Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)


Python тілінде программа жазуға жаттығу



бет12/22
Дата15.04.2023
өлшемі318.13 Kb.
#472283
түріПрограмма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Бөрібаев, Муратова Python тілі негіздері

Python тілінде программа жазуға жаттығу


Python тіліндегі программа жазғанда неге мән беру керек? Python тіліндегі программа бір немесе бірнеше модульден құралуы мүмкін. Әрбір модуль 7 биттік ASCII кодтарымен үйлесімді дайын мәтіндік файлдан құралған. Биттілігі жоғары кодтар үшін кодтау тәсілінің атын көрсету қажет. Мысалы, литералдары немесе түсініктемелері KOI8-R кодтары арқылы жазылған модульдің бірінші немесе екінші жолында келесідей сипаттау тізімі жазылуы тиіс.
# -*- coding: koi8-r -*-
Осы сипаттау тізімінің арқасында Python интерпретаторы Unicode-тіркестердің литерал символдарын Unicode жолдарына қалай айналдыруды білетін болады. Осы жол жазылмайтын болса, сегіз бит орнатылған кодтары бар модуль кездескен сайын ескерту айтып отырады.
Төменде келтірілген мысалдарда файлға жазылған модуль үзінділері де, Python интерпретаторында жазылған модуль үзінділері де қолданылды. Соңғыларында >>> шақыру символдары бар. Торкөз символы ( #) жолдың соңына дейін түсініктеме берілгенін білдіреді.
Интерпретатор тұрғысынан Python тіліндегі программа логикалық жолдардан құралады. Бір логикалық жол бір физикалық жолға орналасады.
Егер логикалық жол тым ұзақ болса, онда кері қиғаш сызық (\) көмегімен немесе жақшаның ішіне қойып, бірнеше физикалық жолға бөлуге болады:
print a ," – өте ұзақ жол, ол белгілі орындарға", \
80, "сыймайды"
http://pvthon-rutour.rhcloud.com/tour/Base type/ сайтында Python-мен жұмыс істеудің
практикалық негіздері берілген. Мысалы, print("Бyriн қай күн?")
бұйрығын теріп, Enter-ді басқан соң нәтиже бірден экранға шығады, яғни программамен жұмыс істеу оңай әрі жылдам.
Деректердің негізгі түрлерін жазу. Берілген мәндерінің типіне қарай Python айнымалылардың түрлерін өзі бақылап отырады. Мына түсініктемеге назар аударайық:
#Бұл түсініктеме '"Бұл көпжолды түсініктеме'"
программалық кодқа түсініктеме беріп отырған жөн. Оны өзіміз ғана емес, басқалар да жылдам ұғынады.
"'Python тілінің деректер типі"

  1. = 12 # Бүтін сан

  2. = 13.78 # Жылжымалы нүктесі бар сан с = "Сәлем, әлем" # Жол d = [1, "Ура", 1.12] # Тізім е = (2, 12, 56) # Кортеж

f= {1: "Бірінші", 2: "Екінші"} #Сөздік
g = True # Немесе False (Логикалық мән) print(a, b, с) print(d, e, f, g)
Мына программаны теріп, нәтижесін көріңіз.
line = "Бұл адамшылық белгісі" print(Iine)
print("Жол ұзындығы:", len(line))
print(line[0]) # Бірінші элемент, санақ нөлден басталады print(line[1]) # Екінші элемент print(line[-1]) # Соңғы элемент print(line[1 :4]) # Қиып алу print(line[:4]) # Бұл да қиып алу print(Iine[4:]) # Тағы бір нұсқасы print(line + line) # Жолға жолды қосамыз print(line * 3) # Осылай да қосуға болады
Нәтижесі мынадай болады:
Бұл адамшылық белгісі
Жол ұзындығы: 21
Б Ұ
i
ұл Бұл
адамшылық белгісі
Бұл адамшылық белгісіБұл адамшылық белгісі
Бұл адамшылық белгісіБұл адамшылық белгісіБұл адамшылық белгісі
Реттілікті өзгерту операцияларынан бөлек жолдарды өзгертудің өзіндік әдістері бар. Мына мысалды орындайық: line1 = "Бұл бірінші жол" lіnе2 = "АЛ МЫНАУ ЕКІНШІ ЖОЛ" print(line1 .rерlасе('ұл', 'ек')) # Бір жолды басқа жолмен ауыстырады

print(line1.find('тo'))


# Жолдың ауысқанын іздейді

print(line1.split(' '))


# Жолды бөліктерге бөледі

print(line1.upper())


# Символдарды жоғарғы регистрге ауыстырады

print(line2.lower())


# Символдарды төменгі регистрге ауыстырады

Нәтижесі:
Бек бірінші жол
1
['Бұл', 'бірінші', 'жол']
БҰЛ БІРІНШІ ЖОЛ
ал мынау екінші жол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет