Мәнмәтін рефреймингі келесі пікірлер жағдайында жақсы жұмыс істейді: «Мен тым...» немесе «Мен доғарғым келеді...». Ол үшін психотерапевт екі сұрақпен жұмыс жасайды — «Қай кезде бұл мінез-құлық пайдалы?» және «Қандай жағдайда бұл мінез-құлық ресурсты болады?». Осылай, педанттық пен ұқыптылық құнды ресми қасиеттер бола алады, сонымен қатар отбасылық өмірде кикілжіңге әкелуі мүмкін және керісінше, өмірді қабылдай алу және өзін-өзі бала ретінде сезіну жақын өзара қатынастардың болуына септігін тигізеді, бірақ олар жұмыста пайдалы болуы күмәнді. Тәжірибе мазмұны — клиенттің ұнайтын, соны маңызды санап, назарын аудартатын нәрсе.
Мазмұн рефреймингі келесі пікірлерге қолданылады: «Мен бастаймын.., егер маған жасаса...» немесе: «Егер..., онда мен...». Бұл жағдайда терапевт сұрақтар қояды: «Мұндай жағдай тағы нені білдіре алады?», «Бұл мінез-құлықтың жағымды бағыты қандай?» және «Бұл мінез-құлықты тағы қалай сипаттауға болады?». Жалпылай отыра рефрейминг негізінде ниет пен мінез-құлық арасындағы адам не жасайтыны мен шын мәнінде неге ұмтылатынындағы айырмашылық жатыр.
Жиі адам жасайтын нәрсе оның қалайтыны бола алмайды. Мысалы, ана әрқашан өз баласы туралы алаңдауы мүмкін, ал бала махаббат пен қамқорлықтың бұл тәсіліне ілінісу және реніш ретінде көреді. Немесе ер адам өз отбасына деген махаббатты көп қаражат табумен көрсетеді, ал отбасы оның олармен көп уақыт өткізуін қалар еді. Кейде мінез-құлық адамға оның қалайтынын береді, бірақ бұл оның басқа «субтұлғаларымен» сай келмейді.
«Жарылу» техникасын қолдану кезінде клиентті жабысқақ ойлар мен әрекеттермен байланысты мәселе туралы ойлануды өтінеді. Одан кейін ондай сипатта емес тілек туралы, оның парықсыз қатынастағы тілек туралы ойлануды сұрайды. Осылай қандай субмодальдылықтар жабысқақ жағдайды, қандайлары бейтарап қатынастарды құрайтыны анықталады. Қорытындыда жабысқақтықты құрайтын басым субмодальдылықтың «жарылысы» жасалады. Бұл кинестетикалық реакция жоғары табалдырықтан асып, жабысқақтықпен бірге «жарылатындай» дәрежедегі басым субмодальдылықтың бір реттік мықты күшеюі немесе басым субмодальдылықтың жылдам және көп реттік күшеюі-әлсіреуі болып табылатын «қорылдаушы» әдісі. Қайталаулар бір нәрсе «жарылғанша» бірізді және жылдам жүреді.
Пысықтауға арналған сұрақтар:
-
НЛБ – ң негізін салушы.
-
НЛБ –ң басымдық танытатын каналы.
-
Модальдылықтың түрлері,
-
НЛБ – ң белгілі техникалары.
Әдебиет:
-
Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с.
-
Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.
-
Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.
-
Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.
-
Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4
-
Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.65-68.
9 Тақырып. Суггестивтік психотерапия.
Жоспар.
1.Жалпы сипаттама.
2.Иландыру. Өзін-өзі иландыру.
3.Гипнотерапия.
4.Куэ бойынша өзін-өзі иландыру.
5. Аутогендік жаттығу.
6. Биологиялық кері байланыс.
Лат. suggestio — иландыру. Бұл термин негізінде жетекші емдеу факторы иландыру немесе өзін-өзі иландыру болып табылатын әдістер тобын біріктіреді. Иландыру сергектену, гипнөздық ұйқы (гипнотерапия), нашақорлық ұйқы (наркопсихотерапия) жағдайында іске асады. Өзін-өзі иландыру әдістерінің ең атақтысы Куэ бойынша өзін-өзі иландыру, аутогендік жаттығу, биологиялық кері байланыс.
ИЛАНДЫРУ (И.) (лат. suggestio). Сыни бағалаусыз қабылданатын және жүйке-психикалық және соматикалық үдерістердің ағымына әсерін тигізетін ақпараттың берілуі. И. Жолымен сезінулер, түсініктер, эмоциональдық жағдайлар мен ерік түрткілер, сондай-ақ тұлғаның белсенді қатысуынсыз, қабылданатынның логикалық өңделуісіз вегетативтік қызметтерге әсерін тигізеді.
И. негізгі құралы сөз, иландырушы сөзі (И. жүргізетін адам). Ауызша емес факторлар (ишара, ым, қимыл) әдетте қосымша әсер береді.
И. әр түрлі жіктемесі ұсынылады: И. және өзін-өзі иландыру; И. тура немесе ашық, жанама немесе жабық; И. контактілі және аралық. Медициналық тәжірибеде И. тиісті тәсілдері қолданылады сергектік, табиғи, гипнөздық және нашақорлық ұйқы жағдайында.
Сергектік күйде и. дәрігердің науқаспен әр әңгімесінде айқындалған болады, бірақ дербес психотерапиялық әсер ретінде бола алады. И. формулалары әдетте науқастың жағдайы мен аурудың клиникалық айқындалу сипаты есебімен бұйырылып айтылады. Олар жалпы көңіл-күйдің (ұйқы, тәбет, жұмысқа қабілеттілік және т.б.), жақсаруына ғана емес, сонымен қатар жеке неврөздық белгілердің жойылуына да бағытталады. Әдетте И. алдында шын мәніндегі емдеу И. мәні туралы түсіндіру әңгімесі мен науқастың оның тиімділіген деген сенімі болады. Неғұрлым науқасқа И. жүргізіп жатқан дәрігер беделді болса, соғұрлым И. әсері күшті болады. Сондай-ақ И. іске асу дәрежесі науқастың тұлғалық ерекшеліктерімен, «магиялық» күймен айқындалуымен, ғылымға белгісіз құрал мен тәсілдер арқылы бір адамдардың екіншілерге әсер ету мүмкіндігіне сеніммен анықталады.
Табиғи ұйқы жағдайындағы и. ұйықтап жатқан балаға сөздерді айту арқылы И. В. Вяземский (1903), Бурдон (Burdon Ch., 1904) және т.б. қолданған. Ол ақырын, бірақ сендіретін дауыспен жасалады. Ұйқыны тереңдететін сөз орамдары іркіліспен қайталанатын емдеу И. кезектесіп отырады. Бір сеанста осындай И. 6 сериясы жасалады. Осындай әдіспен емдеу өте қиын, бұл ұйқымен онда суггестивтік әсер бола алмайтын бағдарлы реакциямен немесе өте терең ұйқымен айқындалған жеңіл оянуға әкелетін өте сергек, үстірт ұйқымен байланысты болады. Табиғи ұйқы кезінде И. қолданылуы фобийлерді және балалардағы есірік белгілерді емдеу кезінде кеңінен орын алды (қ. Перельмутер бойынша Сомнопсихотерапия). Бірақ бұл жағдайда гипнөздық қарым-қатынас түрі бойынша ұйықыдағымен қарым-қатынас жасалатынын ескертпеу керек.
Иландыру гипнөздық ұйқы жағдайында емдеу мақсатымен кеңінен таралған. Нашақорлық психотерпия әдісін қолданғанда И. емдеу әсері жасанды шақырылған есірткі ұйқы жағдайында іске асады. Нашақорлық психотерпия әдістеріне жақын газды қосынды мен шала тотық азотын психотерапевтік мақсатпен қолдануы жатады (қ. Газды қосынды мен шала тотық азоты арқылы нашақорлық психотерапия). Жанама И. соңғы кездері курорттық психотерапевттер жұмыстарында дамыған жанама және потенциалды түрдегі жанама психотерапия әзірлемесінің негізі болып табылады. Плацебо-терапия иландыру жанама түрі болып саналады, онда плацебо-препараты (лат. placebo — ұнаймын, қанағат етемін) тағайындалады – кез келген емдеу құралы ретінде қолданылатын зиянсыз препарат.
Өзін-өзі иландыру (Ө.И.) — бір ойлар, тілектер, бейнелер, сезінулер, жағдайлардың өз-өзіне иландыру әдісі. Психотерапиялық тәжірибеде өзін-өзі иландырудың әр түрлі әдістемесін қолданады. Олар жиі бұрын ұсынылыған Куэ бойынша өзін-өзі иландыру әдістемесі болады (Coue E., 1928). Өзін-өзі иландыру психотерапияның басқа әдістерінің негізі (немесе емдеу әрекетінің маңызды механизмдерінің бірі) болып табылады (қ. Аутогендік жаттығу).
ӨЗІН-ӨЗІ ИЛАНДЫРУ. Өзін-өзі иландыру, немесе аутосуггестия, — бұл өз-өзіне бағытталған иландыру үдерісі. Ө. И. субъектіге өзінде сезінулер, әсерлер, зейін, жады, эмоциональдық және соматикалық реакциялармен басқаруға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі иландыру мәні И. П. Павлов бойынша ағзаның терең мүделлерін, оның бүтіндігі мен өмір сүруін айқындайтын басқа ми қабығы бөлімдерінің қатты тежелуімен бірге болатын бас ми қабығының белгілі бір бөлігінің жинақталған қөзуы болып табылады. Сондай-ақ ескерту ретінде Ө.И. кезінде ағзаның өлуі оның тарапынан ешқандай дене күресінсіз болуы мүмкін.
А. А. Ухтомский теориясы бойынша Өзін-өзі иландыру әсері қабықтың нақты учаскесінің жинақталған қөзуымен, яғни төмендетілген қабықтық тонус аясында қөзу ошағының пайда болуымен түсіндіріледі. Қабықтың осындай жағдайында ортаның шынайы әсеріне екінші белгілік еретін үдерістер басым болады.
В. Н. Куликов (1974) Ө.И. иландыру базасындағы филогенетикалық және онтогенетикалық жоспарларда құрылатынын атап айтады. Ең алдымен адамдар арасындағы интерпсихикалық қатынастар үдерісінде гетеросуггестия құрылады, содан кейін жеке тұлғаның басқа адамдарға иландыру қабілеті, жеке тұлғаның интрапсихикалық қабілеті болады. Бұл жағдай Л. С. Выготский және оның шәкірттері — А. Н. Леонтьев және т.б. психикалық қызметтердің пайда болуы туралы оқуына негізделеді.
Аутосуггестия кері афферентация және жеделдететін бейне механизмдерінде негізделеді деген пікір бар (Бернштейн Н. А., 1961; Анохин П. К., 1975, және т.б.).
Емдеу өзін-өзі иландыру әдісінің әзірлемесін отандық зерттеушілер енгізді. 1881 ж. И.Р.Тарханов ағзаның еріксіз қызметтеріне Ө.И. әсері туралы ең бірініші шынайы бақылаулардың бірін жариялады. Я. А. Боткин 1897 ж. соматикалық аурулар белгілерінің неврөздық белгіленуін күресіп алдын алу үшін науқастарға Ө.И. саналы қолдануды ұсынды. В. М. Бехтерев (1911), ө.и сергектік күйде емдеуді ұсынып, «ө.и ең қолайлы уақыты ұйқы алдында және оянудан кейінгі кезеңді» санады. Ол «әрбір жеке жағдайға өз атынан бұйырумен және болашақта емес бүгінгі күнмен айтылатын Ө.И. жеке белгілі формуласы әзірлену керек» деп санады. Ө.И. формулаларын сыбырлап «бірнеше рет.. сонымен бірге толығымен көңіл аударып» айту керек. В. М. Бехтерев неврөздық ауруларда Ө.И. тиімділігін бағалады, сондай-ақ үш тағанның үшінші бөлімі ретінде маскүнемдікті емдеу жүйесіне қосты (қ. Бехтеревтің психотерапевттік үш тағаны).
Аутосуггестияның белгілі тәсілдерінің бірі Куэ бойынша Ө.И. болып саналады. Өзін-өзі иландыру психотерапияның әр түрлі әдістерінің негізі (немесе емдеу әрекетінің маңызды механизмдерінің бірі) болып табылады: аутогендік жаттығу, биологиялық кері байланыс, медитация, йога, релаксация.
Өзін-өзі иландыру көптеген отандық және шетелдік психотерапевттер сәтті қолданды. Н. В. Иванов (1959) маскүнемдікпен ауыратын науқастарды емдеуге арналған Ө.И. мотивацияланған әдістемесін әзірледі. Маскүнемдік туралы әңгімеден кейін психотерапевт 10-15 адам санымен топты гипнөзға батырып, емдеу мотивацияланған ұйытуға келтіреді. Аптасына 2 рет өткізілетін бірінші сеанстар тыныштандырады, сенімділік береді. 5-6 сеанстан бастап науқастарға күніне 2 рет 2-3 минутқа ерікті күш арқылы ұзақ күйде тартынуды сақтау шешімі тұрақты қасиетке айналуы туралы ойлар шегінде назарларын аударту керек: «Мен кез келген өзімді еліктіретін жағдайда белсенді және бұйыру түрде «жоқ» деф аламын.
И. К. Шхвацабая және т.б. (1983) гипертониямен ауыратын науқастарда жүйке бұзылуларын түзету үшін ең басты Ө.И. емдеу әрекетіне негізделген әдістемені ұсынды. Алдымен науқастар аутогендік жаттығулар кезінде сезілетін сезінулер («релаксация бейнесі») кешенін есте сақтауға үйретеді. Әрі қарай жаттығулар (дербес немес топпен) «релаксация бейнесін» көзбен көретін символмен байланыстыра алатындай құрылады, мұндағы символ ретінде симметрия орталығымен («релаксация пішіні») дұрыс геометрикалық фигура қолданылады. Эмоциональдық психикалық күш салу жағдайында науқас 1-2 минут бойы («релаксация пішіні») еске алып немесе елестетіп «релаксация бейнесін» жасайды.
Ө.И. емдеуге қарсы көрсеткіштер жоқ. Тіпті ауыр жағдайларда түсініктеме көмектеспегенде, ал гипнөз және аутогендік жаттығулар жеткілікті әсер бермей, күрделі салдары болса, науқас алдағы ұстаманы сезсе, Ө.И. арқылы («Ұстама болмау керек!») «жылжытып» немес оны болдырмау мүмкін.
БЕХТЕРЕВ БОЙЫНША ӨЗІН-ӨЗІ ИЛАНДЫРУ. В. М. Бехтерев 1890-1892 жж. сипаттаған бұл әдістеме суггестивтік психотерапияға жатады және жеңіл гипнөздық ұйқы жағдайында (гипнөздың бастапқы сатысында) жасалатын өзін-өзі иландырудың өзгеше тәсілі болып табылады.
Емдеу емханалық түрде жасалады. Жеңіл гипнөз ұйқысына келтірілген науқас аурудың басты белгілерін жоюға бағытталған өзін-өзі иландыру сөздерін үш рет қайталайды. Келесі сеанстарда басқа ауру бұзуларын жоюға бағытталған өзін-өзі ұйытулар қосылады. Сеанстар арасындағы күндерде науқас мүмкіндігінше «жадына иландыру жасалған жағдаятты жасап», иландыру формуласын қайталау керек.
Кейін 1911 ж., В. М. Бехтеревпен табиғи ұйқы алдында немесе оянудан кейінгі өзін-өзі иландыру әдістемесі сипатталды. Бұл әдістемеге өзін-өзі иландыру формуласы нақты жағдайға сәйкес жасалып, бірінші жақтан айтылады, болашақта емес, нақты осы шақта бұйырумен айтылады. Бұл тәсілді автор иландыру жолымен емдеуге қосымша ретінде қарастырған, бірақ көп жағдайларда дербес қолдануда оны тиімді деп есептеген.
Өзін-өзі иландыру әдісі гипнөздың бастапқы кезеңінде жүйке жұқару, есірік, ұзақ мерзімді жұқпалыдан кейінгі әлсіздік жағдайында тиімді болып шықты.
КУЭ БОЙЫНША ӨЗІН-ӨЗІН ИЛАНДЫРУ. Өзін-өзі иландыру тәсілдері ішінде кеңінен таралғаны француз аптекарі Куэ әдістемесі болды (Coue E., 1857-1926), оны «саналы өзін-өзі иландыру жолымен өзін-өзі ұстай білу мектебі» деп атаған. Өзінің дәретханада сатқан дәрілерінің емдеу қасиетін жиі физиологиялық түрде негіздей алмаған және науқастардың «елестету күші» деп түсіндірді. Ол иландыру және гипнөз техникасына Льебо (Liebault А. А.) және Бернгеймнен (Bernheim Н.) үйрене бастады, ал 1910 ж. Нансида өзінің әдістемесі бойынша емдейтін меншік емханасын ашты. Бұл әдістемесі туралы өзінің отаны Англияда дәрістер оқыды, кейін оларды жинақтап кітап шығарды. Куэ жеткілікті ұйытылатын адам қарсылық білдіріп, оны өзін-өзі иландыруға айналдырмаса, иландыруды қабылдамайды. Куэ және Бодуэн (Baudouin Ch.) басшылығындағы Неонансия мектебінің басты тезисі: иландыру жоқ, тек өзін-өзі иландыру бар. Куэ дәрігер болмағандықтан, өзінің науқастарын «шәкірттер» деп атап, оларды үйретті, саналы түрде өзін-өзі иландыруды бұл «табиғаттың тума күшін», қолданды.
Ең алдымен (терапиялық табыстың маңызды болып табылатыны) ол «шәкіртін» бірнеше тәсілмен өзін-өзі иландырудың күшіне сендірді: түзеліп, өзін тақтай болып сезініп, балтыр-аяқ буындарында ғана қөзғалу мүмкіндігін қалдырып, «шәкірт» өзін артқа, алға қарай құлауын елестетеді («Мен артқа құлаймын», «Мен алға құлаймын»); қолдың саусақтарын қиыстырып, қолдың жазылмайтыны туралы көзарбайды («Мен жасай алмаймын, мен жасай алмаймын»); жұдырығын жаза алмайды деп ұйытады. Куэ айтқандай, бүкіл жерде бұл жағдайда «басшының иландыруы өзін-өзі иландыруды қөздырады». «Шәкірт» ондағы өзін-өзі иландыратын күштің құдіретін білген кезде, ол Куэ айтқандай, «дәннің гүлденіп өсіп кететін өңделген далаға сәйкестенеді; соншалықты дән өспейтін өңделмеген жерге ұқсаған екен».
Содан кейін «шәкірке» айналадағы заттар бөгет болмас үшін, көзін жұму ұсынылады, және мысалы, «іші ауырған» жағдайында ол сөздері түсінікті естілетіндей ернімен жыбырлап, өзінің жағымсыз түстерсіз тыныш ұйықтайтыны және күнде таңертең жақсы тәбет пен нәжіс болатыны туралы иландырады. Кез келген сырқатта таңертең, оянғанда бірден, кешке төсекте, көзді жұмып, айтқаныңа назар аударып, Куэ өзін-өзі келсідей иландыруды ұсынған: «Күн сайын барлық жағынан менің жағдайым жақсарып жатыр». Зорлықсыз, ойланусыз, бала сияқты, кенеттен, «дұға сияқты» илану керек. Сонымен бірге жіңішке арқанның түйіндерін жақсылап ажырату керек (қанша сөз, сонша түйін). Куэ әр түрлі сырқаттары бар науқастарды емдеген. «Өзін-өзі иландыру медициналық қолдануды айырбастай алмайды, – деп ойлайды, – бірақ науқастың болсын, дәрігерге де құнды қосалқы құрал болып табылады.
Куэ әдістемесін адамның мінез-құлқымен елес пен шала түсініктегі еліктірулер басқарады деген пікірден негізге алған Бодуэн дамытып тұжырымдаған. Бір фразаларды қайта-қайта қайталаудан автоматты түрде санасыздыққа әсер ететін ішкі қадалу пайда болады. М. Е. Бурно (1974) тұжырымдағандай, Бодуэн өзін-өзі иландыруды дәл ояну кезінде немесе дәл ұйқтар алдында өткізуге науқастарды өзін-өзі гипнөзға келтіруге үйретуді ұсынған. Өзін-өзі гинөзға келтіру көңілді бір нәрсеге аудартуға септігін тигізеді (қараңғыдағы шамның оты), ондағы назардың зорлықпен болмауы үшін бір дыбысты (сағат тықылы) өзін-өзі иландыру мақсатын біріктіретін қысқа сөздермен жеткілікті айқын бір ойға аудару. Иландырудың (өзін-өзі иландыру) теориялық әсерін Бодуэн арнайы идеомоторлы үлгісі – санадан гөрі дене қимылымен жеңіл басқара алатын шала түсінікке терапиялық бұйрықтың «енгізуімен» қолданып түсіндірді. Назарды бір нәрсеге ұзық аударып тұрса, (қарап тұрғанды көрсейміз, естіп тұрғанды естімейміз), ұйқыға ұласатын релаксация пайда болады (ойлаудан босау). Релаксация шала түсініктің «босатылуына» септігін тигізеді, және енді терапиялық бұйрықты шала оңай «кіргізуге» болады.
Куэ және Бодуэн өзін-өзі иландыру рөлін медициналық тәжірибе шегінен тыс кеңейткен, олар өзін-өзі иландыру адамдардың көзқарастарын өзгертетінін айтып, қоғамның жетілу жүйесін құруға тырысты. Куэ— Бодуэн бойынша өзін-өзі иландыру 20-е жж. кең танымал болды. Біздің елімізде «куэизм» аурудың нөзологиялық ерекшеліктері мен аурудың жеке тұлғасын ескермегендіктен сынға ие болды.
Психотерапияның мен өзін-өзі иландырудың белсенді әдістерін насихаттау Куэ және оның ізбасарларының жағымды жағы болды. Куэ емдеу үдерісінде науқастың белсенді рөлін бекітуге мен психотерапиядағы жаттығулар мен оқыту идеяларының дамуына ықпал етті. Сонымен қатар ол жағымсыздың орнына жағымды өзін-өзі иландырудың пайдалылығын көрсетті («Мен ауру емеспін» орнына «Менің денім сау»). Осындай жағымды жақтарының арқасында Ө.И. және К. В. М. Бехтеревпен құпталды.
АУТОГЕНДІК ЖАТТЫҒУ (А. Ж. ) (грек. autos — өзім, genos — шығу). Күйзелу нәтижесінде бұзылған адам ағзасының гомеостатикалық өзі реттелетін механизмдер жүйесінің динамикалық тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған психотерапия, психологиялық алдын алу және психологиялық гигиенаның белсенді әдісі. Әдістеменің негізгі элементтері бұлшық релаксация жаттығуы, өзін-өзі иландыру және өзін-өзі тәрбиелеу (аутодидактика) болып табылады. Аутогендік жаттығу белсенділігі классикалық үлгідегі гипнөзды терапия – науқастың емдеу үдерісіне енжар қатынас, дәрігерге тәуелділік сияқты кейбір жағымсыз жақтарына қарама-қарсы.
Аутогендік жаттығу емдеу әдісі ретінде жүйке төзуын емдеу үшін Шульцпен (Schultz J. Н.) 1932 ж. Ұсынылды. Елімізде оны 1950-жж. қолдана бастады. Аутогендік жаттығу емдік қасиеті дамумен қатар, вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі тонусының күшеюімен сипатталатын трофотроптық реакция релаксациясы нәтижесінде, сонымен қатар жалпы үрейдің төмендеуі мен жаттығатындардың күйзеліске қарсы үдерістерінің дамуымен бірге жүретін лимбиялық және гипоталамиялық бөліктері белсенділігінің әлсіреуіне негізделеді (Лобзин В. С., 1974).
Аутогендік жаттығу екі сатысын жіктейді (Шульц бойынша):
1) төменгі саты — ауырлық, жылылық сезінулерді шақыруға, жүрек қызметі мен тыныс алу ритміне ие болуға бағытталған жаттығулар арқылы релаксацияға оқыту;
2) жоғары саты — аутогендік медитация — түрлі деңгейдегі транстық жағдайларды жасау.
Төменгі саты, аутогендік жаттығу - 1, науқастармен келесі үш қалыптың бірінде орындалатын алты стандартты жаттығуларды құрайды:
1) отыру жағдайында, «көшір қалпы» — жаттығатын алға қарай басын түсіріп орындықта отырады, қолдары мен білектері жамбастың алдыңғы жағында, аяқтары бос тұрады;
2) жату қалпы — жаттығатын арқамен жатады, басы төмен жастықта, сәл шынтақтары бүгілген қолдары дене бойы алақанымен төмен қарай еркін жатады;
3) жартылай жату қалпы — жаттығатын арқаға шалқайып еркін креслода отырады, қолдары жамбастың алдыңғы жағында немесе шынтақ таянышында, аяқтар еркін тұрады.
Барлық үш қалыпта толығымен әлісрегендік болады, одан да жақсы шоғырланушылық болу үшін көз жабық болу керек.
Жаттығулар жаттығу басшысымен айтылатын өзін-өзі иландырудың тиісті формулаларын ойша (5-6 рет) қайталау жолымен жасалады. Стандартты жаттығулардың әрқайсысы «Мен толығымен сабырлымын» формула-мақсатпен бірге орындалады.
Бірінші жаттығу. Қол мен аяқтағы ауырлық сезімін шақыру, бұл көлденең-жолақты бұлшық еттердің босаңсуымен бірге болады. Формулалар: «Оң қол тым ауыр», одан кейін «Сол қол тым ауыр» және «Екі қолым тым ауыр». Дәл сондай формулалар аяқтарға арналады. Соңғы формула: «Қол мен аяқтар тым ауыр».
Екінші жаттығу. Қол мен аяқтардың тамырлы иннервация реттемесін болдыру мақсатында қол мен аяқта жылуды келтіру. Формулалар: «Оң (сол) бүтіндей жылы», одан кейін «Қолдар бүтіндей жылы», дәл сондай формулалар аяққа. Соңғы формула: «Аяқ пен қолдар бүтіндей ауыр және жылы».
Үшінші жаттығу. Жүректің кему ритмдерін реттеу. Формула: «Жүрек қатты және дұрыс соғады».
Төртінші жаттығу. Тыныс алу ритмінің дұрысталуы мен реттелуі. Формула: «Мен толығымен мазасыз тыныс аламын».
Бесінші жаттығу. Құрсақ қуысында жылу сезінуін келтіру. Формула: «Менің күнмен тұтасуым жылу шығарады».
Алтыншы жаттығу. Тамырлы генездің бас ауруларын алдын алу және жеңілдету мақсатымен маңдай бөлігінде салқындықты келтіру. Формула: «Менің маңдайым жағымды салқын».
Кезекті жаттығуды игеру көрсеткіші сезінулер генерализациясы болып табылады. Мысалы, аяқ-қолдардағы жылуды иландыру бойынша жаттығулар жылу барлық денеге таралған кезде игерілген болады.
Әр жаттығуды жасау үшін 2 апта кетеді. А.Ж. бүкіл курсы шамамен үш айға сөзылады. Әдетте сабақтар топпен аптасына 1-2 рет психотерапевт басшылығымен өткізіледі; сабақтың ұзақтығы 15-20 минут. Күніне екі рет өткізілетін науқастардың дербес жаттығуларына көп көңіл бөлінеді (таңертең, тұру алдында, және кешке, ұйқтар алдында), оның үстіне науқастар сабақ үстінде сезілетін сезінулерді сипаттап жазатын күнделік жүргізеді.
Алғашқы екі стандарттық жаттығуды игеру кезінде («ауырлық» және «жылылық») ерекше аутогендік берілудің жағдайы туындайды. Оны Шульц Шульц «қайта қосылу» деп атаған және физиологиялық түрде «сақтаулы сана кезінде биотонустың төмендеуі» деп анықтаған. Мюллер-Хегеманн (Muller-Hegemann D.) бұл жағдайды сыртқы тітіркеніс жоқ болғанда қабық белсенділігінің төмендеуі және жаттығу формулаларына көңіл аудару салдарынан ойлау үдерісінің қысқаруы деп түсіндіреді. Бұл жағдай түс пен сергектік аралығындағы болып сипатталады, ол гипнөздық ұйқының (сомноленциялар) бірінші сатысына жақын. Аутогендік берілудің тереңдігі үш фазаға бөлінеді. Бірінші фазада пациент барлық денеге таралған ауырлық, жылу, маужырауды сезінеді. Екінші фаза дене жеңілдігімен, салмақсыздықпен сипатталады, сонымен қатар дене кстесінің бұзылуы жиі орын алады. Үшінші фазаны «дененің жоғалуы» деп сипаттауға болады.
Бірінші және екінші фазалар электроэнцефалографиялық түрде саралап жіктелуі мүмкін. Қабықтың маңызды тежелуінің арқасында қайталанатын формулалар өзін-өзі иландырудың тиімді құралы болады. Аутогендік шомуда науқас белгілі ауру бұзуларына қарсы бағытталған өзін-өзі иландыруға кіріседі.
Лутэ (Luthe W.) формула-ниеттердің 5 түрін бөледі:
1) бетараптайтын, өзін-өзі иландырудың «бәрібір» нұсқасын қолданатындар: «Жұту бәрібір» — эзофагоспазма кезінде, «Гүл төзаңы бәрібір» — аллергия кезінде және т.б.;
2) күшейткіш, мысалы: «Менің қуығым маған белгі бергенде, оянатынымды білемін» — энурез кезінде; «Менің миым автоматты түрде айтады» — кекештену кезінде;
3) абстиненттік-бағытталған, мысалы: «Мен ішімдіктің бірде-бір тамшысын, ешбір формада, еш уақытта, қандай болмасын жағдайда ішпейтінімді білемін»;
4) парадокстік, мысалы: «Мен нңғұрлым жаман жазғым келеді» — жазу құрысқан кезде;
5) көмектесетін, мысалы: «Мен дәрілерге тәуелді еместігімді білемін» — тыныс демікпесі; «Есімдер қызықты» — есімдерді жаман есте сақтау кезінде.
Жалпы пікір бойынша, аутогендік жаттығу жүйке ауруларын, қызметтік бұзулардың және психосоматикалық ауруларды емдеуге аса тиімді. Жүйкесі жұқарған адамдарды емдеуге ұсынылады. Осындай неврөз формасында психогендік сексуальдық бұзулар мен түстің бұзылу кезінде аса тиімді әсер береді. Жабысқақ жағдайлар неврөзы кезінде бұл — фобиялық синдром; обсессияларды емдеу кезінде нәтижелер қанағаттанарлық. Көптеген зерттеушілер есірік кезіндегі аутогендік жаттығу тиімсіздігін атайды, онда аурудың ерекше «қажеттілігі» анықталады. Ипохондриялық синдроммен ауыратын науқастар салыстырмалы резистенттілікті анықтайды. Жабысқақ аурумен ауыратын науқастардың компульсивті синдром кезінде мүлдеем әсері болмайды. Сондай-ақ психастения кезінде де емдеу тиімділігі төмен.
Аутогендік жаттығу қолданудың ең жақсы нәтижелері эмоциональдық шиеленіспен және тегіс бұлшық еттер қабынуымен байланысты айқындалатын ауруларды емдеу кезінде байқалады, сонымен қатар парасимпатикалық әсер, симпатикалықтан жеңіл беріледі. Әдебиетте бронхтық астма, гипертония ауруы, бітелу эндартериті, диспноэ, эзофагоспазма, стенокардия, спастикалық аурулар, ішек-асқазан аурулары және іш қатудың инициальды кезеңінде А.Ж. қолданудың жақсы нәтижесі көрсетілген. Ойық жаралық ауруларды емдеудің қанағаттанарлық нәтижелері туралы деректер бар, оның негізгі себебі - кең таралған пікірлердің бірі, тамырлардың жергілікті жүйке түйілуі болып табылады. А.Ж. сөйлеу және фонацияның әр түрлі жүйке бұзылуларын емдеу тәсілі ретінде тиімді. Бірақ науқастардың жалпы тобында А.Ж. логофобия құбылыстарын ғана жинақтайды, ал жүйелі неврөзы ретінде кекештікті емдемейді, осыған байланысты логоневрөзбен ауыратын науқастарға мамандандырылған психотерпиялық топтарда сабақтар өткізу қажет.
Аутогендік жаттығу маскүнемдік пен есірткі құмарлықтың кешенді емдеуіне енеді, нақтырақ абстинентті синдром мен антитоксикалық ұстанудың қалыптасуын жою үшін қолданылады. Неврологиялық емханада А.Ж. нерв жүйесінің органикалық бұзылу суретін толықтырып қиындататын, психогендік бұзуларды жинақтау мақсатында нерв жүйесінің органикалық ауруларының қалып қойған құбылыстарын емдеу, сонымен бірге мидың тамыр бұзылулары, тұлғаның рекциясын түзету, бас-сүйек ми жарақатының қалдық құбылыстары, нейроинфекцияларды және т.б. емдеу кезінде қолданылады.
Аутогендік жаттығу арқылы эмоциональдық күйзеліс пен үрейді сәтті түсіру оның түрлі аурулардың психикалық алдын алу әдістерінің көптеген нұсқаларына қосылуын дәлелдейді.
Сонымен қатар А.Ж. споршыларды, эмоциональдық күйзеліс пен экстремальды жағдайда жұмыс істейтін адамдарды дайындағанда, психогигиеналық және психикалық алдын алу құралы ретінде кең қолданысқа ие болды. А.Ж. өндірістік гигиена әдісі ретінде арнайы нұсқаларын қолданудың оң тәжірибелері жинақталған.
Аутогендік жаттығу айқын емес сана және сандырақ жағдайында қолдануға болмайды, әсіресе қатынас және әсер ету сандырағы жағдайында. Аутогендік жаттығу өткір тәндік талма және жандандырылған күрт асқыну кезінде пайдалану ұсынылмайды. Айқындалған қызылтамырлы гипотония кезінде вагустық жүйенің жағымсыз басымдылығын жеңу үшін кейбір арнайы тәсілдер қолданылады (қар. төменде К. И. Мировский және А. Н. Шогамның модификациясы).
Төменгі сатылы аутогендік жаттығу модификациясы:
1. Мюллер-Хегеманн модификациясы (1957). Беттің (әсіресе тіл) және қол ұштарының (әсіресе үлкен саусақ) қабықты құрылысының кең өкілдігі туралы жұмыстарға негізделе отыра, Мюллер-Хегеманн Шульц әдістемесіне келесідей қосамша формулаларды енгізіп өзгертті: «Бет бұлшық еттері түгелдей әлсіреген», «Жақ төменге қарай еркін салбырайды», «Тіл бүтіндей ауыр» — «Маңдай жағымды салқын» және «Екі қол ұшы мүлдем ауыр» формула алдында — «Екі қол ұшы мүлдем ауыр» формуладан кейін. Бет және қол ұштары бұлшық еттерінің босаңсуы неғұрлым терең аутогендік шомуға беріледі, ал бас сақинасымен ауыратын адамдар жиі басталып жатқан талманы таратпауға ықпалын тигізеді. Автор үшінші жаттығуға да өзгерістер енгізеді. Оны орындау кезінде науқас сол жақ қол ұштарынан иығына дейін ағып тұрған жылумен толтырылған сол қолды елестету керек.
Әрі қарай ол «сол жақ қолда жиналғанды» сол жақ көкірек қуысына «ауыстырып төгеді», оны жүрек бойы ағып келе жатқанын сезінеді және осылай коронарлық тамырлардың рефлекторлық кеңеюіне ие болады.
2. Клейнзорге және Клумбиес модификациясы (Kleinsorge Н. және Klumbies G., 1965). Авторлар мүшелерге бағытталған жаттығу техникасын әзірледі. Осындай «бағытталған мүшелік жаттығу» А.Ж. алдағы дамуы болып табылады. А.Ж. қысқартылған жалпы курсының аяқталған соң, авторлар науқастарды нақты синдромдар бойынша жіктейді. Бұл топтарда тиісті түрде бірінші сатылы кеңейтілген және қосымша классикалық жаттығулар болып табылатын арнайы жаттығулар курсы жүргізіледі. Келесі топтар жинақталады.
«Бас» тобы. Көрсеткіштер: вазамоторлық бас аурулары, бас сақинасы, Меньер синдромы, белсенді назардың бұзылуы. А.Ж.-1 6-шы жаттығуына баса назар аударылады: «Маңдай жағымды салқын, басым ашық, бос, айқын, ол кез келген ойға назар аудара алады» және т.б.
«Жүрек» тобы. Көрсеткіштер: жүрек қыспасы, кардиология синдромы, жүрек соғуының бұзылуы. Басты назар — 2 және 3 жаттығуларда. Терапиялық әсер сол жақ қолдың тері қан тамырларының кеңеюі кезінде күре тамырларының рефлекторлық кеңеюіне негізделген.
«Іш» тобы. Көрсеткіштер: құрсақ қуысы мүшелерінің бұлшық еттерінің түйілуі, гастралгия, өт жолдарының дискинезиясы, кілегей және ойық жаралық тоқ ішектің қабынуы. Назар — 5-ші жаттығуда. Авторлар «Күннің шиеленісі жылу береді» Шульц формуласын как негізсіз физиологиялық «Жанға жағымды жылу менің ішіме таралып жатыр» сияқтыға ауыстырады.
«Тамырлар» тобы. Көрсеткіштер: перифериялық қан айналымының бұзылуы, неврогендік сатыдағы гипертония ауруы. Жаттығулар екі бастапқы А.Ж.-1 жатығулар негізінде құрылған.
Назар жалпы тыныштық формулаларына аударылады.
«Өкпе» тобы. Көрсеткіштер: психогендік диспноэ, бронхтық демікпе (талмадан тыс), эмфиземаның алғашқы кезеңдері. Жаттығу ашық терезелерде жатып жасалады. Келесі формула енгізіледі: «Мен өте жеңіл демаламын».
«Тыныштық» тобы. Көрсеткіштер: түстің бұзылуы және эмоциональдық бұзылулар. Жатқан қалыпта жаттығады. Арнайы жаттығулар қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуына бағытталған (бөлігі прогрессивті бұлшық ет релаксациясы кешенінен енген). Транквилизация сондай-ақ жанама түрде — эмоциональдық жағымды бейнеленген суреттерді елестету (пейзаж және т.б.).
Жеке синддромдар бойынша топтардың мамандануы көптеген авторлар ұтымсыз деп таниды. Соңғы кездері «бағытталған мүшелер жаттығуы» жиі емделу топтарында емес, актер, спортшыларды және т.б. дайындау кезінде кәсіби-қосалқы мақсатпен жүргізіледі. Осындай жаттығандыр топтамасында А.Ж.-1 көптеген стандартты жаттығулар артық болады да, оларды тар арнайы жаттығулар айырбастайды.
3. К. И. Мировский және А. Н. Шогам модификациясы (1963). Авторлар өз модификациясын «психотоникалық жаттығу» деп атады. Олар төмендететін ғана емес, сонымен қатар тонусты көтеретін, жұмылдыратын тәсілдерді ойлап шығарған. Осыған байланысты олар қарсы көрсеткіштер ішінен артериялық гипотония мен астенияны шығарып, А.Ж. қолдану саласын одан әрі кеңеюіне жеткен. Науқастар «астениялық-гипотониялық топта» жаттығады. Бұлшық ет релаксациясы жойылады, себебі артериялық қысымның төмендеуі оған жарамсыз. Формулаларға айқын симпатомиметикалық өзгерістерді еліктейтін сөздер енгізіледі (қалтырау, «қаз терісі», суық және т.б.). Жаттығу энергиялық бұлшық ет өзін-өзі жұмылдырумен аяқталады. Жаттығу мәтіні: «Мен бүтіндей сабырлымын. Менің бүкіл денем босаңсыды және тыныш. Еш нәрсе көңіл аудартпайды. Маған бәрібір. Мен ішкі тыныштықты сезінемін. Иығым мен арқам сәл қалтырайды. Жанға жағымды, сергітетін душ сияқты. Барлық бұлшық еттер шымыр. Бүкіл денем жыбырлап кетті.. Мен жиырылған серіппеге ұқсап тұрмын. Соққыға барлығы дайын. Бұлшық еттерім қатайған. Назар аударыңыз! Тұр! Соққы!»
К.И. Мировский (1965) деректері бойынша жиі бірінші сабақтан кейін артериялық қысымды 60-70/45-50-ден 110-130/70-80 мм рт. ст. дейін көтеруге болады.
4. Симпатомиметикалық өзгерістерді келтіретін жұмылдыратын, белсенді жаттығулар, сондай-ақ спортшыларды дайындайтын «психикалық реттеуші жаттығуды» ұсынған А. В. Алексеев (1969) және Л.Д. Гиссенмен (1969) қолданылады.
5. М.С. Лебединский және Т. Л. Бортник модификациясы (1965). Бұл стационарға құрылған А.Ж. қысқартылған нұсқасы. Курстың ұзақтығы — 1 ай (3 орнына). Емделу мерзімі емдеу басындағы әр сеанстың ұзару есебінен 30 минутқа дейін қысқарып отырады. Науқас күн сайын 1 рет дәрігермен және 2 рет дербес жаттығады. Әр жаттығу 3 күнде игеріледі. Емделу мерзімі формулалардың кеңеюі арқасында да қысқарады. Мысалы, бұлшық ет релаксация формуласы: «Мен оң жақ қолымда, иықта, білегім, саусақтарымда ауырлықты сеземін. Оң жақ қолдың саусақ ұштарына дейін ауырлықты сеземін». Сілекейдің жұтуы мен өңеш пен асқазан бөлігіндегі жылудың таралуы туралы елестету салдарынан күннің тұтасу бөлігіндегі жылылық сезімінің пайда болады. Емделу мерзімі А.Ж. гетеросуггестивтік сәттің күшеюі арқасында да қысқарады: науқастар өз ішінен дәрігер бірнеше рет айтататын формулаларды қайталайды. Жұмыс алдында әр формула сайын және бір формуладан екіншіге ауысқан жағдайда тыныштықтың кеңейтілген формуласы шығады: «Мен сабырлымын. Мен бүтіндей сабырлымын. Тынысым қалыпты және сабырлы. Пульс ырғақты. Жүрек қалыпты және тыныш соғады».
6. Репродуктивтік жаттығу (А.ГИПНОТЕРАПИЯ Панов, ГИПНОТЕРАПИЯС. Беляев, В.С. Лобзин, И.А. Копылова модификациясы 1980) психофизиологиялық және жеке тұлғаның өзіндік реттеудің кешенді әдістемесі болып табылады. Бұл модификацияда іске асыратын тәсіл ретінде сенсорлық репродукция кеңінен қолданылады — сезінулерді әдейі жүзеге асыру. Репродуктивтік жаттығуға дайындық психотерапевтикалық іс-шаралар кіреді (науқастың тұлғасын зерттеу және психотерапиялық әсердің негізгі әдістерін анықтау), бастапқы жаттығулар (тыныс алу гимнастикасы, идеомоторлық және бұлшық ет аппаратының релаксациялық жаттығуы) және А.Ж. өзіндік оқыту курсы. Репродуктивтік жаттығу, авторлар көрсеткендей, — бірыңғай техникада көптеген көздерден енген тәсілдерді біріктіретін барлығына белгілі компилятивтік әдістеме болып табылады. Бұл модификацияда басты назар «релаксация маскасына» аударылады — А.Ж. курсы басталатын жаттығу: «Қабақты сәл түсіру, мұрынның шет жақтарына, беттерге ішіне және сыртына қарай қарап өту, тілді ішінен үстіңгі тістердің тамырына жеңіл салу («Т» дыбысы), төменгі жақ сәл салбырап, оның салмағын сезініп, сәл алға қарай жылжыту керек («Ы»дыбысы)».
Бұл әдістеменің басқа өзгешелігі А.Ж. оқыту курсына авторлар арнайы әзірлеген кестелер бойынша жүргізілетін тыныс алу гимнастикасын енгізу болып табылады. Ырғақтық күшейтілген тыныс кейбір нерв орталықтарының қөзуын төмендетеді және бұлшық ет релаксацияға әсер етеді. Көптеген авторлар тыныс алу гимнастиканың жаттығатындардығ эмоциональдық жағдайларына, назар аудару қабілетіне әсер ететінін атап айтады. Тыныс алу гимнастикасы кезінде құрсақ қуысында терең жылу пайда болады, сондықтан ол іштегі жылуды шақыру формуласы алдында қолданылады.
Төменгі сатылы аутогендік жаттығудың басқа модификациялары В. С. Лобзин және М. М. Решетниковтың «Аутогендік жаттығу» (1986) монографиясында сипатталған.
Төменгі сатылы жаттығулар көбінесе вегетативті қызметтерге әсер етеді. Жоғары психикалық қызметтерді оңтайландыру мақсатында Шульц А.Ж. жоғары сатысын әзірледі (А. ж.-2), оның жаттығулары «аутогендік бейтараптық» және «өзіндік тазалану» (катарсис) арқылы емделуге әкелетін күрделі күйзелістерді шақыруды үйрету керек. А.Ж.-1 стандартты жаттығуларын автор негізгі емдеуге дайындық, екінші саты – аутогендік бейтараптыққа жететін аутогендік медитация ретінде қарастырады. Ол теріс күйзелістерді бейтараптау арқылы ғана түбірімен неврөздан құтылуға болатынын тұжырымдаған. Осындай өзіндік тазарудың тәсілдерін Шульц йога ежелгі индус жүйесінен алған.
Шульц бойынша аутогендік медитация. Аутогендік медитацияға кіріспес бұрын, жаттығатын өзін аутогендік шомуға жағдайында ұзақ уақыт – бір сағаттан және одан артық ұстауды үйрену керек. Осындай «пассивтік топтау» кезінде көптеген визуалды ерекше құбылыстар пайда болады («көлеңке», «қарапайым формалар», түсті дақтар және т.б.). Одан кейінгі дайындық ашулы кедергілердің барында – жарық сәуле, шу, қосылып тұрған радио және т.б. «пассивтік топтауды» шақыру мен ұстап тұруды үйренуден тұрады.
Бірінші жаттығу. Сыртқы әсерсіз пайда болатын түрлі түсті түсініктерді белгілеу.
Екінші жаттығу. Нақты бір түрлі түсті түсініктерді шақыру, берілген түстің «көрінуі».
Үшінші жаттығу. Нақты заттардың визуализациясы.
Төртінші жаттығу. «Әділдік», «бақыт», «шындық» және т.б. абстрактілі ұғымдарды көзбен елестетуге көңілді тоқтату. Бұл жаттығуды орындау кезінде қатаң түрдегі жеке ұғымдардың ағымы пайда болады. Мәселен, «бостандық» шалғынды аймақта шауып келе жатқан ақ атқа ұқсайды. Абстрактілі түсініктерге ұқсас нақты көру бейнелер, Шульц пікірі бойынша, санадан тыс нәрсенің пайда болуына көмектеседі.
Бесінші жаттығу. «пассивті назардың» еркін шығарылатын, эмоциональдық мәні бар жағдаяттарға шоғырлануы. Осы жаттығуды орындау кезінде жаттығушы жиі өзін елестететін жағдаяттың ортасында «көреді».
Алтыншы жаттығу. Басқа адамдар бейнелерін шақыру. Алдында «бейтарап» адамдардың бейнелерін шақыруға үйрену керек, кейін — науқасқа жағымды және жағымсыз адамдардың эмоциональдық боялған бейнелер. Шульц айтқандай, бұл жағдайларда адамдар бейнесі дәл келтірілген, карикатуралы түрде пайда болады. Бірте-бірте осындай бейнелер неғұрлым «сабырлы», «батыл» болады, карикатуралық белгілер, эмоциональдық гиперболизация элементтері жұмсарады. Бұл басталып жатқан «аутогендік бейтараптықтың» көрсеткіші болып табылады.
Жетінші жаттығу. Оны автор «санадан тыстың жауабы» деп атады. Жаттығушы өзінен «Маған не керек?», «Мен кіммін?», «Менің проблемам не?» және т.б. сұрайды. Ол санадан тыс түрлі, соның ішінде үрейлі жағдаяттарда өзін «сырт көзбен» көруге көмектесетін бейнелер ағынымен жауап береді. Осылай катарсис, өзін-өзі тазартуға жетеді және «аутогендік бейтараптық», яғни сауығу басталады. Шульц бойынша медитациялық жаттығулардың сипаттамасын талдай отыра, олардың өзгеше «аутопсихикалық талдау» тәсілдер сериясына топталатынын байқауға қиын емес.
Шульцтың серіктес авторы Лутенің 6-томды басшылығымен әдістің құрылысына жаңа элементтер енгізеді — аутогендік бейтараптық тәсілдері: аутогендік жауап қайтару және аутогендік вербалдану. Бұл әдістераутогендік терапия бойынша 6-томдық басшылық мазмұнының негізін құрайды.
Лутэ бойынша аутогендік жауап қайтару._ Жағымсыз күйзелістерді бейтараптау үшін психикалық жараның себебі болған жағдаяттарды «қайталау» тәсілдері қолданылады. Психикалық талдау сеанстарында сияқты, аутогендік жауап қайту кезінде дәрігер толығымен бейтараптықты сақтайды. Автор тәжірибесінен науқас миының өзі қандай формада және қандай тәртіпте аутогендік бейтараптықта «материалды айтуын» білмейтінін көруге болады. Бейтараптықта мидық қалыпты жұмысына бөгет болатын «материал» ғана босатылатыны (яғни вербалданады) атап көрсетіледі. Аутогендік вербалдану жабық көздермен жүзеге асырылады, ал науқастың міндеті аутогендік босаңсу жағдайында пайда болатын барлық сенсорлық бейнелер туралы әңгімесі болып табылады.
Лутэ бойынша аутогендік серпілісті тәжірибе жүргізу әдістемесінде бес негізгі ереже немесе шартты бөлуге болады (Лобзин В. С., Решетников М. М., 1986): 1) стандарттық жаттығулардан пассивті бағытқа көру бейнелерге ауысу қажеттілігі; 2) кез келген қабылдаудың шексіз вебальды сипаттамасы (сенсорлық бейнелер); 3) мимен басқарылатын бейтараптыққа психотерапиялық араласу принципі; 4) аутогендік разрядтар кезеңіне сәйкес ішкі динамиканы сақтау немесе мойындау; 5) психотерапиялық жұмыстың өздігінен аяқталу принципі.
Аутогендік жауап қайтарудың бүкіл курс бойы стандартты жаттығулар қолданылады. Аутогендік серпілісті психотерапевт рұқсатымен ғана өздігінен орындауға болады. Сеанстар арасындағы интервалдар 7-10 күнді құрайды.
Лутэ бойынша аутогендік вербалдану._ Бұл тәсіл көп мағынада аутогендік серпіліске ұқсас, бірақ түсініктердің көзбен шолуынсыз жүзеге асырылады. Аутогендік серпілістен гөрі, аутогендік вербалдану «бөгет материал» (қатты күйзелістер) дәл сипатталатын болғанда қолданылады. Нақты тақырып вербалдануы (мысалы, «агрессия», «тілек», «қорқыныш» және т.б.) аутогендік босаңсу жағдайында жүргізіледі және науқастың айтар сөздері таусылғанға дейін жалғасады. Аутогендік вербалдану кезінде науқас «бөгет болатын материалы» бар тақырыпты білетіні туралы тұжырымдалады. Шын мәнінде, аутогендік бейтараптану тәсілдері Юнг ұсынған (Jung С. G.) жасырын немесе тұншықтыратын еліктеулерді анықтау үшін байланыс эксперимент болып саналады. Аутогендік релаксация жағдайында осы тәсілдің іске асуы жаңалық болып табылады.
Отандық авторлар (Панов А. ГИПНОТЕРАПИЯ, Беляев ГИПНОТЕРАПИЯ С., Лобзин В. С., Копылова И. А., 1980) А.Ж. жоғары сатылы жаттығулардың өзіндік кешенін әзірледі. Авторлардың А.Ж. жоғары сатылы кешені ең алдымен эмоциялардың психикалық физиологиясына негізделеді. А.Ж.-2 кешеніндегі орталасында эмоциональдық жағдайдың әдейі реттеуінің, эмоциялардың әдейі өңделу тәсілдері болады. Авторлар бұлшық ет тонусымен басқару (Джекобсонның күшейтілген бұлшық ет релаксациясы типтес), сюжетті елестету жаттығуы және «өзін таныту жаттығуы» көңіл-күйді өңдеудің негізгі тәсілдері деп есептейді.
Сюжетті елестету жаттығуы. Олардың мақсаты берілген эмоциональдық жағдайдың дербес, саналы және әдейі қалыптасуы, ал мәні эмоциональды боялған түсініктердің, бейнелердің және динамикалық жағдайлардың (сюжеттер) қалпына келуі болады. Эмоциональдық мәні бар сюжеттік түсініктердің қалыптасуы мақсаттың қойылуынан басталады: қай эмоциональдық жағдай өңдеуге жатады. Таңдалған мақсатқа байланысты керек эмоцияға сәйкес түсі де белгіленеді. Таңдалған түс ауызша өзіндік бұйрықтың қалыптасуына негіз болады. Мысал ретінде «Парк» атты жаттығуын келтіреміз.
Жаттығудың мақсаты — тыныштық жағдайын, ішкі жайлылық, жалқау маужырау, терең тынығу жағдайын құру. Негізгі сенсорлық түсініктер — көру. Өзіндік бұйрық: «Жасыл-жасыл жасылкөк. Жасыл-жасыл жапырақ. Жасыл жапырақ сыбдырлайды». Бейнелі көрініс — өзіңді жылы күннің көзі жарқырап тұрған күні парк ішінде елестету. Күннің көздері жапырақ көлеңкесінің дақтарымен араласып жатыр. Денеге жылы, бірақ ыстық емес (температуралық бейне). Жапырақ жас, ашық (түстік бейне). Жайылған ашық жер, аллеялар алысқа ұзап жатыр (кеңістік бейне). Жапырақтар самал желден сыбдылайды, түсініксіз алыстан естіліп жатқан адамдар дауыстары (дыбыс және сезетін бейнелер — баяу жел). Жас жапырақтардың иісі (иіс сезу бейнесі). Музыкалық бекіту — парк репродукторларына төгіліп тұрған бір сарынды ақырын музыка. Бұл картинаға сіңісіп, оны сезініп, санада бекіту керек.
Өзін таныту жаттығуы. Жиі аса биік жауапкершілік сезімімімен байланысты алдын ала көрінетін төтенше тұрмыстық жағдайлар пайда болады. Осындай жағдайларды күйзеліспен күту іштегі сенімсіздікті, сәтсіздіктен қорқу сезімін тудырады және нерв жүйесінің қөзуын шақырады. Осындай жағдайларға «өзін таныту» жаттығулары арқылы дайындалуға болады. Науқастарға таңертең, әлі соңына дейін тұрмай, яғни табиғи аутогендік шомуда болып, өздері қорқатын емес, көргісі келетін оларды күйзелтетін жағдайды жаттықтыруға кеңес береді. Бұл табыс репетициясы. Осыған ұқсас репетицияларды күтілетін жағдайға дейін бірнеше күн бұрын немесе тікелей болатын күні өткізуге болады. Бұдан түс бұзылуы мүмкін, сондықтан ұйықтар алдында жасауға болмайды. Шетелдік және отандық авторлардың зерттеулерінде биологиялық кері байланыс қағидасын қолдану жолымен А.Ж. үдерісінде алынған біліктерді іске асыруды жылдамдату мүмкіндігі атап көрсетіледі (электрлік миографиялық, электрлік энцефалографиялық, температуралық, жүрек соғуының кері байланысы және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |