік және сынып жиналыстарының жүйесін құруға тырысамын, онда мен өзім және педагогтар балалардың жанұя жағдайында тәрбиелену, даму, білім алу мәселелері бойынша дәрістер жүргіземіз.

В) «Жалпымектептік және сыныптық ата-аналар комитетінің жұмысы туралы ереже»-ні дайындаймын және мектеп директоры бекіткеннен кейін оны орындауда комитеттің төрағасына мақсатқа сай бағытта көмектесемін.

Г) Ата-аналарды психолого-педагогтік сауаттандыру идеясын «Психолого-педагогтік ілімнің ата-аналар университеті» ұйымы арқылы енгізуге тырысамын, ол сабақтарда ата-аналар басқа білім беру ұйымдарынан шақырылған тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен ғылыми психология мен педагогиканы игеретін болады.

19. «Білім беру ұйымдарындағы психолого-педагогтік эксперимент» деген түсінікті Сіз қанша терең және толық игердіңіз?

А) Белгіленген түсінікті мен жеткілікті терең және толық игердім. Бұл мәселе туралы көрнекті ғалымдар жазған оқулықтар мен оқу құралдардың мазмұнын конспектілеп алдым, бағдарлама және білім беру ұйымының біреуінде таңдап алған тақырып бойынша зерттеуді ұйымдастыру мен өткізудің жоспары дайындалып жатыр.

Б) Әзірше біріктірілмеген, бөлшектелген білім бар, өзін жалпы қорытындылауды талап етеді.

В) Тестілеуге дейін ол туралы ойлаған жоқ едім. Сөзсіз, енді бұл түсінікті игеруді кешіктіруге болмайды, тезірек қолға аламын.

Г) Бұл мәселе туралы ойланамын, бірақ әзірге психолого-педагогикалық эксперимент туралы анық түсінігім жоқ.

20. Сіз статья жазуға, халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияларға қатынасу үшін баяндама әзірлеуге дайындығыңыз жеткілікті ме?

А) Студенттік ғылыми конференцияларға қатынасқан тәжірибем бар, ғылыми баяндамаларым ашық басылымдарда берілген. Бұл бағытта жұмысым жалғасады.

Б) Тестілеуге дейін ол туралы ойлаған жоқпын.

В) Статья және баяндама дайын. Жақында ғылыми жетекшіге тексеру үшін беремін.

Г) Ол туралы ойлаймын, бірақ нақты ешқандай әрекет жасаған жоқпын.

21. Білім беру ұйымдарындағы инновациялық іс-әрекеттер проблемалары туралы іскерлік ойындарға, ми «штурмдарына» қатынасуға дайынсыз ба және қандай дәрежеде?

А) Осындай дидактикалық формалар туралы естігенмін, бірақ бұрын ешқашан қатынасқан емеспін, анық ештеме айта алмаймын.

Б) Ия, дайынмын. Методологиялық проблемалар бойынша іскерлік ойындарға, ми «штурмдарына», дискуссияларға қатынасқан тәжірибем бар.

В) Дайын емеспін.

Г) Білім беру ұйымдарындағы жұмысқа жалпы дайындығым аталған дидактикалық формаларды енгізуге белсенді араласуыма көмектеседі.

22. Кейбір білім беру ұйымдарында мұғалімдер мен жоғары сынып оқушыларының арасында қақтығыстар жиі болып тұрады; кейде ата-аналарда «қосылып» кетеді. Егер сондай ұйымда жұмыс жасасаңыз, оларды азайту және тиімді шешу әдістемелерін қолданасыз ба?

А) Ол неге керек? Қақтығыс – кез келген процесстің қозғаушы күші, сонымен қатар, білім алудың да. Егер қақтығыстар аз болса немесе тіпті болмаса, онда тоқыраудан қашып құтыла алмайсың.

Б) Әуелі қалыптасқан қақтығыстар жүйесін тексеремін, сосын конфликтология теориясына, психолого-педагогтік зерттеулердің қорытындысына сүйене отырып, методологиялық семинарларда және дербес жұмыс процессінде педагогтар мен жоғары сынып оқушылар активтерінің іскерліктерін қалыптастыруға, конструктивті қақтығыстарды дамытуға және шешуге, адамның іс-әрекетінің барлық сферасында деструктивтікті, негативтікті жібермеуге (әсіресе, оқу-танымдылық, дамыту, тәрбиелеу әрекеттерінде) үйретемін.

В) Жоғары сынып оқушылары (10 – 11 (12) сыныптар) жас балалар емес. Қақтығыстарды шешу – сынып ұжымының шаруасы. Тек асқынып бара жатса ғана кірісемін.

Г) Ол туралы ойламап едім. Менің білім алудағы бұл ақтаңдағымды ЖОО-ны бітіруге дейін қалған уақытта жоюым керек.

23. Көз алдына елестетіңіз, Сіз қызмет жолын бастаған білім беру ұйымында, басқарушының, Сіз тікелей бағынышта болатын, Сіздің жұмысыңызға көңілі толмайды; бірнеше рет Сізді кемітетін ескертулер болды, жекетұлғааралық қақтығыс туып келе жатқан жағдай. Қандай методологиялық шараларды қолданасыз?

А) Қақтығысты күтпеймін. Өзіме басқа жұмысты «қарастыра» бастаймын және бірінші мүмкіншілік пайда болған кезде жаңа жұмысқа ауысып кетемін, тіпті жалақысы аз болсада.

Б) Өзімнің айналама «пікірлестер» ұжымын қалыптастыра бастаймын, оларды біріктіріп, нығайтамын.. Мен өзіме сенімдімін, практикалық жұмысымда шешу керек сұрақтарға компетенттімін, «Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңдарын» табандылықпен және бірізділікпен жүзеге асырамын. Мен қорқатын ештеңе жоқ. Қақтығыс щыққан жағдайда бастығыма «тойтарыс» «беремін». Өзімнің «жеңіске» жететініме күмәнім жоқ.

В) Егер бастығымның маған көңілі толмаса, онда қалай істеу керек екенін айтсын, ақыл берсін, үйретсін.

Г) Көп көңіл бөлмеймін. ЖОО-да үйреткендей жұмысымды жасай беремін.

24.Қазіргі білім беру ұйымдарында өзін-өзі актуалдандыру идеясы мүмкін бе және оны қалай жүзеге асыруға болады?

А) Ауылдық жер жағдайында мүмкін емес. Жағдай жасалмаған.

Б) Ия, өз білімін өзі жетілдіру жүйесі, педагогикалық процесстің әрбір мүшесі өздігінен дами алатын жүйе құрылса, онда мүмкін.

В) Бұл сұраққа жауап бере алмаймын, себебі «өзін-өзі актуалдандыру» деген түсініктің мәнін жете елестете алмадым.

Г) Ол туралы ойланған жоқпын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет