Психотерапия технологиялары


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет35/43
Дата27.03.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471159
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
АР ЖУНУСОВА ПСИХОТЕРАПИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ. ПАВЛОДАР. КЕРЕКУ, 2010

Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Дене – бейімделу психотерапиясының мақсаты.
2. Д – БП-ң белгілі әдістерінің бірі.
3. Райх теориясының негізіне не жатады?
4. Александр әдісінің мәні.


Әдебиет:

  1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5

  2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

  3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

  4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

  5. Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

  6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.43-49.



13 Тақырып. Экзистенциалдық психотерапия.
Жоспар.
1. Концепцияның жалпы сипаттамасы.
2. Экзистенциональдық психотерапияның негізгі ұғымдары, ережесі және өкілдері.
3. Психологиялық көмектің мақсаттары.
4. Кеңес беруші – клиент қатынасы.
Гуманистік психотерапияның ішінде таралған түрлерінің бірі (әсіресе шығармашылық интеллигенция арасынан) экзистенциональдық психотерапия (Э.П.) болып табылады. Бұл терапия экзистенциализм деп аталатын одан да белгілі философиялық бағыттың идеялар негізінде пайда болды.
Экзистенциализм ғылым мен мәдениеттің көптеген белгілі өкілдері идеяларының шығармашылық бірлесуінен шықты (Кьёркегор, Гуссерль, Сартр, Камю, Ясперс, Хайдеггер және т.б.). Бұл бағыттың аты Кьёркегор еңбектерінде жиі қолданылатын экзистенция терминінен шықты (яғни мән, тіршілік ету), олар экзистен­циализмнің дербес флософиялық бағыт болуына бірінші себеп болды.
Экзистенциализмнің басқа даму көзі Гуссерльдің феноменологисы болып есептеледі.
Себебі экзистен­циализм философиядағы басты орынды адамдардың субъект және оның субъективтік күйзелістерін зерттеуі алып жатыр, ол психологтар назарын айдартпай қоймайды, олар болашақта өздері де экзистен­циональдық философияға маңызды психологиялық үлестерін қосты, сонымен қатар психология мен психотерапияда экзистенциализм идеяларын қолданды және дамытты.
Экзистенционалдық психологияның дербес психологиялық бағыт ретінде танылуында ең алдымен В.Дильтей, Э.Фромм, В.Франкл, Ф.Пёрлз және т.б. психолгтар мен философтардың рөлін атап өту керек. Осылай Ф.Пёрлз әрқашан онымен әзірленген гештальттерапия терапиясының бағыты экзистен­циальдық психотерапия түрінің (бағыты) бірі деп есептеген.
Бүгінгі күні экзистенциональдық психотерапияның көптеген түрлері, мектептері және модификациялары бар, оларды бір жұмыстың ішінде қарастыру мүмкін емес. Сондықтан экзистенционалдқ психотерапияның өкілі және негізін салушылардың бірі Виктора Франклдыңтеориялық және тәжірибешілік көзқарастырмен шектелеміз.
В.Франклдың пікірі бойынша адамның басты талпынысы – өзінің тіршілік ету мәнін түсініп табу. Егер ол мүмкін болмаса, адам фрустрация немесе экзистенциональдық вакуумды сезінеді (бостық, тіршілік етудің мәнсіздігі). В.Франкл бойынша өмірдің мәні туралы сұрақты адам қоймайды, керісінше адама өмір қояды, демек ол соған сөзбен емес, іспен жауап қайту керек.
Экзистенциональдық терапияның жақтаушылары тіршілік ету мәні әрбір дұрыс адамға қол жетімді, ол жынысқа, жасқа, интеллектке, мінез-құлыққа, қоршаған ортаға, дінге және идеологиялық көзқарастарға қатысы жоқ болады. Сонымен бірге экзистенциалистер бұған үйрету мүмкін емес деп есептейді, себебі тіршілік ету мәні жеке дербес жеке әр адам өзі тауып түсіну керек және кез келген өір жағдайларында өзінің және басқа адамдар алдында жауапкершіліктен бас тартпау керек.
Экзистенциалистер пікірі бойынша адам өзінің тіршілік ету мәнін назарды жеке тұлғаның ішкі күйзелісінен шындыққа белсенді бірлесе жұыс жасауға, басқаларға тәжірибешілік көмекке ауыстырып, тек өзінің жеке Мен шегінен тыс жерде таба алады. Неғұрлым адам проблемаларының пассивтік күйзелісі күйінен көп сыртқа шығып отырса (белсенді пайдалы іске, басқаларға көмек), соғұрлым ол нағыз дені сау адам болады.
Жоғары өмірлік масаттары бар адамдар сенімі, идеологилқ көзқарастары және т.б. бар адамдар төтенше ауыр жағдайлар мен жоғалтуларды жеңіл көтеретіні белгілі. Бұл протопоп Аввакум да, Эрнст Тельман да, және көптеген фашистік және сталиндік концлагерьлердің тұтқындары. Бұған батылдықпен Освенцим мен Дахауды бастан кешірген В.Франклдың өзін де жатқызамыз. Ол көптеген адамдар үшін қиын да күрделі жағдайларда өз ойлары мен сезімдерін өткен өмірге деген сағыныш пен бүгінігі күнгі күйзеліске емес, керісінше, неғұрлым жоғары мақсаттарға, істерге және басқаларға көмек үшін болашақтағы өзінің тіршілік ету мәнінің тәжірибелік жүзеге асуына назарды шоғырлағандар басымдық алды деп есептеген.
Кең мағынада (Франклдың негізгі идеясын суреттей отыра) адам жиі бақытсыз, ауру, жалғыз, жұмыссыз, кедей болудан қорқатын ойлар нәтижесінде бақытсыз, ауру, жалғыз болады. Яғни ол қорқыныштың алдында әлі болуға қорқатын ойлардан алдын ала эмоция, үрей және күйзелісі жетегінде өмір сүріп, сол бейнені сомдап, нәтижесінде сондай болады. (Бұл үдеріске «қарсы жүрісте» имаготерапия (image сөзінен - бейне) құрылады, мұнде жеке тұлға өзін сол адамдай көргісі келетін адамға - өз Менінің ең жақсы бейнесін сомдайды.
Франкл сексуалдық бұзылулардың жабысқақ күйлері нерв жүйкесінің көбі клиенттің сексуальдық рахатқа деген талпынысы және оның оның рахат ала алмай қаламын деген ойына байланысты деп тұжырымдайды. Яғни Фраклдың негізгі идеясы бейнеленеді – адам өз бақытын (рақат) қуып іздеуде, оны жоғалтады. Жеке тұлға рефлексияға кетеді және толығымен сексуальдық байланысқа берілудің орнына, әрдайым қолынан келмейтініне сенімсіздікен қарап, сезімдерінталдайды және шет жағнан бақылап отырады.
Экзистенциальдық кеңес беруде адамдардың әлемде болуды сипаттайтын әлемнің үш түрін бөледі. Біріншіден, Umwelt бар, «сыртқы әлем». Umwelt табиғи әлем, табиғат заңдары мен қоршаған орта. Umwelt жануарларды да, адамдарды да өзіне биологиялық қажеттіліктер, талпыныстар, түйсіктер қосады. Сонымен бірге ол әр ағзаның күн сайынғы және өмірлік циклдерін жатқызады. Табииғ әлем шынайы әлем сияқты қабылданады. Екіншіден, Mitwelt бар, «бірлескен әлем». Бұл адамдардың оларға ұқсас адамдармен жеке жеке және топпен қатынас жасаудың әлеуметтік әлемі. Осындай жеке және топтық қатынастарда адамдар бір-біріне және дамитын мәннің құрылысына әсер етеді.
Мэй былай жазады: «Қатынас жасаудың мәні – кездесудегі екі адамның өзгеретінінде» (May et al., 1958, т. 63). Басқа адаммен қарым-қатынастың маңыздылығы оған деген қатынасқа байланысты (оның серіктесіне қатысты қаншалықты құндылығы, маңызды, тартымды). Дәл осылай топ өміріне араласу деңгейінен оларға деген топтың маңыздылығы байланысты. Үшіншіден, Eigenwelt, немесе «ішкі әлем». Eigenwelt әр адамда қайталанбас және өзіндік тану мен өзін-өзі сезінудің дамуына негіз болады. Eigen­welt сондай-ақ зат немесе адам мәнін түсіну негізінде жатыр. Жеке тұлғаның зат пен адамдарға өзіндік жеке қатынасы болу керек; мысалы, «Бұл гүл әдемі» сөзі «Маған бұл гүл әдемі» дегенді білдіреді.
Ялом (Yalom, 1980) төрт шекті экзистенциальдық алаңдауды бөлді, олар өліммен, бостандықпен, тұйықталумен және мәнсіздікпен баланысты. Бұл алаңдаулар кеңес беруде үлкен мән беріледі.
Экзистенциальдық кеңес беру — бұл қатаң жүйеден гөрі, адамның өмір сүруін қарастыруға деген көзқарас болып саналады. Шын мәнінде, экзистенциальдық кеңес берушітар ескертусіз барлық адамдарға кленттер ретінде қарайды. Алайда кеңес берушітардан гөрі, клиенттер көп қиындықтар көреді.
Экзистенциальдық кеңес берудің басты мақсаты — клиенттерге өз тіршілігін шынайы мағынада ұғынуына үйрету. Негізгі бастапқы жағдай келесідей: іргетас неврөздық үдеріс — бұл болмысты сезінуден айырылу мен әлеует және түсіну тереңдігінің азаюы кіретін онтологиялық мәнді басу. Себебі кеңес берушітар, ең алдымен, клиенттерге олардың тіршілік еу мәнінің ұғынуына көмек көрсетумен айналысады, кез келген белгі беру «емдеу курсы» екінші рет болып саналады. Экзистенциальдық кеңес берушітар клиенттердің белгі беру «емін» алуға апаратын, оларға механикалық көзқарас тарапынан қашуға тырысады, бірақ онда олардың тіршілік етуі шектелетін болады.
Клиенттерге объектіге сиқты емес, белгілі мінез-құлқы тән, жеке тұлға ретінде көңіл аударуына басты назар аударылады, сондай-ақ дұрыс қатынастағы кеңес беруші – клиент.
Экзистенциальдық кеңес берушітар клиенттерге олардың ішкі кикілжіңдерін өліммен, бостандықпен, тұйықталумен және мәнсіздікпен байланысты шекті экистенциальдық проблемалар бары есебімен түсінуге тырысады. Кеңес берушілер клиенттерге қорғануды тең емес механизмдерін сәйкестендіруге және олардың әрекеттерінің теріс салдарын түсінулеріне көмек көрсетуге тырысады. Экзистенциальдық кеңес берушілер бастапқы, немесе экзистенциальдық үрейді жеңудің басқа тәсілдерін ғана таппай, сонымен бірге клиентердің өзіне-өзі және басқаларға шекті қарым-қатынасты түзетіп, екінші мәрте болатын үрейді әлсіретуге тырысады. Экзистенциальдық кеңес берушітар басқа да кеңес берудің репертуарына кіретін әртүрлі әсерлерді қолдана алады, егер бұл әсерлер басты экзистенциальдық құрылыммен сәйкес болса.
Кеңес беруші – клиент қатынасының сапасына экзистенциальдық консультацияда үлкен көңіл бөлінеді. Кеңес беруші – клиент қатынасы трансфер көзқарасы тарапынан қаралмайды және өткенді анықтау үшін көп уақыт кетпейді. Экзистенциальдық кеңес берушітар үшін клиенттердің шекті алаңдаулармен конфронтация айқындығы маңызды болғандықтан, осы сәтте олар клиентттердегі осы уақытқа қалыптасқан жағдайлар мен қазіргі кездегі толғандыратын қорқыныштарды түсіндіруге тырысады.
Кеңес берушітар клиенттерге өз ойлары мен сезімдерін міндеттемейді. Сонымен бірге олар бұрынғы қарым-қатынас көзі болы табылатын клиенттерге ойлар мен сезімдерді ауыстырмайды (осындай ауыстыру кейде контрауыстыру деп аталады). Ялом (Yalom, 1989) оны толық әйелдер жағымсыз сезімдер тудырғанын есіне түсіреді, және ол оған артық салмақтан құтылу үшін офиске көмекке келген клиентке тиімді көмектесу үшін, сол жағымсыз сезімді жеңу керек болды. Одан басқа экзистенциальдық кеңес берушітар клиенттердің өз проблемаларымен өтінбеуге мүмкіндік беретін кеңес берушілердің арандатушылық қосылуларының түрлі тәсілдеріне жүгінетінін түінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет