АР ЖУНУСОВА ПСИХОТЕРАПИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ. ПАВЛОДАР. КЕРЕКУ, 2010
БИОЛОГИЯЛЫҚ КЕРІ БАЙЛАНЫС (Б. К. Б.) (ағылш. — biofeedback). Бұл әдістің негізінде сыртқы кері байланысы жүйесінің қолдануымен ерікті қызметтердің орынды өзіндік реттелу принципі жатыр. Б. К. Б. әдісі оның көзі болып табылатын физиологиялық ақпаратты генерация жасайтын, сол жеке тұлғаның физиологиялық қызметінің жағдайы туралы ақпараттың ұсынылуы қамтамасыз еілген жағдайларда ғана қолданылады. Қалыпты жағдайда біз физиологиялық қызметтердің жағдайлары туралы нақты сандық ақпаратты алмаймыз, мысалы, пульстің жиілігі мен артериялық қысымның мөлшері. Бірақ физиологиялық кішкентай өзгерістерін тіркеуге мүмкіндік беретін Б. К. Б. арқылы саналы түрде оларды басқаруға болады. Б. К. Б. қолдануға негізделген әдістер медицинаның әр түрлі салаларында қолданылады: ЭЭГ патологиялық паттерндерді басуға бағытталған қояншықпен ауыратын адамдар миының биоэлектрлік белсенділігін басқаруға; инфаркт жағдайынан кейінгі науқастарға қалпына келтіру терапиясының тиімділігін арттыру.
Сыртқы ұйқы артериясының жүйесіне қатысты тамырлардың кеңеюі және бас пен мойынның бұлшық еттері, бас сақинасы ауруының көп мәрте дәлелденген байланысынан шыға отыра, Коэн және басқалары (Cohen M. et al., 1980) топта арнайы Б. К. Б. бас сақинасымен, самай жағы артериясының тарылуы, саусақтың қызуы – маңдайдың салқындауы, маңдай бөлігінің бұлшық еттер қысымының азаюымен ауыратындарды пайдаланған. Әр науқас Б. К. Б. тренингінің 24 сеансын 8-10 апта бойы аптасына 3 сеанстан алды. Сеанс 10-минуттық негізгі демалыс кезеңінен және 20-минуттық тренингтен тұрды. Барлық сараптамаларда кері байланыс науастың басының жанында орнатылған қатты дыбыс құралы арқылы берілетін тоқпен жүзеге асады. Тоқ-белгі пайда болғандағы науқастардың міндеті тоқ күшін азайту, бұл электромиограмма амплитудасының төмендеуіне сәйкес, және тоқ күшін арттыру, бұл саусақ пен маңдай темературасының айырмасының көеюіне сәйкес; мақсатты дифференциал – неғұрлым жылы саусақ маңдаймен тең келеді (бастан тыс артериялардың ваза құрылымының жанама анықталатын әсері); Б. К. Б. кезінде науқастардың бас тонусы тоқ күшін төмендетуді сұраған, бұл тамырлы тонустың көбеюіне тең келді.
Бұл ұқыпты орындалған жұмыстың талдауы келесіні көрсетті: 1) зерттелген жүйелердің тура физиологиялық өзгерістері терапиялық нәтижелермен өзара байланысы жоқ, сонымен бірге жеткілікті қарапайым;
2) Б.к.б мәні жоқ (бас сүйек артериясы, электромиограмма, температура). Сондықтан терапиялық әсердің механизмдерін қатысты физиологиялық жүйелердегі өзгерістерде ғана іздемеу керек.
Мүмкін болатын түсіндірмелері:
1) науқастардың экспериментте қатысуының арқасында плацебо әсері (олардың арнайы диаграммалар жасауы) және зерттеушілер тарапынан оларға деген көңіл бөлушілік;
2) «ортаға» регрессия, себебі науқастар өздерін жаман сезінгенде ғана көмек іздейді;
3) жалпы релаксация әсері;
4) Б. К. Б. пайда болатын физиологиялық жүйенің өзіндік бақылау туралы күйзелістен болатын танымдық әсер.
Соңғы тармақ ерекше қызықты. Науқастар оларда бұрын ешқашан болмаған Б. К. Б. өзіндік бақылау дағдыларына үйретеді деп тұжырымдайды. Сондықтан сыни өлшем ретінде физиологиялық өзгерістің дәрежесі емес, науқастың бақылау жасауға өзінің мүмкіндігіне деген сенім дәрежесі. Егер олай болмаса, бұл әсерді терапиялық нәтижені оңтайландыру кезінде есепке алуға болады.
Б. К. Б. әдістемесін қолдану кезінде психологиялық факторларды (науқастың өзіндік бағалауының артуы, өзін-өзі иландыру, плацебо-эффект және т.б.) есепке алу қажеттілігі туралы сонымен қатар отандық авторлардың деректері дәлел. Н. Л. Артемчук, Л. Н. Лежепекова (1977) олар бақылап жүрген науқастардың клиникалық жақсаруы зерттелген физиологиялық жүйелерде маңызды өзгеріссіз де жүзеге асқаны байқалды.
Соңғы жылғы әдебиеттерде Б. К. Б. (сәкесінше релаксация тренингі) жалпы алғанда адамдарды емдеудің бір тәсілі ретінде қарап, басқа медициналық және психотерапиялық әдістермен үйлестіріп қолдану керек. Гипертониядан «емделу» науқастыцң саналы түрде өзінің қан қысымн төмендетуден гөрі көп күш салуды қажет етеді. Артериялық қысымды төмендету (немесе ауруды басатын) – стереотиптелген реакцияны қалыптастырған өмірлік жағдайларды өзгертумен бірдей емес. Науқас өзінің денелік қызметтерімен қызба кезінде, тез өзгеретін ортада, зертханада және емханада бақылағысы келеді ме, тіпті, бақылай алатыны даулы.