Психотерапия технологиялары


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет36/43
Дата27.03.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471159
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
АР ЖУНУСОВА ПСИХОТЕРАПИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ. ПАВЛОДАР. КЕРЕКУ, 2010

Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Экзистенциализмнің басқа дамукөзі.
2. Экзистенциалдық кеңес берудегі әлемнің түрлерін ата.
3. Экзистенциализмнің кеңес берудің басты мақсаты.


Әдебиет:

  1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5

  2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

  3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

  4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

  5. Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

  6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.63-65.



Тема 14. Имаготерапия.
Жоспар.
1. Тұжырымдаманың негізгі сипаттамасы.
2. Негізгі ережелері.
3. Имаготерапиялық үдерістің кезеңдері.
ИМАГОТЕРАПИЯ (И.) (лат. imago — бейне). Науқастың емдеу мақсатымен белгілі бір бейнелер кешенін жасаудағы жаттығудың психотерапиялық әдісі. Бұл әдіс И.Е.Вольпертпен 1966 жылы ұсынылған. Ойын психотерапиясының әдістер тобына жатады, кең мағынада – қиын өмірлік жағдайларда бара-бар әрекет етуге үйрену, қарым-қатынастың кеңеюіне, «емдеу» бейнесін жасауға, өз өмірлік тәжірибесін жұмылдыруға қабілеттің дамуы негізінде жатқан мінез-құлық психотерапиясының нұсқасы.
Имаготерапиялық үдерісте күрделенген техникалық тәсілдер қолданылады. Бірінші кезеңде ауруға айтушы немесе тыңдаушының рөлі ұсынылады. И. Бастапқы және негізгі формасы – әңгіме, себебі науқас бейнеге кіріп, осы сәттегі сезімдерді бастан кешіреді. Ауру үшін бейне оның психологиялық мамнына сәйкес емдеу факторы ретінде таңдалады. Жұмыстың негізгі формасы ретінде әдеби материалды айтумен қатар типтік өмірлік жағдайды импровизациялық көрсетілімі де қолданылады (экспромт театр).
Бұл жағдайда И. міндеті психологиялық теңбе-тең мінез-құлықты жаттықтыру. И. бастапқы курсы бүкіл шығарманың мазмұны толығымен баянадлу үшін, 3 адан жарты жылға дейін қамтиды. И. топпен, және жеке формада сирек жүргізіледі. Науқасқа күн сайын 1-2 сағат бойы өзін қалайтын «Мен» бейнесін сомдауы ұсынылады. Бірте-бірте ойынның ұзақтығы көбейеді, және қаланатын бейне науқастың үйреншікті мінез-құлық стереотипі болып қалыптасады.
И. екінші кезеңінд әңгіменің трагедиялығы кіреді. Драмалық іс-әрекетпен және диалогтармен айқындалған повесть немесе романның кейбір фрагменттері әр жақтан ойналады. Сондай-ақ науқастар жұмыс жасайтын шығарма ішіндегі кейбір эпизодтарды сахнаға қоюы маңыздылық танытады. Шығармада жоқ жағдайлардың сахнаға қойылуы да жүзеге асырылады. Сөйлеу техникасы, такт бойынша қөзғалу, би бойынша сабақтар жүргізіледі. Екінші кезеңнің ұзақтығы бірінші кезеңнің ұзақтығымен бірдей.
И. үшінші кезеңі емдеу драмалық студияда жүзеге асады. Бейнені жасау үстіндегі жұмыста хореографиялық, драмалық және комедиялық спектакльдер қолданылады. Бейнелерді таңдау науқастардың клиникалық-психологиялық ерекшеліктері есебінен жүзеге асады. Есірік сырқат адамдарды талдауға бейім байсалды және ақылды бейнелер ұсынылады. Психастеникалық сипатты науқастарға шындық өмірді тікелей және эмоциональдық түрде сезінетін адамдар бейнесін жасауға пайдалы.
И. қолданылатын емдеу факторларына көңілді бұру, сендіру, түсіндіру, иландыру, имитациялық мінез-құлық, эмоциональдық көмек, мінез-құлықтың жаңа тәсілдеріне үйрету жатады. И. шектік нерв-психикалық бұзылуларды емдеу әдісі және науқастың тұлғалық дамуы арқылы емделу тәсілі ретінде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет