Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)


Ережеден тыс жағдайларды өңдеу



Pdf көрінісі
бет21/25
Дата07.11.2022
өлшемі1.76 Mb.
#464166
түріПрограмма
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Бөрібаев, Муратова Python тілі негіздері

Ережеден тыс жағдайларды өңдеу 
Егер нұсқаулық немесе өрнек синтаксистік тұрғыда дұрыс жазылса да, оны орындау 
барысында қателіктер пайда болуы мүмкін. Орындау барысында пайда болған қателіктер 
фатальді емес және оларды түзетуге болады. Ережеден тыс жағдайлардың көбін программа 
өңдемейді және қате туралы хабарлама жазылады. Мысалы: 
оh=10/0 #Осы жерде қателік бар 
Белгілі бір ережеден тыс жағдайларды өндейтін программа жазуымызға болады. Алдымен 
try тармағы орындалады (try және except түйінді сөздерінің арасында орналасқан нұсқаулар), 
егер ережеден тыс жағдайлар пайда болмаса, онда except тармағынан аттап өтіледі және try 
нұсқауын орындау аяқталады.
Try нұсқауында әртүрлі ережеден тыс жағдайларды өңдеуге арналған саны бірден артық 
except тармақтары болуы мүмкін. Except-тің соңғы тармағында ережеден тыс жағдай түсірілуі 
мүмкін – бұл жағдайда ережеден тыс жағдайлардың барлығы да өңделеді.
try: # Мынаны орындап көрейік...
оh = 10 / 0
except(ZeroDivisionError):
print("Санды нөлге бөлуге болмайды")
Нәтижесінде мына жауап экранға шығады:
Санды нөлге бөлуге болмайды
Raise нұсқаулығы көмегімен программашы ержеден тыс жағдайды генерациялай алады. 
raise аргументі ретінде класс данасы қолданылады. Класс ережеден тыс жағдай типін 
көрсетеді; конструкторға берілетін аргумент ережеден тыс жағдайдың пайда болу 
«детальдарын» сипаттайды.
raise NameError('MyException')
Нәтижесі:
NameError: MyException 
Python тіліндегі объектіге бағытталған программалау 
Объектіге бағытталған программалау (ОББ) дегеніміз – жалпы алғанда, негізгі тұжырым-
дары объектілер мен кластар болып табылатын программалау тілі. Осы тұжырым тұрғысынан 
қарасақ, класс дегеніміз – деректердің жиынтығы. Кластарды қолдану программалауды жеңіл-
дету үшін абстрактілі тұрғыда қарауға мүмкіндік береді. Осы тұжырымның негізгі ұғымдары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет