Публицистикалық шығармашылық негіздері



бет53/56
Дата20.09.2023
өлшемі2.01 Mb.
#478075
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
ZhakypB-публикалы0-шы5арма

Публицистика типологиясы


1. Публицистиканың тектік тұрғыдан алғандағы жүйелерін үш топқа жіктеуге болады: а) ақпараттық-оқиғалы публицис-тика; ә) талдамалы публицистика; б) көркем публицистика.
2. Публицистиканың түрлік жағынан алғандағы типология-сы: а) қоғамдық-саяси публицистика; ә) экологиялық публи-цистика; б) моральдық-этикалық публицистика; в) әдеби пуб-лицистика; г) сыни публицистика; ғ) ғылыми-танымдық публицистика.
3. Жанрлық тұрғыдан алғанда, ақпараттық-оқиғалы пуб-лицистика тобына: заметка, есеп, репортаж, сұхбат; талдамалы публицистика тобына: корреспонденция, мақала, шолу, рецен-зия, қамту (обозрение), түсіндірме (комментарий), баспасөзге шолу, хат (эпостолярлық жанр ретінде), саяси портрет, журналистік тексеріс; көркем публицистика тобына: суреттеме, очерк, эссе, фельетон, памфлет жанрларын кіріктіруге болады.
4. Публицистикалық шығармаларды стильдік тұрғыдан:
а) полемикалық (қақпайлы) публицистика; ә) үгітшілік публицистика; б) насихатшылық публицистика; в) сатиралық публицистика; г) эпистолярлық публицистика; ғ) талдамалы-сыни публицистика; д) деректі публицистика; е) іскерлік публицистика деп жіктей аламыз.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табуына орай: а)газет публицистикасы немесе баспасөздегі публицистика; ә)радиопублицистика; б) телепублицистика; в) фотопублицис-тика; г) кинопублицистика; ғ)интернеттегі публицистика болып жіктеледі.


Тәуелсіз Қазақстан публицистикасындағы
тақырыптық, проблемалық пішіндік ізденістер
Бұл тақырып бойынша азат ойдың, еркін сөздің дәуіріндегі публицистикадағы жаңалықтар қамтылады. Публицистердің бұрын жазуға болмайтын, бұрын айтуға болмайтын мәселе-лерге еркін қалам тербегендігіне назар аударылады. Ел тәуел-сіздігімен бірге мәселенің мәнісін тез ашатын, қоғамдағы оқиға, құбылысқа жедел түрде үн қататын жаңа публицистиканың заманы туғандығына дәлел-дәйектер келтіріледі.

Емтихан сұрақтары


1. Публицистика табиғаты.


2. Публицистиканың пайда болуы.
3. Журналистика, көркем әдебиет және публицистика.
4. Көне түркі жазба ескерткіштері – публицистика бастаулары.
5. Батырлар жыры – ауызекі публицистика үлгісі.
6. Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын.
7. Шешендік сөздердегі публицистикалық белгілер.
8. Шоқан, Ыбырай, Абай публицистикасы.
9. “Түркістан уалаяты газетіндегі” публицистиканың қалып-тасуы.
10. “Дала уалаяты газетіндегі” ұлттық публицистика
11. Дінмұхамед Сұлтанғазин – ұлттық публицистиканың негізін салушылардың бірі.
12. Қорабай Жапанов – публицист.
13. Отыншы Әлжановтың публицистикасы.
14. Рахымжан Дүйсенбаев – публицист.
15. Асылқожа Құрманбаев публицистикасы.
16. “Айқап” журналындағы публицистика.
17. Мұхаметжан Сералин – публицист.
18. Ахмет Байтұрсыновтың “Айқап” журналындағы публицис-тикасы.
19. Міржақып Дулатов “Айқап” журналында.
20. “Қазақ” газетіндегі публицистика.
21. Әлихан Бөкейхановтың “Қазақ” газетіндегі публицистикасы.
22. Райымжан Марсеков – публицист.
23. Ғұмар Қарашев публицистикасы.
24. Публицистикадағы шығармашылық даралық (Мұхтар Әуезов публицистикасы негізінде).
25. Кеңес дәуіріндегі публицистика.
26. Сәкен Сейфуллиннің қоғамдық-саяси бағыттағы публицисти-касы.
27. Жүсіпбек Аймауытовтың көркемдік бағыттағы публицис-тикасы.
28. Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы пуб-лицистикасы.
29. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы публицистика.
30. Соғыстан кейінгі жылдардағы публицистика.
31. 60-70 жылдардағы публицистика.
32. 80-жылдардағы публицистика.
33. Публицистика типологиясы.
34. Тәуелсіз Қазақстан публицистикасындағы тақырыптық, про-блемалық, пішіндік ізденістер.
35. Газет, журнал, телевизия мен радио публицистика жанрла-рының ортақ қасиеттері мен өзіндік ерекшеліктері.
36. Публицистика жанрларын пайдаланудағы “Егемен Қазақ-стан”, “Жас қазақ”, “Түркістан” газеттері журналистерінің өзіндік өрнектері.
37. “Журналистік ақпарат және “ақпарат жанрлары” ұғымдары
38. Ақпарат, (заметка), есеп, сұхбат, репортаждардың негізгі бел-гілері.
39. Газет есебінің міндеті мен

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет