«Qazaq Banki» АҚ инсайдерлік ақпаратына өкімдік ету және пайдалану жөніндегі ішкі бақылау ережелері



жүктеу 265.47 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі265.47 Kb.
«Qazaq Banki» АҚ

Директорлар кеңесі отырысының

17.09.2013 ж. №71 хаттамасымен

БЕКІТІЛГЕН

18.09.2013 ж. тірк. №СКК-06-13





«Qazaq Banki» АҚ инсайдерлік ақпаратына өкімдік ету және пайдалану жөніндегі ішкі бақылау ережелері


Алматы қ., 2013 ж.


Мазмұны

1-бап. Жалпы ережелер ……………………………………… ……………………… 3

2-бап. Негізгі түсініктер мен қысқартулар ………………………………………………...3

3-бап. Инсайдерлік ақпараттар тізімі …………………………………………….4

4-бап. Инсайдерлік ақпаратты жариялау тәртібі және мерзімі ……………………….5

5-бап. Банктің инсайдерлері және Инсайдерлер тізімі…………………………………….6

6-бап. Инсайдерлер тізімін маңызды күйде жүргізу және ұстау тәртібі ……………… . 7

7-бап. Тұлғаларды Банктің Инсайдерлер тізіміне енгізген /шығарған жағдайларда оларға хабарлау тәртібі және мерзімі ………………………………………………………….8

8-бап. Банктің инсайдерлері болып табылатын ұйымдардың Банкке ақпарат беру тәртібі және мерзімі ………………………………………………………………..…9

9-бап. Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеудің және инсайдерлермен

осы ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігіне қол жеткізбеудің ішкі

бақылау ережелері ………………………………………………………………...……… 9



10-бап. Қорытынды ережелер ……………………………………………………………...12

1-бап. Жалпы ережелер





  1. Бұл «Qazaq Banki» АҚ инсайдерлік ақпаратына өкімдік ету және пайдалану жөніндегі ішкі бақылау ережелері (бұдан былай – Ережелер) «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 69 қаулысымен және «Qazaq Banki» АҚ (бұдан былай – Банк) ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында инсайдерлік ақпаратты жариялау ережелеріне сәйкес әзірленген.

  2. Бұл Ережелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған инсайдерлік ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін, процедураларын және талаптарын құқықтық тұрғыдан реттеу мақсатында әзірленген.

  3. Бұл Ережелер ашық ақпарат болып табылады және Банктің интернет-ресурсына (www.qazaqbanki.kz) мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.

  4. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Банктің ішкі нормативтік құжаттарына және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.



2-бап. Негізгі түсініктер және қысқартулар





  1. Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі түсініктер мен қысқартулар:

  1. Акционер – акциялардың иесі болып табылатын тұлға;

  2. Акция – акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, сол бағалы қағаздар бойынша дивиденд және қоғамды тарату кезінде соның мүлкінің бөлігін алу құқығын, сондай-ақ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа заң актілерімен қарастырылған өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз;

  3. Банк – «Qazaq Banki» АҚ;

  4. ІНҚ – Банктің ішкі нормативтік құжаттары;

  5. ҚЕД – Қаржылық есептілік депозитарийі;

  6. Инсайдер – Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізуге құқығы бар тұлға;

  7. Инсайдерлік ақпарат – Бағалы қағаздар (Туынды қаржы құралдары), солармен жасалған мәмілелер туралы, сондай-ақ Бағалы қағаздарды (Туынды қаржы құралдарын) шығарған (берген) Эмитент туралы, оның жүзеге асырып жатқан қызметі туралы коммерциялық құпияны құрайтын сенімді ақпарат, сондай-ақ үшінші тұлғаларға белгісіз және жариялануы Бағалы қағаздардың (Туынды қаржы құралдарының) құнының өзгеруіне және олардың Эмитентінің қызметіне әсер ететін өзге ақпарат;

  8. Банктің корпоративтік веб-сайты – Банкке тиесілі, Банк өзінің қызметі туралы ресми ақпаратты жариялау үшін пайдаланатын және интернет желісінде келесідей мекенжайы бар интернет ресурсы (веб-сайт): www.qazaqbanki.kz;

  9. Бағалы қағаздар нарығында іс-әрекеттер жасау – субъектілердің Бағалы қағаздар нарығындағы Бағалы қағаздардың бағаларын ұсыныс пен сұраныстың объективті арақатынасының нәтижесінде белгіленген бағалардан жоғары немесе төмен белгілеуге және (немесе) қолдауға, Бағалы қағаздарды сатылып жатқан секілді көрсетуге және (немесе) Инсайдерлік ақпаратты пайдаланып мәмілелер жасауға бағытталған әрекеті;

  10. Сауда-саттықты ұйымдастырушы «Қазақстан қор биржасы» АҚ;

  11. Туынды қаржы құралы – құны келешекте сол шарт бойынша есеп айрысуды қарастыратын шарттың базалық активінің шамасына (шаманың өзгеріп тұруын қоса) тәуелді шарт;

  12. ҚР – Қазақстан Республикасы;

  13. КҚ – Комплаенс қызметі, бұл бөлімше Инсайдерлік ақпаратты, Инсайдерлік ақпаратқа қол жетімділік құқығы бар тұлғалардың тізімін жүргізу және маңызды күйде ұстау үшін, Инсайдерлік ақпаратқа қол жетімділік құқығы бар тұлғалар жөнінде деректер жинау жұмыстарын ұйымдастыру үшін жауапты болып табылады;

  14. Уәкілетті орган – ҚР Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;

  15. Қаржы құралы – ақша, Бағалы қағаздар, оларға туынды Бағалы қағаздарды, Туынды қаржы құралдарын және басқа қаржы құралдарын қоса, осылармен жасалған операциялардың нәтижесінде бір уақытта бір ұйымда қаржылық актив және екінші ұйымда қаржылық міндеттеме немесе үлестік құрал пайда болады;

  16. Бағалы қағаз мүліктік құқықтарды куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа белгілердің жиынтығы;

  17. Эмитент Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаратын тұлға;

  18. Эмиссиялық бағалы қағаздар бір шығарылым шеңберінде біртекті белгілері мен деректемелері бар, сол шығарылым үшін бірыңғай шарттардың негізінде орналастырылатын және айналыста болатын Бағалы қағаздар.



3-бап. Инсайдерлік ақпараттар тізбесі





  1. ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес инсайдерлік ақпараттарға келесілер жатады:

  1. Банктің бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделеріне қатысты қызметіндегі өзгерістер туралы Инсайдерлік ақпарат:

    1. Банк органдарының құрамын өзгертулер;

    2. Банктің дауысқа қатысатын Акцияларының (үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызына ие Акционерлер (қатысушылар) құрамын өзгертулер;

    3. Банкті, оның еншілес ұйымдарын және тәуелді акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру немесе тарату;

    4. Банктің мүлкіне тыйым салу;

    5. Банктің мүліктерін Банк активтерінің 10% (он) және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру;

    6. Банктің лицензиясын алу, тоқтата тұру немесе лицензиядан айыру;

    7. Банк Акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімдері;

    8. Банк әрбір сондай ұйымның Акцияларының (үлестерінің, пайларының) 10 (он) және одан көп пайызына ие болған ұйымдардың тізіміндегі өзгертулер;

    9. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектіне жасалған өзгертулер;

    10. Банктің мемлекеттік емес облигацияларды шығару проспектімен қарастырылған шарттарды сақтамауы туралы, Банк жасаған дефолт фактілері туралы ақпарат.

  2. Банктің корпоративтік оқиғалары туралы Инсайдерлік ақпарат:

    1. сол мәселелер бойынша ақпарат Акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс мәселелер тізбесі бойынша Акционерлердің жалпы жиналысы және Директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдер;

    2. Банктің Акциялар мен Бағалы қағаздарды шығаруы және Банктің Бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есептерін, Банктің Бағалы қағаздарын өтеу қорытындылары туралы есептерді ҚРрд стыру Ұлттық Банкінің бекітуі, ҚР Ұлттық Банкінің жоюы;

    3. Банктің ірі мәмілелер және жасалуына Банк мүдделі мәмілелерді жасауы;

    4. Банктің мүлкін Банктің активтерінің 5 (бес) және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру;

    5. Банктің өз капиталының мөлшерінің 25 (жиырма бес) және одан көп пайызын құрайтын мөлшерде қарыз алуы;

    6. Банктің қандай да бір қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия алуы, Банк қандай да бір қызмет түрін жүзеге асыруға бұрын алған лицензияны тоқтату тұру немесе сол лицензияның қолданысын тоқтату;

    7. Банктің заңды тұлғаны құруға қатысуы;

    8. Банктің мүлкіне тыйым салу;

    9. нәтижесінде Банктің баланстық құны Банк активтерінің жалпы мөлшерінің 10% (он) және одан көп пайызын құрайтын мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы;

    10. Банкті және оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту;

    11. сотта корпоративтік талас бойынша іс қозғау;

    12. Банкті мәжбүрлі түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім;

    13. Банктің Жарғысына, сондай-ақ Банктің Бағалы қағаздарын шығару проспектіне сәйкес Банк Акционерлерінің және инвесторлардың мүдделеріне қатысты өзге оқиғалар;

  3. ҚР заңнамасына сәйкес инсайдерлік ақпарат деп танылатын өзге ақпарат.

  1. Инсайдерлік ақпаратқа жатпайтын ақпараттар:

  1. жалпыға қол жетімді мәліметтердің негізінде дайындалған ақпарат, оған Бағалы қағаздың (Туынды қаржы құралының) құнына, Банктің немесе Эмитенттің мүліктің жағдайына қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау және (немесе) Бағалы қағаздармен (Туынды қаржы құралдарымен) операциялар жасау туралы қолдаухаттар немесе ұсыныстар дайындау мақсатында жасалған зерттеулерді, болжамды және бағалауды қоса;

  2. бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпарат;

  3. дереккөзі белгісіз, көп тұлғалар арасында таралатын, расталмаған ақпарат, сондай-ақ Банктің Эмитент ретінде ағымдағы немесе жоспарланған қызметіне қатысты болжамдар.



4-бап. Инсайдерлік ақпаратты жариялау тәртібі және мерзімі





  1. Инсайдерлік ақпаратты жариялау оны Банктің Корпоративтік веб-сайтына мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

  2. Банктің Бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүдделеріне қатысты қызметіндегі өзгертулер туралы Инсайдерлік ақпарат ҚР бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасына сәйкес белгіленген ҚЕД Интернет-ресурсына орналастырылады және сондай өзгертулер пайда болған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Банктің Корпоративтік веб-сайтында жарияланады.

  3. Тізбесі ҚР заңнамасымен белгіленген Банктің корпоративтік оқиғалары туралы Инсайдерлік ақпарат ҚР заңнамасымен белгіленген мерзімде ҚЕД Интернет-ресурсына орналастырылады.

  4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының тізіміне енгізілген Бағалы қағаздар шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының сауда жүйелеріне айналысқа енгізілген кезде Инсайдерлік ақпарат келесі тәсілдердің бірімен жариялануы тиіс:

көп тұлғалардың арасында таралған Инсайдерлік ақпараттың жариялануын болжаған хабарламалар бір уақытта Банктің Бағалы қағаздары тізілімдеріне енгізілген барлық қор биржаларының мекенжайына жіберіледі, содан соң Банктің Корпоративтік веб-сайтына орналастырылады;

  1. көп тұлғалардың арасында таралған Инсайдерлік ақпараттың жариялануын болжаған хабарламалар ҚР аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының мекенжайына жіберіледі, содан соң шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін, Банктің бағалы қағаздары тізілімдеріне енгізілген қор биржаларының мекенжайына жіберіледі және Банктің Корпоративтік веб-сайтына орналастырылады.

  1. Жариялау мерзімі ҚР заңнамасымен және (немесе) сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерімен белгіленбеген өзге Инсайдерлік ақпараттың заңсыз таралуы немесе жайылып кетуі Банктің Бағалы қағаздарының құнының немесе оның қызметінің өзгеруіне ықпал ететін болса, онда ондай ақпаратты қысқа мерзім ішінде Банктің жариялауы тиіс.

  2. Инсайдерлік ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш орналастырылған (жарияланған) күн Инсайдерлік ақпаратты жариялау күні деп саналады.



5-бап. Банктің инсайдерлері және Инсайдерлер тізімі





  1. ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес Банк осы Ережелердің №1 Қосымшасына сәйкес Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқығына ие тұлғалардың тізімін (бұдан әрі – Инсайдерлер тізімі) жасайды және жүргізеді.

Инсайдерлер тізіміне келесі тұлғалар кіреді:

  1. Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы және мүшелері;

  2. Банктің Басқарма Төрағасы және мүшелері;

  3. Басқарма құрамына кірмейтін Банктің Басқарушы /Атқарушы директорлары, Банктің Бас бухгалтері және оның орынбасары;

  4. Корпоративтік хатшы;

  5. Банктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлері:

    1. Бас бухгалтерия;

    2. Тәуекелдер департаменті;

    3. Ақпараттық технологиялар департаменті;

    4. Операциялық бизнес және филиалдар желісі департаменті;

    5. Ішкі қаудит қызметі;

    6. Комплаенс қызмет;

    7. Қауіпсіздік департаменті;

    8. Қазынашылық департаменті;

    9. Банктік операциялар департаменті;

    10. Басқару есептілігі, бюджеттеу және қаржы талдау департаменті;

    11. Заң департаменті;

    12. Қор басқармасы.

  6. Банктің дауысқа қатысатын Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) 10% (он) және одан көп пайызына тікелей немесе жанама түрде ие болуына, пайдалануына және/немесе өкімдік етуіне қарай Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқығы бар тұлғалар;

  7. Банктің аудиторлық ұйымы, Банктің бағалаушысы, Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және жасалған және шарттарымен Инсайдерлік ақпаратты жариялау қарастырылған шартқа (оның ішінде ауызша жасалған келісімге) сәйкес Банкке Эмитент ретінде қызмет көрсететін басқа тұлғалар;

  8. тізіміне Банк Эмитент ретінде шығарған (берген) Бағалы қағаздар (Туынды қаржы ұйымдары) енгізілген сауда-саттықты ұйымдастырушы;

  9. қор биржасының директорлар кеңесінің, қор биржасының листинг комиссиясының және қулық әрекеттер жасау мақсатында жүзеге асырылған Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тану мәселелерін қарастыру мақсатында құрылған қор биржасының сараптама комитетінің мүшелері;

  10. өздеріне Банк қызметін Бағалы қағаздар нарығының субъекті ретінде мемлекеттік бағалау және қадағалау бойынша берілген міндеттеріне қарай Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқығы бар мемлекеттік қызметкерлер;

  11. Банк пен осы тармақтың 5)-7) тармақшасында көрсетілген ұйымдар мүшесі болып табылатын, өздеріне берілген өкілеттіктерге қарай Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқығы бар қоғамдық бірлестіктер және өзін-өзі реттеу ұйымдары;

  1. ұйымның осы тармақтың 5)-7), 10) және 12) тармақшаларында көрсетілген, өздерінің қызметтік дәрежесі мен еңбек міндеттері бойынша Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізуге құқығы бар лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері;

    1. Банктің еншілес ұйымдары;

    2. осы тармақтың 1)-12) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан Инсайдерлік ақпараттарды алған тұлғалар.



6-бап. Инсайдерлер тізімін маңызды күйде жүргізу және ұстау тәртібі





  1. Банк осы Ережелердің 14-тармағының 1)-11) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды Инсайдерлер тізіміне енгізеді. КҚ Инсайдерлер тізімін тоқсан сайын келесі деректердің негізінде жасайды:

  1. Ережелердің 14-тармағының 1), 2) тармақшалары бойынша – Банктің Корпоративтік Хатшысынан алған деректердің негізінде;

  2. Ережелердің 14-тармағының 3) тармақшасы бойынша – Қызметкерлермен жұмыс істеу департаментінен алған деректердің негізінде;

  3. Ережелердің 14-тармағының 4), 5) тармақшасы бойынша – тек Банктің Инсайдерлік ақпаратына іс жүзінде қол жеткізуге құқығы бар қызметкерлер бойынша көрсетілген бөлімшелердің басшыларынан алған деректердің негізінде;

  4. Ережелердің 14-тармағының 5), 8) тармақшалары бойынша – Қор басқармасынан алған деректердің негізінде;

  5. Ережелердің 14-тармағының 7) тармақшасы бойынша – Ережелердің 14- тармағының 7) тармақшасында көрсетілген тұлғалармен тиісті шарттар жасаған Банктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан алған деректердің негізінде;

  6. Ережелердің 14-тармағының 12) тармақшасы бойынша – Қазынашылық департаментінен алған деректердің негізінде.

  1. Ережелердің 14-тармағында көрсетілген тұлғалар бойынша КҚ беретін ақпаратта Инсайдердің атауы немесе аты-жөні туралы деректер, Инсайдердің Банктің Акцияларына ие болу факті туралы деректер, Банктің Инсайдерлер тізіміне енгізу үшін негіздеменің туындау күні, сондай-ақ Инсайдерлердің деректемелері (мекенжайы /орналасқан орны, электрондық мекенжайы, байланыс деректері және т.б.) қамтылуы тиіс.

  2. Банктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Инсайдерлер тізімі бойынша берілетін ақпараттың сенімділігі және толықтығы үшін, сондай-ақ ол ақпаратты КҚ беру мерзімін сақтау үшін жауапкершілікте болады.

  3. Ережелердің 14-тармағында көрсетілген тұлғалар жөніндегі ақпаратты КҚ жауапты тұлғалар береді:

  1. әр күнтізбелік тоқсаннан кейінгі айдың 3 (үшінші) күнінен кешіктірмей;

  2. Банк жұмыскерлерін Инсайдерлік тізімнен шығарған кезде – Банктің Инсайдері болып табылатын Банк жұмыскерімен еңбек шартын бұзған сәттен бастап 3 (үш) күннен кешіктірмей.

  1. КҚ алған ақпараттың негізінде әр күнтізбелік тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күні бірыңғай Инсайдерлер тізімін жасайды және Банктің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, Банктің Басқарма Төрағасына қол қойдырады. КҚ Инсайдерлер тізімін әр күнтізбелік тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде Банктің Директорлар кеңесіне бекітуге шығарады. Тізім құпия болып табылады және КҚ сақталуы тиіс.

  2. КҚ көрсетілген тоқсаннан кейінгі айдың 1 (бірінші) күнгі жағдай бойынша Инсайдерлер тізімінің сканерленген нұсқасын, оның ішінде әр күнтізбелік тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне дейінгі мерзімде бұрынғы есептік кезеңмен салыстырғанда орын алған өзгерістер жөніндегі мәліметтерді қамтитын Қазынашылық департаментіне жібереді.

  3. Қазынашылық департаменті әр күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін 20 (жиырма) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде КҚ берген Инсайдерлер тізімін Сауда-саттықты ұйымдастырушыға береді.

  4. Инсайдерлер тізімін Банк Уәкілетті органға оның талабы бойынша сол талапта көрсетілген мерзімде Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізуге құқығы бар тұлғалар туралы ақпаратты көрсетіп береді.

Инсайдерлер тізімінде келесі ақпарат қамтылады:

  1. тұлғаның тегі, аты (егер болса, әкесінің аты), туылған күні;

  2. заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) қойылғанын растайтын құжаттың деректемелері;

  3. тұлғаны Инсайдерлер тізіміне енгізудің негіздемесі (тұлға сол заңнамалық актіге сәйкес Инсайдер ретінде белгіленген заңнамалық актінің бабына сілтеме);

  4. Инсайдерлер тізіміне енгізу үшін негіздеме туындаған күн; Инсайдерлер тізімінен шығарған күн (Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқығы тоқтаған күн).



7-бап. Тұлғаларды Банктің Инсайдерлер тізіміне енгізген /шығарған жағдайларда оларға хабарлау тәртібі және мерзімі





  1. КҚ тұлғаларға оларды Банктің Инсайдерлер тізіміне енгізгені / шығарғаны туралы, Инсайдерлік ақпаратқа ие болудың құқықтық салдары туралы және осы Ережелердің №2 және №3 Қосымшаларына сәйкес ҚР заңнамасының Инсайдерлік ақпаратты пайдалану және өкімдік ету бойынша қолданылатын талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі жөнінде хабарлайды.

  2. Хабарламалар Инсайдерлер тізіміне енгізген /шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жіберіледі. Хабарламалар Банктің электрондық поштасы арқылы немесе қағаз тасығышпен осы Ережелердің 15-тармағында көрсетілген Банктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары берген мекенжайларына жіберіледі.

  3. Банктің Инсайдерлер тізіміне енгізу /шығару туралы хабарламаларға Банктің Компаленс бақылаушысы /немесе қол қоюға өкілеттігі бар кезде оның орнын басатын тұлға қол қояды.



8-бап. Банктің инсайдерлері болып табылатын ұйымдардың Банкке ақпаратты беру тәртібі мен мерзімі





  1. Осы Ережелердің 14-тармағының 5)-7), 10) және 12) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар міндетті:

  1. өзінің қызметтік дәрежесіне және еңбек міндетіне қарай Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізетін өз жұмыскерлерінің (оның ішінде лауазымды тұлғалардың) тізімін жүргізуге;

  2. Инсайдерлік ақпаратты және осы Ережелерді пайдалануға тыйым салу бөлігінде ҚР заңнамасының талаптары туралы өз жұмыскерлерін хабардар етуге;

  3. Банкке өзінің қызметтік дәрежесіне және еңбек міндетіне қарай Банктің Инсайдерлік ақпаратына қол жеткізетін жұмыскерлері туралы хабарлауға;

  4. сол ақпаратқа қол жеткізетін жұмыскерлермен ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес Инсайдерлік ақпаратқа қатысты құпиялықты сақтау туралы келісімді жасауға.

  1. Осы Ережелердің 14-тармағының 5)-7), 10) және 12) тармақшаларында көрсетілген ұйымдар Банкке:

  1. жұмыскерлерге (оның ішінде лауазымды тұлғаларға) Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқығы берілген сәттен бастап 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқығын алған жұмыскерлер (оның ішінде лауазымды тұлғалар) туралы;

  2. Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқығы тоқтатылған (күші жойылған) сәттен бастап, сонымен қатар жұмыскерді жұмыстан шығару /өкілеттігін тоқтату жағдайларында 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, жұмыскерлердің (оның ішінде лауазымды тұлғаларының) Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқығының өкілеттігі тоқтатылғаны (күші жойылғаны) туралы жазбаша түрде хабарлайды.

  1. Банкті қағаз тасымалдағыш түрінде немесе электрондық байланысты пайдалану арқылы электрондық түрде хабарлауға болады. Хабарлау әдісі Ережелердің 14-тармағының 6)-8), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың ішкі ережелерінде қарастырылуы мүмкін.

  2. Осы Ережелердің 14-тармағының 5)-7), 10) және 12) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар Инсайдерлік ақпаратты және осы Ережелерді пайдалануға тыйым салу бөлігінде ҚР заңнамасының талаптарын сақтау, сонымен қатар жұмыскерлерге (оның ішінде лауазымды тұлғаларға) Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу рұқсатын беру және/немесе беруді тоқтату (оның күшін жою) туралы Банкті және өз қызметкерлерін (оның ішінде лауазымды тұлғаларды) уақытында хабарлау бойынша дербес жауапкершілікке тартылады.



9-бап. Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеудің және инсайдерлермен осы ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігіне қол жеткізбеудің ішкі бақылау ережелері





  1. Банк инсайдерлерінің тізімі құпия болып табылады. Банк ішінде Инсайдерлердің тізіміне Директорлар кеңесі, Банк Басқармасы, КҚ, Қазынашылық департаменті қол жеткізе алады.

  2. Банк инсайдерлерінің тізімін Сауда-саттықты ұйымдастырушының арнаулы бөлімшелеріне олардың жазбаша түрдегі өтінімі бойынша береді.

  3. Инсайдерлердің құқығы жоқ:

  1. Бағалы қағаздармен (Туынды қаржы құралдарымен) мәміле жасау барысында Инсайдерлік ақпаратты пайдалануға;

  2. ҚР заңдарында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге немесе үшінші тұлғаларға қол жетімді етуге;

  3. Инсайдерлік ақпараттың негізінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер туралы ұсынымдарды үшінші тұлғаларға беруге;

  4. бағалы қағаздар нарығында қулықпен әрекет ету мақсатында Банктің Акцияларымен мәмілелер жасауға;

  5. өзінің немесе үшінші тұлғалардың мүддесіне қарай Инсайдерлік ақпаратты пайдалану арқылы Банктің Акцияларымен мәмілелер жасауға.

  1. Банк Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлғалардың белгіленген құпия режимін сақтау үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық жағдайларды қамтамасыз етеді.

  2. Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізуге құқығы бар Банктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары өз қызметтік міндеттемелерін орындау үшін талап етпейтін Банктің жұмыскерлеріне осындай ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеу үшін қажетті шара қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.

  3. КҚ Инсайдерлік ақпараттың заңсыз пайдалануын уақытында анықтау және бақылау мақсатында Инсайдерлік ақпаратқа билік жүргізуді және пайдалануды реттейтін осы Ережелердің және Банктің басқа ІНҚ орындалуына тексеріс жүргізеді.

  4. КҚ кез келген уақытта өзінің жеке бастамасымен, ҚР заңнамасының талаптарының және Банктің ІНҚ лайықты орындалуына, Инсайдерлер беретін ақпарат пен деректердің дұрыстығына тексеріс жүргізуге, қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды сұрауға құқылы.

  5. Жүргізілген тексеріс нәтижелері Банктің ІНҚ сәйкес Банктің Директорлар кеңесіне КҚ ұсынатын есептілікте көрсетіледі.

  6. КҚ Инсайдерлік ақпараттың заңсыз пайдаланылуын анықтаған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараны қолдану мақсатында бұл ақпаратты Банктің Басқарма Төрағасының назарына жеткізеді. Инсайдерлік ақпаратқа билік жүргізу және пайдалану бөлігінде ҚР заңнамасының және Банктің ІНҚ талаптары бұзылған фактілер белгілі болған жағдайда КҚ бұзушыларға жауапкершіліктің тәртіптік шараларын қолдану туралы мәселенің бастамасын қолға алуға құқылы.

  7. Банктің қызметкерлері:

  1. олардың қызметтік міндеттемелеріне сәйкес белгілі болмауы тиіс, бірақ, оның ішінде Инсайдерлерден немесе басқа тұлғалардан белгілі болған Банктің, клиенттердің және Банк серіктестерінің Инсайдерлік ақпараты туралы;

  2. Банктің клиенттерінің және серіктестерінің Инсайдерлік ақпаратын заңсыз пайдалануы, оның ішінде Банк қызметкерлері, Банктің Инсайдерлері және олардың туыстары өзінің мүддесіне қарай пайдалануы туралы;

  3. бағалы қағаздар нарығында қулықпен басқару мақсатында қаржы құралдарымен және (немесе) тауарлармен операцияларды жүзеге асыру талпыныстары туралы мәлім болған кез келген фактілерді Банктің құрылымдық бөлімшесінің, сонымен қатар Банктің Комплаенс-бақылау қызметінің тікелей басшысының /оның орнын басатын тұлғаның назарына жеткізуге міндетті.

  1. Банктің жұмыскерлері болып табылатын Банктің Инсайдерлерінің белгілі бір Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізуі осы Ережелердің №4 Қосымшасына сәйкес Инсайдерлер қол қойған Инсайдерлік ақпаратты жарияламау туралы міндеттеме-хатының негізінде жүзеге асырылады.

  2. Банк жұмыскерлерінің Инсайдерлік ақпаратқа және Банк клиенттері мен серіктестерінің Инсайдерлік ақпаратына қол жеткізуі тек құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен, жұмыскерлердің лауазымдық нұсқауларымен және Банктің басқа ІНҚ бекітілген қызметтерін орындау аясында жүзеге асырылады.

  3. Инсайдерлер болып табылмайтын тұлғалардың белгілі бір Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізуі Банкке:

  1. қол жеткізуі қажет белгілі және нақты Инсайдерлік ақпаратты;

  2. Инсайдерлік ақпаратты алу қажеттігінің негіздемесін;

  3. техникалық құралдарды қолдану арқылы Инсайдерлік ақпаратты электрондық тасымалдағыштарға көшіру қажеттігін;

  4. жариялайтын үшінші тұлғаларды көрсету арқылы Инсайдерлік ақпаратты кейіннен үшінші тұлғаларға жариялау қажеттігін көрсету арқылы жазбаша өтініштің негізінде жүзеге асырылады.

  1. Банк жұмыскерлері болып табылмайтын үшінші тұлғалардың белгілі Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі алған өтініштерін КҚ тапсырады. Өтінішті қарау мерзімі 5 (бес) жұмыс күнді құрайды. Банк Төрағасы КҚ берген өтініштерді қарағаннан кейін тұлғаларға сұраған Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу рұқсатын беру немесе беруден бас тарту туралы шешімін қабылдайды. Сұраған Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу туралы оң шешім қабылданған кезде, оның берілуін Инсайдерлік ақпараттың иесі болып табылатын Банктің құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

  2. Банк заңды тұлғалармен мәмілелер жасаған кезде, сол мәмілелерге осы заңды тұлғаның жұмысты атқару немесе қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелердің қабылдауына қарай осы Ережелердің 3-бабында көрсетілген Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізетін жұмыскерлер келесі ережелерді енгізуі тиіс:

  1. көрсетілген заңды тұлғалардың және олардың жұмыскерлерінің Инсайдерлік ақпаратқа билік жүргізу және пайдалану бөлігінде ҚР заңнамасының талаптарын, осы Ережелерді сақтау жөніндегі міндетін;

  2. көрсетілген заңды тұлғалардың және олардың жұмыскерлерінің, оларға Банкпен жасалған тиісті азаматтық-құқықтық шарттарды орындау барысында мәлім болған Инсайдерлік ақпаратты жарияламау туралы шартын, сонымен қатар белгілі болған Инсайдерлік ақпаратты табыс табу мақсатында пайдаланбау жөніндегі міндетін;

  3. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдаланудың және (немесе) бағалы қағаздар нарығында қулықпен әрекет етудің нәтижесінде Банкке келтірілген шығындарды өтеу туралы шартын.

  1. Банк тиісті шарттарды орындау барысында осы Ережелердің 3-бабында көрсетілген Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқығы бар жеке тұлғалармен мәмілелер жасаған кезде, сол мәмілелерге келесі ережелер енгізілуі тиіс:

  1. көрсетілген жеке тұлғалармен Инсайдерлік ақпаратқа билік жүргізу және пайдалану бөлігінде ҚР заңнамасының, осы Ережелердің және Банктің басқа ІНҚ талаптарын сақтау міндетін;

  2. Банктің тиісті шарттарды орындау барысында оған белгілі болған Инсайдерлік ақпаратты жарияламау шартын, сонымен қатар белгілі болған Инсайдерлік ақпаратты пайда табу мақсатында қолданбау туралы міндеттемесін;

  3. Банкпен іскерлік қатынаста отырған Банк клиенттерінің және серіктестерінің Инсайдерлік ақпаратын жарияламау туралы шартын;

  4. Банкке келтірілген, сонымен қатар Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдаланудың және (немесе) нарықта қулықпен әрекет жасаудың нәтижесінде туындаған шығындарды өтеу туралы шартын;

  5. еңбек шарты және (немесе) Банкпен жасалған мәмілелер тоқтатылған немесе бұзылған кезде, Инсайдерлік ақпаратты қамтитын бар электрондық /материалдық ақпарат тасымалдағыштарын Банкке тапсыру туралы шартын.

  1. Осы Ережелердің 44 және 45-тармақтарындағы ережелерді сақтау үшін жауапкершілік тиісті мәмілелердің жасалуының бастамасын қолға алатын Банктің құрылымдық бөлімшелерінің басқарушыларына жүктеледі.



10-бап. Қорытынды ережелер





  1. Осы Ережелер Банктің Директорлар кеңесі бекіткен күннен бастап күшіне енеді.

  2. Осы Ережелердің талаптарын Банктің барлық жұмыскерлері, оның ішінде Банктің филиалдарының және Банк филиалдарының құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлері сақтауы тиіс.

  3. Инсайдерлік ақпараттың заңсыз пайдалануын және осы Ережелердің бұзылуын жіберіп алған тұлғалар ҚР қолданыстағы заңнамасына және Банктің ІНҚ сәйкес жауапкершілікке тартылады.

  4. Осы Ережелерде реттелмеген басқа мәселелер ҚР заңнамасының және Банктің ІНҚ талаптарына сәйкес шешіледі.

  5. Осы Ережелердің жеке тармақтары ҚР заңнамасының өзгертілуінің нәтижесінде оларға қайшы келетін жағдайда осы тармақтардың күші жойылады. Банктің жұмыскерлері және осы Ережелерде көрсетілген басқа тұлғалар осы Ережелерге өзгертулер енгізілген сәтке дейін ҚР заңнамасын басшылыққа алады.

  6. Осы Ережелер күшіне енген кезден бастап «СЕНІМ БАНК» АҚ Басқарма отырысының хаттамасымен (2012 жылғы 27 маусымдағы №86 хаттама, Тірк. №.КК-007) бекітілген «СЕНІМ-БАНК» АҚ Инсайдерлік ақпаратына өкімдік ету және пайдалану жөніндегі ішкі бақылау ережелерінің күші тоқтайды.


Qazaq Banki» АҚ Инсайдерлік

ақпаратына өкімдік ету және

пайдалану жөніндегі

ішкі бақылау ережелерінің

№ 1 қосымшасы

Құрастырылған күн: Құрастырылған жер:



«Qazaq Banki» АҚ инсайдерлік ақпаратына қол жеткізуге құқығы бар жұмыскерлерінің тізімі




р/б




Жеке тұлғаның аты-жөні Заңды тұлғаның атауы

Туылған күні /орналасқан жері, деректемелері заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын құжат деректемелері

Инсайдерлер тізіміне

енгізуге негіздеме



Инсайдерлер тізіміне

енгізу үшін

негіздеме туындаған күн


Инсайдерлер тізімінен шығарылған күн

Ескерту























Qazaq Banki» АҚ Инсайдерлік

ақпаратына өкімдік ету және

пайдалану жөніндегі

ішкі бақылау ережелерінің

№ 2 қосымшасы



Жеке тұлғаның «Qazaq Banki» АҚ инсайдері мәртебесін алғаны туралы хабарламасы


Осы арқылы «Qazaq Banki» АҚ (бұдан былай – Банк) (жеке тұлғаның аты-жөні көрсетілуі тиіс) 201 жылғы « » бастап «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 56-1-бабының 3-тармағына сәйкес Сіз Банктің инсайдері болып танылатыныңызды хабарлайды.

Осыған орай, Сіз Қазақстан Республикасы заңнамасының инсайдерлік ақпараттарды қолдануға /жариялауға қатысты бөлігінің талаптарын, оған «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №69 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығы туралы инсайдерлік ақпаратты ашу ережелерін қоса, сонымен бірге «Qazaq Banki» АҚ инсайдерлік ақпаратына өкімдік ету және пайдалану жөніндегі ішкі бақылау ережелерін (Банктің www.qazaqbanki.kz Интернет-ресурсында орналастырылған), соның ішінде келесі талаптарды орындауға міндеттісіз:



  1. Банк эмитенті болып табылатын бағалы қағаздармен (туынды қаржы құралдарымен) мәмілелер жасау кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдаланбауға;

  2. ҚР заңдарында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуге немесе үшінші тұлғалар үшін қол жетімді етпеуге;

  3. үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпараттарға негізделген бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы ұсыныстар бермеуге.

Қазақстан Республикасы заңнамасының және/немесе «Qazaq Banki» АҚ инсайдерлік ақпаратына өкімдік ету және пайдалану жөніндегі ішкі бақылау ережелерінің талаптарын бұзғаныңыз үшін Сіз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартыласыз.

Құрметпен,
«Qazaq Banki» АҚ Инсайдерлік

ақпаратына өкімдік ету және пайдалану жөніндегі

ішкі бақылау ережелерінің

№ 3 қосымшасы

Заңды тұлғаның «Qazaq Banki» АҚ инсайдері мәртебесін алғаны туралы хабарлама


Осы арқылы «Qazaq Banki» АҚ (бұдан былай – Банк) (заңды тұлғаның толық атауы көрсетілуі тиіс) (бұдан былай – Ұйым) « » 201 ж. бастап инсайдер мәртебесін алғанын хабарлайды, өйткені Ұйым (негізі көрсетілуі тиіс):



  • Банк акциясының 10% (он) немесе одан көп пайызына тікелей немесе жанама түрде иелену, пайдалану және (немесе) өкім ету құқығына ие;

  • Шарттарында инсайдерлік ақпаратты жариялау қарастырылған шарт жасауға сәйкес Банкке эмитент ретінде қызмет көрсететін аудиторлық ұйым болып табылады;

  • Шарттарында инсайдерлік ақпаратты жариялау қарастырылған шарт жасауға сәйкес Банкке эмитент ретінде қызмет көрсететін бағалаушы ұйым болып табылады;

  • Тізіміне Банк эмитент ретінде шығарған (ұсынған) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) енгізілген сауда-саттықты ұйымдастырушы болып табылады;

  • Шарттарында инсайдерлік ақпаратты жариялау қарастырылған шарт жасауға сәйкес Банкке қызмет көрсететін өзге заңды тұлға болып табылады.

Жоғарыда аталғандарға байланысты ұйым Қазақстан Республикасы заңнамасының инсайдерлік ақпараттарды қолдануға /жариялауға қатысты бөлігінің талаптарын, оған «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қоса, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №69 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында инсайдерлік ақпараттарды ашу ережелерінің, сондай-ақ «Qazaq Banki» инсайдерлік ақпаратына өкімдік ету және пайдалану жөніндегі ережелерінің (Банктің www.qazaqbanki.kz интернет-ресурсында орналастырылған) талаптарын, оның ішінде келесі талаптарды орындауға міндеттісіз:

  1. Банк эмитенті болып табылатын бағалы қағаздармен (туынды қаржы құралдарымен) мәмілелер жасау кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдаланбауға;

  2. ҚР заңдарында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуге немесе үшінші тұлғалар үшін қол жетімді етпеуге;

  3. бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы инсайдерлік ақпараттарға негізделген ұсыныстарды үшінші тұлғаларға бермеуге;

  4. өзінің қызметтік дәрежесіне және атқаратын еңбек міндетіне байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқығы бар жұмыскерлерінің (оның ішінде лауазымды тұлғаларының) тізімін жасауға;

  5. ҚР заңнамасының инсайдерлік ақпараттарды пайдалануға тыйым салуға қатысты бөлігінің талаптары және «Qazaq Banki» АҚ инсайдерлік ақпаратына өкімдік ету және пайдалану жөніндегі ішкі бақылау ережелерінің талаптары туралы жұмыскерлеріне ақпарат беруге;

  6. өзінің қызметтік дәрежесіне және еңбек міндетіне байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқығы бар жұмыскерлері туралы Банкке ақпарат беруге;

  7. Ұйым солардың мүшесі болып табылатын қоғамдық бірлестіктер мен өзін-өзі реттеуші ұйымдарға Қазақстан Республикасы заңнамасының инсайдерлік ақпараттарды пайдалануға тыйым салуға қатысты бөлігінің талаптары және «Qazaq Banki» АҚ инсайдерлік ақпаратына өкімдік ету және пайдалану жөніндегі ішкі бақылау ережелерінің талаптарын ұстану қажеттігі туралы ақпарат беруге (сондай ұйымдарға инсайдерлік ақпаратты ашқан жағдайда);

  8. Банкке Ұйым мүшесі болып табылатын қоғамдық бірлестіктер мен өзін-өзі реттеуші ұйымдар туралы ақпараттарды «Qazaq Banki» АҚ инсайдерлік ақпаратына өкімдік ету және пайдалану жөніндегі ішкі бақылау ережелері бекіткен тәртіп пен мерзімде хабарлауға (сондай ұйымдарға инсайдерлік ақпараттарды ашқан жағдайда).

Қазақстан Республикасы заңнамасының және/немесе «Qazaq Banki» АҚ инсайдерлік ақпаратына өкімдік ету және пайдалану жөніндегі ішкі бақылау ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.



Құрметпен,

«Qazaq Banki» АҚ Инсайдерлік

ақпаратына өкімдік ету және пайдалану жөніндегі

ішкі бақылау ережелерінің

№ 4 қосымшасы
Құпия

Инсайдерлік ақпаратты жарияламау туралы міндеттеме-хат
Мен, «Qazaq Banki» АҚ (бұдан былай – Банк) инсайдері болып табыламын және инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқығым бар, сондай-ақ «Qazaq Banki» АҚ инсайдерлік ақпаратына өкімдік ету және пайдалану жөніндегі ішкі бақылау ережелеріне сәйкес Банктің инсайдерлері тізіміне енгізілгенмін (Банктің www.qazaqbanki.kz интернет-ресурсында орналастырылған).

Банктің инсайдері болғандықтан, менің келесі істерді жасауға құқығым жоқ:



  1. Банк эмитенті болып табылатын бағалы қағаздармен (туынды қаржы құралдарымен) мәмілелер жасау кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалануға;

  2. Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге немесе үшінші тұлғалар үшін қол жетімді етуге;

  3. инсайдерлік ақпараттарға негізделген бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы ұсыныстарды үшінші тұлғаларға беруге.

Банктің менде бар немесе келешекте болатын инсайдерлік ақпараты қатаң құпия болып табылады. Мен инсайдерлік ақпаратқа өкілетті емес тұлғалардың қол жеткізбеуі үшін барлық қолжетімді тиімді шараларды қолдануға тиіспін.

Жоғарыда аталған шектеулерді орындамаған жағдайда, инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдаланғанда және таратқанда мен Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жауапкершілікке тартылуым мүмкін, сонымен бірге маған Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мен Банктің ішкі құжаттарына сәйкес тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.

Осы хатқа қолымды қоя отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген инсайдерлерге қатысты жоғарыдағы шектеулерді қабыл еткенімді, сонымен қатар инсайдерлік ақпараттарды таратпауға қатысты жоғарыда көрсетілген міндеттерді қабылдағанымды және инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдаланғанда және таратқанда қолданылатын ықпалшаралармен танысқанымды растаймын.



( Аты-жөні, қолы) (Күні)


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет