Тізімдерді өзгерту. Тізімдер (list) – бұл еркін типтегі объектілер жиынтығының реттілікпен орналасуы. Тізімнің көлемі шектелмеген. Тізімдерді өзгертуге болады – орын ауыстыру операциялары көмегімен де, тізіммен жұмыс істеудің әртүрлі әдістерімен де түрлендіріле алады.
Мына программаны енгізіп көрейік:
mylist = [1, 'бес', 3.1]
print(len(mylist)) # Тізімдегі элементтер саны print(mylist[0]) # Бірінші элементке бару
mylist.append("new")
# Жаңа элементті тізім соңына қосамыз
print("Қосылғаны---->", mylist)
mylist.pop(0) # Бірінші элементті жоямыз
print("Жойылғаны---->", mylist) # Енгізілген тізімдер superlist = [[1, 2, 3], [4, 5, 6]]
print(superlist) print(super!ist[1][2]) # Екінші тізімдегі екінші элементті аламыз
Программаның нәтижесі төмендегідей болды:
3
1
Қосылғаны----> [ 1 ,'бес',3.1 ,'new']
Жойылғаны----> ['6ec',3.1,'new']
[[1,2,3],[4,5,6]]
6
Сөздіктер құру
Сөздіктер (dict) – бұл да объектілер жиыны, бірақ оларға жету коллекцияның басынан бастап белгілі бір орын ауысу бойынша жүргізілмейді, түйінді сөздер бойынша жүргізіледі. Шын мәнінде, элементтерді позициясына қарай реттеу емес, тек қана түйінді сөз бен онымен тығыз байланысты мәндерді ғана көрсетеді.
Мына программаны енгізіп көрейік:
mydic = {1: "Бірінші", 2: "Екінші"} print("1 деген кілті бар элементті алайық------>", mydic[1])
superdic = {'name': {'first': 'Айдар', 'second': 'Тілегенов'},
'job': ['Ақпараттық технологиялар орталығы', 'ОТК']} # күрделірек құрылым print(superdic['name']['second'], "--->", superdic['job'][0])
Нәтижесі:
1 деген кілті бар элементті алайық----- > Бірінші
Тілегенов —> Ақпараттық технологиялар орталығы
Кортеждер құрастыру. Кортеж (tuple) дегеніміз жалпы алғанда тізімге ұқсайды, бірақ оны өзгертуге болмайды. Кортеж литералын жай жақшамен жазады.
Мысалы:
t = ("Алма", "Береке", "Сабын") print(t[0]) # Бірінші элементті аламыз
t = ((1,2, 3,4), (5, 6, 7, 8, 9)) print(t[l][4])
Нәтижесі:
Алма
9
Достарыңызбен бөлісу: |