Көркем әдебиет стильі
Азаттық аңсаған халқымның,
Өткенін жырлаған әр күнін.
Шортанбай, Махамбет , Жамбылым.
Өлеңге сыйғызған бар мұңын,
Бұл – менің тілім!
Әміре Парижді тамсандырғанда,
Елім деп әлемге жар салдырған да,
Батыры бүгіннің Құдайбергенов,
Қытайға қазақша ән салдырған да,
Бұл – менің үнім!
Желтоқсанында сексен алтының,
Төккенде боранды қарлы балшығын.
Атам десеңдер атыңдар деп,
Ләззәт, Ербол, Рысқұлбековтер
Кескен үрімдей тамыр – талшығын.
Бұл – менің тілім!
Бүлдіршіндерге жазғанда әліппе,
Ахмет атамыз қырық екі әріпке.
“Масамен” Крылов, Лермонтовтар
Мысалын сөйлеткен қазақша қәріпте.
Бұл – менің тілім!
Қырғыздар түйреп найзаны
Келгенде отты қайрады.
Қасымұлы Кенесары
Өлсем де биікпін сенен деп
Өр кейпінен таймады,
Бұл – менің тілім!
Қалмақтың шапқанда Қалданы,
Абылай атойлап барғаны.
Есінде елдің бірауыз сөзінен,
Әбілмансұрды босатып алғаны,
Бұл – менің тілім!
Жоңғарлар шығыста билігін құрғанда,
Жау жағаланып желкеден ұрғанда,
Қаншама жанды тұсаулап қамап,
Жазықсыздан жазықсыз қырғанда,
Саңқылдап үнімен шешімін тауып,
Қаздауысты Қазыбек қылғанда,
Бұл – менің тілім!
Еңсегей бойлы ер Есім кезінде,
Жұртын жиған Есілдің өзінде.
Іргесін бөлек сап Жиембет жыраудың,
Өкпесін төгетін төрт қатар сөзінде,
Бұл – менің тілім
Қолғаппен жыққан бар Еуропаны
Орыс кәріспен шатысқан қаны.
Отанын сүйетін Головкинді де,
Мен қазақпын деп сайратқандағы
Бұл – менің тілім!
Әлихан, Тұрар, Міржақыптардың,
Оятып көзін ашқан да ардың,
Абай, Ыбырай, Сұлтанмахмұт
Дәмін татырған жолдармен балдың.
Бұл – менің тілім!
Ізін өшірмей бабаларымның
Хақ тілсіз болсам тоналарымның
Жалғастыратын көпірін үзбей
Мен боламын балаларың!
Достарыңызбен бөлісу: |