«Психотерапия» ПӘні бойынша



бет8/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#125479
1   2   3   4   5   6   7   8

Ауыз. Оған иек, мойын, желке бұлшықеттері кіреді. Жақ қысылып тұрғандай және шынайы емес босаңсыған күйде болуы мүмкін. Бұл сегмент жылау, айқайлау, ашу, тістеу, сору, гримасалау сезімдерін білдіру күйлерін ұстап тұрып көрсетеді. Қорғаныс қысымы жылаудың имитациясы, дыбыстарды шығару, ерінді қозғайтын әрекеттер, тістеу, құсу қимылары, арқылы және бұлшықетке тікелей әсер ету арқылы босаңсытуға болады.

  • Мойын. Бұған мойын және тілдің тереңде жатқан бұлшықеттер жатады. Оған негізінен ашу, айқай, жылау кіреді. Мойынның терең жатқан бұлшықеттеріне тікелей әсер ету мүмкін емес, сондықтан маңызды тәсілдері айқай, айқайлап сөйлеу, құсу қимылдары т.с.с. болып табылады.

  • Кеуде. Оған иықтың, жауырын, жалпақ бұлшықеттері, бүкіл кеуде клеткасы және қол бұлшықеттері жатады. Бұл сегмент күлкі, ашу, қайғы, құмарлық сезімдерін бөгейді. Кез келген эмоцияны басудың маңызды тәсілдерінің бірі демді кідіртіп шығару, ол көбінесе кеуде тұсында болады. Қабат дем алу арқылы, әсіресе толық демді алу арқасында босаңсытуға болады. Қол дәл соққы жасау, жұлу, қылқындыру, ұру үшін арналған.

  • Диафрагма. Бұған күн кеуде ортасы, әр түрлі ішкі мүшелер, төменгі омыртқалар бұлшықеттері. Қорғаныс қысымы омыртқаның алдыға қарай қисаю арқылы көрініс табады. Клиент жатқан кезде, арқының төменгі тұсымен жатқан жерінің арасында кеңістік болады. Демді шығару демді алуға қарағанда қиынырақ болады. Мұндағы қабат көбінесе ашуды бөгейді. Алғашқы төрт сегментті ашып алу керек, бұл құсу рефлексімен дем алумен жұмысы арқылы жүзеге асады (мықты блогі бар адамдар құсуға қабілетсіз болуы мүмкін).

  • Іш. Арқа мен іштің жалпақ бұлшықеттері кіреді. Белдегі бұлшықеттердің қысымы қорқыныш сезімімен байланысты. Бүйірдегі қорғаныс қабаты ашу мен ұнатпаушылықпен байланысты қытықтан қорқуды тудырады. Босаңсу жеңіл өтеді, егер де жоғарғы сегменттер ашылған болса.

  • Бөксе. Оған бөксенің бүкіл бұлшықеттері және аяқ бұлшықеттері кіреді. Неғұрлым қорғаныс қыртысы болса, соұрлым бөксе артқа қарай шығып тұрады. Бөксе регидті, ол «өлі» және сексуалды емес. Бөксе қабаты қозу, ашу және қанағаттануды басып тастайды. Қозу (немесе алаңдаушылық) сексуалды ляззатты басудан туындайды. Бөксе бұлшықеттердегі ашу толығымен кетпегенше бұл аймақта толығымен ляззат сезімін бастан кешу мүмкін емес. Бұл қысымды бөксе бұлшықеттеріне қысым өрсету арқылы, содан кейін аяқты сілку және бөксемен отырған жерді ұру арқылы босаңсытуға болады.

    Сегменттерді босату босаңсыту әдетте жоғарыдан төменге қарай жүргізіледі. Райхтың байқағаны, адамдар бұлшықет қабатын босаңсытқан сайын олардың өмір стилі, тұрмысы өзгереді, үлкен өзгерістер болады және соның ішінде мінезі де өзгереді. Оның алдында жоғалтып алған ашықты пен шынайылылық оларға қайта қайтып келеді. Олар өздерін қайтадан «тірі» сезінеді, жаңа энергиясын, өмірге қызығушылықтарын, қабілеттерін бағалайды және сақтайды.

    Дене терапиясына әр түрлі бағыттар мен тәсілдер кіреді. Бұған: Александр Лоэннің биоэнергетикалық дене терапиясы, Фельденкрайздің әдісі, Александрдің әдісі, рольфинг, Артур Яновтың алғашқы терапиясы, сезіммен ұғыеуға бағдарланған терапия. Сонымен қатар дене терапиясына хатха-йога, тай-цзи-цуань, айкидо және басқа да шығыс үйретулердің әдістерін жатқызуға болады. Александр Лоэннің биоэнергетикалық дене терапиясы, терең дем алуды, энергетикалық блоктарды ұғыну және бұлшықет қабатын әлсірету үшін арнайы дене тұрыстарын қолданады, сонымен қатар энергия ағымын мобилдеу үшн және «жасырылған» эмоцияларды босату үшін сөйлесу процедуралары. Фельденкрайздің әдісі тиімсіз әдеттерді ұғудан, қарапайым әрекеттерде артық күштітөмендетуден тұрады. Ол тиімді әдеттерді және шынайы грацияны, еркін қимылдарды құруға көмектеседі. Өзіндік сананы кеңейтуге және қабілеттерді дамытуға көмектеседі. Александрдің әдісі дене тұрыстарын түсінуге және оларды жақсартуға бағытталған. Адамға дене мүшелері арасындағы өзара гармониясын түсінуге көмектеседі. Рольфинг (Ид Рольф) қол бөліктері арқылы терең денені ұқалау, денені қайта құру, осанканы түзету, сол арқылы тұлғаны психологиялық жаңарту. Артур Яновтың алғашқы терапиясы бұрыңғы болғандарды бастан кешу үшін қиын болатындарды есіне түсіру, жаңғырту. Бұл өте маңызды, бұл арқылы жасырын қысымдарды анықтап, оларды жою. Сезіммен ұғынуға бағдарланған терапия – бұл процесс бала кезімізде болған, бірақ өмір барысында жоғалтып алған қабілеттерді қайтадан үйрену, денемен түйсіну.

    Шығыс әдістер өте күрделі және көп қырлы. Хатха-йога статистикалық дене тұрыстарына акцент қояды, оның негізгі мақсаты денені әр түрлі энергияның тасымалдаушысы ретінде тазалау және оны күшейту. Тай-цзи-цзуань дененің ішіндегі энергия жүйесін дамыту. Мұнда динамикалық жаттығулар қолданылады. Айкидо көбінесе қорғаныс жүйесі ретінде танымал, бұл жүйенің мағынасы - өзінің ішкі әлемінің гармониясы.

    23 Дәріс



    Тақырыбы: Топтық би терапиясы

    Сұрақтары: 1. Би терапиясының негізгі принциптері мен мақсаттары.

    1. Би терапиясының әдістері.

    Топтық би терапиясының негізгі міндеті - өзіндік «Меннің» саналы түрде ұғынылуы мен сезімденуін жүзеге асыру. Денемен жұмыс істеу тәсілдеріне қарағанда, би терапиясында дененің идеалды моделі жоқ. Би терапевті денеге эволюциялайтын процеске сияқты назарын салады. Денемен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерінен осы терапияның тағы бір маңызды айырмашылығы клиенттің өзін-өзі зерттеуінде (клиент белсенділігінің принципі), би қозғалыстары клиенттің өз қалауымен дамиды да, терапевт оның артынан қайталайды (яғни терапияның директивті емес стилі). Берілген терапия сыртынан қалай көрінетіні емес, қозғалыстардың қалайша сезілетіндігі туралы қызығушылықты танытады.

    Юнгиандық аналитик пен би терпевті Джоан Смолвуд, оның шәкірті Мери Уайтхаус пен Труди Шуп терапевтік үрдістің 3 құрамдас бөлігін бөліп көрсетті:

    -Саналы түрде ұғыну (дене бөліктерін, демін, сезімдерді, образдарды).

    -Қозғалыстарыдың мәнерлілігін арттыру (иілгіштіктің, жоспарсыз қозғалыстардың, қозғалыс элементтерінің әр түрлілігінің дамуы, өз қозғалыстарының шектерін анықтап оны кеңейту).

    -Аутентикалық қозғалыстар (өзіне толғаныстар тәжірибесін қосатын ішкі түйсінуден шыққан және тұлғаның интеграциясына әкелетін жоспарсыз би импровизациясы). Аутентикалық қозғалыстар К. Юнгтың санасыздық бөліктері ретінде сипаттаған психиканың белгілі бір бөліктерін белсендендіреді.

    Би терапиясы басқа тәсілдерге қарағанда, би терапиясы денемен жұмыста түстерді, образдар мен символдарды қолданады. Би терапиясы - өте көп еркін кеңістік қолданылатын терапияның жалғыз түрі. Сонымен қатар мұнда клиенттің шығармашылық және мәнерлі ішкі әлемін кеңейту мен байыту үшін салмақ, кеңістік, уақыт сияқты түсініктер де қолданылады.

    Би терапевті терапевт – клиент, клиент – кеңістік, саналы қозғалыстар – саналы емес қозғалыстар деген өзара қарым-қатынасқа назарын шоғырландырады. Би терапиясы екі формада көрінеді: дербес және топтық. Топтық формада би терапиясының үрдісі қатысушылардың жоспарсыз қозғалысын бағыттап дамытады. Әдеттегі топтық сессия өзіне 3 бөлікті қосады: қызу, оның дамуы мен аяқталуы (бұндай құрылым басқа да психотерапевтік топтарға тән: психодрама, гештальт үшін т.б.)

    Қызу бөлігі топқа енуге, өзінің кейпін дұрыс сезінуге, орталықтануға көмектеседі. Қызудың нәтижесінде топқа қатысушылар өзін әдетте координацияланған және қозғалуға даяр болатындай сезінеді. Сонымен қатар бұл кезеңде өз сезімдері мен ойларын дене мен қозғалыстардағы байланысындағы мәнін саналы түрде ұғынуға бастау болады (Мысалы: иықтар мен қолдардың тартылуын адамның әлдебір жағымсыз нәрсені өзінен итеріп тастайтын құбылысқа дамытады). Қозғалыстарды қайталап және күшейте бере би терапевті әрбір адамға сезімдерін кері визуальды байланыс арқылы саналы түрде ұғынуға көмектеседі. Бұнда терапевт топқа өзте сезімтал түрде қарау керек, себебі эмоционалды және денелік шектен тыс күштеме жұмыстағы кедергілерге әкеп соғады. Терапевт қозғалыс үрдісін вербалды кері байланыс арқылы аяқталу бөліміне жетуге көмектеседі. Бұл кезең Мен құрылымының денелік, эмоционалды және когнитивті құрамдарының интеграциясына алғышарт болады.

    Би терапевті ағымдағы эмоционалды және психологиялық тақырыптарды әрбір адамның өткенімен сәйкестендіре келе ашып көрсетіп, дамытады. Топтық жұмыстағы негізгі тақырыпқа «Басқа адамдармен байланыс орнату кезінде өзі болып қалай қала беруге болады» деген мәселе жатады.

    Бұрында би терапиясы көп жағдайда ауыр бұзылулары бар адамдарға қолданылған. Ал бүгінгі таңда – өзін-өзі қабыл алуға, өзін-өзі өзектеуге, Мен бөліктерін интеграциясын, эффективті тұлғаралық және топтық өзара әрекеттестікті дамыту мақсатымен психологиялық қиыншылықтары бар дені сау адамдармен жұмысқа неғұрлым көп бағдарланған терапия болып табылады. Сондықтан да би терапиясының әлеуметтік-психологиялық аспектілеріне неғұрлым көп қызығу туындап отыр. Би терапевті жұмысының үш негізгі аумағы бар:


    1. Дене мен оның қозғалыстары

    2. Тұлғаралық қатынастар

    3. Өзін-өзі саналы ұғыну

    Бірінші аумақтағы терапияның мақсаттарына: пациентке конфликтер мен жүктемелерді толығымен табу үшін денені белсендендіру, дененің мүмкіншіліктерін денелік интеграция мен координация сезімінің тәжірибесін алу үшін дамыту жатады.

    Екінші аумақта би терапевті ритмді және тура денелік өзара әрекеттестікті қолдану арқылы коммуникацияның базалық деңгейін орнатады. Топтық тәжірибе өзін-өзі саналы ұғыну деңгейін адам басқа адамдардың қозғалыстарын бақылағандағы визуалды кері байланыс арқылы көтеруге мүмкіндік береді. Басқалардың сезімі денелері арқылы қалайша көрініс беретіндігін бақылай отыра, топқа қатысушы өзінің сезімдерін идентификациялауға және табуға үйренуі мүмкін.

    Үшінші аумақтағы мақсаттар саналы денелік тәжірибе өзін-өзі саналы ұғынуды тереңдетеді деген ойға байланысты топталған. Дербестілік ерекшеліктерінің неғұрлым тура көрініс беруі дене арқылы мүмкін болады.

    Би терапиясының негізгі техникалары жалпы би сессия ұлпасына кіргізіліп, қозғалыс пен би тіліндегі белгілі терапевтік техникалардың интерпретациялары болып табылады. Оларға: НЛБ-дағы дем алу техникасы, асыра көтермелеу, гештальт-терапиядағы сезімдерді күшейту мен оның көрінісін алға итеру, би сессиясы үрдісіндегі белгілі бір қозғалысты асыра көтермелеу, тақырыптың әрекетке өтуі, би терапиясындағы қозғалыс диапазонын кеңейту және т.б. осылайша, би терапиясының тәсілдері психиатрияның басқа да бағыттарындағыдай екенін аңғара, оның өз кеңістігінде денеде және қозғалыста жұмыс істейді. Би терапиясында көптеген тренингтерге кіретін формат-техникалары қолданылады. Оларға: «континуум», «аутентикалық қозғалыс», байланыс импровизациясы, «жолаушы биі» (pedestrian dance), Габриэла Роттың «дене джазы» т.б. Осылайша, би терапиясындағы техникалар бірнеше қызмет атқарады:



    Диагностикалық – адам «меңгерілген және меңгерілмеген» сапаларды және бұл картинаның оның өмірімен қалайша байланысқаны екенін анықтайды. Ол саналы таңдау істей алады - өз өмірінің белгілі бір аумағын меңгеру болып табылады. Тестік – егер де бұл техниканы тренингтің басында не аяғында қолданса, көптеген адамдар пайда болған тұлғалық өзгерістердің деңгейі мен сапасын анық қабылдайды. Терапевтік – басқа техникалармен жарасқанда адам өзін көрсету тәсілдерін табуға, өзара әрекеттесу формалары мен реакциялар диапазонын кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Би терапиясы бұлшықет жүктемесінің паттерндерінің динамикалық аспектісін жасап шығаруға мүмкіндік береді. Би терапевті қоршаған нәрселерге өте сезімтал назарын аударуы қажет, себебі ол адамдарға эмоцияларын сезініп, оларды трансформациялауға және көрсетуге мүмкіндік беруі керек. Би терапиясындағы топ дегеніміз – бұл түрлі әлеуметтік жағдайлардың микрокосмы, бұның арқасында клиенттер өзін және өзгелерді адекватты түрде қабылдауға және қылық-әрекеттік мүмкіндіктерді кеңейтуге үйренеді.


    24- Дәріс

    Тақырыбы: Коммуникация психотерапиясы

    Сұрақтары:

    1. Коммуникация терапиясының маңызы

    2. Психотерапиялық кеңес беру мен тестілеу
    Психотерапиялық кеңес беру мен тестілеуді тиімді пайдалана білу психолог жұмысында өте қажет. Психодиагностикалық әдістерді үлкен біліктілікпен қолдана білу көмекке келген адамдармен жағымды қарым-қатынас орнатудың жолы.

    Психикалық проблемасы бар адам психолог маманға бірден өз тағдырын, болашағын, ойын, жоспарларын ақтарылып жеткізе алмайды. Сондықтан, психологиялық тестілеуді сауатты қолдана білудің жағымды жақтары клиент жөнінде көптеген психологиялық мәліметтерді түсінуге көмектеседі. Мынандай жағымды жақтары бар:



    • Тестілік әдістемелер арқылы клиенттің жеке басы деңгейін диалогтан гөрі тереңірек анықтауға болады.

    • Стандартты әдістемелерді қолдану арқылы қалыптасқан бай тәжірибелерімен танысамыз.

    • Статистикалық тестілік талаптар мен сандық көрсеткіштер арқылы психологиялық жұмыстың сапасын, клиентке әсерін, өзгерістерін қадағалап, салыстыра аламыз.

    • Клиенттің психологиялық жағдайы мен ерекшеліктерін анықтауға, қарым-қатынас орнатуға, сеніміне кіруге, іс-әрекетін белсендіруге көмектеседі.

    Психологиялық көмек берудің мақсаты мен шарттарына қарай қолданылатын тестілік әдістемелер:

    • экспресс – тестер;

    • тереңдетілген психологиялық диагностикаға арналған тестілер;

    • тереңдетілген психологиялық диагностиканың әдістемесі

    болып бөлінеді. Аталған стандартты психодиагностикалық құралдардың тиімділігі психологтың біліміне, біліктілігіне, кәсіптік іскерлігіне, шеберлігіне айланысты.

    Дегенмен, психологиялық тестілеуді қолдануда кейбір қателіктер де кетіп жатады.



    1. Адекватсыз тестілік әдістемелерді таңдау.

    2. Дұрыс емес диагностикалық шешімдерді қабылдау.

    3. Психологиялық диагностиканың нәтижелерін дөрекі түрде жеткізу.

    Психолог тестілеуден алған мәліметтерді клиентке жеткізуде үлкен сыпайлылықпен, мәдениетті түрде төмендегі жеке адамның рефреймингі принциптеріне сүйенуі керек:

    • деноминализация – терминдерді өңдеу, клиенттің кім және қандай қасиеттері бар екендігін айтпай, оның не істейтіні мен сезімін айтуы;

    • контекстуализация – болған жағдайдың мазмұнына нұсқау, клиенттің қашан, қай жерде өзін ұстайтынын айту;

    • позитивті рейнтерпретация – клиенттің мінез – қылығындағы жағымсыз жақтарын жоққа шығару.

    Жеке адамның рефреймингін қолдану арқылы көмекке келген клиенттің:

    • өзінің психикалық ерекшеліктерін, қасиеттерін, бойындағы «артықшылығын» түсінуге;

    • жағдайларға байланысты мінез-қылықтарын дұрыс көрсетуге;

    • әр түрлі жағдайларда бағдарлай білуіне көмектеседі.


    3.Семинар сұрақтары:


    Ауру және адам

    1. Ауру туралы сипаттама.

    2. Психикалық және симатикалық аурулар.

    3. Ауруды тудыратын себептер.

    4. Этимиология және патогенез.



    Психотерапияның қалыптасып дамуы.

    Психотерапия ғылымының даму тарихы XVI ғасырдағы магнетизм құбылысы: Франц Месмердің үлесі. Гипноз құбылысы.

    Психотерапиядағы динамикалық бағыттар

    1. Психокоррекция психотерапияның психологиялық моделі.

    2. Психокоррекцияның мақсат – міндеттері.

    3. Коррекциялық әрекетке кәсіпті дайындықтың негізгі компоненттері.


    Психодинмикалық бағыттарды қайта қарау.

    1. Адлериандық психология.

    2. Дербес адам психологиясының негізгі мазмұны.

    3. Реориентациялық тренингтің аспектілері.

    4. Психикалық қолдану әдістемесі.



    Гештальттерапия

    1. Гештальттерапия туралы түсінік.

    2. Гештальт теориясының ерекшеліктері. «Организмнің бөлінбейтін біртұтастығы» - теориясы.

    3. Гештальттерапиясы теориясының негізгі принциптері.


    Фокустық терапия

    1. Фокустық терапия туралы түсінік.

    2. Фокустық терапияның қолдану ерекшеліктері.

    3. Психосинтез теориясы.


    Когнитивті терапия

    1. Когнитивті терапияның әдістері.

    2. Рационалды эмотивті терапия (РЭТ) когнитивті терапияның негізгі формасы.

    3. Деппресия – когнитивті процестердің көмескіленуі.

    4. Психопатологиялық жағдайлардың когнитивті үлгілері.



    Альберт Эллистің РЭТ – сы

    1. Когнитивті психотерапияның негізін салушылар.

    2. Ирроционалды детанымдар.

    3. Когнитивті психотерапия техникасы.


    Топтық психотерапия. Психодрама.

    1. Топтық психотерпияның негізгі ерекшеліктері.

    2. Оған қойылатын талаптар.

    3. Психодраманың маңызы. Жүргізу техникасы.


    Жанұялық психотерапия. Психикалық релаксация әдістері.

    1. Жанұялық психотерапияның негізгі тәсілі.

    2. Медитациялық маңызы.

    3. Қолдану техникасы.


    Медитация

    1. Медитация психотерапияның негізгі тәсілі.

    2. Медитацияның маңызы.

    3. Қолдану техникасы.


    Аутогендік жаттығу.

    1. Аутогендік жаттығудың негізін салушылар.

    2. Медициналық және психологиялық терапияда қолданылатын аутогендік жаттығулар.

    3. Аутогендік жаттығулар теориясы мен техникасы.


    Классикалық гипноз

    1. Гипноз және классикалық гипноз.

    2. Джемс Брэдтің «Нейрогипнология» кітабы.

    3. М.Шарка Беренгеймдердің классикалық гипнозға үлесі.


    Нейролингвистикалық бағдарлау

    1. НЛБ – ның негізін салушылар

    2. НЛБ – ның принциптері әлем жайлы дербес үлгі.

    3. НЛБ – ның модельдеу әдістері.


    Хомотропты және денеге бағытталған терапия.

    1. Холотропты және денеге бағытталған терапия техникасы және маңызы.

    Топтық би терапиясы.

    1. Топтық би терапиясының ерекшеліктері мен техникасы.

    Коммуникация психотерапиясы

    1. Метафораларды қолдану жаттығулары.



    4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

    4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.



    Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

    Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

    СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.

    І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

    Негізгі талаптар:


    1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

    2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

    3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

    4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

    5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

    Реферат жазуда не ескеріледі?

    1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

    2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

    3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

    4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

    5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

    6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

    Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

    Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

    Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
    Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

    1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

    2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

    3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

    4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

    5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

    6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

    7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


    Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

      • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

      • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

      • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

      • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

      • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

      • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

      • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

      • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.



    Емтихан сұрақтары


    1. Психотерапия пәні, зертеу объектісі

    2. Альфред Адлердің индивидуалды психологиясы

    3. Топтық психотерапия

    4. Психотерапияның ғылыми істері

    5. Адлер ілімінің ерекшеліктері

    6. Жанұялық психотерапия

    7. Психотерапияның қалыптасып дамуы

    8. Р. Ассаджиолидің психосинтезі

    9. Психикалық релаксация әдістері

    10. Психотерапиядағы магнетизм

    11. З.Фрейдтің психоанализі

    12. Эрисониандық гипноз

    13. Клиникалық бағдарлы әдістері

    14. Трансактілі анализ әдісі және негізін салушы

    15. Психотерапиялық көмекке қойылатын талаптар

    16. М.Ж. Шарконың гипноздың психофизиологиялық негізін ашудағы үлесі

    17. Медитацияның психологиялық негізі

    18. Холотропты терапия

    19. Аутогендік жаттығу әдісі

    20. Нейролингвистикалық бағдарламалау

    21. Топтық би терапиясы

    22. Сендіру және өзін өзі сендірудің түрлері

    23. Әлемнің индивидуалды моделі

    24. Суггестивті техникалар

    25. Рационалды психотерапия

    26. Рационалды эмотивті терапия моделі

    27. Сенсибилизация және десенсибилизация әдістерін қолдану ерекшеліктері

    28. Ауру туралы түсінік: психикалық және соматикалық

    29. РЭТ – сының техникалық ерекшіліктері

    30. Экзистенциальды терапиядағы метафора

    31. Науқас адамның психологиясы, инохондриялық қайғыру

    32. Мінез қылық терапиясының әдістемелік ерекшеліктері

    33. Л. Бинсвангер және бинсванегерлік диагностика (дизаианалитик)

    34. Психиклық ятрогения

    35. Б. Скиннердің теориясы

    36. Психотренингтік жаттығуларға қойылатын талаптар

    37. Психокоррекциялық жұмыстың мақсат міндеттері

    38. Мінез қылық терапиясындағы марита мен холдинг

    39. Стресс және стрессогендер

    40. Психокоррекциялық жұмыстардың модельдері

    41. В.Н Мясищевтің қарым қатынас психологиясының теориясы

    42. Психотерапевтке қойылатын талаптар

    43. Психхотерапиялық кеңес беру мен көмек көрсету

    44. К. Роджерстің психотерапиясы

    45. К.Роджерстің «мен» концепциясы

    46. Жеке адамның рефрейминг принциптері

    47. Бихевиористік психотерапия

    48. Психодрама генезисі мен тарихы

    49. Гештальт туралы түсінік

    50. Психодрама психотерапияның әдісі ретінде

    51. Невроздар және невротикалық релаксациялар

    52. Гештальт теориясының ерекшеліктері

    53. Я. Мореноның негізгі психодрамалық түсініктері: теле, катарис, инсайт

    54. Жанұялық қарым қатынасты психотерапиялық зерттеу

    55. Гештальт терапиясы теориясының негізгі принциптері

    56. А. Бектің когнитивті терапия теориясы

    57. Адлериандық психотерапия

    58. Психодинамикалық бағыттар, теориялық көмектің мақсаты

    59. Жеке адам терапиясы

    60. З. Фрейд теориясының қолдану техникасы





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет