+Ауруханадан тыс төменгі бөліктік пневмония
-Созылмалы бронхит
-Бронхты демікпе
-Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
-Өкпе ісігі
24. 34 жастағы ер адам ауыспалы жедел респираторлық аурудан кейін қақырықты жөтелді байқаған, кеудедегі ауыру сезімі, ентігу, дене температурасының 39,4˚С дейін жоғарылауы. Объективті қарап тексергенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде қысқарған перкуторлы дыбыс. Аускультацияда сол жерде майда көпіршікті сырыл естіледі.
Төменде аталған диагноздардың ЕҢ ықтималы?
+Ауруханадан тыс оң өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы
-Созылмалы бронхит
-Бронх астмасы
-Созылмалы өкпенің обструктивті ауруы
-Экссудативті оң жақтың плевриті
25. 58 жастағы әйел терапевтке қақырықты жөтел, дене температурасының 380С дейін көтерілуі, ентігу, тершеңдік пен әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде ревматоидты артритпен ауырғандықтан ұзақ уақыт бойы цитостатиктер және гормондар қабылдаған. Аускультацияда оң жақ жауырынның төменгі бұрышында майда көпіршікті сырыл естіледі.
Төменде аталған диагноздардың ЕҢ ықтималы?
-Ауруханадан тыс пневмония
-Аспирациялық пневмония
+Иммунды тапшылықты пневмония
-Аурухана ішілік пневмония
-Экссудативті плеврит
26. . Реанимацияда асқазанына операция жасалған 75 жастағы ер адам жатыр. Кешке дене температурасы 38 ˚С дейін көтерілді, оң жақ кеуде тұсында ауырсыну сезімі пайда болады, жөтелгенде күшейеді. Аускультацияда жауырынның оң жақ төменгі бұрышында ылғалды майда көпіршікті сырыл естіледі. ТАЖ-26/мин.
Төменде аталған диагноздардың ЕҢ ықтималы?
-Ауруханадан тыс пневмония
-Экссудативті оң жақтық плеврит
-Иммунды тапшылықты пневмония
+Аурухана ішілік пневмония
-Дресслер синдромы
27. 58 жастағы әйел қақырықты жөтелге, ентігуге, тыныс алумен байланысты кеудедегі ауыру сезіміне, дене температурасының жоғарылауы, тершеңдікке, әлсіздікке шағымданып келді. Суық тигеннен кейін ауырған. Аускультацияда оң өкпенің төменгі бөлімінде ылғалды майда көпіршікті сырыл естіледі.
Төменде аталған зерттеу әдістерінің диагноз қою үшін ЕҢ керектісі ?
-Спирография
+Рентгенография
-Электрокардиография
-Пикфлоуметрия
-Пульсоксиметрия
28. 45 жастағы әйел шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, дене температурасы 39˚С дейін жоғарылағанына, ентігуге шағымданады.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы көрсетілген кеуде торы ағзаларының рентгеннограммасына ЕҢ сәйкес келетіні?
Достарыңызбен бөлісу: |