Ауызекі сөйлеу стилі
-Сәлем, Бақыт. Қалың қалай?
-Сәлем, Балауса. Менде бәрі жақсы. Өзіңде ше?!Бүгін бір кербез, сымбатты көрініп тұрсың.
-Менде дн бәрі керемет. Тіпті, өте жақсы. Пейіліңе рақымет. Бүгін Кітапжарыстың соңғы күні. Сол себепті, мүмкін бас жүлде бұйырар деп үміттеніп, шыритай болып алғаным ғой.
- Мә, қандай пысықсың. Жарайсың, соңына дейін жеткен сен мықты болып тұрғаның ғо.
-Ой, қойшы, оның несі мықтылық. Мәселе еңбекте болып тұр ғой.
- Сонда қанша уақытттан бері еңбектеніп келесің? Мен келесі де қатысайын. Менің де сен сияқты жолым болып, бағым жанып дегендей.
- Әлбетте, қатыс. Сенің де қолыңнан келеді. Барлық таныстарына қатыс деп келемін. Негізі, ұзақ уақыттық сапасыз дайындықтан, қысқа мерзімді, сапалы дайындалған жөн деп есептеймін. Мысалы қара. Сен 1 жыл тіл үйренемін деп курссыз өзіңді әбігер қылып жібересің. Пәленбай сағат шұқыланып денсаулығыңды да жоғалтасың. Ал сенен сәл қулығы асқан жандар курс сатып алып, аптасына 2-3 сағат кетіріп, қалған уақыттарын өзінің денсаулығына, отбасына, дамуына арнайды. Сол тәрізді менің де дайындығым сондай болды. Күніге 2сағатымды осы жарысқа жұмсадым. 2 сағаттан күніге үздіксіз жақсы нәтиже көрсеттім.
- Шынымен, неге адамдар уақыттың қадірін білмей, дүниеге сараңдық салады екен. Эхх…
Не болса да сен жарадың. Сенен болашақта мықты ел тұтқасын ұстар басшы немесе депутат, жоқ дегенде әкім шықса, еліміз өркендеп, үздіксіз даму үстінде болар еді-ау. Досым, мен саған сенемін.
-Ой, досым. Көп рақымет сеніміңе. Жаным сергіп, көңілім бір марқайып қалды-ау. Сенде жерде қалмайсың деп ойлаймын. Ал, ендеше, кеттік. Менің жеңіске жетер сәтімнің куәгері бол. Санаулы уақыттар қалды.
-Жарайды, кеттік досым. Сенің қуанышың менің де қуанышым ғой. Кеттік.
Достарыңызбен бөлісу: |