АР ЖУНУСОВА ПСИХОТЕРАПИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ. ПАВЛОДАР. КЕРЕКУ, 2010
АУТОГЕНДІК ЖАТТЫҒУ (А. Ж. ) (грек. autos — өзім, genos — шығу). Күйзелу нәтижесінде бұзылған адам ағзасының гомеостатикалық өзі реттелетін механизмдер жүйесінің динамикалық тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған психотерапия, психологиялық алдын алу және психологиялық гигиенаның белсенді әдісі. Әдістеменің негізгі элементтері бұлшық релаксация жаттығуы, өзін-өзі иландыру және өзін-өзі тәрбиелеу(аутодидактика) болып табылады. Аутогендік жаттығу белсенділігі классикалық үлгідегі гипнөзды терапия – науқастың емдеу үдерісіне енжар қатынас, дәрігерге тәуелділік сияқты кейбір жағымсыз жақтарына қарама-қарсы.
Аутогендік жаттығу емдеу әдісі ретінде жүйке төзуын емдеу үшін Шульцпен (Schultz J. Н.) 1932 ж. Ұсынылды. Елімізде оны 1950-жж. қолдана бастады. Аутогендік жаттығу емдік қасиеті дамумен қатар, вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі тонусының күшеюімен сипатталатын трофотроптық реакция релаксациясы нәтижесінде, сонымен қатар жалпы үрейдің төмендеуі мен жаттығатындардың күйзеліске қарсы үдерістерінің дамуымен бірге жүретін лимбиялық және гипоталамиялық бөліктері белсенділігінің әлсіреуіне негізделеді (Лобзин В. С., 1974).
Аутогендік жаттығу екі сатысын жіктейді (Шульц бойынша):
1) төменгі саты — ауырлық, жылылық сезінулерді шақыруға, жүрек қызметі мен тыныс алу ритміне ие болуға бағытталған жаттығулар арқылы релаксацияға оқыту;
2) жоғары саты — аутогендік медитация — түрлі деңгейдегі транстық жағдайларды жасау.
Төменгі саты, аутогендік жаттығу - 1, науқастармен келесі үш қалыптың бірінде орындалатын алты стандартты жаттығуларды құрайды:
1) отыру жағдайында, «көшір қалпы» — жаттығатын алға қарай басын түсіріп орындықта отырады, қолдары мен білектері жамбастың алдыңғы жағында, аяқтары бос тұрады;
2) жату қалпы — жаттығатын арқамен жатады, басы төмен жастықта, сәл шынтақтары бүгілген қолдары дене бойы алақанымен төмен қарай еркін жатады;
3) жартылай жату қалпы — жаттығатын арқаға шалқайып еркін креслода отырады, қолдары жамбастың алдыңғы жағында немесе шынтақ таянышында, аяқтар еркін тұрады.
Барлық үш қалыпта толығымен әлісрегендік болады, одан да жақсы шоғырланушылық болу үшін көз жабық болу керек.
Жаттығулар жаттығу басшысымен айтылатын өзін-өзі иландырудың тиісті формулаларын ойша (5-6 рет) қайталау жолымен жасалады. Стандартты жаттығулардың әрқайсысы «Мен толығымен сабырлымын» формула-мақсатпен бірге орындалады.
Бірінші жаттығу. Қол мен аяқтағы ауырлық сезімін шақыру, бұл көлденең-жолақты бұлшық еттердің босаңсуымен бірге болады. Формулалар: «Оң қол тым ауыр», одан кейін «Сол қол тым ауыр» және «Екі қолым тым ауыр». Дәл сондай формулалар аяқтарға арналады. Соңғы формула: «Қол мен аяқтар тым ауыр».
Екінші жаттығу. Қол мен аяқтардың тамырлы иннервация реттемесін болдыру мақсатында қол мен аяқта жылуды келтіру. Формулалар: «Оң (сол) бүтіндей жылы», одан кейін «Қолдар бүтіндей жылы», дәл сондай формулалар аяққа. Соңғы формула: «Аяқ пен қолдар бүтіндей ауыр және жылы».
Үшінші жаттығу. Жүректің кему ритмдерін реттеу. Формула: «Жүрек қатты және дұрыс соғады».
Төртінші жаттығу. Тыныс алу ритмінің дұрысталуы мен реттелуі. Формула: «Мен толығымен мазасыз тыныс аламын».
Бесінші жаттығу. Құрсақ қуысында жылу сезінуін келтіру. Формула: «Менің күнмен тұтасуым жылу шығарады».
Алтыншы жаттығу. Тамырлы генездің бас ауруларын алдын алу және жеңілдету мақсатымен маңдай бөлігінде салқындықты келтіру. Формула: «Менің маңдайым жағымды салқын».
Кезекті жаттығуды игеру көрсеткіші сезінулер генерализациясы болып табылады. Мысалы, аяқ-қолдардағы жылуды иландыру бойынша жаттығулар жылу барлық денеге таралған кезде игерілген болады.
Әр жаттығуды жасау үшін 2 апта кетеді. А.Ж. бүкіл курсы шамамен үш айға сөзылады. Әдетте сабақтар топпен аптасына 1-2 рет психотерапевт басшылығымен өткізіледі; сабақтың ұзақтығы 15-20 минут. Күніне екі рет өткізілетін науқастардың дербес жаттығуларына көп көңіл бөлінеді (таңертең, тұру алдында, және кешке, ұйқтар алдында), оның үстіне науқастар сабақ үстінде сезілетін сезінулерді сипаттап жазатын күнделік жүргізеді.
Алғашқы екі стандарттық жаттығуды игеру кезінде («ауырлық» және «жылылық») ерекше аутогендік берілудің жағдайы туындайды. Оны Шульц Шульц «қайта қосылу» деп атаған және физиологиялық түрде «сақтаулы сана кезінде биотонустың төмендеуі» деп анықтаған. Мюллер-Хегеманн (Muller-Hegemann D.) бұл жағдайды сыртқы тітіркеніс жоқ болғанда қабық белсенділігінің төмендеуі және жаттығу формулаларына көңіл аудару салдарынан ойлау үдерісінің қысқаруы деп түсіндіреді. Бұл жағдай түс пен сергектік аралығындағы болып сипатталады, ол гипнөздық ұйқының (сомноленциялар) бірінші сатысына жақын. Аутогендік берілудің тереңдігі үш фазаға бөлінеді. Бірінші фазада пациент барлық денеге таралған ауырлық, жылу, маужырауды сезінеді. Екінші фаза дене жеңілдігімен, салмақсыздықпен сипатталады, сонымен қатар дене кстесінің бұзылуы жиі орын алады. Үшінші фазаны «дененің жоғалуы» деп сипаттауға болады.
Бірінші және екінші фазалар электроэнцефалографиялық түрде саралап жіктелуі мүмкін. Қабықтың маңызды тежелуінің арқасында қайталанатын формулалар өзін-өзі иландырудың тиімді құралы болады. Аутогендік шомуда науқас белгілі ауру бұзуларына қарсы бағытталған өзін-өзі иландыруға кіріседі.
Лутэ (Luthe W.) формула-ниеттердің 5 түрін бөледі:
1) бетараптайтын, өзін-өзі иландырудың «бәрібір» нұсқасын қолданатындар: «Жұту бәрібір» — эзофагоспазма кезінде, «Гүл төзаңы бәрібір» — аллергия кезінде және т.б.;
2) күшейткіш, мысалы: «Менің қуығым маған белгі бергенде, оянатынымды білемін» — энурез кезінде; «Менің миым автоматты түрде айтады» — кекештену кезінде;
3) абстиненттік-бағытталған, мысалы: «Мен ішімдіктің бірде-бір тамшысын, ешбір формада, еш уақытта, қандай болмасын жағдайда ішпейтінімді білемін»;
4) парадокстік, мысалы: «Мен нңғұрлым жаман жазғым келеді» — жазу құрысқан кезде;
5) көмектесетін, мысалы: «Мен дәрілерге тәуелді еместігімді білемін» — тыныс демікпесі; «Есімдер қызықты» — есімдерді жаман есте сақтау кезінде.
Жалпы пікір бойынша, аутогендік жаттығу жүйке ауруларын, қызметтік бұзулардың және психосоматикалық ауруларды емдеуге аса тиімді. Жүйкесі жұқарған адамдарды емдеуге ұсынылады. Осындай неврөз формасында психогендік сексуальдық бұзулар мен түстің бұзылу кезінде аса тиімді әсер береді. Жабысқақ жағдайлар неврөзы кезінде бұл — фобиялық синдром; обсессияларды емдеу кезінде нәтижелер қанағаттанарлық. Көптеген зерттеушілер есірік кезіндегі аутогендік жаттығу тиімсіздігін атайды, онда аурудың ерекше «қажеттілігі» анықталады. Ипохондриялық синдроммен ауыратын науқастар салыстырмалы резистенттілікті анықтайды. Жабысқақ аурумен ауыратын науқастардың компульсивті синдром кезінде мүлдеем әсері болмайды. Сондай-ақ психастения кезінде де емдеу тиімділігі төмен.
Аутогендік жаттығу қолданудың ең жақсы нәтижелері эмоциональдық шиеленіспен және тегіс бұлшық еттер қабынуымен байланысты айқындалатын ауруларды емдеу кезінде байқалады, сонымен қатар парасимпатикалық әсер, симпатикалықтан жеңіл беріледі. Әдебиетте бронхтық астма, гипертония ауруы, бітелу эндартериті, диспноэ, эзофагоспазма, стенокардия, спастикалық аурулар, ішек-асқазан аурулары және іш қатудың инициальды кезеңінде А.Ж. қолданудың жақсы нәтижесі көрсетілген. Ойық жаралық ауруларды емдеудің қанағаттанарлық нәтижелері туралы деректер бар, оның негізгі себебі - кең таралған пікірлердің бірі, тамырлардың жергілікті жүйке түйілуі болып табылады. А.Ж. сөйлеу және фонацияның әр түрлі жүйке бұзылуларын емдеу тәсілі ретінде тиімді. Бірақ науқастардың жалпы тобында А.Ж. логофобия құбылыстарын ғана жинақтайды, ал жүйелі неврөзы ретінде кекештікті емдемейді, осыған байланысты логоневрөзбен ауыратын науқастарға мамандандырылған психотерпиялық топтарда сабақтар өткізу қажет.
Аутогендік жаттығу маскүнемдік пен есірткі құмарлықтың кешенді емдеуіне енеді, нақтырақ абстинентті синдром мен антитоксикалық ұстанудың қалыптасуын жою үшін қолданылады. Неврологиялық емханада А.Ж. нерв жүйесінің органикалық бұзылу суретін толықтырып қиындататын, психогендік бұзуларды жинақтау мақсатында нерв жүйесінің органикалық ауруларының қалып қойған құбылыстарын емдеу, сонымен бірге мидың тамыр бұзылулары, тұлғаның рекциясын түзету, бас-сүйек ми жарақатының қалдық құбылыстары, нейроинфекцияларды және т.б. емдеу кезінде қолданылады.
Аутогендік жаттығу арқылы эмоциональдық күйзеліс пен үрейді сәтті түсіру оның түрлі аурулардың психикалық алдын алу әдістерінің көптеген нұсқаларына қосылуын дәлелдейді.
Сонымен қатар А.Ж. споршыларды, эмоциональдық күйзеліс пен экстремальды жағдайда жұмыс істейтін адамдарды дайындағанда, психогигиеналық және психикалық алдын алу құралы ретінде кең қолданысқа ие болды. А.Ж. өндірістік гигиена әдісі ретінде арнайы нұсқаларын қолданудың оң тәжірибелері жинақталған.
Аутогендік жаттығу айқын емес сана және сандырақ жағдайында қолдануға болмайды, әсіресе қатынас және әсер ету сандырағы жағдайында. Аутогендік жаттығу өткір тәндік талма және жандандырылған күрт асқыну кезінде пайдалану ұсынылмайды. Айқындалған қызылтамырлы гипотония кезінде вагустық жүйенің жағымсыз басымдылығын жеңу үшін кейбір арнайы тәсілдер қолданылады (қар. төменде К. И. Мировский және А. Н. Шогамның модификациясы).
Төменгі сатылы аутогендік жаттығу модификациясы:
1. Мюллер-Хегеманн модификациясы (1957). Беттің (әсіресе тіл) және қол ұштарының (әсіресе үлкен саусақ) қабықты құрылысының кең өкілдігі туралы жұмыстарға негізделе отыра, Мюллер-Хегеманн Шульц әдістемесіне келесідей қосамша формулаларды енгізіп өзгертті: «Бет бұлшық еттері түгелдей әлсіреген», «Жақ төменге қарай еркін салбырайды», «Тіл бүтіндей ауыр» — «Маңдай жағымды салқын» және «Екі қол ұшы мүлдем ауыр» формула алдында — «Екі қол ұшы мүлдем ауыр» формуладан кейін. Бет және қол ұштары бұлшық еттерінің босаңсуы неғұрлым терең аутогендік шомуға беріледі, ал бас сақинасымен ауыратын адамдар жиі басталып жатқан талманы таратпауға ықпалын тигізеді. Автор үшінші жаттығуға да өзгерістер енгізеді. Оны орындау кезінде науқас сол жақ қол ұштарынан иығына дейін ағып тұрған жылумен толтырылған сол қолды елестету керек.
Әрі қарай ол «сол жақ қолда жиналғанды» сол жақ көкірек қуысына «ауыстырып төгеді», оны жүрек бойы ағып келе жатқанын сезінеді және осылай коронарлық тамырлардың рефлекторлық кеңеюіне ие болады.
2. Клейнзорге және Клумбиес модификациясы (Kleinsorge Н. және Klumbies G., 1965). Авторлар мүшелерге бағытталған жаттығу техникасын әзірледі. Осындай «бағытталған мүшелік жаттығу» А.Ж. алдағы дамуы болып табылады. А.Ж. қысқартылған жалпы курсының аяқталған соң, авторлар науқастарды нақты синдромдар бойынша жіктейді. Бұл топтарда тиісті түрде бірінші сатылы кеңейтілген және қосымша классикалық жаттығулар болып табылатын арнайы жаттығулар курсы жүргізіледі. Келесі топтар жинақталады.
«Бас» тобы. Көрсеткіштер: вазамоторлық бас аурулары, бас сақинасы, Меньер синдромы, белсенді назардың бұзылуы. А.Ж.-1 6-шы жаттығуына баса назар аударылады: «Маңдай жағымды салқын, басым ашық, бос, айқын, ол кез келген ойға назар аудара алады» және т.б.
«Жүрек» тобы. Көрсеткіштер: жүрек қыспасы, кардиология синдромы, жүрек соғуының бұзылуы. Басты назар — 2 және 3 жаттығуларда. Терапиялық әсер сол жақ қолдың тері қан тамырларының кеңеюі кезінде күре тамырларының рефлекторлық кеңеюіне негізделген.
«Іш» тобы. Көрсеткіштер: құрсақ қуысы мүшелерінің бұлшық еттерінің түйілуі, гастралгия, өт жолдарының дискинезиясы, кілегей және ойық жаралық тоқ ішектің қабынуы. Назар — 5-ші жаттығуда. Авторлар «Күннің шиеленісі жылу береді» Шульц формуласын как негізсіз физиологиялық «Жанға жағымды жылу менің ішіме таралып жатыр» сияқтыға ауыстырады.
«Тамырлар» тобы. Көрсеткіштер: перифериялық қан айналымының бұзылуы, неврогендік сатыдағы гипертония ауруы. Жаттығулар екі бастапқы А.Ж.-1 жатығулар негізінде құрылған.
Назар жалпы тыныштық формулаларына аударылады.
«Өкпе» тобы. Көрсеткіштер: психогендік диспноэ, бронхтық демікпе (талмадан тыс), эмфиземаның алғашқы кезеңдері. Жаттығу ашық терезелерде жатып жасалады. Келесі формула енгізіледі: «Мен өте жеңіл демаламын».
«Тыныштық» тобы. Көрсеткіштер: түстің бұзылуы және эмоциональдық бұзылулар. Жатқан қалыпта жаттығады. Арнайы жаттығулар қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуына бағытталған (бөлігі прогрессивті бұлшық ет релаксациясы кешенінен енген). Транквилизация сондай-ақ жанама түрде — эмоциональдық жағымды бейнеленген суреттерді елестету (пейзаж және т.б.).
Жеке синддромдар бойынша топтардың мамандануы көптеген авторлар ұтымсыз деп таниды. Соңғы кездері «бағытталған мүшелер жаттығуы» жиі емделу топтарында емес, актер, спортшыларды және т.б. дайындау кезінде кәсіби-қосалқы мақсатпен жүргізіледі. Осындай жаттығандыр топтамасында А.Ж.-1 көптеген стандартты жаттығулар артық болады да, оларды тар арнайы жаттығулар айырбастайды.
3. К. И. Мировский және А. Н. Шогам модификациясы (1963). Авторлар өз модификациясын «психотоникалық жаттығу» деп атады. Олар төмендететін ғана емес, сонымен қатар тонусты көтеретін, жұмылдыратын тәсілдерді ойлап шығарған. Осыған байланысты олар қарсы көрсеткіштер ішінен артериялық гипотония мен астенияны шығарып, А.Ж. қолдану саласын одан әрі кеңеюіне жеткен. Науқастар «астениялық-гипотониялық топта» жаттығады. Бұлшық ет релаксациясы жойылады, себебі артериялық қысымның төмендеуі оған жарамсыз. Формулаларға айқын симпатомиметикалық өзгерістерді еліктейтін сөздер енгізіледі (қалтырау, «қаз терісі», суық және т.б.). Жаттығу энергиялық бұлшық ет өзін-өзі жұмылдырумен аяқталады. Жаттығу мәтіні: «Мен бүтіндей сабырлымын. Менің бүкіл денем босаңсыды және тыныш. Еш нәрсе көңіл аудартпайды. Маған бәрібір. Мен ішкі тыныштықты сезінемін. Иығым мен арқам сәл қалтырайды. Жанға жағымды, сергітетін душ сияқты. Барлық бұлшық еттер шымыр. Бүкіл денем жыбырлап кетті.. Мен жиырылған серіппеге ұқсап тұрмын. Соққыға барлығы дайын. Бұлшық еттерім қатайған. Назар аударыңыз! Тұр! Соққы!»
К.И. Мировский (1965) деректері бойынша жиі бірінші сабақтан кейін артериялық қысымды 60-70/45-50-ден 110-130/70-80 мм рт. ст. дейін көтеруге болады.
4. Симпатомиметикалық өзгерістерді келтіретін жұмылдыратын, белсенді жаттығулар, сондай-ақ спортшыларды дайындайтын «психикалық реттеуші жаттығуды» ұсынған А. В. Алексеев (1969) және Л.Д. Гиссенмен (1969) қолданылады.
5. М.С. Лебединский және Т. Л. Бортник модификациясы (1965). Бұл стационарға құрылған А.Ж. қысқартылған нұсқасы. Курстың ұзақтығы — 1 ай (3 орнына). Емделу мерзімі емдеу басындағы әр сеанстың ұзару есебінен 30 минутқа дейін қысқарып отырады. Науқас күн сайын 1 рет дәрігермен және 2 рет дербес жаттығады. Әр жаттығу 3 күнде игеріледі. Емделу мерзімі формулалардың кеңеюі арқасында да қысқарады. Мысалы, бұлшық ет релаксация формуласы: «Мен оң жақ қолымда, иықта, білегім, саусақтарымда ауырлықты сеземін. Оң жақ қолдың саусақ ұштарына дейін ауырлықты сеземін». Сілекейдің жұтуы мен өңеш пен асқазан бөлігіндегі жылудың таралуы туралы елестету салдарынан күннің тұтасу бөлігіндегі жылылық сезімінің пайда болады. Емделу мерзімі А.Ж. гетеросуггестивтік сәттің күшеюі арқасында да қысқарады: науқастар өз ішінен дәрігер бірнеше рет айтататын формулаларды қайталайды. Жұмыс алдында әр формула сайын және бір формуладан екіншіге ауысқан жағдайда тыныштықтың кеңейтілген формуласы шығады: «Мен сабырлымын. Мен бүтіндей сабырлымын. Тынысым қалыпты және сабырлы. Пульс ырғақты. Жүрек қалыпты және тыныш соғады».
6. Репродуктивтік жаттығу (А.ГИПНОТЕРАПИЯ Панов, ГИПНОТЕРАПИЯС. Беляев, В.С. Лобзин, И.А. Копылова модификациясы 1980) психофизиологиялық және жеке тұлғаның өзіндік реттеудің кешенді әдістемесі болып табылады. Бұл модификацияда іске асыратын тәсіл ретінде сенсорлық репродукция кеңінен қолданылады — сезінулерді әдейі жүзеге асыру. Репродуктивтік жаттығуға дайындық психотерапевтикалық іс-шаралар кіреді (науқастың тұлғасын зерттеу және психотерапиялық әсердің негізгі әдістерін анықтау), бастапқы жаттығулар (тыныс алу гимнастикасы, идеомоторлық және бұлшық ет аппаратының релаксациялық жаттығуы) және А.Ж. өзіндік оқыту курсы. Репродуктивтік жаттығу, авторлар көрсеткендей, — бірыңғай техникада көптеген көздерден енген тәсілдерді біріктіретін барлығына белгілі компилятивтік әдістеме болып табылады. Бұл модификацияда басты назар «релаксация маскасына» аударылады — А.Ж. курсы басталатын жаттығу: «Қабақты сәл түсіру, мұрынның шет жақтарына, беттерге ішіне және сыртына қарай қарап өту, тілді ішінен үстіңгі тістердің тамырына жеңіл салу («Т» дыбысы), төменгі жақ сәл салбырап, оның салмағын сезініп, сәл алға қарай жылжыту керек («Ы»дыбысы)».
Бұл әдістеменің басқа өзгешелігі А.Ж. оқыту курсына авторлар арнайы әзірлеген кестелер бойынша жүргізілетін тыныс алу гимнастикасын енгізу болып табылады. Ырғақтық күшейтілген тыныс кейбір нерв орталықтарының қөзуын төмендетеді және бұлшық ет релаксацияға әсер етеді. Көптеген авторлар тыныс алу гимнастиканың жаттығатындардығ эмоциональдық жағдайларына, назар аудару қабілетіне әсер ететінін атап айтады. Тыныс алу гимнастикасы кезінде құрсақ қуысында терең жылу пайда болады, сондықтан ол іштегі жылуды шақыру формуласы алдында қолданылады.
Төменгі сатылы аутогендік жаттығудың басқа модификациялары В. С. Лобзин және М. М. Решетниковтың «Аутогендік жаттығу» (1986) монографиясында сипатталған.
Төменгі сатылы жаттығулар көбінесе вегетативті қызметтерге әсер етеді. Жоғары психикалық қызметтерді оңтайландыру мақсатында Шульц А.Ж. жоғары сатысын әзірледі (А. ж.-2), оның жаттығулары «аутогендік бейтараптық» және «өзіндік тазалану» (катарсис) арқылы емделуге әкелетін күрделі күйзелістерді шақыруды үйрету керек. А.Ж.-1 стандартты жаттығуларын автор негізгі емдеуге дайындық, екінші саты – аутогендік бейтараптыққа жететін аутогендік медитация ретінде қарастырады. Ол теріс күйзелістерді бейтараптау арқылы ғана түбірімен неврөздан құтылуға болатынын тұжырымдаған. Осындай өзіндік тазарудың тәсілдерін Шульц йога ежелгі индус жүйесінен алған.
Шульц бойынша аутогендік медитация. Аутогендік медитацияға кіріспес бұрын, жаттығатын өзін аутогендік шомуға жағдайында ұзақ уақыт – бір сағаттан және одан артық ұстауды үйрену керек. Осындай «пассивтік топтау» кезінде көптеген визуалды ерекше құбылыстар пайда болады («көлеңке», «қарапайым формалар», түсті дақтар және т.б.). Одан кейінгі дайындық ашулы кедергілердің барында – жарық сәуле, шу, қосылып тұрған радио және т.б. «пассивтік топтауды» шақыру мен ұстап тұруды үйренуден тұрады.
Бірінші жаттығу. Сыртқы әсерсіз пайда болатын түрлі түсті түсініктерді белгілеу.
Екінші жаттығу. Нақты бір түрлі түсті түсініктерді шақыру, берілген түстің «көрінуі».
Үшінші жаттығу. Нақты заттардың визуализациясы.
Төртінші жаттығу. «Әділдік», «бақыт», «шындық» және т.б. абстрактілі ұғымдарды көзбен елестетуге көңілді тоқтату. Бұл жаттығуды орындау кезінде қатаң түрдегі жеке ұғымдардың ағымы пайда болады. Мәселен, «бостандық» шалғынды аймақта шауып келе жатқан ақ атқа ұқсайды. Абстрактілі түсініктерге ұқсас нақты көру бейнелер, Шульц пікірі бойынша, санадан тыс нәрсенің пайда болуына көмектеседі.
Бесінші жаттығу. «пассивті назардың» еркін шығарылатын, эмоциональдық мәні бар жағдаяттарға шоғырлануы. Осы жаттығуды орындау кезінде жаттығушы жиі өзін елестететін жағдаяттың ортасында «көреді».
Алтыншы жаттығу. Басқа адамдар бейнелерін шақыру. Алдында «бейтарап» адамдардың бейнелерін шақыруға үйрену керек, кейін — науқасқа жағымды және жағымсыз адамдардың эмоциональдық боялған бейнелер. Шульц айтқандай, бұл жағдайларда адамдар бейнесі дәл келтірілген, карикатуралы түрде пайда болады. Бірте-бірте осындай бейнелер неғұрлым «сабырлы», «батыл» болады, карикатуралық белгілер, эмоциональдық гиперболизация элементтері жұмсарады. Бұл басталып жатқан «аутогендік бейтараптықтың» көрсеткіші болып табылады.
Жетінші жаттығу. Оны автор «санадан тыстың жауабы» деп атады. Жаттығушы өзінен «Маған не керек?», «Мен кіммін?», «Менің проблемам не?» және т.б. сұрайды. Ол санадан тыс түрлі, соның ішінде үрейлі жағдаяттарда өзін «сырт көзбен» көруге көмектесетін бейнелер ағынымен жауап береді. Осылай катарсис, өзін-өзі тазартуға жетеді және «аутогендік бейтараптық», яғни сауығу басталады. Шульц бойынша медитациялық жаттығулардың сипаттамасын талдай отыра, олардың өзгеше «аутопсихикалық талдау» тәсілдер сериясына топталатынын байқауға қиын емес.
Шульцтың серіктес авторы Лутенің 6-томды басшылығымен әдістің құрылысына жаңа элементтер енгізеді — аутогендік бейтараптық тәсілдері: аутогендік жауап қайтару және аутогендік вербалдану.Бұл әдістераутогендік терапия бойынша 6-томдық басшылық мазмұнының негізін құрайды.
Лутэ бойынша аутогендік жауап қайтару._ Жағымсыз күйзелістерді бейтараптау үшін психикалық жараның себебі болған жағдаяттарды «қайталау» тәсілдері қолданылады. Психикалық талдау сеанстарында сияқты, аутогендік жауап қайту кезінде дәрігер толығымен бейтараптықты сақтайды. Автор тәжірибесінен науқас миының өзі қандай формада және қандай тәртіпте аутогендік бейтараптықта «материалды айтуын» білмейтінін көруге болады. Бейтараптықта мидық қалыпты жұмысына бөгет болатын «материал» ғана босатылатыны (яғни вербалданады) атап көрсетіледі. Аутогендік вербалдану жабық көздермен жүзеге асырылады, ал науқастың міндеті аутогендік босаңсу жағдайында пайда болатын барлық сенсорлық бейнелер туралы әңгімесі болып табылады.
Лутэ бойынша аутогендік серпілісті тәжірибе жүргізу әдістемесінде бес негізгі ереже немесе шартты бөлуге болады (Лобзин В. С., Решетников М. М., 1986): 1) стандарттық жаттығулардан пассивті бағытқа көру бейнелерге ауысу қажеттілігі; 2) кез келген қабылдаудың шексіз вебальды сипаттамасы (сенсорлық бейнелер); 3) мимен басқарылатын бейтараптыққа психотерапиялық араласу принципі; 4) аутогендік разрядтар кезеңіне сәйкес ішкі динамиканы сақтау немесе мойындау; 5) психотерапиялық жұмыстың өздігінен аяқталу принципі.
Аутогендік жауап қайтарудың бүкіл курс бойы стандартты жаттығулар қолданылады. Аутогендік серпілісті психотерапевт рұқсатымен ғана өздігінен орындауға болады. Сеанстар арасындағы интервалдар 7-10 күнді құрайды.
Лутэ бойынша аутогендік вербалдану._ Бұл тәсіл көп мағынада аутогендік серпіліске ұқсас, бірақ түсініктердің көзбен шолуынсыз жүзеге асырылады. Аутогендік серпілістен гөрі, аутогендік вербалдану «бөгет материал» (қатты күйзелістер) дәл сипатталатын болғанда қолданылады. Нақты тақырып вербалдануы (мысалы, «агрессия», «тілек», «қорқыныш» және т.б.) аутогендік босаңсу жағдайында жүргізіледі және науқастың айтар сөздері таусылғанға дейін жалғасады. Аутогендік вербалдану кезінде науқас «бөгет болатын материалы» бар тақырыпты білетіні туралы тұжырымдалады. Шын мәнінде, аутогендік бейтараптану тәсілдері Юнг ұсынған(Jung С. G.) жасырын немесе тұншықтыратын еліктеулерді анықтау үшін байланыс эксперимент болып саналады. Аутогендік релаксация жағдайында осы тәсілдің іске асуы жаңалық болып табылады.
Отандық авторлар (Панов А. ГИПНОТЕРАПИЯ, Беляев ГИПНОТЕРАПИЯ С., Лобзин В. С., Копылова И. А., 1980) А.Ж. жоғары сатылы жаттығулардың өзіндік кешенін әзірледі. Авторлардың А.Ж. жоғары сатылы кешені ең алдымен эмоциялардың психикалық физиологиясына негізделеді. А.Ж.-2 кешеніндегі орталасында эмоциональдық жағдайдың әдейі реттеуінің, эмоциялардың әдейі өңделу тәсілдері болады. Авторлар бұлшық ет тонусымен басқару (Джекобсонның күшейтілген бұлшық ет релаксациясы типтес),сюжетті елестету жаттығуы және «өзін таныту жаттығуы» көңіл-күйді өңдеудің негізгі тәсілдері деп есептейді.
Сюжетті елестету жаттығуы. Олардың мақсаты берілген эмоциональдық жағдайдың дербес, саналы және әдейі қалыптасуы, ал мәні эмоциональды боялған түсініктердің, бейнелердің және динамикалық жағдайлардың (сюжеттер) қалпына келуі болады. Эмоциональдық мәні бар сюжеттік түсініктердің қалыптасуы мақсаттың қойылуынан басталады: қай эмоциональдық жағдай өңдеуге жатады. Таңдалған мақсатқа байланысты керек эмоцияға сәйкес түсі де белгіленеді. Таңдалған түс ауызша өзіндік бұйрықтың қалыптасуына негіз болады. Мысал ретінде «Парк» атты жаттығуын келтіреміз.
Жаттығудың мақсаты — тыныштық жағдайын, ішкі жайлылық, жалқау маужырау, терең тынығу жағдайын құру. Негізгі сенсорлық түсініктер — көру. Өзіндік бұйрық: «Жасыл-жасыл жасылкөк. Жасыл-жасыл жапырақ. Жасыл жапырақ сыбдырлайды». Бейнелі көрініс — өзіңді жылы күннің көзі жарқырап тұрған күні парк ішінде елестету. Күннің көздері жапырақ көлеңкесінің дақтарымен араласып жатыр. Денеге жылы, бірақ ыстық емес (температуралық бейне). Жапырақ жас, ашық (түстік бейне). Жайылған ашық жер, аллеялар алысқа ұзап жатыр (кеңістік бейне). Жапырақтар самал желден сыбдылайды, түсініксіз алыстан естіліп жатқан адамдар дауыстары (дыбыс және сезетін бейнелер — баяу жел). Жас жапырақтардың иісі (иіс сезу бейнесі). Музыкалық бекіту — парк репродукторларына төгіліп тұрған бір сарынды ақырын музыка. Бұл картинаға сіңісіп, оны сезініп, санада бекіту керек.
Өзін таныту жаттығуы. Жиі аса биік жауапкершілік сезімімімен байланысты алдын ала көрінетін төтенше тұрмыстық жағдайлар пайда болады. Осындай жағдайларды күйзеліспен күту іштегі сенімсіздікті, сәтсіздіктен қорқу сезімін тудырады және нерв жүйесінің қөзуын шақырады. Осындай жағдайларға «өзін таныту» жаттығулары арқылы дайындалуға болады. Науқастарға таңертең, әлі соңына дейін тұрмай, яғни табиғи аутогендік шомуда болып, өздері қорқатын емес, көргісі келетін оларды күйзелтетін жағдайды жаттықтыруға кеңес береді. Бұл табыс репетициясы. Осыған ұқсас репетицияларды күтілетін жағдайға дейін бірнеше күн бұрын немесе тікелей болатын күні өткізуге болады. Бұдан түс бұзылуы мүмкін, сондықтан ұйықтар алдында жасауға болмайды. Шетелдік және отандық авторлардың зерттеулерінде биологиялық кері байланыс қағидасын қолдану жолымен А.Ж. үдерісінде алынған біліктерді іске асыруды жылдамдату мүмкіндігі атап көрсетіледі(электрлік миографиялық, электрлік энцефалографиялық, температуралық, жүрек соғуының кері байланысы және т.б.).